Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
№211 А.Байтұрсынов атындағы мектеп
Сейділдаева Жанат Сансызбайқызы
«Менің өмірімдегі Шалва Александрович Амонашвилидің педагогикасы» тақырыбында
Эссе
«Балаларды қазіргі мектеп қанағаттандырмайды. Балалар бізден жанды білім күтеді, ал біз болсақ оларға жансыз білім берудеміз».
(Шалва Александрович Амонашвили)
Шалва Александрович Амонашвили – жаңашыл педагог, ынтымақтастық педагогикасының негізін қалап насихаттаған Ұлы педагог. Ол мұғалімдерді өздерінің бойында бар педагогикалық шеберлігін үнемі шыңдай отыруды насихаттаған. Уақытының тығыздығына қарамастан ол әрқашан да зерделі, мейірімді адам бола білген. Басқалар оның не ашуланған, не дөрекі сөйлеген сөзін ешқашан байқамаған. Осындай керемет мінез иесін көз алдыма елестете отырып, неге әрбір адам өз мінезін қарапайым әрі байыпты етіп өзгертпеске, мейірімді болып, оқушыларға өз мейірімділігі мен салмақтылығының арқасында үлгі болмасқа?!
Шалва Александровичтің «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» атты педагогтың көмекші құралын қолыма алып оқыған кезімнен бастап бар ойым түбегейлі өзгерді десем болады. Сол себептен осы кітапқа арнап пікір жазуды жөн санадым. Әдетте бес-алты жасар балаларды әрине сәби ретінде қабылдайтынымыз рас. Ал, Шалва Александрович оларды тұлға болып қалыптасуындағы зерттеу нәтижелерін осы кітапта айқындап жазады.
Жалпы Амонашвилидің бұл кітабыбес-алты жасар балаларды ілім-білімге үйрету туралыбаға жетпес қазына деп білемін. Кітаптың мазмұнына осы жастағы оқушыларды оқыту процесін дамытып, балаларды бар қалпында қабылдау, толық жетілген тұлға ретінде қарау керек деген пікірді қалыптастырған бірден бір тұлға. Оларды өзгертудің қажеті жоқ, өз ыңғайына қарай өзгертудің қажеті жоқ. Оқушыларға жеке тұлға ретінде қарау, олардың айналасына ізгіліктің дәнін себу, шыдамдылық таныта білу, адамгершілік көзқараста болуға шақырады. Болашаққа аттануға, өзіне деген сенімділікті арттыру, ересек адамға айналып, тәуелсіздікке құлшынар кезіндетірек бола білу, міне біздің басты міндетіміз екенін ашып айтқан.
Осы жастағы оқушыларды дұрыс ойлануға үйрету методикасы оларды өздігімен ойланып шешім қабылдау, өзін және өзгені объективті пікірлер арқылы бағалау сияқты дағдыларды дамытуға арнап жазылған бірден бір методикалық құрал.
Осы кітапты оқи келіп түсінгенім: ешқашан оқушыларды жасқа бөлме, өзіңмен тең көр, оларды әрқашан демеп отыр, кез-келген бастамаларына тірек бол. Шалва Александрович Амонашвилиге ірі тұлға, дара педагог ретінде бас иемін. Бас әріппен жазылатын педагог ретінде бас иемін. Әрине педагогтарға арналған методикалық құралдар өте көп. Бірақ, «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» кітабы әрі қызықты, мен үшін әрі дара кітап болып қала бермек.