Сабақ
|
|
| |
Тақырыбы: | Компьютер: пайдасы мен зияны | ||
Мақсаты: | Комьютердің пайдасы мен зияны туралы оқып, қысқаша айта білу | ||
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші | Оқылым әрекетін басылымға ала отырып, сабақ соңында оқушылар өздерінің түсініп алған білімдерін іс-әрекет барысында қолдады
| ||
Жұмыс түрі | Жұптық; топтық, жеке |
| |
| |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | оқушы әрекеті | Күтілетін нәтиже |
Психологиялық дайындық Тұсаукесер Білу Түсіну Негізгі бөлім Қолдану Талдау Қорытынды Синтез Бағалау Рефлексия Үй жұмысы | Тренинг: «Тілек» Топқа бөлу: 2 түсті стикерлерге 1 және 2 деген цифрлар жазылған сол цифрлар бойынша топқа бөлу. Бүгінгі сабақтың түйінді сөздерін табу мақсатында біз «SMS»әдісін қолданамыз. Тақтаға жасыл стикерлері бар оқушылар шығады. Мұғалім топтағы бір балаға тақырыпқа сай құлағына сөз айтады, сөзді естіген бала келесі топ мүшесінің аркасына бір- бір әріптен жазып жеткізеді. Соңғы топ мүшесі ол әріпті қағазға жазып сөзді дауыстап айтады. берілетін сөздер – зиян, пайда. Жұмбақ беру Бар нәрсеге жетік Миы күшті тетік Ол арқылы сөйлесіп Кетесің шетелге де өтіп (компьютер) бұл 3 сөзді пайдаланып сабақтың тақырыбын анықтаңдар. «Дейін, кезінде, кейін» стратегиясы Топтық жұмыс Компьютер зиянды. Компьютер пайдалы. «Дейін»Осы тақырыптар бойынша не айта аласыңдар? «Кезінде» (мақсатты айқындау үшін оқу) Берілген мәтіндерді оқып,керекті ақпарат ал. ( 1 қосымша) Жұптық жұмыс Сөздерді дұрыс орналастыр Оқушыларға орындары ауысқан сөйлемдер беріледі. (2 қосымша)Компьютерлік, балаларға, ойындар ,әр түрлі ,егер де, бұл ойындар үйрететін, ойын дамытатын, логикалық, зейін, қызығушылығын арттыратын ,спортқа - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан, логикалық ойлау, оқушыларда, жетіледі, жүйесі, жақсы. Компьютер, адамдардың, қолданатын, мынадай, шағымдар, денсаулығына бар: тартуы көздің, бас ауруы, жұқаруы, жүйкенің ,ұйқының, түсуі шаштың, терінің қызаруы, іш ауруы, аллергиялық ,үшін-жаңа құбылыс,көптеген ересектер компьютердің ,Ұзақ, алдында, уақыт бойы тапжылмай отыру омыртқа, әкеліп соқтырады ауруына. Интернетке, қарым-қатынасы, отырған адамдар, азая бастайды, көп уақыт, өз туысқандарымен, дос-жарандарымен. компьютермен жұмыс, Кішкентай кезінен істей ,бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы алатын кішкентай жетеді. Әр абзацты оқып шық және оларға тақырып қойып көр және 1-2 сөйлеммен айтып беріңдер «Кейін» төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер
«Анкета» әдісі Оқушыларға кішігірім анкета ұсынылады,ол өзгертуге болатындай толықтырылып отырылады, яғни сабақтың қандай ерекше элементтеріне көңіл аудару керектігін белгілейді.Оқушылардан өздерінің жауаптарын дәлелдеп беруін сұрауға болады.(3 қосымша) Мәтін және қосымша материалдар қолданып,тақырып бойынша тест құрастыру
| Стигерге тілектер жазады, стигерде жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді Сөздерді жазып сабақтың негізгі сөздерін табады Жұмбақты шешіп 3 сөзден сабақтың тақырыбын шығарады Оқушылар сабақтың тақырыбын тауып, мақсат қояды 1 топтағы оқушылар зияны жайында айтады. 2 топ пайдасы жайында айтады Мәтінді оқиды. Керекті мәлімет алады.Ізденеді Әр жұп сөздерді оқи отырып, сөйлем құрастырып шығады. Оқушылар өз ойларын айтады Сабаққа формативті баға береді Әр түрлі тест тапсырмалар құрастырады | Коллобративтік орта жасалады Сабаққа деген қызығушылықтары артады Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады Сын тұрғысан ойлау қабілеттері артады. Сабақта жететін мақсат қояды. Оқушылардың тақырып бойынша білім деңгейлері анықталады. Такырып бойынша білімдері арттылады.Окылым әрекеттері дамиды. төмен деңгейлі оқушылардың білімдері бекітілдеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады Сабақты қабылдау деңгейін анықтау Оқушылар ізденіп, қосымша материалдар оқып нәтиже сабағына дайындалады |
1 косымша
Балалар! Өздерің жақсы білесіңдер, компьютер, бізге қысқа әрі нақты мәліметтер береді. Сондай-ақ, математикалық және мәндік жұмыстарды қатесіз орындайды. Дегенмен оларды құрастыратын адамдар болғандықтан, олар сезім иесі емес. Тек берілген команданы орындаушы. Әр компьютер тек өзінің жабдықталған программалары бойынша қызмет жасай алады (мысалға: тек жазу программалары құрылған компьютерде бейне, суреттермен жұмыс жасау мүмкін емес). Олардың да ішкі техникалық жабдықталуына байланысты қуаты күшті және жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі болады. ЖаҺандану заманында бірде-бір шаруа компьютердің көмегінсіз жүзеге аспайды. Компьютерлер медицина саласында да үлкен күрделі мәселелерді шешуге көмектеіп келеді.
Біздің айтпағымыз, компьютердің жетістігі емес, алдарыңдағы техника құралын дұрыс пайдаланудың жолдарын әңгімелеу. Мысалы, «туннельный синдром» деп аталатын қолдың саусақтары мен қол, мойын, білек ауыруы адамдардың пернетақтамен және “тышқанмен” ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істеуі салдарынан пайда болады. Компьютер адамның көздеріне, жүйке жүйесіне, тірек қимыл мүшелері мен бұлшық еттерге де зияны бар. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру, әрі дұрыс отырмау. Компьютер құралдарының (процессор, монитор) дұрыс орналаспауы. Компьютер ойындарына беріліп кетіп, ереже сақтамай шектен тыс колдану. Көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы адам баласының денсаулығына кері әсер береді. Мысалы, баланың ұйқысы бұзылып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Желке, бел омыртқаның сіреспе ауруына шалдығады. Тіпті шаш түсу, тереңге әсер беру аруларына (электромагниттік сәуле болғандықтан) жол беруі мүмкін. Сөйтіп, күйзеліске ұшырап, аллергиялық ауруларға бой алдырғыш болады.Компьютермен аса көп жұмыс жасайтын адамдардың қимыл, әрекеті азаяды, қан айналысы, ас қорту, және басқа зат алмасу қызметтерін баяулатады. Бұл ұзақ уақыт жалғаса берсе, адам әр түрлі науқасқа ұшырауы әбден мүмкін.
Денсаулығыңды ойласаң, балақай, біз саған мына төмендегі ережелерді жадыңа сақта дейміз:
1. Компьютер алдында ұзақ отырма. 15 минут сайын орныңнан тұрып, жаттығу жасап, көзді демалдыруды әдетке айналдыр.
2. Суреттерде көрсетілгендей,дұрыс әрі өте ыңғайлы отыруға үйрен. Немесе отырысыңды жиі өзгерт.
3. 5-7 жаста күніне 30 минуттан, 8-10 жаста 2 сағат, 11-14 жаста 3,4 сағат, ересек балалар мен үлкендерге 6-8 сағаттан артық компьютер алдында отыру — денеге, ақыл-ойға, жүйкеге артық салмақ түсіреді. Сондықтан дер кезінде компьютерден алыстауға дағдылан.
4. Компьютер техниканың бір түрі ғана. Кез келген келеңсіз немесе оқыс жағдайларға бола ашуланып, жүйкенді шаршатпа (әсіресе ойын ойнағанда).
5. Қолданатын мониторды таңдай алмасаң, көз, жүйке шаршауларына көп әсері барын ұмытпаңдар.
6. Қараңғы бөлмеде компьютермен жұмыс істемегенің дұрыс. Себебі экран жарығы қараңғы ортада көзге тікелей әрі өткір әсер етеді. Мониторды орналастырғанда, үстіңгі бөлігі тура қарағандағы көзіңнің деңгейінде немесе сәл жоғары орналасуы керек (бұл басты тік ұстауға, желке сіресу ауруының болмауына, тез шаршамауыңа көмектеседі).
7. 1 монитор тұратын аумақ шамамен 9-10 квадрат метр болуы тиіс. Бұның сыртында телевизор немесе қосымша экранның қосылып тұруы зиян. Ауа иондаушы, ауа дымқылдандырушы құралдар тұрса тіптен жақсы.
8. Басқа да керекті құралдар өзіңе жақын әрі ыңғайлы орналассын. Бір құралдың алыс орналасуынан қисық отырып жұмыс істеу арқылы, омыртқа буындарының зақымдалуын туындатады.
