Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Бөлігі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Менің кішкентай достарым»
Мақсаты: Қамқорлық ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: «менің туыстарым» – мои родственники
Сөздік жұмыс: «туыстар» - сөзінің мағынасын ашу.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеп талаптану | Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. Бір –бірімен амандастыру. |
Шеңбер бойымен жүреді, тоқтайды, қолдарын екі жаққа сермейді, көршілерімен қол алысып, шын жүректен амандасады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс
| Кіріспе әңгіме. Балалар сендерде дос бар ма? Достар деген қандай болады? Өз достарың туралы әңгімелеп беріңдерші. Слайдтар бойынша әңгіме құрастыру. Дос туралы мақал-мәтел оқып, талдау. «Дос бәрінен де қымбат»
«Досына өтірік айтпа»
Ойын: «Достық паровоз»
Дос сөзіне дыбыстық талдау жасау. Балдырған баламыз, Досты көп табамыз, Қашан да, қайда да! Достар бір-біріне, Сенімді артамыз!
|
Балалар мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Бір үзім нанды бөліп жейтін нағыз дос болады.
Мақалды есте сақтауға жаттықтыру.
Балалар апайдың айтқанын қайталайды.
«Дос» деген сөздің мәнін түсіндіру.
|
Рефлексивті-коррекциялау | Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, сабақты қорытындылайды. Балаларды мақтау.
| Апайдың айтқанын мұқият тыңдайды, ойға түйіп, естеріне сақтайды. Сөздік қорларын дамытады. |
Күтілетін нәтиже: Дос деген сөзді түсініп, білуі. Балабақшада бірлікшіл, ұйымшыл болуы. Жатқа айту қолынан келуі.