«Осень 2024»

"Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын қалыптастыру жолдары" тренинг

Ата-аналармен жүргізілетін тренингтің өткізілу жоспары

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын қалыптастыру жолдары»

Кіріспе сөз

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды.

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Тәрбие берудің міндеттерінің бірі ең алдымен дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбеққор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу екені көрсетілген.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасында өзар ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі-бала, ал баланы тәрбиелеу отбасынан басталады. Ендеше егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетін болашағымыз-бала.

Бала әлем туралы және өзі жайында ақпараттарды ата-анасынан алады. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша іс алдыға баспайды. Баланың бойындағы табиғи қасиеттер адамгершілік құндылықтары әуелі отбасында беріледі, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді.

Мақсаты: баланың дамуыны, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып психологиялық көз-қарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау, ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру.

Қажетті құралдар: түрлі түсті гүлдер, қағаздар, қалам, жеміс ағашы макеті, сиқырлы таяқша.

Әдісі: психологиялық жаттығулар, сұрақ-жауап.

Тренинг

  1. «Танысу»

  2. «Топқа бөлу»

  3. «Біз қандай ата-анамыз?» тесті

  4. «Мадақтау мен жазалау»

  5. «Ақ орамал» әңгімесін тыңдау

  6. «Сөйлемді аяқта» ойыны

  7. «Жанұя ағашы»

  8. «Сиқырлы күн таяқшасы»

I. «Танысу» жаттығуы

Ата-аналар екі-екіден бөлініп, бір-бірімен интервью алып танысады, ортаға шығып бірін-бірі таныстырады.

талқылау

-қандай әсер алдыңыздар?

-Не қиындық туғызды?

II.«Топқа бөлу»

Ата-аналар түрлі-түсті гүлдерді таңдайды, түстер бойынша топ құрап үстелге жайғасып отырады.

III.«Біз қандай ата-анамыз?»

  1. Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып тыңдап отырасыз ба? осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба?

  2. Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік, сіз мұндай жағдайда өз тәрбиеңіздің жемісі екенін ойлап көрдіңіз бе?

  3. Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?

  4. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?

  5. Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз қажет кезінде ғана қолданасыз ба?

Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін 2 ұпай, ал кей-кейде орындалатын болса 1,ал қарсы болсаңыз жауабыңызға 0 ұпайдан қойып отырыңыз.

5 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екненін дәлелдейді. «Ештен кеш жақсы деген ғой». Сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз жөн.

7-ден 9 ұпайға дейін жинасаңыз, сіз бала тәрбиесінде үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді дем алуға арнаңыз. Әрине , бұл күні уақытты ұмыта тұруға тура келеді. бұл күні демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатынына күмән жоқ.

10 ұпайдан асса сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңзді орынды атқарып келесіз. соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан жақсарта түссеңіз құба-құп.

IV«Мадақтау мен жазалау»

Мақсаты ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін анықтау.

Қағазды екі бөлікке бөліп бір жағына баланы мақтау, кезінде қолданылатын сөздер, екінші жағына жазалауда қолданатын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғаны жайында сараптама жасалынып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

Осындай кестені толтыру оқушыларға да берілген, сол кезде оқушылардың жазған сөздерімен таныс болыңыздар.

V.«Ақ орамал» әңгімесін тыңдатып қорытынды ой түйіндеу.


VI.«Оның есесіне мен...» жаттығуы

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар кәртішке үлестіріледі немесе слайдта жазулы болады. Сөйлемдер негізіне отбасына байланысты болады, әр қатысушы ата-ана сөйлемдердің ішінен біреуін таңдап алып аяқтайды.

1.-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...

-Мен шаршадым, оның есесіне...

2.-Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне...

-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне...

3.-Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне...

-Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне...

VII.«Жанұя ағашы»

Сіздерге берілген алмаларға өз отбасыларыңызға жылы тілектеріңізді жазып, ағашқа апарып іліңіздер.

VIII.«Сиқырлы күн таяқшасы»

Ата-аналар, барлығымыз өз тобымызда отырамыз. менің қолымда кішкентай ғана «Сиқырлы күн таяқшасы» тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тілек айтыңыздар.

Қорыту. Отбасының негізгі міндеттерінің бірі-жас ұрпақты жылы сезімдерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу. Отбасы-шағын ұжым. Сондықтан қаншалықты шаршап шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы».

Бала-әр отбасының бақыты. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік.















1.Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып тыңдап отырасыз ба? осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба?

1) Я 2)Жоқ 3)Кей-кейде

2.Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік, сіз мұндай жағдайда өз тәрбиеңіздің жемісі екенін ойлап көрдіңіз бе?

1) Я 2)Жоқ 3)Кей-кейде


3.Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?

1) Я 2)Жоқ 3)Кей-кейде


4.Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?

1) Я 2)Жоқ 3)Кей-кейде


5.Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз қажет кезінде ғана қолданасыз ба?

1) Я 2)Жоқ 3)Кей-кейде
















«АҚ ОРАМАЛ»





______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



















-Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...

____________________________________________________________________________________________

-Мен шаршадым, оның есесіне...

____________________________________________________________________________________________


























-Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне...

____________________________________________________________________________________________

-Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне...

____________________________________________________________________________________________


























-Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне...

____________________________________________________________________________________________

-Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне...

____________________________________________________________________________________________






































_______________тобы


Мадақтау

Жазалау

1


1


2


2


3


3


4


4


5


5


6


6


7


7


8


8


9


9


10


10


11


11


12


12


13


13


14


14


15


15




































  1. Жүйелік, реттілік педагогикалық ұстанымдардың бірі деп ойлайсыз ба?

  2. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?

  3. Спорт пен дене тәрбиесінің баланың жан-жақты, үйлесімді дамуына маңызы зор екендігін ескеріп отырасыз ба?

  4. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес өтініш ретінде сұрап көрдіңіз бе?

  5. «Менің уақытым жоқ» немесе «тоқтай тұр», әуелі жұмысымды бітіріп алайын деген сылтаулармен балаңыздан «құтылуғ» тырысу сізге ыңғайсыздық туғызбайма?

  6. Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін 2 ұпай, ал кей-кейде орындалатын болса 1,ал қарсы болсаңыз жауабыңызға 0 ұпайдан қойып отырыңыз.

  7. 5 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екненін дәлелдейді. «Ештен кеш жақсы деген ғой». Сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз жөн.

  8. 7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз, сіз бала тәрбиесінде үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді дем алуға арнаңыз. Әрине , бұл күні уақытты ұмыта тұруға тура келеді. бұл күні демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатынына күмән жоқ.

  9. 15 ұпайдан асса сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңзді орынды атқарып келесіз. соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан жақсарта түммеңіз құба-құп.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее