«Осень 2024»

Конкурс полиглот

разработана ко дню языков конкурс полиглот для 1 курсов

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки


ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

ШҚО, Семей қаласының «Білім бөлімі» ММ

Жастар колледж









«Полиглот» сайысы



Өткізген: Тарпамбай А.С














Семей қаласы, 2017 жыл



«Полиглот» сайысы

Пәні: қазақ тілі

топ:36

Күні:

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.

1-жүргізуші: Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

2-жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып өтейік.

Сайыскерлер екі топқа бөлінген.

1. «Білгірлер» тобы.

2. «Тапқырлар»тобы.

Сайыс мынадай турлардан тұрады:

1-ші тур- «Полиглот»

2-ші тур- «Ғажайып алаң»

3-ші тур- «Кім тапқыр?»

4-ші тур- «Кім жылдам?»

5-ші тур «Логикалық сұрақтар?» Әр топқа ортақ 10 сұрақ беріледі. Барлық 10 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1-топ сұрақтары.

1-жүргізуші: Келді кезек «Полиглот» шешуге,

Жауаптарын беруге үш тілдерде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға шәкірт саған несібе.

1-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)

1. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……

Cөз – слово- word

2. Тамшы тас жарады, тас жармаса ……

Бас- голова- head

3. Өнер алды – қызыл ………

Тіл – язык — tongue

4. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.

Жаман – плохой- bad

5. …………. жылатып айтар

Дұшпан күлдіртіп айтар

Дос- друг-friend

6. Көп сөз күміс, аз сөз …….

Алтын– золото– gold

7. Мектеп – кеме, білім — …….

Теңіз – море — sea

8. Денсаулық – зор ……..

Байлық — богатство — rihes

9. Білім сандығы — ………

Кітап –книга — book

10. Асық ойнаған азады,

….. ойнаған тозады

Доп- мяч- bal


2-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,

Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

3-ші тур «Ғажайып алаң»

1 топ – кім?кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, 2-топ – не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сызып, жуан, жіңішке екендіктерін анықтайды, жарысады. Қай топ ең жылдам жауап берсе сол топқа 10 ұпай беріледі.

Мұғалім, көмектес, қайтала, сызықша, нүкте, мектеп, балалар, күз, оқушылар, піседі, сарғаяды, құстар, жапырақтар, дәрігер, жаңбыр, еңбекшілер, аспаздар, аға, ыдыс, әжелер, гүл, ата, шөп, бару, қар, ұлдар, бас, балық, іні, үстелдер.

1-жүргізуші: 4-ші тур «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді,қазақ тіліне тән әріптерден басталатын сөздерді ойлап тауып, олрамен сөйлем құрау, әрбір әріпке 3 сөзден)

«Білгірлер» тобына – қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар: ә,і,ү,ұ,ө

«Тапқырлар» тобына – қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар: қ,ғ,ң,һ

Сергіту сәті :

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Бір орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын,

Жоғары,төмен қарайық

Орнымызды табайық!

2-жүргізуші: 5-ші тур «Логикалық сұрақтар»

1) Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)

2) Судың астында қандай тас болмайды? (құрғақ)

3) Жабық көзбен не көруге болады? (түс)

4) 31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)

5) Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)

6) Тамақ пісірерде қазанға ең бірінші не салады? (көз)

1-жүргізуші: Осымен «Полиглот» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее