МИФ ЛИДЕРЛЕРІ» атты сайыс
Rate This
ШҚО Семей қаласы №47 мектеп Сагнаева Алмагуль Берикказиевна
Білімділік : : 10,11 сынып оқушыларының математика,физика, информатикадан алған білімдерін тексеру, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық : Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Тәрбиелік :Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топ намысын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Түрі: Сайыс.
І-бастаушы:Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар.
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап алды
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
ІІ-бастаушы: Компьютер сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демесің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманның!
І-бастаушы:
Физика бұл өмірдің,
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен,
Елімнің өзен даласы.
ІІ-бастаушы:
Бүгінгі кеш-қызықты кеш,
Көрермендер халайық.
Ой-түйсікті қозғап қазір,
Биік қанат қағайық.
Физика салтанатты,
Осы жерде құруын,
Белсенділік көрсетейік,
Бар ықылас құрулы.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарт сол.
Еңбек етіп жалықпай,
Сәтті сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық,
Көрсетіңдер өнерді,
Қарап қалма жасқанып.
ІІ-бастаушы:Біз бүгін «МИФ ЛИДЕРЛЕРІ» атты сайысымызды тамашалайық.
Сайысқа 10-11 сынып оқушылары қатысады. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
5-балдық жүйемен бағаланады
1-ші сайыс «Мен кіммін?» /таныстыру,ұран/ 2-ші сайыс «Бәйге» /Викториналық сұрақтар/ 3-ші сайыс «РАУНДРОВЕР» / математика, физика, информатикадан ойыншылар плакатқа көбірек термин сөздер жазу/ 4-ші “Әзіл шыны аралас» жұмбақ 5-ші сайыс « Ойнайықта ойлайық!» /тәжірибелік кезең/ |
І-бастаушы:Сайсымызды бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырайық:
1.
2. Бүгінгі ойынның жұлдыздары:
1 топ: 10 «а» «АРИФМЕТИКА»
2 топ: 10 «ә» «ЭВРИКА»
3 топ: 11 «а» «ПРОГРАММИСТТЕР»
4 топ: 11 «ә» «ТАПҚЫРЛАР»
І-кезең. « Мен кіммін» топтардың таныстыруы. (әр топтың аты мен ұраны таныстырылады)
ІІ-кезең.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
«Бәйге» викторниалық сұрақтар.
Сайысымыздың ІІ-кезеңі — «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз математика, физика , информатика пәндерінен сұрақтарға жауап.
Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар: (экранда көрсетілген номерленген ұяшықтарды реттік номері бойынша тандау).
1. Информатика қандай ғылым ?(ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)
2. Су неліктен отты өшіреді?(су ауа жібермейді от ауасыз жанбайды)
3. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата.(2-ге негізгі және қосымша)
4. Неліктен рельстер арасында саңылау қалдырады?(жазды күні күн ысығанда рельс ұзарады, ал қыста қысқарады, сондықтан)
5. Түзудің бөлігі?
6. ІҮ ғасырда өмір сүрген,
Платонның оқушысы, Александр Македонскийдің тәрбиешісі, философия, астрономия, механика, оптика ғылымына еңбегі сіңген ғалым. (Аристотель)
7. Ай Күн мен Жердің арасынан өткенде Күннің көзін көлегейлеп жауып қалады. Осы құбылыс қалай аталады?
8. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелдеген. (ОМ)
9. Ең алғашқы қазақтан ұшқан ғарышкер? (Т. Әубәкіров )
10.M, D, C, L -Рим цифрлары қай сандарды өрнектейді?
11.Бөлме t0 –да суды қалай қайнатуға болады. (су бетінің ауасын яғни қысымды азайтамыз, сорып аламыз)
12.Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім?(Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жобасын жасады.)
13.Цифр сөзі нені білдіреді?
14.Фигураның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы ……. деп аталады.
15.Диаметрдің жартысы
16.Кез-келген сан қай санға қалдықсыз бөлінеді?
17.Екі тақ санның қосындысы …… болады.
ІІ-бастаушы:
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демесің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
3-ші кезең «Раундровер» |
Ақпараттық заманның!
Бұл ойында әр команда өзінің математикадан,физикадан, информатикадан алған білімдерінбарынша қолдану керек. (Ойыншылар плакатқакөбірек термин сөздер жазып өз командалармен алмастырады)уақыт 5 минут |
І-бастаушы:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уакыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
4-ші кезең «Әзіл шыны аралас» жұмбақтарды шешу. |
1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
2. Елеуішпен су әкелуге болама? /болады қар мен мұз күйінде/
3. Дүниедегі ең жүйрік не? /ой,қиял/
4. Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/
5. Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай? /1 метр/
6. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? /үште/
7. 5 адам кезедесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? /10/
8. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені. /флешка/
ІІ-бастаушы:
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар
5-ші кезең «Ойнайықта ойлайық» |
Тәжірибелік кезең: АЛДАРЫНДА ТҰРҒАН КОНВЕРТТЕРДІ ТАНДАУ: ТӘЖІРИБЕГЕ КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАНДАУ.
№1 қалта.
Шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет.
Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа.
ЖАУАП: жұмыртқаны айналдыру керек, пысқан тез айналады
№2 қалта.
Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады?
Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.
ЖАУАП: конвертті жағып жіберу керек
№3 қалта.
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, су құйылған стакан, тұз.
Стаканға жұмыртқаны еппен саламыз, жұмыртқа суға батты себебі неде?
ЖАУАП: себебі; жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан көп
№4 қалта.
Су құйылған стаканға 10 шай қасық тұз салып ерігенше араластырайық, стааканға жұмыртқа салсақ жұмыртқа батпайды, себебі неде.
ЖАУАП: себебі, судың тығыздығы жұмыртқының тығыздығынан көп
І-бастаушы:
Бүгін де МИФ барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасына сөз беру:
Грамотамен марапаттау.