Мұғалімнің аты-жөні: Шарыпова Алла Бикетовна
«Компьютердің тілін табу – өнер».
Ы. Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар». Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Пәні: қазақ тілі Сабақ тақырыбы: «Компьютердің тілін табу – өнер». Ы. Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар». | «Зырян қаласының № 11 орта мектебі» КММ
| ||
Күні: 12.12.2019 ж |
| ||
Сынып: | Қатысқандар | Қатыспағандар |
|
5 |
| -
| |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: мәтіндер мазмұнын түсінеді, термин сөздердің мағынасын түсініп, қолдана алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтіндердің мазмұнынын салыстыра алады. Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіндердің негізгі ойын түсінеді, тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыра алады. | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: оқуға ұсынылған мәтіндердің мазмұнын түсінеді, термин сөздердің мағынасын түсінеді, мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын салыстыра алады.
| ||
Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: Өнер, білім, сарай, хабар, құстай ұшыру, теңіз, дүние, қолдану, пайдалану, компьютер тілі | |||
Талқылауға арналған сұрақтар: Қазіргі кезде компьютерлік технологиялар не үшін керек? Тұрмыстық техникалар біздің өмірімізде қандай орын алады? Ы. Алтынсарин ұрпаққа нені арман етті? Сол армандарына ұрпағы жетті ме?
| |||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, информатика |
Жоспар
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған шаралар | Ресурстар | |
Сабақтың басы | |||
Алдыңғы оқу қызығушылықтарын ояты
5 мин | Бұл суреттерге не ортақ? Бүгінгі сабақ не туралы болады? сабақ тақырыбы анықталды. Мақсаты хабарланды. Дескрипторлар ұсынылады(тақтада көрсетіледі) мәтіндер мазмұнын түсінеді, термин сөздердің мағынасын түсініп, суреттерді сәйкестендіре алады мәтіндердің негізгі ойын түсінеді, «Венн диаграммасы» және «Қос диаграмма» толтыру арқылы екі мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай алады. мәтіндердің негізгі ойын түсінеді, екі мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын салыстыра алады.
|
| |
Сабақтың басы 3 мин
|
Топтарда талқылап, ассоциациялық карта жасау. | Ассоциациялық карта
| |
Сабақтың ортасы
15 мин | Сабақтың тақырыбы анықталған соң оқушыларға Ы. Алтынсариннің «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңі және «Компьютер тілін табу – өнер» мәтіні таратылады Өнер – білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды; Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді; Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай, Білгендерге осылар Бәрі-дағы анықтай, Білмегенге танықтай; Біз де бекер жатпалық, Осыларға таныспай. «Компьютердің тілін табу – өнер» мәтіні Қазіргі заманда техника жоғары технологиямен дамыған. Оларды қолдану және іске асыру – әр адамның міндеті.Мысалы, біз күнделікті тіршілікте компьютерді, Ғаламторды, ұялы телефонды, сенсорлы электр пешін, кір жуғыш машинаны және тағы басқа тұрмыстық заттарды қолданамыз. Егер сапарға шықсақ әр түрлі жоғары технологиямен жабдықталған көліктерге отырамыз. Олардың қатарына: автомат қосылған машина, жүрдек поезд, ұшақ, кеме жатады. Жоғары технологиялы заттар адамның өмірін және жұмысын жеңілдетуге арналған. Әр адам осы заттарды қолдану үшін компьютер тілін табу және білу керек. Бұл да қазіргі заман талабына сай өнер. Түртіп оқу: 1) өлеңді оқи отырып мына сөздерге өлең жолдарынан синоним табыңдар: Ел, алыс жер, атсыз арба, жарты күн. 2) Термин сөздермен жұмыс «Қар кесегі» ойыны 3) Мәтінді оқи отырып «Компьютерді не үшін білу қажет?» деген сұраққа жауап іздеу | Тыңдалым Аудиожазба
Оқылым | |
Даму 15 мин | Барлығы: Өлеңдегі шумақтарға техника суретін сәйкестендіреді (ТКО)
Көпшілігі: Екі топ мәтіндер бойынша «Венн диаграммасын» және «Қос диаграмма» толтыру арқылы мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Осы жұмыстарын қорғайды.
Кейбірі: Өлеңнен «Ыбрайдың арманын» атап шығады. Екінші мәтіннен Ыбырай армандарының қысқаша атауын табады. | Суреттер: кеме, поезд, ұшақ, ұялы телефон, электр пеш, газ, су құбыры, көпқабатты үйлер «Қос диаграмма»
«Венн диаграммасы»
| |
Қалыптастырушы бағалау 2 мин |
Оқушылар саусақтармен өзінді бағалайды |
| |
Сабақтың соңы |
|
|
|
Кері байланыс 5 мин | «Попс» әдісі Менің ойымша..... Мен мұны былай дәлелдеймін Дәлел ретінде мысалдар келтіремін | Компьютер қажет. Ы. Алтынсарин арманына жетті. |
Рефлексия
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ міндеттері орындалды ма? |
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білім алушылар бүгін не үйренді? | сөз тіркестерін құра алады, сұрақтарға жауап бере алады, мәтіннің негізгі ойын анықтай алады, топпен, жұппен жұмыс істеуде белсенділік танытады, түсінгенін жинақтап жаза алады. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтағы ахуал қандай болды? | белсенді |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыт есебінен ауытқулар болды ма? | Кері байланысқа 1 минут жетпеді |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарға қандай өзгертулер енгізілді? | «Синквейнді» жазуға 3 минут уақыт беру |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалауға арналған дескрипторлар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Сөз тіркестерін құра алады. Сұрақтарға жауап бере алады. - Мәтіннің негізгі ойын анықтай алады, топпен, жұппен жұмыс істеуде белсенділік танытады, диалог бойынша мәтін құрастыра алады. - Өз ойын жинақтап, алған материалдарды талқылап өз ойларын түйіндеп анық жаза алады. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау парағы:
Белсенділігі: «5» - 5 ұпай, «4» - 4 ұпай,« 3» - 3 ұпай 1.Жаңа тақырыпқа шығу -1 ұпай 2.Мәтінмен жұмыс жасау -1ұпай 3.Сәйкестендіру -1ұпай 4.Шашылған тіркесті жинау-1 ұпай 5. «Қар кесегі» ойынына қатысу-1 ұпай
| |