«Зима 2025»

"конспект урока"

Тема урока "сұхбаттасу мәдениеті". Это разработка использовалась на уроке для пятого класса

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ

Тақырыбы: Сұхбаттасу мәдениеті

Мектеп: М.Әуезов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетбекова С.Д.

Сынып:5

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:0




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А. 5.5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

Ә/Н. 5.3. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; антоним,синонимдерді ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,өз ойын білдіреді; антоним,синонимдерді ажыратып қолдана біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді; антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тыңдайды, түсініп оқиды, сұраққа жауап береді, ойын блдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?», «Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық».

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше, көріскенше күн жақсы, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, жолыңыз болсын, сапар сәтті болсын, «Қосағыңмен қоса ағар!», «Босағаң берік, шаңырағың биік болсын!», «Қадамдарыңа гүл бітсін!», «Нұр жаусын!»

Талқылауға арналған сұрақтар: Біз қалай амандасамыз? Сендер қоштасқанда қандай сөздерді қолданасыңдар? Балалар мен үлкендер арасындағы амандасу, қоштасу әдебі қазіргі күнде сақталған ба?

Не себепті сәлемдесу, қоштасуға байланысты сөздер қазақ тілінде мол болғанымен, олардың әрқайсысының жұмсалу аясы, қолданылатын орны бар деп ойлайсыз?

Ишара: қол алысу, құшақтасу, қол бұлғау.



Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу

Кездесудегі амандасу, кетердегі қоштасу, қуаныш сәттеріндегі құт тықтау әдебі туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы



Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы жүзеге асады.

Топқа бөлу: Түстер арқылы жүргізіледі 4 топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын сұрау: Сергіту түрінде жүреді.

2-тапсырма. Амандасудың түрлерін қандай жағдайда қолдануға болатындығын рөлге кіріп көрсетіңдер:

а) ерлер арасындағы амандасу;

ә) әйелдер арасындағы амандасу;

б) қыздар мен ұлдардың амандасу салты;

в) үлкен мен кішінің арасындағы амандасу әдебі

Сабақтың ортасы









1 –тапсырма Тілдік бағдар «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі арқылы жүргізіледі оқушылар бірлесе отырып ережемен танысып,

ДЕСКРИПТОР - антоним, синонимдерді бір –біріне түсіндіреді, ажырата алады.

2-тапсырма Мәтінді «INSERT» оқыту стратегиясы бойынша талдау (кесте бойынша жазу)

«V» «-» «+» «?» Бұрыннан білемін. Менің ойлағаныма қайшы, кереғар. Мен үшін жаңа ақпарат. Келісе алмаймын, білгім келеді.

ДЕСКРИПТОР – 1. Мәтінді талдай алады.

2. өз ойларын қорытындылап жазады


3- тапсырма «Пікірлер сызығы» әдісімен төмендегі пікірді сілтеме етіп алып, пікірталасқа түсіңдер.

«Өзі туралы ғана айтатын адам тек өзі туралы ғана ойлайды. «Ал өзі туралы ғана ойлайтын адам – қанша оқыған адам болса да, мәдениетсіз адаммен тең», – дейді Колумбия университетінің президенті Николас Мэррей Батлер.»

ДЕСКРИПТОР – 1. Пікір бойынша өз көзқарасын дәлелдей алады.

4- тапсырма

А. «Жүгірме диктант» Мына қоштасу сөздерді белгілі бір әлеуметтік ортада (бастық-бағынышты, үлкен-кіші, ер-әйел) қолданылатынын дәлелдейтін сөйлемдер құраңдар.

1. Ал жақсы, әзірше, әзірге. 2. Көріскенше! Көріскеше күн жақсы! 3. Сәт сапар! Сапарыңыз сәтті болсын! 4. Аман барып, сау қайтыңыз! 5.Қош, қош-қош, қайыр қош. 6. Ақ жол, амандық болсын! 7. Жол болсын!

ДЕСКРИПТОР – 1. Қоштасу сөздерді орынды қолданып сөйлемдер құрай алады.

В. «Топтастыру» әдісі арқылы тілек сөздерді сөйлеу жағдаятына қарай топтап жазыңдар.

Сөйлеу жағдаяттарының түрлері:

  1. Топ мектепке барғанда

  2. Топ Дастарқан басында

  3. Топ Туған күнде

  4. Топ Жолға шыққанда

Абыройлы бол! Мерейің үстем болсын! Асың дәмді болсын! Еңбегің жемісті болсын! Ер жет! Қолың дерт көрмесін! Дастарқан жақсылыққа жайылсын! Сапарың сәтті болсын! Қазаның оттан түспесін! Қадамың құтты болсын! Қадамыңа гүл бітсін! Жолың ашық болсын! Өмір жасың ұзақ болсын! Аман барып, сау қайтыңыз! Тілегіңе жет! Ата-анаңның көз қуанышы бол! Жол азабынан сақтасын! Көріскенше күн жақсы! Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын!

ДЕСКРИПТОР – 1. Тілек сөздерді сөйлеу жағдаятына қарай топтап жаза алады.

С. «Дербес пікір» жазу тәсілін қолданып, төмендегі тыйым сөздердің неге қатысты екенін дәлелдеп жазыңдар.

Көп сөйлеме. Сөйлеп тұрғанда есінеме. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама. Даусыңды тым бәсеңдетпе, тым екпіндеп те кетпе.

1. Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.

2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.

3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.

4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлемнен тұру керек.

6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.


ДЕСКРИПТОР – 1. Тыйым сөздердің неге қатысты екенін дәлелдеп жаза алады.

















17 бет

Сабақтың

соңы




Кері байланыс «Шығу парағын» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

1. Бүгін не үйрендіңдер?

2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?


Рефлексия «Көңіл-күй аралы» әдісін қолдану


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

А. «Жүгірме диктант»

В. «Топтастыру» әдісі арқылы тілек сөздерді сөйлеу жағдаятына қарай топтап жазыңдар.

С. «Дербес пікір» жазу

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Әдебиет, өзін-өзі тану

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды, қолжетімді болды деп ойлаймын. Өйткені оқушылар тапсырмаларды орындай алды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақ жоғары деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау жүргізілді, дұрыс іске асты .

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалануға тырыстым.

Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ

Мүмкін деңгейлік тапсырмаларды өзгертемін , егер сынып деңгейі төмен болған жағдайда

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее