Музыка пәнінен дидактикалық ойындар
«Күн мен жаңбыр» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.
Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.
«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық бояуларын,дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты: Түстері бірдей,әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап,төменгі дыбысқа үлкен қоңырау,орташа дыбысқа орташа қоңырау,жіңішке дауыстағы әуенге кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.