Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Модельдерді зерттеу».
7 «ә» сынып
Елубаева Г
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Модельдерді зерттеу». практикум | ||||||||||||||||||
Сілтеме: |
| |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой-өрісін кеңейту. | ||||||||||||||||||
Нәтиже: |
| |||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті | |||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдері: | «Мозайка» әдісі, «Мен-саған, сен-маған» әдісі, «Болжау» әдісі, диалогтық оқыту | |||||||||||||||||
Көрнекі-құралдар: | Компьютер, интербелсенді тақта, флешка, оқулық, маркер, постер | |||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) | ||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||
(Білу). Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | ||||||||||||||||||
«Мен-сен, сен-мен» әдісі. Конференцияны пайдалану. Сұрақ-жауап /жабық сұрақ/. Оқушыларың жауаптары бақыланады | Оқушылар өтілген тақырыпқа арнайы сұрақ қояды, қалған оқушылар сұраққа жауап береді. | |||||||||||||||||
(Түсіну). Қызығушылықты ояту (2 мин.) | ||||||||||||||||||
Интербелсенді тақтадан "EXPO-2017" қалашығының компьютерлік моделінің бейне ролигі. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды
| |||||||||||||||||
Мағынаны тану (1 мин.) (Мұғалім практикалық сабақта оқушылар қандай тапсырма орындайтындығын хабарлайды. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) | ||||||||||||||||||
Топқа бөлу (1 мин.) | ||||||||||||||||||
Сыныпты автокөлік және киіз үй суреттер қиындысы арқылы 2 топқа бөлу Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» береді. Сабақтың өтілу шартын түсіндіреді. | Оқушылар белсене қатысады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. | |||||||||||||||||
(Қолдану) Сабақтың негізгі бөлімі (5 мин.) Өткен материалдарды бекіту «Тапсырмалар» | ||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Оқушыларға тапсырмалар беру Тапсырма 1-топ Шарты: 1. Модельдерді пәндік салаға топтау
Тапсырма 2 – топ Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және ақпараттық бағытқа топтаңыздар
| Оқушылар топпен бірлесе отырып тапсырманы орындайды. 2 топ бір-бірінің жұмыстарын алмастырады және дұрыстығын тексереді. Өздерінің жауаптарын бағалайды. | |||||||||||||||||
(Талдау) «Ойлан тап» (5 мин.) | ||||||||||||||||||
1-топ 1. Күннің моделі бола алатын объектіні таңда
2. Мысық объектісіне қатысты ақпараттық модельді таңда
2-топ Төмендегі сөздер мен сөйлемдерді өз орнына апар 1. Заттардың химиялық әсері молекулалық деңгейде ............. модельденеді; 2. Биология кабинетінде көкеністер мен жемістердің ...... жиі қолданылады; 3. Қандайда бір прибордың /құралдың/ жинау үлгісі........ болып табылады; 4. Қандайда бір күрделі тапсырмаға кіріспес бұрын алдын ала....... жасалады. Химиялық формула1 Жұмыс жоспары4 Муляж2 Макет3 | Оқушылар топпен бірлесе отырып тапсырманы орындайды. 2 топ бір-бірінің жұмыстарын алмастырады және дұрыстығын тексереді. Өздерінің жауаптарын бағалайды. | |||||||||||||||||
Сергіту сәті (1 мин.) | ||||||||||||||||||
Оқушыларға 1-ден 9-ға дейінгі сандарды айтады. | 1-ден 9-ға дейінгі сандардың моделін бастарымен жазады | |||||||||||||||||
(Жинақтау) «Ұшқыр ой» теорияны практикамен ұштастыру (15 мин.) | ||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||
тапсырма береді. Paint бағдарламасында «Мамандық әлемі» тақырыбында графикалық модельін жасау І – топ : Медицина саласы ІІ – топ: Білім саласы | Paint бағдарламасында «Мамандық әлемі» тақырыбында графикалық модельін жасайды. Әр топтан бір оқушы шығып Жеке комьютерде тапсырманы орындайды | |||||||||||||||||
Оқулықпен жұмыс /тест жұмысы/ /3 мин/ | ||||||||||||||||||
Тақырып бойынша оқулықтағы өзіңді тексер тапсырмасын береді. Бақылайды. | Оқулықтағы өзіңді тексер тест жұмысын орындайды. Өздерін бағалайды | |||||||||||||||||
Бағалау (2 мин.) | ||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||
Бақылайды, бағалайды. Бағалау парағын жинайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |||||||||||||||||
Үйге тапсырма (1 мин.) | ||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||
§18. ««Модельдерді зерттеу». практикум тақырыбындағы тапсырмаларды орындау. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |||||||||||||||||
Рефлексия (2 мин.) | ||||||||||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. БҮҮ әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. БҮҮ кестесіне іледі. |