«Осень 2024»

My family. 2 сынып

2 сыныпқа арналған My family тақырыбындағы сабақ жоспары.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 14.09.2016ж

Сыныбы: 2а, ә, б

Сабақтың тақырыбы: My family

Сабақтың мақсаты:

білімділік: «My family» тақырыбы бойынша репродуктивті және рецептивті қарым-қатынасын қалыптастыру; есептік сан есім мен әліпбиді қолдануларын белсендіру; рецептивті граматикалық материалдарды белсендіру; әріптіркестерінің оқу дағдысын, орфографиялық дағдыны қалыптастыру.

дамытушылық: өтілген лексикалық материалдарды тікелей белсендіре отырып оқушылардың дамыту; old-new антоним сөздерін енгізу арқылы сөздік қорларын байыту; әріптерді цифрларды ажырата білу дағдыларын арттыру; басқа елдің мәденеиетіне деген жағымды қарым-қатынастарын қалыптастыру; саусақ бұлшық еттерінің икемділігін арттыру; ойын арқылы белсенді іс-әрекетке тарту.

тәрбиелік:үлкендермен, өз отбасындағы кішілермен, мұғаліммен, сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынаста болу; мұғаліммен, сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынаста болу; сыныптағы жиһаздар мен оқу құралдарына ұқыпты болу.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерінің болуы; «My family» тақырыбы бойынша сөздерді білу және қолдана алу; his/her тәуелдік есімдіктерін және to be етістігінің формаларын білу және сөйлемінде жекеше және көпше түрінде дұрыс қолдану; өткен тақырып бойынша сөздердегі th дыбысын дұрыс айту; father, mother, sister, brother, grandmother, grandfather, family сөздерінен тұратын белсенді лексиканы дұрыс табу.

тұлғалық: ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру; өз елінің тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетіне құрметпен қарау.

жүйелі іс-әрекеттік: танысу жағдайындағы өтілген лексикалық-граматикалық құрылымдарды қолдану, оқулықты, жұмыс дәптерін қолдана алуға дағдыландыру.

Сабақты материалдық жабдықтау:

мұғалім үшін: СД-ойнатқыш, әліпби кесте, цифрлар карточкаларының жиынтығы, жануарлар мен оқу құралдарының суреті.

оқушы үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка («Hello, Hello!» әнін орындау), математика (0-ден 12-ге дейін санау), дүниетану (елі туралы мәліметтер, Англия және Қазақтан елінің мемлекеттік тілін үйреніп жатқан рәміздері).

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру сәті.

-Good afternoon children? I`m glad to see you! How are you?

- Good afternoon teacher! We are glad to see you too!


2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

- Балалар, бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар әр түрлі жауаптарды береді, ал мұғалім көмек сұрақтарды береді. Мәселен «Сендердің қуанышты және бақытты сәттеріңде сендермен кім бірге болады?»

- Дұрыс айтасыңдар, әрине , бұл сендердің ата-аналарың, ата-әжелерің, аға-әпкелерің. Жақындары мен туыстары бар адам, шын мәнінде бақытты емес пе? Балалар , сүйікті де қымбатты адамдарымызды бір сөзбен қалай атаймыз? Дұрыс , отбасы. Бұл сөз ағылшын тілінде –family.

- Бүгінгі сабақта отбасы туралы емес, отбасы мүшелерінің ағылшынша дұрыс атауға, бір-бірімізге сұрақ қоюға жаттығамыз, жаңа сөздерді жаттаймыз және олардың жазылуын үйренеміз.

3. Тірек білімдерін белсендіру.

- Сендер бір жасқа есейдіңдер және енді біз тағы көптеген ағылшын сөздерімен танысып, жазуды және оқуды үйренеміз.

Фонетикалық жаттығу.

- Балалар , бүгін бізге Mr. Wise Crow келді, ол бізге сабақ барысында қолданылатын сөздердегі ағылшын дыбыстарын дұрыс айтып, жазуға көмектеседі.



-Good afternoon children? I`m glad to see you! How are you?

- Good afternoon teacher! We are glad to see you too!

- Балалар, аралар қалай ызылдайтынын еске түсірейік: /z/,/z/. Well, now say after me: is, his, please, zero.

- Ал енді шыбындар қандай дыбыс шғартатынын сипаттайық!

Егер тілдің ұшын тістің арасына қойсаңдар, бұл дыбыс дұрыс шығатын болады. Good! Listen and repeat after me: the, this, these, mother, father, father, brother, grandmother, grandfather. Very well! Кәне енді біресе аралар сияқты, біресе шыбындар сияқты ызындайық. Are you ready? Let`s start! Excellent! Now, children listen and repeat after me: this is …, is this, these are…

Phyme

Father , mother, sister, brother.

Hand in hand with one another.

  • Super! Goodbye, children!

  • Thank you, Mr. Wise Crow! Goodbye !



4. Амалдар тәсілі мен жаңа білімді меңгеру.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Listen and learn.

Мақсаты : «My family» тақырыбы бойынша сөздікті қайталау және grandmother, grandfather, parents сөздерін қайталау.

Мұғалім суретке қарауын ұсынады.

Оқушылар аудиоснкі тыңдайды. Мәтінмен жұмыстың бұл алгоритмін барлық оқу курсы бойында ұсынылады.

Track 4.

Ben: They are my parents.

Alibek: Who is she?

Ben: She is my sister, Mary. She is a pupil.

Ben: They are my grandparents.

Alibek: This is my mom. Her name is Gulmira. And this is my dad. His name is Marat.

Ben: Who is he? And who is she?

Alibek: He is my brother. She is my sister.

Alibek: I have a big family.

5. Түсіндіргендерін алғаш тексеру.

2-жаттығу. Ask answer the questions.

Жаттығудың мақсаты: Who is he/she? Сұраулы құрылымымен жаттығу.

3-жаттығу. Listen and sing «The family song»

Track 5.

Who is she? Who is she?

She is my mother. She is my mother.

Who is he? Who is he?

He is my father. He is my father.

Who is she? Who is she?

She is my sister. She is my sister.

Who is he? Who is he?

He is my brother. He is my brother.

4-жаттығу.

Тақтада ұяң \ð \ тәрізді дауыстап айтылатын th дыбысы бар Mother, father., brother, this, they, these сөздері жазылады. Осы дыбыс бар сөздерді оқығаннан кейін , They are my father and my mother. They are my parents сөйлемдерін оқуға ұсынады.

6. Іс-әрекет амалдарын және білімдерін бекіту.

Үй тапсырмасы туралы хабарлама.

Өтілген жаңа сөздерді қайталау және жаттауларды дәптерде жазу





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее