«Осень 2024»

Менің сүйікті мамандығым

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы

21 ЖОББ мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Турумтаева Зауреш Дауленовна


«Мен – қазіргі заман педагогімін» атты эссесі

«Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам... .»


Тағдырымның табиғатына көз жүгірте отырып, дәуренімнің талай дүниелерін есіме түсірдім. Барлығы кеше ғана болғандай көз алдымнан ұшқан құстай тізбектеле кеткені. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаным, сол кездегі қарсы алған ұстаздарымның көзінен төгілген мейірім мен жылы лебіз, сол кезде-ақ өрлікке өрмелеткен, бойыма адалдық пен сабырлық дәнін сепкен ыстық ықылас бәрі-бәрі әлі күнге дейін көкірегімде менмұндалап тұр. «Мұғалім келе жатыр» деген сөзден-ақ тәртіптеле бастайтын біздер қарапайым мұғалімнен шыққан ұлы ұстаздарды әрдайым пір тұтатын, сырттан табынатын, сыйлайтын едік, сол мұғалімдей болсақ деп армандап, еліктейтін едік. Сол кездегі сәбилік сезім бе, әлде маңдайыма жазылған бақ па, бүгінгі күні білдей мұғалім болып отырмын. Бала күнгі арманым мақсатыма айналып, «ҰСТАЗ» деген ұлы аттақты иеленіп, сол жолмен адал жүріп келемін деген ойдамын. Осынау қыры мен сыры сан алуан 33 жылдық ұстаздықтың қазанында қайнап, болатша шынығып үлгердім. «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші осы уақытқа дайін алдымнан қаншама шәкірт өткізіп, дұрыс тәрбие бере алсам, мен үшін төбемнің көкке жеткені деп білемін. Әріптестерімнің алдында өз беделімді асырып, қай жерде қандай сайыс, семинар, жарыстар болса барлыңына ат салыса қатысып, білім қоржынымды толықтыра жүріп, өз білгенімді де болашақ ұрпақпен бөлісе білдім. «Көре-көре көсем боласың » дегендей, қаншама жаңа технологиялар мен мұғалімге тән құндылықтарды бойыма сіңіріп, тәжірибе жүзінде қолданып келемін. Шәкір тәрбиелеудегі негізгі ұстанымдарым, көздеген мақсаттарым: ең әуелі Отанының патриоты, халқының ұл-қыздары болса екен деймін. Салауатты ұрпаққа сапалы білім беріп, саналы жеткіншек тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге бармын.

Кеудеме таққан төсбелгім, ұстаздық жолындағы біліктілік пен жоғарғы санатым білімнің биік шыңына ары қарай итермелейді. Ұстаздың бірден-бір парызы –жастарды білім нәріне сусындатумен қатар, айналасындағы жақсыны тани білуге үйрету, тарихқа із қалдырған қайраткерлерді ұмыттырмау. Осындай сезімдерді бойыма ұялатып, ұстаздықтың ұлы жолына алып келген Аллаға шүкіршілік етемін, мектеп табалдырығын аттатқан анама, алғаш әліппені оқытып, қолыма қалам ұстатқан ұстазыма мың алғыс демекпін.

Менің педагогикалық ұстанымым немесе (Мұғалім-мәртебелі мамандық)

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу-сезімнің күн шуағы,

Ұстаз болу-адамның асылдығы,-деген

Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын.Өйткені ұстаз-мақтан тұтар мамандық.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Себебі, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өзінің кәсібін, өзінің пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осындай жауапкершілігі мол қиын да,қызықты іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Білімді әрі сауатты адамдар ─ ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.

Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни жаңа әдіс- тәсілдерді толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Осындай қызығы да, қиындығы да мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу менің бала кезімнен арманым еді, себебі өзім қадір тұтқан ұстаздарымнан дарыған қасиет болса керек. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші,шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі.

Ескендір Зұлқарнайын:«Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол-ұстазым Аристотель»,-десе,Абылайхан Төле биді, Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.Менің табынатын ұстазым Шаку Темиршотовна.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: -Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты-саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы,іскер,өмірге икемделген,жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,-деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.

Бақыттың үлкені –өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін қай уақытта таниды?. Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекеге қабілетті ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті іс-әрекетіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

XXIғасыр көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.

Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған түйсігін әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін пәндік білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Мұғалім шығармашылық жұмыстар арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Оқушылардың танымдық, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білуінің дағдыларын қалыптастырады.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам –мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее