Қазақстан тарихы, 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің киімдері. Ат әбзелдері мен қару-жарағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі көшпелілердің киімдері, ат әбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары мен қару-жарақтары туралы білім беру.
Дамытушылық: Сабақты талдап, сараптай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, иллюстрациялық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру;
Психологиялық дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Карточка
1. Көшпелілердің ел басқару жүйесі.
2. «Аң стилінің» басқа аймақтарға таралуы.
Тест.
1. Жылқы малын ең алғаш қолға үйреткендер:
А) Сақтар Ә) Ғұндар Б) Андрондық тайпалар В) Ботайлықтар.
2. Руна жазуы бар құлпытас табылған өзен аңғары:
А) Орхон. Ә) Лепсі Б) Іле В) Сырдария
3. Тайпалық одақтың басшысы:
А) Жауынгер Ә) Ақсақал Б) Абыз В) Патша.
4. Батырлар жыры (эпос) қалыптаса бастаған дәуір:
А) Сақтар дәуірі. Ә) Ғұндар дәуірі Б) Түркі дәуірі В) Ерте тас дәуірі
5. Орхон өзенінің бойындағы руна жазуларын зертттеген ғалым:
А) А. Пушкин Ә) Н. Ядринцев. Б) З. Самашев В) К. Ақышев
Сұрақтар:
Жылқыны қолға үйретудің маңызы қандай?
Ұлы Жібек жолы дегеніміз не?
Аң стиліндегі өнер қалай, қашан қалыптасты?
Алғашқы металлургияның қандай орталықтарын білесіңдер?
Қандай ежелгі көне жазуларды білесіңдер?
Руна жазуларының ішінде ең әйгілілері қайсы?
Жаңа тақырып:
Ежелгі көшпелілердің киімдері
Ат әбзелдері
Көшпелілердің сауыт-саймандары мен қару-жарақтары
Бекіту:
Иә-жоқ.
Малақай баскиімі ертедегі қола дәуірінен бастап келе жатыр – иә.
Сақтар белбеу таққанда оң жағына садақ ілген – жоқ (сол жағына)
Күлпәра деген баскиім тек көшпелілерде ғана кездескен – иә.
Сақтардың қанжарларын гректер ақинақ деп атаған – жоқ (парсылар).
Сақ дәуіріне жататын 13 қола жебе Шымкенттен табылды – жоқ, (Шіліктіден).
Есік қорғанында табылған семсерлер мен қанжарлар алтынмен апталған – иә.
Синквейн:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Сұрақтар:
Ежелгі көшпелілердің киімдерінің ерекшеліктерін атаңдар.
Ат әбзелдерінің тарихтағы алар орны қандай?
Ежелгі көшпелілердің қару-жарақтарына сипаттама беріңдер.
Бағалау:
Үй жұмысы: §55-56. 178-181 беттерді оқу, Венн диаграммасын толтырып келу.
Айырмашылығы Ұқсастықтары Айырмашылығы Ежелгі көшпелілердің киімдері Қазіргі адамдардың киімдері
5 сынып, Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сабақты талдап, сараптай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, иллюстрациялық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру;
Психологиялық дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сандар сөйлейді.
1990 жыл 25 қазан – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы» Декларация қабылданды.
1991 жыл 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» құжат қабылданды.
1995 жыл 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
1995 жыл 30 тамыз – қазіргі Конституция қабылданды.
Кесте
«Қазақстан Республикасының Конституциясы»
№ | Сұрақ | Жауап |
1 | Қазақстан Республикасының Конституциясы неше баптан тұрады? | 98 бап |
2 | Конституцияның 1-бабында не туралы жазылған? | «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» |
3 | Конституцияның 36-бабы неге арналған? | «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» |
Жаңа тақырып:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Мемлекеттік рәміздердің авторлары.
Бекіту:
Мағынаны ашу.
Шаңырақ – Республиканың барлық халықтарының ортақ Отанын, ондағы бейбітшілік, татулық, достықты бейнелейді.
Алтын күн – өмірдің, береке-байлықтың белгісі. Шеңбер – өміршеңдіктің нышаны.
Тудың көгілдір түсі – ашық аспанның нышаны: адалдықтың, тазалықтың, ынтымақ пен бірліктің белгісі.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §31. 132-134 беттерді оқу, «Менің Қазақстаным» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Карточка
1. Көшпелілердің ел басқару жүйесі.
2. «Аң стилінің» басқа аймақтарға таралуы.
__________________________________________________________________________
Тест.
1. Жылқы малын ең алғаш қолға үйреткендер:
А) Сақтар Ә) Ғұндар Б) Андрондық тайпалар В) Ботайлықтар.
2. Руна жазуы бар құлпытас табылған өзен аңғары:
А) Орхон. Ә) Лепсі Б) Іле В) Сырдария
3. Тайпалық одақтың басшысы:
А) Жауынгер Ә) Ақсақал Б) Абыз В) Патша.
4. Батырлар жыры (эпос) қалыптаса бастаған дәуір:
А) Сақтар дәуірі. Ә) Ғұндар дәуірі Б) Түркі дәуірі В) Ерте тас дәуірі
5. Орхон өзенінің бойындағы руна жазуларын зертттеген ғалым:
А) А. Пушкин Ә) Н. Ядринцев. Б) З. Самашев В) К. Ақышев
Сандар сөйлейді
1990 жыл 25 қазан –
1991 жыл 16 желтоқсан –
1995 жыл 1 наурыз –
1995 жыл 30 тамыз –
Кесте
«Қазақстан Республикасының Конституциясы»
№ | Сұрақ | Жауап |
1 | Қазақстан Республикасының Конституциясы неше баптан тұрады? |
|
2 | Конституцияның 1-бабында не туралы жазылған? |
|
3 | Конституцияның 36-бабы неге арналған? |
|
Мағынаны ашу
Шаңырақ –
Алтын күн –
Тудың көгілдір түсі –