«Осень 2024»

Мамандықтар әлеміне саяхат!

Жыл сайын біздің мектепте кәсіптік бағдар бойынша онкүндік өткізу дәстүрге айналған. Биылғы оқу жылында онкүндік 1-11 сынып оқушылар арасында «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты тақырыпта, 09.01.2017-19.01.2017 ж. аралығында өткізілді.

Кәсіптік бағдар онкүндігі жоспары бойынша оқушылар әр түрлі іс-шараларға көрермен болып қана қоймай, белсенді қатыса білді. Онкүндіктің мазмұны: кітап көрмесі,тест сұрақтары, сауалнама, презентация, шығармашылық жұмыс, сынып сағаттарынан тұрды. Аталған шаралар оқушылардың болашақ мамандыққа деген танымдарын дамытуға зор ықпал етті.

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки


«Мамандықтар әлеміне саяхат»

Жыл сайын біздің мектепте кәсіптік бағдар бойынша онкүндік өткізу дәстүрге айналған. Биылғы оқу жылында онкүндік 1-11 сынып оқушылар арасында «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты тақырыпта, 09.01.2017-19.01.2017 ж. аралығында өткізілді.

Кәсіптік бағдар онкүндігі жоспары бойынша оқушылар әр түрлі іс-шараларға көрермен болып қана қоймай, белсенді қатыса білді. Онкүндіктің мазмұны: кітап көрмесі,тест сұрақтары, сауалнама, презентация, шығармашылық жұмыс, сынып сағаттарынан тұрды. Аталған шаралар оқушылардың болашақ мамандыққа деген танымдарын дамытуға зор ықпал етті.

Онкүндіктің белсенді қатысушыларының бірі 1-6 сынып оқушылары болды. Олар «Ең қызықты мамандық» атты сурет көрмесінде өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Аксенюк В.В. мен Горохова Л.Н. 5-6-сынып оқушылары арасында «Бізді қоршаған мамандықтар» атты ғажайып алаң ойынын өткізді. 2-сынып оқушылары «Мамандықтар әлемі» ойынында белсенділік танытты.

Сынып жетекшілері келесі тақырыпта сынып сағаттарын өткізді: «Мамандықты тап» (Тортопиди Т.И.), «Мені қызықтырған әлем» (Фляум Л.Ф.), «Әрбір мамандық маңызды» (Ибрагимова С.Х., Лейман А.С.), «Өмір баспалдағымен жоғары» (Бейсеналинов Е.Л.), «Болашақ мамандығым» (Хаербаев Ә.Ж.)

9-11-сынып оқушылары назарына Павлодар облысы бойынша жоғары және арнайы білім беру мекемелері туралы презентация көрсетілді.

Мектеп психологы Амирханова А.М. «Мамандықты қалай таңдау керек» тақырыбында әңгіме-диалог өткізді.

Жоспарланған іс-шаралар оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, оқу үрдісіне деген белсенділіктерін арттыру мақсатында жаңа заман технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Кәсіптік бағдар бойынша онкүндік қорытындысы мамандықтың білгірлерін анықтаумен аяқталды.

Онкүндік қорытындысын директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары Әліпаева А.Қ. жасады.

Онкүндік бойынша өткізілген іс-шаралар оқушылардың мамандық туралы ой-өрістерін кеңейтіп, көптеген мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.

Т.П.Праслов атындағы ЖОББМ

Әліпаева А.Қ.

директордың бейіндік

оқу бойынша орынбасары



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее