«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған
«Жаратылыстану» пәні сабағының жоспары
Мектеп «№ 3 орта мектебі» КММ Мерзімі: 14.03.2017 ж.
Сынып: Мектепалды даярлық сыныбы Оқушы саны: 24
Тақырыбы: «Жылудың құпиясы неде?».
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: бәрін жақсы көру; жан-жануарларды жақсы көру;қамқорлық жасау.
Сабақтың мақсаты: балаларға күн және одан тарайтын жылудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту, тірі және өлі табиғат арасындағы тығыз байланысты сүйіспеншіліктен тарайтын жылу арқылы сезетінін түсіндіру. Сабақтың міндеттері:
| Ресурстар: (материалдар, көздері) үнтаспа, күн, сәулелері, лупа, ақ қағаз, акварельді бояу,қылқалам, суреттер т.б. |
Психологиялық дайындық. Біздер тату баламыз, Күннен жылу аламыз. Тауға қарап есейіп, Сауық сайран саламыз! 5Т ережесін еске түсіру. Сыртқы интеграция Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе партаға қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Миға шабуыл. Жұмбақ шешу. Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен. Бәйшешекпен жер жарып, Бізге келді қай кезең? (Көктем)
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұр шашады. (Күн) Күн көзiнен құйылады, Жер бетiне жиылады. Құшақ ашып, барша тiрлiк, Қуанады, сыйынады. (Нұр) Жарайсыңдар! Қандай тапқыр балаларсыңдар!
-Күн көзі неге жарқырап тұрады? -Күн көзі жануарларға, өсімдікке қалай әсер етеді? - Күн жылдың төрт мезгілінде қалай жылу таратады? Ішкі интегрция. Қараңдаршы біздің айналамызда бізбен бірге кімдер, нелер өмір сүреді? Біздің бәрімізге де жылу, күтім, қамқорлық, сүйіспеншілік қажет. Сол жылудан біз нәр аламыз. Суретпен жұмыс - Не байқадық? Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – керемет үлкен жылу беретін, жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. -Ананың құшағы бізді жылытады ма? Неге, ана күн емес қой? Иә, ананың құшағы күннен де ыстық. Өйткені ол өз жылуын сендерге сүйіспеншілігімен таратады. Сергіту сәті «Біз гүлдерше өсеміз» Ұйқыдан гүл оянды, Енді ұйқысы келмеді. Құлашын жоғары сермеп, Күнмен жылынды. Зерттеу жұмысы. Слайд көрсету «Үй жануарлары» Ал енді, кім біледі, көктем айында не себепті үй жануарларын далаға шығарады? Иә, балалар, оларда күн шуақтап, қыздырынғанды жақсы көреді. Олар өздерінің жылуын өз балаларына қалай береді деп ойлайсыңдар? Сендер оларға қандай көмек көрсетер едіңдер?
Жарайсыңдар, әр кез жүректеріңнің жылуын кішкентай достарыңа таратуға асығыңдар.
Енді біз өзімізге, жануарларға, өсімдіктерге жылуын шашатын Күннің суретін саламыз. Сабақтың қорытынды сәті. Біз бүгін сендермен тамаша жұмыс істедік. Мен сендерге ризамын. Сонымен, кім айтады, Күн дегеніміз не? Біз бойымызға жинаған осы жылуды айналамызға қалай таратамыз? Ол үшін біз не істеуіміз керек? Бәріңде әдемі күн көзін салдыңдар. Енді суреттерімізді тамашалайық! Жарайсыңдар! - Сабағымызды қорыта келе күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын деп сабағымызды әнмен аяқтайық. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! | Ескерту |
|