«Осень 2024»

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыстың жоспарын жасау.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыстың жоспарын жасау. Балабақшада жүргізілетін жұмыс жоспарын ұйымдастыру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚБАИ









Zhumabay[email protected]











Орындаған: Талипова М. З.























Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыстың жоспарын жасау.

Мақсаты: Балалармен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын нығайту аясында балабақшада жүргізілетін жұмыс жоспарын ұйымдастыру.

Жоспар:

І Кіріспе бөлім

Отбасы мен балабақшаның өзара ынтымақтастығы

ІІ Негізгі бөлім

  1. Ата-ана мен тәрбиешінің әлеуметтік серіктестігі.

  2. Тәрбиешінің ата-анамен және балалармен үнемі тығыз байланыста болуы.

  3. Ата-аналармен жұмыс түрлері мен әдістері.

ІІІ Қорытынды



Отбасы әр нәрсенің басы, баланың жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Ата-анамен отбасының басқа да мүшелерінің (ата-әже, аға-апа, т.б) балаларды тәрбиелеп үнемі қадағалап отыруы орасан зор еңбек. Баланың жастайынан психикасының яғни мінез-құлқы, сана сезімінің дұрыс жетіліп, өз жасына сәйкесінше дамып отыруы отбасынан сіңірген тәрбиеден орын алады. Халқымызда жақсы мақалдар айтылып келеді, яғни «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей даналық сөздердің берер мағынасы зор. Бала есейе оның бойында қалыптасқан оғаш әрі теріс мінездерін байқасақ, оны өзгерту қиынға әкеп соқтырады. Ұлы педогог А.С. Макаренко өз іс-тәжірибесінде ол туралы былай деген еді: «Балалардың алдында өздерінің аса беделді болуын қаламайтын ата-ана жоқ. Өздерінің қандай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, балаға өктемдік көрсетіп тәрбиелейтін ата-ана бар екені рас. Ойланып қарасақ, бұл өте қателік екенін білеміз бе? Мұндай жолмен келген шыншыл әрі адал баланың санасы есейе келе мүлдем жойылады». Баланың психикасы көрген-білген, естіп жүрген нәрселерімен бірге қалыптасады. Әрбір тәрбиеші немесе ұстаз ата-аналармен тығыз байланыста болуы шарт.

Әрбір ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің практикасында ата – аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әртүрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата – аналардың педагогикалық – психологиялық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата – аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз, яғни психологтар, тәрбиешілер ата – аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады. Мұхтар Әуезов айтқандай : «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек». Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс – шараларға, ата – аналарға және топ жиналыстарына ата – аналарды тартудың қажеттілігі: балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады, балалар маңызды жетістіктерге жете алады; балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады ; ересектер тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі.
Әрбір отбасының мықты жақтары болады , әр адам жақсы ата – ана болғысы келеді, барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады. Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата – ананы, яғни отбасын тәуелді ете емес, оны қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу, баланың дамуы туралы ақпарат ата – аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Ата – аналармен бірлесе атқаруға болатын жұмыстар: тақырыптық кеңес (ата – аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтармен таныстыру, ой қозғау, топішілік ата-аналар жиналысы, ата-аналармен жеке кездесу, олар үшін ашық есік күндерін жариялап, ата-аналарды ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатыстыру, ата-аналармен бірге психологиялық тренингтер, ойындар ұйымдастыру, ата-аналарға сауалнамалар беру арқылы балалармен олардың қаншалықты тәрбие немесе білім беруге жұмыстанатындарын байқау, отбасылық жарыстар ұйымдастыру әрбір тәрбиеші немесе педогогтің міндеті.

Елбасымыз өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылымның жаңаша жетістіктері үрдісін тәрбиемен қатар одан әрі дамытып, ең күрделі мақсат – әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды негізге қойды.

Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.
Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:
- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.
- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.
- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.
Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.

Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді.

Ата-аналарға сауалнамалар

Сұрақтар

Ия

Жоқ

Білмеймін

  1. Балаңыз балабақшаға қуана барама?




  1. Сіздің балаңызбен педагогтар жақсы жұмыс жасайды ма?




  1. Педагогтардың сіздің балаңызға деген көзқарасына қанағаттанасыз ба?




  1. Балаңыздың сүйікті ойыншығы бар ма?




  1. Балаңыз сүйіп жейтін тағамды білесіз бе?




  1. Тәрбиеші балаңыздың жетістігі туралы ой бөліседі ме?




  1. Балабақшаға баланы қандай мақсатпен әкелетініңізді білесіз бе?




  1. Өзіңізге ұнайтын қандай іс шара өткізуді айтып ой бөлісесіз?






Ата-аналармен жұмыс.

Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады.

Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.

Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында балалардың отбасын зерттеу.

Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.

Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.

Ата-аналарды оқушылардың оқу – тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.

Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.

Ата-аналармен бірлесіп жасалатын жұмыс жоспары.

Мерзімдері

Ата-аналарды педагогикалық ағартудың тақырыптары

Жанұялармен жүргізілген жеке-дара жұмыс

Қыркүйек

Ата-аналар жиналысы «Отбасы және тәрбие бастауы».

Ата-аналарға сауалнама жүргізу.

Ата-аналар кеңесін сайлау және оның жұмысын жоспарлау.


Қазан

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Сұхбат – пікірлесу.

Қараша

I тоқсанның қорытындысы.

Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хат.

Психолог, мамандар дәрісі.

Алғыс хаттар, мадақтамалар.


Сауалнама,пікірлесу.

Желтоқсан

Ата-аналар жиналысы «Отбасындағы бала тәрбиесі».

Жаңа жылға ұжымдық шығармашылық даярлық.


Қаңтар

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Психолог, мамандар кеңесі.

Сұхбат – пікірлесу.

Кеңес беру

Ақпан

«Талапты бала бақытты» тақырыптық кеңес.

Кеңес беру, пікірлесу.

Наурыз

«Ұлттық ойындар» сайысы.

Отбасылық сайыс өткізу.

Сәуір

ІІІ тоқсанның корыт ындысы.

Ең үздік жұмыстар.

Көрме

Мамыр

Ата-аналар жиналысы.

Қорытынды жиналыс.

Алғыс хаттар мерекелік концерт.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына  өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда  қызығушылықтарын дамыту.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

1.  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

2.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3.  Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.

4.  Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,  15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

Болашағымыз жарқын, алғыр да білімді, мәдениетті, салауатты ұрпағымыз болуы үшін аянбай ету біздің парызымыз. Өз ұлтының болашағы үшін аянбай ету үшін бізге үнемі жетістіктерге жету, бала тәрбиесін дамытудың жаңаша үрдістерін озық меңгере отырып аянбай ету әрбір педагогтың Отан алдындағы абыройлы міндеті деп санаймын.















Пайдаланылған материалдар:

1. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Өзің жасап ал» Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал. Астана 2011

2. Ұрпақ қамы-ел қамы. Бейсенбіқызы К. «Отбасы және балабақша» 1998 №1-2

3. Қабылова Қ. Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіндегі рөлі/бала тәрбиесі. 2005 - №4

4. Қосанова Г. баланың бас ұстазы – ата-анасы/бала тәрбиесі 2005-№5

5. «МААМ» сайты, интернет желісінен тәрбиешілерге әдістемелік көмек.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее