«Осень 2024»

Конспект урока на тему "О,туған ел!"

Открытый урок по литературному чтению на тему: "О, туған ел!" М. Мукатаев.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 23.01.2017 ж. Сабақ: 4 Сынып: 4

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: О, туған ел! (М.Мақатаев)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың «О, туған ел!» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, өз бетімен жұмыс жұмыс істеу дағдысы қалыптастыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: Ақынның суреттері,стикерлер,Өлеңдер жинағы,фотосуреттер, маркерлер,топқа бөлуге тілше қағаз - мақалдар

Сабақ барысы:

1.Психологиялық дайындық: -Көңіл-күйлерің қалай?

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Осы қуанышты көңіл-күйлеріңді келген қонақтарға, сынаптастарыңа арнайық,, Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.

Сабаққа керекті оқу құралдарын партаның шетіне қойыңдар.

Топқа бөлу –Мақалдар тілше қағазға жазылған.3 топқа бөлінеді

1) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

2) Туған елдей ел болмас. Туған жердей жер болмас,

3) Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Сұрақ: Не туралы мақал- мәтелдер?

1-топ «Туған ел» 2-топ «Отан» 3-топ «Туған өлке»

2.Өткен сабақты меңгеруін тексеру :

тапсырма- Бөлімдерге бөлу ,атау қою

Автордың негізгі ойы?

Жайық туралы мәлімет?

жайықты сипаттайтын бөлімді оқу!

Су туралы мақал айт

.«Ақжайық» әңгімесі бойынша топтар өзара сұрақтар қояды:

1.Өсер әкесімен қайда отырып әңгімелесті?

1.Жайық неліктен ағара берді?

2. Баласы әкесіне қандай сұрақ қойды?

3.Баланың ауына балық неге ілікпеді?

4.Өзен неге Ақжайық деп аталады?

5. Өсердің әкесі айтқаны не? Дәлелде

6. ? Неге суы таза ?Автордың негізгі ойы?

- мәтіннің мазмұнына сәйкес мақл айтыңдар

3. Жаңа сабақ -Менің анкетам» өлеңін оқу

Туған жерің?

- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.

- Туған жылың? 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

.......

- Мекен-жәйің?

- Мекен-жәйім - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін! -Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Кім туралы ?

Қарасаз Алматы облысындағы іргелі өңір саналатын Райымбек ауданына қарасты көпке белгілі ауыл. Ауылдың атын шығарған, дүйім елге әйгілі еткен осы топырақтың төл перзенті – Мұқағали.

Қарасаз. Мұқағали жырға қосқан, Мұқағалиды тебіренткен, еміренткен киелі мекен.

Мұқағали үшін жалғанда Қарасаздан артық, Қарасаздан қасиетті жер жоқ шығар. Сондықтан да оны «жер біткеннің бал-қаймағына» теңейді.Туған жеріне, туған еліне арналған «О, туған ел!» өлеңімен танысамыз.

Жаңа тыңдалған «Менің анкетам» атты өлеңінен қандай мәлімет алдыңдар? Туған жері? Туған жылы? Қандай отбасында туды? Қай тілдерді білді? Туған жері туралы не айтты?. -Мұқағали ағамыздың қандай әнін ұнатып тыңдайсыздар немесе өлеңін сүйіп оқисыздар.( Ақниет «Үш бақытым», Дана «Қазақ жері»)

4. Оқулықпен жұмыс- Топпен жүмыс:

1) Ақын туралы мәліметті оқушылар оқиды. 1 оқушы оқиды

«Менің анкетам « Өлеңімен салыстыру

2) «О, Туған ел» өлеңін бірнеше оқушы оқиды әр 1 топтан

-Өлең не туралы? Топпен жүмыс:

5. Сергіту сәті (Мектебің мынау класың ...)

6. Топтарға тапсырма -

1-топқа Мұқағали туралы не білдіңдер? топтастыру

2-топ –Өлеңдегі теңеулерді табыңдар. Түсіндіріңдер

3-топ Өлеңнің әр шумағында ақын қандай сезімдеріңді оятады?

7.. Сергіту сәті «Мектебім айтар» әнің орындау –Жұппен жұмыс (Карточка) М.Мақатаевтың 1 өлеңінің –идея, тақырып анықтау

Бүгінде Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың 35 мың жолға жуық өлеңіпоэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдерінің 100-ден астамын әндер жазылды. .

8.Қорытынды:- Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәіңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны ай! – деп жырлаған Мұқаң көзі тірі болғанда 86 жасқа толар еді. «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдау

9. Бағалау: топтарды бағалау . Оқушыларды стикер жапсырып –әр оқушыны смайликтер арқылы -өзін- өзі бағалау

10.Рефлексия . «Жетістік сатыларына» өз стикерлерін жапсыру,

Сұрақтар: -Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

- Қызықты мәлімет алдың ба?

-Саған келешекте алған біліміңнің пайдасы бар ма?

-Егер бұны біллмейтін адам кездессе, нені түсіндірер едің?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Әлі де не білгің келеді?

11. Үйге тапсырма

І. Міндетті деңгей. Өлеңді жаттау

ІІ. Мүмкіндік деңгей.Сөзжұмбақ құрастыру.4 оқушы- мәлімет жазу



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее