Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
МАД | Тәрбиеші: Камзаева Г.С. | Уақыты: | Кабинет: 210 | ||
Тақырыбы | «Бүтін және бөлік» | ||||
Сабақтың мақсаты | Жаңа білімді түсіндіру, алған білімін өмірде қолдана алуға бейімдеу. | ||||
Көрнекіліктер | Геометриялық фигуралар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, алмалар, кірпі мүсіні,үлестірмелі ленталар, қайшы әр балаға, фигуралар мен заттардың суреттері т.б | ||||
Іс-әрекет кезен-рі | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |||
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
| Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады. Мен мектепке барамын Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламын Сәлемдесіп достармен Қуанып бір қаламын! Амансың ба, шуақты күн! Амансың ба, мейірімді аспан ата!
(геометриялық фигуралар)
Жаңа тақырып: - Балалар, мына кейіпкерлерді сендер жақсы танисыңдар. Қараңдаршы: сендер нелерді көріп тұрсыңдар? (қоян, қарға, кірпі, аю) - Олар қай ертегінің кейіпкерлері? («Алма»ертегісі) - Қоян не істеді? (Алманы көрді) - Қарға не істеді? (Алманы жұлып алды) - Кірпі не істеді? (Алманы қағып алды) - Содан олар не үшін төбелесті? (Алма үшін) - Кім оларды татуластырды? (аю) - Ал аю оларды қалай татуластырды? (алманы бәріне тең бөліп берді) - Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні жақсы біледі екенсіңдер. - Бүгінгі осы ертегінің кейіпкерінің бірі бізге қонаққа келіпті. Бұл не? (кірпі) Себеттен нелерді көріп тұрсыңдар? (алмалар) Кірпі сендерге күзде жинаған алмаларын алып келіпті. Қараңдаршы қандай әдемі алмалар! -Сендер алманы жақсы көресіңдер ме? Ол несімен пайдалы? (өйткені онда дәрумендер көп) Тәрбиеші бір алманы алып, балаларға осы алманы сипаттап берулерін сұрайды. Алма қандай? Пішіні, түсі, дәмі, көлемі (домалақ, қызыл, тәтті, шырынды, үлкен)
Енді осыны білу үшін бүгінгі математика іс- әрекетінде затты тең екі бөлікке бөлуді үйренейікші. - Енді оны ортасынан бөлгенде неше бөлік болды? - Балалар, сендердің үстелдеріңнің үстінде мынадай түрлі- түсті заттар бар, бұл не екен? (лента) | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |||
Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ
| Балалар өткен тақырып бойынша және таныс ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді
Берілген тапсырмаларды орындайды. | ||||
Сергіту сәті | Қане жолды жазайық | Оқушылар ойын ойнайды | |||
Рефлексивті — түзетушілік | - Енді тақтаға бір сәт назар аударайықшы. Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз.Сендерге сабақтың басында мен түймедақ гүлдерін бергем: ақ түймедақ гүлі бар балалар бір топ, сары түймедақ гүлі барлар екінші топ болып бөлініңдер. (тақтаның алдында бір үстелге қағаздан қиылған бүтін фигуралар қойылады, ал екінші үстелге әр түрлі заттардың екі бөліктері жатады: алма, саңырауқұлақ, торт, өрік т.б.)
| Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |||
Күтілетін нәтиже: | |||||
Білу | Алған білімдерін естерінде сақтайды, өмірде қолдана алады. | ||||
Өзіне үйренгені | Жаңа білімді түсінеді | ||||
Үйрену | Математикалық тапсырмаларды орындай алады. |