М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің 5-6 сыныптар арасындағы «Көңілді тапқырлар сайысы»
Сынып | 5 – 6 сыныптар | ||
Пәні | Математика | ||
Пән мұғалімдері | Колдасова Гульнара Кабылбековна, Сарбасова Гульбаршин Утебаевна | ||
Тақырыбы: | «Математика – біздің қоршаған ортамызда» | ||
Мақсаты: | Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ой қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу | ||
Күтілетін нәтиже: | Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана алады, ой қабілеттерін дамытады, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. | ||
Топ аттары: | Архимед және Пифагор | ||
Көрнекілігі: | Тапсырмалар, постерлер, стикерлер, суреттер, фломастерлер т.б н. | ||
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті | |
Ұйымдастыру кезең 2 мин | Екі топтың сайысқа қатысатын оқушыларын түгелдеу | Ортаға шығатып топтары тұрғызу | |
Психологиялық кезең 1 мин | Топтардың сәттілік тілегі | Топтар бір-біріне сәттілік тіледі | |
Жүргізушілердің сөздері Топтардың сәлемдесуі | Жүргізушілердің сөздері
Топтардың сәлемдесуі | Екі жүргізуші бірінен соң бірі сөйледі
Топтар ұрындары мен сәлемдесулерін айтады | |
Мақал-мәтелдер жарысы | Математика пәніне байланысты мақал-мәтелдер | Сандарға байланысты мақал-мәтелдер айтады | |
«Математика – бізді қоршаған ортада» постер қорғау | Постерге қажетті заттарды тарқатып беру | Топпен ақылдасып, постер жасап қорғайды | |
Топ жетекшілер сайысы | Математикалық терминдер | Топ басшылар математикаға байланысты термин сөздер айтып жарысады | |
Жанкүйерлермен сайыс | Сұрақ-жауап | 10 сұрақтар, 12 жұмбақтарға жауап береді | |
Кері байланыс | Екі жұлдыз, бір тілек | Топтар бір-біріне тілектер айтты | |
Қорытындылау | Сайысты қорытындылап, екі топқа тілек білдіру |
|
Жұргізушілердің сөздері
І-жүргізуші:
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып.
ІІ-жүргізуші:- Шабыттасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.
І-жүргізуші:- Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркінді билеп барынша
Жарыста сірә қалыспа
Кеш қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық.
ІІ-жүргізуші:-Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Сөзжұмбақ та, сан жұмбақ
Суретті жұмбақ шеш жұмбақ
О-о-ой, бір қызық кеш болар
Өздеріңмен бес болар!
І-жүргізуші:- Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттерді тауып,көңілді отыруларыңызғатілектеспіз.
ІІ-жүргізуші:-Олай болса бұл не тұрыс,
Кешімізді бастайық
Әділ баға беретін
Әділ қазыларды таныстырайық.
Бүгінгі кеш әділ қазылары:
1. Сұлтанова Г.- қазақ тілі және қазақ әдебиетіпәні мұғалімі
2. Аскарова Г.А. – математика ӘБ жетекшісі
1.Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғалым жер шарында,
Сол қағида тағыда дәлелденбек
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.
2. Математика төрт амал негізінде
Туындатқан талай заң келбетінде
Жұмбақ әлем болғанмен, ей замандас,
Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде.
3.Математика, математика қандай қиын
Оқымасаң шешілмейді еш бір түйін
Ал өмірде тек соның көмегімен
Орындалар заңдылық, байлам дүйім.
4.Мақтануға математика лайық та,
Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та.
Парақтаумен әр ғылым, әр бір пәнді
Байланысына шықайтып тұрайық та.
5. Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс,Энергия, қуат, күште
Біздерсіз есептелу мүмкін емес
Жарияғып айтайықшы мұны бізде.
6. Шабыттанып шалқытқан ақын сөзі
Құлағын сал біздерге нақыл сөзі
«Өлең құрау тұнған бұл математика
4 амал бағын арзаңды жүзі»
7.Осылайша математика дараланды,
Қадір-қасиет айтылды сараланды.
Шабыт келіп достар-ау, алдарында
Көсілдік те шамамыз шамаланды.
8.Болашақ білім, ғылым тұтқасында
Мұны әркез әркім есте ұстасын да
Заманның компьютердей кезеңінде
Математика тағы тұр көшбасында.
9. Елімнің үміт артар ұл-қызымыз
Дарынды әр оқушы жұлдызымыз
Математика кешінде, бірін достар
Ән боп енді шырқалар ғасырымыз.
10. 2030-дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі мұны әркім біледі.
Сондықтан достар-ау дарынды қайрайық,
Алынбас қамал жоқ, шыңдайық жігерді.
ІІ-жүргізуші:Біздің мектепте бүгін математика пәнінің «Архимед» және «Пифагор» топтары күш сынаспақ.
Шақырамыз,келіңдер жарысуға,
Күш,өнер,білімменен алысуға.
Бар өнердісалайық ортамызға,
Қанеки кім шығады сайысуға деп ортаға сайыскерлерді шақырайық.
«Архимед» және «Пифагор» тобын шақыру
І-жүргізуші:- «Архимед» тобының ұраны, сәлемдесуі
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»
Сәлемдесуі: Білімге толы санамыз
Бүгінгі күн жеңісті.
Алғырлықпен аламыз,
Есепті біз шешеміз
Оны мақтан етеміз.
Геометрия тобына
Кете қоймас есеміз.
Сендермен жарысуға біз де келдік. Иіліп, «Пифагор» тобына сәлем бердік.
ІІ-жүргізуші: «Пифагор» тобының ұраны, сәлемдесуін тыңдайық.
Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе
Әр қашанда ұмтыла біл жеңіске »
Сәлемдесуі: Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа
Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.
Сайыстарда біз оңай беріспейміз
Тең ойынға тағы да келіспейміз
Тапқырлықта алдыға жан салмаймыз,
«Архимед» тобынан ешқашанда қалмаймыз.
Көбейтейік қосып алып, бөлейік
Білімменен сынасып бір көрейік.
І-жүргізуші:- Жарыс заңы ежелден
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектен жалықпай
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайыстыбіздер бастайық
Көрсетіңдер білімді
Қалмаңыздар жасқанып.
2. Бүгінгі сайыс мазмұынын тереңірек ашуға сұрақтар қою:
ҚР тәуелсіздігі қай жылы, қай күні ?
ҚР-ның тұңғыш президенті кім?
ҚР-ң тәуелсіздігінің неше жылдығы тойланайын деп жатыр?
3.Сұрақтарға жауап алып, екі топқа постерге 25 жылдыққа байланысты өз көзқарастарымен ҚР бейнелеуді тапсыру.
4.Кері байланыс: 2 жұлдыз, 1 тілек
5.Бағалап орын беру