«Осень 2024»

Наурыз - берекем, наурыз - мерекем!

Балаларға қазақ халқының салт – дәстүр түрлері туралы түсінік беру, оның ішінде тұсау кесу рәсімімен таныстыру, сөздік қорын молайту; Халықтың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Әдіскер:

«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» 


Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт – дәстүр түрлері туралы түсінік беру, оның ішінде тұсау кесу рәсімімен таныстыру, сөздік қорын молайту; Халықтың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,шарлар, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар, құрақ көрпелер

Барысы: 
( Киіз үй керегесінен мерекелік сахна жасалып, салт-дәстүрге байланысты жабдықталады. «Армысың, әз-Наурыз» ұлағатты сөздері, наурыз мерекесіне арналып безендірілген қабырға, «Құтты болсын әз-Наурыз» әні)

Жүргізуші: — Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар!

Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық — демекші, бүгінгі өткелі отырған«Наурыз — берекем, Наурыз — мерекем!» атты мерекелік думанға қош келдіңіздер!

Мерекеміздің алғашқы құттықтау сөз кезегін мекеме басшысына береміз. 

Жүргізуші: — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 

—« Ал, балалар тұрмайық, Әндетейік шырқайық» - дей келе, енді біздің балаларымыздың наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын тыңдайық.

Ортаға тақпақ айтатын балалар шығады.

Наурыз — это праздник веселья,

Наурыз — это праздник весны!

Наурыз — это праздник цветенья,

Наурыз — это праздник любви! ***

Наурыз пришел в дома,

Значит кончилась зима!

Угостим мы всех гостей,

Хватит ведь на всех сластей! ***

Наурыз стучится в двери,

Его Новым Днем зовут.

Все забыли о метели,

Все гостей для пира ждут! ***


Расцветай и будь прекрасной

Наша древняя земля,

Пусть живут твои народы,

Как единая семья! ***


Пусть на твоей земле,

Мой Казахстан прекрасный,

Смеются дети и цветут сады!

В праздник Наурыз чудесный! ***


Жүргізуші: Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Ендеше келесі кезекті осындай ұлттық ойындардың бірі – «қол күресуге» берейік.


Ортаға керекті жабдықтар қойылып, қатысушы төрт бала келеді. Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қойып да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғалмай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады.


Жүргізуші:Ендігі кезекте бүлдіршіндер оркестрының орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

(халық әні – Гүлдерайым)


Жүргізуші:Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүрдің тағы бір түрі – тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсауын кеседі. Олай болса одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілегіміз бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, жүргелі бастаған бүлдіршіндеріміз – Алинур, Ибрахим және Айбекті ортаға алайық.

Мына жиналған халық, мына отырған балалар ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

(Айжан апай аталған балаларды ақ мата жайылған ортаға алып шығады, тұсау кесу рәсіміне даярлап, аяқтарын арнайы дайындалған ала жіппен тұсайды: Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді. ) музыка – қазақтың дәстүрлері-ай

Тұсау кесуші:

Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!

(музыка – «тәй-тәй», тұсау кесер )

Тойға шашу шашылсын, Халқымның нұры тасысын!

(шашу шашылады)

Жүргізуші:

Осы орайда жылы лебіз, құттықтауларын тыңдап ата-аналарымызға сөз берелік.

(өз қалауымен бір-екі ата-ана тілектерін айтады)

Ендігі кезекте үлкен топтағы балаларымыздың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

(Ән: «Дастархан»)

Жүргізуші:Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші, балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы келіп отырған Эльдар баламызды ортаға шақырайық.

(Абдиразамов Э. Қол жайып бата береді де, жеті шелпек таратылады)

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,

Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен тәмамдағымыз келіп отыр.
Би: «Қаражорға»

Жүргізуші: Осымен «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!»  атты мерекелік кешіміз аяқталды.Сау болыңыздар!

















































«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!»

мерекелік іс-шарасы жоспары









2022 жыл

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее