«Осень 2024»

Күнтізбелік жоспар "Үй жануарлары"

екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің үқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы үғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауга тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы: Әлеумет

Үйымдастырылган оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: «Үй жануарлары».

Мақсаты: екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің үқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы үғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауга тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.

Қажетті қүрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, ойынға арналған екі бірдей жануар бейнеленген суреттер, үй жануарларының қиынды суреттері, ватман.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациял

ық- қозғаушылық

Шаттың шеңбері:

Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алайың.

Шаттық шеңберіне түрып, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайың

Балалар шаттық шеңберіне түрып, қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Жұмбақ.

1.Кезікті бір жануар,

Үстіндеекі тауы бар. Ол қай жануар?

2.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз түяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

3.Мүйізі айдай иілген,

Мүрнын көкке шүйірген.

Ірімшік пен ңүрт майы,

Жегенде тілді үйірген.

Үйжануарлары - түйе, сиыр, ешкінің суреттерін көрсетіп, сүрақтар қоя отырып білетіндерін қорытындылау.

Балалар, тағы да ңандай үй жануарларын білесіңдер?

«Сыңарын тап» ойыны.

Жануар бейнеленген суреттің сыңарын табу тапсырылады.

Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «Өрістегі малдар» тақырыбында тапсырма беріледі. Екінші орталыңтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды қүрастыру тапсырылады.Сергіту сәті.

Топ-топ түсіп төрт түяқ,

Шоқырақтап шап, атым.

Қүйрық-жалың сусылдап,

Үш оғындай садақтың.

Өзен кешіп, тау асып,

Шабысыңнан танба сен.

Дүрсілдетіп дүниені

Ытқып-ытқып заула сен.


Түйе. Ешкі. Сиыр.

Балалар берілген сүрақтарға жауап береді.

Жылқы мен есектің үқсастығы мен ерекшелігін, үй жануарлары деп аталу себебін, оларды адамның күтіп-бағатынын, жылқының өнім ретінде беретін пайдасын айтып береді.

Ойын ережесін сақтап, түсініп орындайды, бейнеленген жануар туралы айтып береді.

Бірінші орталықтағы балалар үлкен ватманға жайылып жүрген жануарларды жапсырады.

Екінші орталықтағы бала- лар түсі мен көлеміне т.б. қарай жануарлардың дене бөліктерін ңүрастырадыСергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлекси

ялық - түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған өсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сүрақтарға жауап беріп, пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Игереді: жылңы мен есекті танып, үңсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тір- шілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы үғымды













































ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы: Әлеумет

Үйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Көлік түрлері.»

Мақсаты: өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып айтып беруге үйрету. Әртүрлі көлік қүралдарының түрлі мамандық иелері туралы білімін кеңейту. Олардың еңбегін бағалауға, қүрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар.

Қажетті қүрал-жабдықтар: жүмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, қағаздан жасалған кеме, су қүйылған көлемді ыдыс, пенопласт.

Алдын ала жасалатын жұмыс: көлік түрлерін бақылау. Жолда жүру ережесіне байланысты өңгіме жүргізу немесе дидактикалық ойын үйымдастыру.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотиваци

ялық- қозғаушылық

Кім қандай көлікпен келді?* ойыны. Ойын шарты: педагог балаларды шеңбер бойына түрғызып, допты лаңтырып, балабақшаға қандай көлікпен келгендігін сүрайды. Балалардан көлік түрлері: автобус, үшақ, кеме, пойыз туралы сүрай отырып, көлік жүргізетін адамдар туралы өңгіме жүргізеді

Допты қағып алған бала қандай колікпен келгендігін айтады (машина түрлерін (маркасын) немесе түсіне байланысты айтуы да мүмкін).

Өздерінің серуен кезінде бақылаған немесе корген келік түрлерін айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Педагог көліктердің қоғамдық, жеке жөне жүк көліктері болып белінетіндігін айтады.

-Машинаны жүргізетін адамды кім деп атауға болады?

-Жүргізуші ең бастысы нені білуі керек?

Педагог балаларға көлік түрлерінің суреттерін көрсете отырып, бүлардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болатындығын сүрайды. Егер бала жауап бере алмаса озі айтады. Ойыншық машиналарды корсетіп, олардың атын, атқаратын қызметін сүрайды.

1 ойын: «Дауысынан таны».

Үнтаспадан колік түрлерінің (пойыздың гудогі, үшақтың, кеменің т.б) дыбыстары естіледі.

2 ойын «Сипатта».

Кеп суреттердің ішінен өзіне ұнаған колік түрі туралы алып, сипаттап айтып беру тапсырылады.

Сергіту сәті.

тапсырманы түсіндіреді.

Жүргізуші. -Машина жүргізуді, жолда жүру ережесін жөне т.б.

Көліктер деп атайды.

Балалар қандай дыбыс естігендерін қайталап, қандай колік түрінің дыбысы екендігін табады.

Балалар автобус, трамвай, кеме, пойыз, жедел жәрдем жөне орт сондіруші машинасының қүрылысы мен атқаратын қызметіне қарай сипаттап береді. Сергіту сәтіндегі өленің мазмүнына қарай қимылдар жасайды

Балалар тапсырманы

орындайды.

Рефлекси

ялық - түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,

көңіл күилерін, немен аиналысқандарын, не

үиренгендерін сүраиды.

Жиыннан алған

әсерлерін аита

отырып, көңіл

күилерін

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көлік түрлері, олардың қызметіне қарай бөлінуі, айырмашылығы мен үқсастықтарын; олардың қоғамдық көлік деп аталатындығын; көліктердің бірнеше топқа бөлінетіндігін; көлік жүргізу үшін де арнайы мамандық иесі болатындығын.

Игереді:автобус, трамвай, үшақ, кеме, пойыз, өртсөндіруші және жедел жәрдем медицина көлігі, олардың әуе көлігі, суда жүзетін, темір жолмен жүретін, жолмен жүретін деп бөлінетіндігі, оларды жүргізетін адамдардың жцргізуиіі, цшқыш, машинист, капитан деп аталатындығы туралы.

Меңгереді: көлік түрлерін сыртқы қүрылысы мен қызметіне қарай ажыратады, жүргізушілер еңбегін бағалайды.



























технологиялық карта

Білімберу саласы: шығармашылық

Бөлімі: аппликация

Тақырыбы: «Шалғындағы саңырауқұлақтар»

Мақсаты: қоршаған орта және саңырауқұлақ туралы түсінік беру; тіктөртбұрыштан дөңгелектен қию тәсілін және жабыстыру ережесін: беткі жағына желім жағып, суретті басып жабыстыруды; қылқаламмен аздап желім алып, сулықпен қағаздың үстіне жапсырманы басуды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар: Саңырауқұлақ ата (ойыншық), «орман алқабы» суреттелген кілем; Шыбынжұт киіміндегі бала, ашық жасыл түсті қағаз, жеуге жарамды саңырауқұлақ жапсырмалары: қоңыр қалпақша және сары аяқтар; шыбынжұт: қызыл қалпақша және ақ аяқтар; жасыл қағаздан жасалған шөптер, қайшы, желім, қылқалам, үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: орманда өсетін саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың суреттері.

Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ ата.

Билингвальді компонент: саңырауқұлақ - гриб.


Іс әрекет кезеңдері

Іс әрекеті

Балаларың іс әрекеті


Мотиваци

ялық қозғаушылық

Ғажайып сәт.

- Балалар, бізге қонақ келді.

- Саңыраукұлақ атамен таныс болыңдар.

Саңырауқұлақ ата балалармен амандасады:

Саңырауқұлақ атамын,

Орманда менің тұрагым.

Тәртіпті мен қараймын,

Саңырауқұлақты санаймын.

Сөздік жұмыс: саңырауқүлақ ата.

Саңыраукұлақ ата балаларды орманға

серуендеуге шақырады.

Саңырауқұлақ ата күздің белгілері туралы әңгімелейді.

- Күзде күн қысқарады, ауа райы суытады,

жаңбыр жауады, жерде шалшық су пайда

болады, жапырақтар түседі, құстар жылы жаққа ұшады.

Қызығушылық

танытады, қонақпен

амандасады.

Қайталайды:

саңырауқұлақ ата.

Балалар келіседі.




Саңырауқұлақ атаның

әңгімесін мұқият тыңдайды.





Балаларға жұмбақ жасырады:

Қарашы, маңызды жан,

Ақ аяқ,

Қызыл қалпақ.

Қалпагында ақ бұршақ.

Шыбынжұт киімін киген бала шығып, өз-

өзін қызыға мақтайды.

- Қызыл қалпақ, ақ бұршақ,

Келбетің сенің керемет-ақ.

Себетке біз сені салмаймыз,

Өте, өте қауіптісің!

Егер балалар қиналса, көмектесемің.

Саңырауқұлақ ата балаларға шыбынжұттың суретін көрсетеді. Шыбынжұттың улы саңырауқұлақ екенін, қолмен ұстауға болмайтынын айтады.

Билингвальді компонент:

саңырауқұлақ - гриб.

Сергіту сәті

«Алақаныңды жасыр» ойыны.

Үлестірмелі материалға назарларын аударамың.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіремің.

Тіктөртбұрыштан жарты дөңгелекті

кесуді көрсетемің. Жапсыру тәсілдерін еске түсіреді.

- Алдымен қағаздан қалпақшаны, сосын

аяқтарын қиямыз. Осы бөлшектерден саңырауқұлақтарды құрастырып қоямыз. Беткі жағына қылқаламмен желім жағамыз. Суретті сулықпен басып желімдейміз. Жасыл қағаздан жасалған шөптерді жабыстырамыз, шөп саңырауқұлақтың аяқ жағын жауып түруы керек. Саңырауқұлақ атаның атынан балаларға кеңес беріп, көмектеседі.

Балалар жұмбақ шешеді


Жауабы: шыбынжұт



Саңырауқұлақтың баскиімін мұқиян қарап, түстерін ажыратып айтады

Қайталайды



Балалар шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер ішінде шыбынжұл жүгіріп, балалардың алақанын ұстап қалуға тырысады.

Үлестірмелі материалды қарастырады.

Жұмыстың орындалу ретін таңысады..

Жұмысқа кіріседі, орындайды

Рефлекси

ялық түзетушілік

Саңырауқұлақ ата балалардың жұмысына қызығып қарайды. Балалрды мақтайды

Қуаныштарың білдіреді.

Дайын материалдарын көрмеге іледі.

Күтілетін нәтижелері:

жасайды: тіктөртбұрыштан дөңгелек қиын, сулықпен немесе алақанмен басып жапсырады; түсінеді: жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтардың болатындығын; қолданады: қиылған бөлшектерді құрастыруды, қылқаламмен желім алып, беткі жағына жабыстыруды.



































технологиялық карта Білім беру саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тілдамыту Такырыбы: «Көжекпен ойнайіқ» Мақсаты: Сөйлемді толық құраута, етістік сөздерді қолданабілуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: қоян. Қолданылатын көрнекі қүралдар: сұр түсті коян жүмсақ ойыншық,

Оқу іс- ірекетінің кезеңдері

Педогогтің іс әрекеті

Баланың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру.

Балалар қызығушылық танытады

Ұйымдастырушылық ізденістік

Сұрак-жауап:

-Балалар бүл не?

-Кәне, қайталаймыз.

(Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.

Қо-қо-қо - қоян.

Құ-кү-құ - құлақ.

Қа-қа-қа - қалам.

Қы-қы-қы - қылыш.

Қу-қу-қу - қулық.

(«Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз қуысынан еркін шықпай, кысылып шығатындығын балаларды айтқызу арқылы ажырату.)

Қоянға сипаттама беру:

-Қоянның түсі қандай?

-Оның жүні қандай?

-Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба, әлде қысқа ма?

-Неше құлағы бар?

Сергіту жаттыгуы:«Сұр коян».

Ұзын кұлак, сұр қоян

Естіп калып сыбдырды,

Ойлы-кырлы жерлермен,

Ыткып-ыткып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

(Т. Бердияров)

(Сергіту жаттыгуын кимыл- қозғалыс арқылы орындайды).

Балалар, көжек деген не?

(К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.

Кө-кө-кө-көжек.

Кө-кө-кө-көже.

Кө-кө-кө-көкек.

Кө-кө-кө-көрпе.

(«К» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыздан кедергілерге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру).

-Балалар көжек қандай болады?

Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды.

- Көжек - коянның баласы.

Жаттығуды қайталау аркылы,

«К» дыбысын анық айтуға тырысады.

- Көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсак және сүп-сүйкімді болады.

Дидактикалык ойын:

«Көжекпен ойнайық»

Максаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдылыққа үйрету.

Ойын шаргы; Тіл дамыту дәптерімен орындалады

Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.

- Қоян жүзеді ме? Әлде ұшады ма?

Ол қандай жабайы аңдардан қоркады?

-Жабайы андарға нелер жатады?

Мақалдын мағынасын түсіндіру.

Мал жуасы - қой,

Аң жуасы - қоян.

-Балалар, қой - үй жануары, ал қоян - жабайы аң немесе жабайы жануар деп те айтуға болады.

Мақал-мәтелді«Үш дауыс» әдісімен жаттату.

Әдістің қолданылуы:

бірінші жоғары дауыспен;

екінші ортаңғы дауыспен;

үшінші төмен дауыспен қайталанылады.

-Бұл - қоян.


Тәрбиеші сөзін қайталау арқылы, «қ» дыбысын анық айтуға тырысу.







-Қоянның түсі сұр.

-Оның жүні жұмсақ, мамық, үлпілдек.

-Қоянның кұлағы ұзын.


Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұртгары, төрт аяғы, кішкентай кұйрыгы бар.



























Балалар орындайды.

-Жоқ, қоян секіріп жүгіреді.

-Қоян әсіресе түлкіден қатты қорқады.

-Жабайы аңцарға түлкі, касқыр, аю т.б жатады.

Макал-мәтелді тәрбиешінің көмегімен жаттап алуға тырысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Дыбыстарды анық айтуға үсыныс білдіру, қорытындылап мадақтау

Дыбысты анык айтуға тырысу.

Күтілетін нәтиже: біледі: жануарлар жайында макал-мәтелдерді білу; игереді: дыбыстарды дүрыс айтуды; меңгереді: қояннның дене мүшелерін біледі.



















ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Тәрелкені әшекелеу»

Мақсаты:Балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою өрнектермен тәрелкені әшекелей бәлуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті ұабылдай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Тәрелкенің суреті. Қазақтың ұлттық ою өрнегінің суреттері және қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:бояу, қағаз, қылқалам, су, тәрелкенің үлгісі, сүлгі.

Сөздік жұмыс: тамшы оюы.

Оқу іс-әрекеті кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Көрме» ойыны

Кесе,тәрелке, торсықты көрсету, олардыбір бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрауыдыстар), олардың ою өрнектеріне мән беру.

Балалар ыдыстарды ұстап

Көреді, түсіне көңіл аударады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап,ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртұа», «тышқанізі», «толқын», «құсқанаты» оюлары туралы түсініктерді («құсқанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық, Бойымызды жазайық, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік.

Тәрелкеде бейнеленген ою «сутамшісы» деп аталады.

Су тамшісы су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы.

Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) саламыз ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шетшетіне айналдыра кішкентай тамшылар судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз.

Әртүрлі трафарет үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады) «Тамып тамып» деген сөзді қатты ақырып дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі.

Өрнегімізді жіңішке қылұаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекелі, әдемі болып шыңа келді.

Қазақтың ұлттық ыдыстары кесе, пиала, ожау, тостаған, тәрелке.

Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың қлттық ою өрнектері "қошқармүйіз»,

«құс қанаты».

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылөаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс

Жасайды.

Бұл ою

«су тамшысы» деп аталады.

Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет.

Рефлекси

ялық-түзетушілік

Тәрбиеші мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі.

Әдемі әшекеленген тәрелкелерді өздері таңдайды.

Күтілетін нәтиже:


Біледі:Белгілі бір тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою өрнектермен әшекелеуді.

Игереді:Қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.

Меңгереді: Қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее