«Осень 2024»

Менің туған өлкем

Данная разработка предназначена для дошкольников и деских садов

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Менің туған өлкем.

Мақсаты:

1.Туған өлке туралы түсінік беру. Өздерінің туған өлкелері туралы әңгімелеп айтуға үйрету.

2.Сөйлеу тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған жерінің байлығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, карта.

Сөздік жұмысы: Домбыра,торсық,тау.

Билингвальды компонент: Туған өлке - родной край, асқар тау - высокая гора , домбыра - домбра.

Оқу қызметінің

кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық

қозғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,бір-біріне деген жылы тілектерін айтқызды.



  • Біздің республикамыз қалай аталады?


- Біздің бас қаламыз қай қала?


- Біздің туған өлкеміз-егеменді Қазақстан







Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.










-Қазақстан Республикасы.

-Астана қаласы.

Ұйымдастыру-шылық

ізденістік

Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер өседі. Жан-жануарлардың алуан түрі тіршілік етеді. Міне, осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып-өскен.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.Дана халқымыздың «Отаның-алтын бесігің»деген сөзі бар. Қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі- домбыра, сандық асық , торсық т.б .Өз Отанын сүю, ұлттық бұйымдарын құрметтеу , ана тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Билингвальды компонент.

Туған өлке-родной край, асқар тау-высокая гора, домбыра –домбра.


Суретпен жұмыс.

-Өзің тұратын қала (ауыл) қалай аталады?

-Ол қала (ауыл) Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

Тірек сұрақтар қою арқылы балаларға туған қала, ауылдары туралы әңгімелетеді.

(Демонстрациялық материалдағы сурет бойынша жұмыс.)


«Асық алу»ойыны.

Шарты: Дорбадан асықты алып,нөмірі бойынша ұлттық бұйымдарды атау.

1-асық.

2-домбыра.

3-сандық.

4-торсық


.


-Мына фотосуреттерде Қазақстанның әртүрлі қалалары, ауылдары бейнеленген. Олардың барлығы өздерінше әдемі, өздерінше қызықты. Осы сурет бойынша туған еліміздің табиғаты туралы әңгімелеңдер.


Сергіту сәті

Гүлге оранып сәулетті көшелерім

Самалымен сауығып,өсер елім!

Қаламызды сүйеміз,көркемдейміз,

Қайратты боп өсеміз,өркендейміз!


Жеке баламен жұмыс






«Кім жылдам»ойыны.

Шарты:құрастыру бөлшектерімен үй құрастыру.

Бірінші бала тұрғын үй.

Екінші бала көп қабатты үй.

Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.















Тәрбиешімен бірге үш рет қайталайды.





Өздерінің туған өлкесі туралы әңгімелейді.















Балалар ойынға қызыға атсалысады.
















Туған өлкенің табиғатын сурет бойынша әңгімелейді.




Өленнің мазмұны сәйкес қимылдар жасайды.






















Балалар ойынға белсене атсалысады.

Рефлексиялық –түзетушілік




Оқу қызметін қорытындылап, үн таспадан «Туған өлке»әнін тындату.



Әнді мұқият тындайды.






Күтілетін нәтиже:

Орындайды: еліміздің басты қалаларымен танысады, көрікті жерлерін суреттен көреді, көріністі сипаттайды;

Түсінеді:еліміздің басты қалаларының маңызын;

Қолданады: қала туралы мәліметтерді; қалаларды басты белгілеріне қарап ажыратуды.













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее