Әліппемен қоштасу
1 ж: Уа, халайық, армысың!
Ағайын-туған бармысың?
2ж:-Армысыздар, құрметті ұстаздар, ардақты аналар, әжелер, әкелер! Құрметті қонақтар, бүгін біз мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолындағы алғашқы бастау әліппені аяқтап, үлкен жетістікке жетіп жатырмыз, бүгін осы қуанышымыздың куәсі болыңыздар!
1 ж:-Бар кітапқа бас болған, әліппе білім данасы.
Әліппеден басталған, даналықтың данасы.
2 ж:-Ал, әліппені үйреткен, сауатты оқып, жазуға, білімді болуға жетелеген Нұржігіт кім деп ойлайсың?
1 ж:-Әрине, қиындықта көмек берген,білім үйренуге талпындырған, ол ұстазымыз. Ендеше, ұстаздарымызды ортаға шақырайық!
Мұғалім:-Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар. Бүгінгі мереке құтты болсын. Білім жолына аттаған қадамдарыңа гүл бітсін!
Мұғалім:-Иә, уақыт жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан бір күн зымырап зулап жатыр, кешегі сәби балалар енді міне, оқушы атанып, білім жолына нық қадам басты. Осы мерекеге бүгін жиналып отырсыздар. Енді ортаға осы мерекенің себепкерлерін 1-сынып оқушыларын шақырайық. Қане, қол соғып қарсы алыңыздар!
(ортаға 1-сынып оқушылары шығады)
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Кешегі сәби балаңыз,
Жарадық мінеғ қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата-ана.
Болашаққа жол ашқан,
Әліппемен қоштастық.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгердік.
Келешегі қазақтың,
Болмақшымыз біз енді.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Ортаға бүгін салайық!
ХОР: «ӘЛІППЕ»
1 ж: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен бойымызға.
Қош келіпсіз Қорлан Қайыргелдіқызы,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
2 ж:-Алғашқы құттықтау сөзіне және оқушыларды әліппені табысты аяқтау дипломымен марапаттауға ортаға мектеп директоры Қорлан Қайыргелдіқызын шақырамыз.
1ж: Әліппе, сауатым мен санамды аштың,
Достарыммен теңдес арарластым.
Үйреніп әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
2 ж:-Балалар, әліппемен қоштасар сәт туды, біз осы уақытта оқып білім алдық. Не үйреніп, не білгенімізді көрсетсек қайтеді?
1 ж:-Әрине, көрсетейік, үйренгеніміз көп біздің!
Назгүл Әлібайқызы:
-Ал балалар, ендеше білім бәйгесінде қандай жетістіктеріміз бар, ортаға салайық, Бүгін бізге ұстаздар қауымы, осы 1-сынып оқушылары қалай оқиды екен, тексріп көрейікші деп тапсырмалар дайындап әкепті. Жауап беруге дайынсыңдар ма? Ендеше сөз кезегін ұстаздарға берейік.
Мектепке келген оқушы өзін қалай ұстау керек, яғни оқушы қандай болу керек, балалар?
-Үлкендерді сыйлау керек
-Білімге ұмтылу керек
-кішкентайларға қамқор болу керек
-табиғатты сүю керек
-Өз елінің патриоты болуы керек
2. Балалар, Алфавитті үйрендіңдер, қане алфавитте қанша әріп бар, қанша дауысты, дауыссыз дыбыстар бар?
(42 әріп бар, дауысты, дауыссыз дыбыстар бар)
3.Біздің еліміз, жеріміз қалай аталады, біз қандай елміз? Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
(Біздің еліміз Қазақстан, тәуелсіз елміз, тәуелсіздігімізді 1991 жылы алдық)
4. Ал мен сендердің математикадан білімдеріңді тексергім келіп отыр. Мына есептің жауабын тауып көріңдерші.
Әділдің 80 теңге ақшасы болды, ол 40 теңгесіне шыры, ал 30 теңгесіне кәмпит сатып алды. Әділдің енді неше теңгесі қалды? (10 тг қалады)
5. Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Қабат, қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
Назгүл Әләбайқызы:-Жарайсыңдар, балалар, бәрекелді. Бәрің де білімді екендеріңдң дәлелдедіңдер.
Біздің сендерге артар сеніміміз мол.
1ж: -Құрметті қонақтар, білімімізден аздап болса да, шашу шаштық, енді ортаға өз өнерімізді салайық.
2ж:-Иә, «Өнерлі өрге жүзеді». Ұстаздарымыз үйреткен өнерлі шәкірттеріміз көп. Бүгін бізді иерекемізбен құттықтап, арнайы қонақтар келіп отыр, ән шашу, қарсы алыңыздар!
ӘН:
ТАҚПАҚТАР:
1.
2.
3.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
ӘН: Нұржігіттің орындауында-
ХОР: «Мектебім»
1ж:-Балалар, әліппені меңгеруге үйреткен ата-аналарымыздың да үлесі зор. Ата-аналарымызға да мың алғыс!
ХОР: «Ақ мамам»
2ж:-Ата-ана біз үшін ең ардақты адам, ата-ананы сыйлау парызымыз. Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
ТАҚПАҚТАР:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
ӘН: «Менің Қазақстаным»-Нұржігіт, Асқар, Аспандияр
1ж: Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Білімге жол бастаған,
Құтты болсын қадамдар.
2 ж: Әлліппемен қош айтысып қалалық,
Енді қолға ана-тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқы ортақ бол,
Сауатты боп шығамыз біз балаңыз.
ХОР: Атамекен
Мұғалім:-Құрметті қонақтар, осымен шағын концертіміз аяқталды, назарларыңызға көп рақмет, келесі кездескенше!