Тақырыбы: «Математикалық сайыс»
Мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Өтілу барысы
Армысыздар қонақтар!
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
Сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Ой арманын кешетін,
Ақылды боп өсетін.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешетін,
Білімділер келді ортаға,
Ендеше топтарды ортаға шақырамыз
1-топ «Алғырлар» тобы
2-топ «Зеректер» тобы
Сайыскерлерге бүгінгі сайысқа дайынбыз ба?
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Математикалық сайысымызды бастайық.Мен сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1-кезең «Топтық тапсырма»
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлар пен зеректер
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Бұл сайыста 3 суретті тапсырма таңдап алып, топта талқылап шешесіздер.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бірлесіп тапсырма орындадық.
2-кезең «Экспресс тапсырма» деп аталады.
Математика – ғылым негізі,
Математика - білім көзі.
Математиканы білгендерге,
Ғажайыптың бір өзі,
Кешке қатыс тұрып қалмай,
Қиындыққа мойымай,
Бұл ілімді білсең егер,
Биіктейсің, сен самғай
Бұл кезеңде 10 сұраққа тез жауап берулеріңіз керек.
1-топ
1.Арбадағы үш ат 12 км/сағ жылдамдықпен жүрсе,әр аттың жылдамдығы қанша? ( 12км/сағ)
2.Біз күніне үш рет тамақтанамыз. Аптасына неше рет тамақтанамыз? (21)
3.Ең үлкен төрт таңбалы санды ата? (9999)
4) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш шаршы деп аталады. / иә
5) 1 сағатта 90 минут бар ? / жоқ /
6) 14 тақ сан ? / жоқ/
7) 1аптада 6 күн бар? / жоқ/
8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
9. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
10.Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
2-топ
1.Қосарласқан үш ат 1 сағатта 24 км жүріп өтті.Әр ат қанша километр жүрді? ( 24км)
2.8888 саны 8-ден қанша есе артық? (1111)
3.Қосындысы 15-ке,айырмасы 3-ке тең екі санды тап? (9+6) (9-6)
4) Қарама-қарсы қабырғалары тең тіктөртбұрыш шаршы деп аталады. / жоқ /
5) Екі ғасырда 200 жыл. / иә /
6) 1357 жұп сан. / жоқ/
7) 1 тәулікте 48 сағат бар ? / жоқ /
8. Мектеп ауласында 17 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
9. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
10. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрса салмағы неше кг? (50 кг)
«Талапты бала талпынған құстай» демекші құстай самғап 2-кезеңді де аяқтадық.
3-кезең « Конкурстық тапсырма» деп аталады.
Бұл кезеңде 6 тақырыпта тапсырманы жекелей бөліп алып орындайсыздар.
1-топ
630 км жолды жылдамдықтары 70км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы бұрын жүріп өтеді ? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді ?
14085:15+2205:45 =
3. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын есепте. Тіктөртбұрыштың ені 7 см, ал ұзындығы 2 см артық.
4.Теңдеуді шеш
540900 : х = 3 809 – 3 800
5 минут 57 секундта қанша секунд бар?
6. Екі нүктені қосатын геометриялық дене қалай аталады?
2-топ
1)Алмат пен Мирас атпен жарысты. Алматтың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал Мирастың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болды?
2. 8041х51-5022х54 =
3. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын есепте. Тіктөртбұрыштың ені 6 см, ал ұзындығы одан 2 есе артық.
4.Теңдеуді шеш.
12 000 + х · 5 = 12 455
5.Килограмммен өрнекте 42 ц 42кг
6.Қай санға 1 - ді қоссақ, 160 000 шығады?
4-кезең «Топбасшылар сайысы» деп аталады.
Бұл сайыста топбасшыларына 3 логикалық тапсырмадан беріледі.
1-топ басшысына
1.Мектептегі викторина кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?
2. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
3. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда бірінші қапта қанша, екінші қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс?
2-топ басшысына
Әлиасқар бір санды 127 - ге бөлді, ал Нұржан 72 - ге бөлді. Нұржанның жауабы 508 шықты, ал Әлиасқардың жауабы қанша?
Бірінші вазада 9 қияр, екінші вазада біріншісінен 2 қияр артық, үшінші вазада бірінші мен екінші вазаны қосқаннан 4 есе кем. Егер барлық қиярдың саны 32 болса, төртінші вазада және әр вазада неше қиярдан болған?
Мына санды 6 - ға бөлгенде 14 шығады, 4 - ке бөлгенде 21 шығады. Ол қандай сан?
2 Топ бір-біріңнің жауабыңды тексересіздер.
Әр топтан «Бағалау парағын» толтырып отыратын бағалаушы сайлап алыңыздар.