«Еркетай» тобы
Әлеуметтік білім беру саласы
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: М. Әбдірашева «Тәтті алма»
Мақсаты: Шығарманы тыңдай білуге оны талдап, дәлелдей білуге жаттықтыру. Ертегі мазмұнын әңгімелей отырып, әдептілік дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу мәнерін жетілдіру. Көпшілік ортада өзін ұстай білуге үйрету. Тазалыққа және ұқыпты болуға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілік: Ертегі желісінің суреті.
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызға құрметтеп
Бас иеміз біз
Қайырлы таң Алтын күн
Қайырлы таң Көк аспан
Қайырлы таң достар
Қайырлы таң қонақтар
-Балалар, біздің деніміз сау болу үшін, мықты, ауырмау үшін біз не істейміз?
Дұрыс айтасыңдар балалар
Деніміз сау, мықты болу үшін әрдайым спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, таза ауада жүрсек біздің деніміз сау мықты болады.
-Балалар, деніміз сау болу үшін тазалықтың тағы бір түрі бар екен соны білгілерің келе ме ?
Олай болса, орнымызға жайғасып отыра қалайық. Мен сендерге М.Әбдірашева апайымыздың «Тәтті алма» әңгімесін айтып берейін.
Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдынан топ етіп алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды. Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:
-Баян, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.
-Неге?-деді Баян таңырқап.
-Жумай жесең ,ішің ауырады,-деді алма сілкініп қалып.
-Міне,көрмейсің бе, үсті-басым шаң-тозаң.
Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи: «Қолыңды жу»-дейтін.Енді соны өзіне мына алмада айтып тұр. Баян ақылды алманыңайтқанын істеді.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
-Балалар, әңгімеде қандай кейіпкерлер бар екен?
Баян қыз дұрыс істеді ме ?
Алма ше ?
Ия, балалар тазалықтың бір түрі қолымызды әрдайым жүріп жуымыз керекпіз. Балалар, біз тамақ ішер алдында қайтеміз? Қолымызды жуамыз екен.
Сергіту сәті:
Қане сапты түзейік
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
Көбелектей ұшамыз
Отырамыз тұрамыз.
Блингвалды компонент: Алма – яблоко
Суретпен жұмыс: -Балалар, қане суретке қарап әңгіме құрастырайықшы ?
Суретте не көріп тұрмыз?
Соңғы жиын: -Балалар, бүгін сендермен қандай әңгімен таныс болдық?
Қолымызды әрдайым жууды ұмытпауымыз керек.