«Зима 2025»

Мұғалімдерге арналған «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында өткізілетін коучинг жоспары

Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, топтық бағалаудың критерийін жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Мұғалімдерге арналған «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында өткізілетін коучинг жоспары

Коучнигтің тақырыбы:

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау


Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық (104-бет)

www.cpm.kz, үлестірме материалдар, бейнесюжеттер

Мақсаты

Оқыту сапасын жақсарту мақсатында бағалаудың түрлі нысандарын

пайдаланудың тиімділігін үйрету



Оқыту нәтижесі

Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, топтық бағалаудың критерийін жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді

Негізгі (түйінді) идеялар

Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру



Тапсырмалар



Тапсырманың сипаты


Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер



«Комплимент» тренингін ұйымдастыру

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі, тіл табыса алу қасиетін, бір- бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.


Топқа бөлу. «5», «4», «3», «2»

Берілген есептерді шығару арқылы топқа бөлу.

1- тапсырма



Пластмассадан гүлдің макетін жасау

Топтық жұмыс

Қолда бар материалдарды пайдалана отырып, макет жасайды



  1. Көзбен бағалау


  1. Топтық бағалау

Бір-бірінің жұмысын ауызша бағалайды (өте жақсы, жақсы, орташа)

Бағалау критерийі мен дескриптор арқылы бағалау

Коучтың ақпараты:


«Оқуды бағалау және оқу үшін бағалау» презентациясын таныстыру



«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан. Оқу үшін бағалау –бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

1990 жылдан бастап Ұлыбритания мектептерінде бағалаудың екінші түрі кеңінен таныла бастады. Бұл «қалыптастырушы бағалау» немесе «оқу үшін бағалау» ретінде белгілі болды.

Бағалау:

  1. Диагностикалық

  2. Формативтік

  3. Суммативтік

Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы)

мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

Оқу үшін бағалау стратегиялары:

  1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Оқушыларды сабақтың табыс критерийлерімен таныстыру және оларды бірлесіп талқылау

  3. Оқушылардың нені оқып жатқандары туралы және оларға білім алуға не көмектесетіндігі туралы өз идеяларын айтуға ынталандыру

  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үдерістеріне ықпал етуі

  5. Одан әрі оқыту үшін әрбір оқушыға жеке мақсат қою мақсатында мұғалім үсынған кері байланысқа оқушылардың ілтипатпен жауап берін ынталандыру


Коучингке қатысушылар мұқият тыңдайды.


«Бағдаршам» тәсілі

Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын.

Қызыл түс- түсінбедім

Сары түс-әлі сұрақтарым бар

Жасыл түс- маған бәрі түсінікті


Стиктің біреуін көтереді.


Бейнетаспа

Бейнетаспадан тарих пәні мұғалімінің сабағынан үзінді көрсетіледі.

Мақсаты: мұғалімдерге сабақ барысында оқушылардың критериалды , формативті , жиынтық бағалауды қалай қолданғаны туралы бейнетаспаны көрсету.

Зейін қойып тыңдайды. Сұрақтар қояды.Өз ойларын айтады

2-тапсырма





«Таудың ұшар басына шығу» ойыны


Топтар бір-біріне кезекпен сұрақтар қояды. Егер топ сұраққа дұрыс жауап беретін болса, олар өздерінің фишкасын ойын сөресінің төбесіндегі бір квадратқа орын ауыстырады да, тау шыңына жақындай бастайды. Сұрақтар жазылған карточкалар қанша болса, квадрат та сонша болады. Егер топ мүшесі сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда олар өздерінің «дұрыс жауап берілмеген карточкасын» сақтап қалады да, ойын кезінде дұрыс жауапты зерделейді. Тау төбесінің алдындағы бір квадрат, оқушылар өздерінің барлық «дұрыс жауап берілмеген карточкаларына» екінші рет жауап беру мүмкіндігін алатын, «базалық лагері» болып табылады. Ойынның міндеті төбеге алғашқы болып бару емес, екі «альпинистен» құрылған команда үшін екеуінің де тау төбесіне дейін жеткенінен тұрады.


Сергіту сәті




3-тапсырма


Бағалау түрлерін ажырату.


Жеке жұмыс

Интерактивті тақтада жазылған сипаттамаларды оқи отырып, формативті және суммативті бағалау түрлерін ажыратады.


Өз-өзін бағалау

Неше дұрыс жауап болса сонша ұпай алады.



Рефлексия


«Алақан» ойыны арқылы

Ресурстар

Постер, маркер, түсті қағаз, желім, тақта,


Келесі (қосымша) оқу

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 104-109 бет)









Сіз тестіні орындай аласыз ба: Формативті тесті арқылы өзін-өзі бағалау

Қатысушының аты-жөні

Қызыл

Орындай алмаймын

Сары

Орындайтыныма сенімді емеспін

Жасыл

Орындай аламын

1




2




3




4




5




6




7








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее