Қысқа мерзімді жоспар (Ашық сабақ) | ||||
Бөлім | Робототехника. Лабиринт және кегельринг. | |||
Педагогтың аты-жөні |
| |||
Күні: |
| |||
Сынып: 4 | Қатысушылар саны |
| Қатыспағандар саны |
|
Сабақтың тақырыбы: | Лабиринттен шығу. | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
«Лабиринт» ұғымы туралы анықтама береді | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы лабиринттен шығу программасын жасайды | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
роботты жүргізеді |
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімі»
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы, КММ
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу 1. Қызығушылықты ояту: «Ең ақылды», «Ең белсенді» оқушы кім? ойыны. Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
2.Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
3. Өткенді қайталау
|
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
Интерактивті тақта, прецентация, Wordwall.net - платформасы | ||
Сабақтың ортасы. Жаңа білім. 29 мин
| Жаңа тақырыпқа шолу. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). Сендер саябақта орналасқан ойын алаңдарында, компьютерлік ойындар барысында түрлі өткелдерден өтіп, таңғажайып оқиғаларға кездесіп жүрсіңдер. Мұндай өткелдерден өту сендерге қаншалықты қиын болса да, жол тауып шығып, діттеген мақсатқа жетуге талпынып жүрсіңдер. Бұндай түрлі жолдар мен өткелдерді лабиринт деп атауға болады. Бейнеролик көру Жаңа тақырыпты түсіндіру. Лабиринт- түрлі өткелдер мен жолдар арқылы берілген, шатасқан, күрделі құрылым. Лабиринт әртүрлі болып ұсынылуы мүмкін. Лабиринттен өтудің мақсаты—шытырман бағыттардан, кедергілерден өтіп, дұрыс жол тауып шығу.Лабиринттің күрделілігіне байланысты шығудың бір немесе бірнеше жолы болуы мүмкін. Бірнеше жолы болған жағдайда ең тиімді тәсілді таңдаған дұрыс. Программалық ойын арқылы адаспай, лабиринттен тез шығуға болады. Роботты лабиринт арқылы өткізу робототехникадағы түрлі жарыстарда ойнатылады.
Практикалық жұмыс
1-тапсырма. Оқулық, 59- бет, «Компьютерде орындайық» тапсырмасы.
Дескриптор: -ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы лабиринттен шығу программасын жасайды; -программаны роботқа жүктейді; -роботты жүргізеді.
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі
2-тапсырма. Оқулық, 60-бет, «Ой бөлісейік» тапсырмасы.
Дескриптор: -лабиринттен шығуды жолды табады.
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі | Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды |
| Интерактивті тақта,
Бейнеролик,
А3 қағазы | |
Сабақтың соңы 3 мин |
1.Жеңімпаз топты анықтау.
2.Кері байланыс: «Блок-схема» әдісі
| Жиналған ұпайларды санау. |
| Стикерлер, А3 қағазы | |
Үй тапсырмасы 1 мин | § 13, жұмыс дәптері 25-26-бет |
|
|
|