Сыныптан тыс іс - шара. «Мерген -2017» мылтық атудан топ аралық сайысы»
Қазақстан Республикасының егемендігінің 22 жыл толуына орай колледж білім алушылары арасында топ аралық өткізілетін «Мерген 2013» мылтық атудан топ аралық сайысы.
«Мерген 2013» мылтық атудан топ аралық сайысы мақсаты: Білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
1. Өткізілетін орны және уақыты:
2013 жылы 20 қарашада сағат 8.00-де Шалқар аграрлық- техникалық колледжінің спорт залында өтеді.
2. Сайысқа колледж білімалушыларынан құралған 5 бөлімше қатысады. Әр бөлімше
7 оқушыдан құралады.
3. Ойын келесідей жарыс түрлері бойынша өткізіледі:
- сап түзеу және ән байқауы;
- ату;
- викторина;сұрақ-жауап
4. Марапаттау:
Ойын қорытындысы бойынша 3 командалық жүлделі орын анықталады. Үздік бөлімше командирі және үздік атқыш анықталады. Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталады. Соңында мерекелік концерт.
Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары
1. Сап түзеу және ән байқауы.
Қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, саптық жаттығулар, екі қатарға сапқа тұру, ән мен саптық байқауға дайындығы туралы бөлімше командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу . «Сап түзеу және ән айту» сайысы бөлімінің бағдарламасы
Осы сайысқа Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Саптық жарғысының элементтері бар саптық тәсілдер енгізілген.
Бөлімше командирі:
— Бөлімше! Бір қатарға сапқа тұр! (бөлімшенің сапқа тұрғызылуы)
— Түзел! Тік тұр! Рет-ретімен санал! (бөлімшенің 1-шіден бастап соңына дейін. Соңғы нөмірлі саптан шықпай өз нөмірін айтып, «санақ аяқталды» деп жауап береді)
— Ортаға түзел! (рапорт беру)
— Аға лейтенант мырза! ____бөлімше ____ сапқа тұру және ән айту байқауына сапқа тұрғызылды.
Қолбасшы:
— Саламатсыздар ма! (бөлімше хормен «Саламатсыз ба лейтенант мырза!»)
Еркін тұр!
Бөлімше командирі:
— Еркін тұр! Бөлімше! Түзел! Тік тұр! Солға! Оңға! Кері айнал! Кері айнал! Бірінші-екіншіге санал!
Екі қатарға сапқа тұр! Солға! Оңға! Айнал! Айнал! Бір қатарға сапқа тұр!
Оңға! Жақында! Бір орында адым бас!
Ән сал! (бөлімшенің әнін айту 1 шумақ+қайырмасымен)
Бөлімше! Әнді тоқтат!
Бөлімше Түзел ! Тік тұр! Ортаға түзел! (рапорт беру)
Лейтенант мырза! ____ бөлімше өзінің көрінісін аяқтады. Бөлімше командирі _______________ (тегі, аты)
Байқау қолбасшысы:
Қызметтеріңізге алғыс жариялаймын! (бөлімше хормен: «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз!»)
Еркін тұр! Тараңдар!
Бөлімше командирі:
Еркін тұр! Тараңдар! Солға! Оңға! Орынға адым бас! (варианттар)
2.Мылтық ату жаттығуы:
Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – 3 оқушы. Нысана – №8 нысана, арақашықтық – 10м; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – түрегеліп тұрып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Жаттығуды орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «сарбаз ______, атуға дайын» – деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша жас ұлан 3 рет есептік оқ атады және «Сарбаз ______, атуды аяқтады» – деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша сарбаз өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады.
3. «Викторина» конкурсы. Сұрақ-жауап.
Конкурстың шарты: Команданың барлық мүшелері қатысады. Әрбір командаға Қазақстан тарихынан, әскер және әскери дайындықпәні бойынша сұрақтар беріледі.
Біріншілік команданың жинаған ұпай саны бойынша анықталады.