Музыка менің өмірімде.
Мен музыканы жақсы көремін. Себебі музыка тыңдағанда көңіл күйім тыныштанады. Музыканы тыңдағанда да өзіміздің қазақтың әншілерін тыңдаймын. Әсіресе Қайрат Нұртастың әндері ұнайды. Төреғали Төреәлі, Ерке Есмаханның әндері ұнайды. Қазір бізде түрлі әншілер бар, түрлі әндер бар. Тек талғаммен тыңдай берсең болғаны. Өзім де болашақта әнші болғым келеді. Мен әнші болсам тек өзіміздің дәстүрлі әндерді орындар едім. Шіркін, біздің әндерге не, жетсін!