Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік жады.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютер жадтары туралы мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру, жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға компьютерлік жадтың түрлері арқылы ақпараттық үдерістермен жұмыс жасау тәсілдерін үйрете отырып, танымдық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту
Сабақтың типі : жарыс сабақ
Құрал –жабдықтары: оқулық , интерактивті тақта мультимедиялық проектор, сандық білім беру ресурстары.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, тірек сызба, семантикалық карта, техникалық диктант, тест, ой қозғау, миға шабуыл.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Ынтымақтастық атмсферасын құру. Бір-біріне не тілейтінін айту. Мұғалімге: «Сізге шығармашылық табыс» бір-біріне қарап: «Бізге көтеріңкі көңіл-күй» - деп айтады.
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Он сұрақ» ойынын ойнату . «Компьютердің аппараттық жабдықтамасы» тақырыбы бойынша он сұрақ қойылады. Оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.
1.Дербес компьютерлер- тұрмыста және өндірісте күнделікті қолданылатын компьютерлер. /ия/
2.Планшет – сенсорлы экранмен жұмыс істеуге негізделген электрондық құрылғы. /ия/
3.Микрофон- графиканы енгізуге арналған құрылғы. /жоқ/
4.Компьютердің негізгі құрылғыларының құрамына процессор , жедел жады да енеді. /ия/
5.Планшет- сенсорлы экранмен жұмыс істеуге негізделген электрондық құрылғы. /ия/
6. Компьютерлер : суперкомпьютер, серверлер және дербес компьютерлер болып бөлінеді. /ия/
7.Пернетақта- сақтау құрылғысы / жоқ/
8.Сканер- шығару құрылғысы / жоқ/
9.Жедел жады құрылғысы- компьютерде ақпаратты өңдеу үдерісінде процессормен бірлесе жұмыс жасайтын құрылғы./ия/
10.Қатқыл диск сақтау құрылғысы./ия/
ІІІ. Бекіту
-«Сен маған, мен – саған» ойыны
- Семантикалық карта
ІV. Жаңа материалды игерту
Екі топқа да сұрақ. «Адамның ішкі және сыртық жады» деген тақырып бойынша өз ойларын сұрау.
1.Адамның ішкі жадында не сақталады?
2.Қандай жағдайларда оған сыртқы жадта қолдануға тура келеді?
3.Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?
Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің жабдықтарымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің ішкі құрылысымен және сыртқы, ішкі жадымен танысамыз.
слайд . Компьютерлік жад- бұл ақпаратты сақтау құрылғысы немесе есте сақтау құрылғысы. Жад –компьютердің міндетті бөлігі болып табылады.Компьютерлік жадтың міндеті-ақпаратты сақтау. Коспьютерлік жад өз мекенжайлары бар нөмірленген ұяшықтардан құралады.Жад ұяшығы жарты сөзден(2 байт), сөзден (4 байт) немес екілік сөзден (8 байт) тұруы мүмкін.
Заманауи компьютерлерде көптеген әртүрлі есте сақтау құрылғылары бар, олар өз араларында міндеттері, уақыт сипаттамалары, сақталатын ақпапарттың көлемі мен бірдей көлемдегі ақпаратты сақтау бағасы бойынша ерекшеленеді. Толық жадты ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.
V. Топтық жұмыс:
Техникалық диктант
І -топ
1. Компьютердің сыртқы жадына ....жатады.
2. Шағын көлемді жедел есте сақтау құрылғысы ... деп аталады.
3. Компьютердің миы... деп аталады.
4. Кодталған бейнелер сақталатын жедел есте сақтау құрылғысының бір түрі ... деп аталады
Техникалық диктант
ІІ -топ
1. Деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған
микросхема .... деп аталады
2. ... энергияға тәуелсіз, ешқандай өзгерісті талап етпейтін деректерді сақтауүшін сақталады.
3. Мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы... деп аталады.
4. Алмастырылмайтын дискілі магниттік жинақтаушы ...деп аталады.
Ой қозғау. Жадыны дамытуға арналған ойын. Соңғы өтілген тақырыптардан бірнеше сөздер жазылады. Оларды жаттау үшін 2 минут бар. Ішінде бұл сөздерді еске алу қажет.Барынша көп дұрыс жазған топ жеңіске жетеді.
Дербес компьютер, ноутбук, смартфон,планшет,кулер (желдеткіш), бейнеадаптер, қатқыл диск, проектор, модем, монитор,иілгіш магниттік диск
Миға шабуыл
• 1. Компьютер жады нешеге бөлінеді?
• а) 2
ә) 3
б)4
• 2. Ішкі жад неден тұрады?
• А) жедел жад
ә) сыртқы жад
б) флеш жады
• 3. Сыртқы жад неден тұрады?
• А) тұрақты жад
ә) магниттік дискілер
б) кэш жады
• 4. Флеш –жадын кім ашты?
• А) Фудзи Масуока
ә) Паскаль
б) ешкім
• 5)Иілгіш магниттік дискіні не деп атайды?
• А) дискет
ә) оптикалық дискі
б)флеш-жады
Топтарға жаңа тақырып бойынша сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі.Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді,ойланады тапсырмаға байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді
Сәйкестендіру тесті
І -топ
Негізгі құрылғы жедел жад
Компьютер жады ------------ иілгіш магниттік дискі
Ішкі жад ------------------------- ішкі және сыртқы жад
Сыртқы жад -------------------- жүйелік блок
Сәйкестендіру тесті
ІІ-топ
• Негізгі құрылғы тұрақты жад
• Компьютер жады монитор
• Ішкі жад флэш-жады
• Сыртқы жад ішкі және сыртқы
VІ. Жаңа материалды бекіту
«Түртіп алу» стратегиясы
Мен бұл сабақтан үйрендім. Мен үшін жаңалық. Мен алдағы уақытта нені білуім керек?
VІІ. Қорыту.
Компьютерлік жад дегеніміз не?
Компьютерлік жад қанша түрге бөлінеді?
«Сұрақтары бар қорап» Кабинетке қорап қойылған оқушылар оған сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың барысында талқыланыды.
V. Бағалау. /жинаған смайлик санына қарай бағалау/
VІ. Үйге тапсырма беру. Компьютердің жадының түрлері. «Менің сүйікті компьютерім » тақырыбына сурет салу..