9. Отырған орындығың арқаны тік ұстайтындай арқалығы және шынтақ тіреуіші болғаны жөн. Әрі аяғың табаны толық жерге немесе тіреуішке тиетіндей биіктігін тарылтатын тетігі бар, жылжымалы, орнықты, 5 дөңгелекті болғаны жақсы.
10. Жұмыс арасында қимыл әрекетті жиі жасап, бос уақытыңда гимнастикамен шұғылданыңдар.
1 қосымша
Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді:егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.
Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс.
Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.
Интернет және оның қызметтері(электрондық пошталар, байланыс бағдарламалары, конференциялар, форумдар т.с.с) адам ағзасына кері әсерін беруі мүмкін.Жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеудің соңында неврастия деген ауруға әкеп соғады.
Интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды.
Кішкентай кезінен компьютермен жұмыс істей алатын кішкентай бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы жетеді. Компьютерлік ойындарды ойнағанда бала өзінің сиқырлы әлемінде жүрген секілді сезінеді.
2 қосымша
Сөздерді дұрыс орналастыр
Компьютерлік, балаларға, ойындар ,әр түрлі ,егер де, бұл ойындар үйрететін, ойын дамытатын, логикалық, зейін, қызығушылығын арттыратын ,спортқа - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан, логикалық ойлау, оқушыларда, жетіледі, жүйесі, жақсы.
Компьютер, адамдардың, қолданатын, мынадай, шағымдар, денсаулығына бар: тартуы көздің, бас ауруы, жұқаруы, жүйкенің ,ұйқының, түсуі шаштың, терінің қызаруы, іш ауруы, аллергиялық ,үшін-жаңа құбылыс,көптеген ересектер
компьютердің ,Ұзақ, алдында, уақыт бойы тапжылмай отыру омыртқа, әкеліп соқтырады ауруына.
Интернетке, қарым-қатынасы, отырған адамдар, азая бастайды, көп уақыт, өз туысқандарымен, дос-жарандарымен.
компьютермен жұмыс, Кішкентай кезінен істей ,бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы алатын кішкентай жетеді.
3 қосымша
1. Мен сабақта жұмыс… жасадым 2.Менің сабақта жасаған жұмысыма 3. Сабақ маған 4. Мен сабақта 5. Менің көңіл-күйім 6. Сабақтың материалы маған 7. Үй жұмысы маған | белсенді / неғұрайлы Көңілім толды / толмады ұзақ / қысқа немесе тез шаршамадым / шаршадым жақсарды / төмендеді түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз Қызықты / қызықсыз жеңіл / күрделі қызықты / қызықсыз |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ғаламтордың құрылысы» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Мәтіннің мазмұнын сұрау
Аударма диктант: система, военные исследования , надежность, отрезок, протокол, возможностиъ, оценить
ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2.Сөздікпен танысу: тұтынушы- потребитель
Түйінді машина- маншина с узлами
Оптикалық талшық- оптическая волокно
Үзіліссіз – непрерывно, беспрерывно
Уақытша- временно
Сақтау- сохранять
Ақпарттық-информационный
Жинақтауыш- собиратель
Қамтамасыз ету- обеспечивать
А) сөздерді дұрыс айту;
Ә) сөздік дәптерге жазып алу;
Б) сөз тіркестерін құрап жазу
3.Оқылым- мәтінді оқу
Интернет құрылысы
Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай Интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен, түйінді машиналармен байланыстырады. Ал түйінді не негізгі машиналар бір- бірімен қуатты оптикалық талшықты не спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет. Олар тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істейді, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпартты уақытша сақтайды, ақпарттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау
ІІІ деңгей
1.Интернет құрылыс мәтінінң кіріспе, негізгі , қорытынды бөлімдерін анықтаідар.
2. Мәтінге сұрақтар тізімін дайындадаңдар.
ІІ деңгей
1. «Ғаламтордың құрылысы» мәтініт бойынша мына мәліметтерді табыңдар.
А) негізгі ақпарат
Ә) қосымша ақпарат
2.Мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды жасаңдар.
І деңгей
«Ғаламтордың құрылысы» мәтінінде берілген фактілерге сүйеніп, Интернеттің құрылысы туралы айтып беріңдер.
V. Сабақты қорыту: берілген сұрақтарға сәйкес жауаптарын тауып, диалог құраңдар. Өзара сөйлесіңдер:
Сұрақтар | Жауаптары |
1.Интернет деген не?
2.Интернет қандай мүмкіндіктерді ұсынады?
3.Интернет желісіне қалай қосылуға болады?
4.Модем дегеніміз не? | 1.Интернет бойынша соңғы жаңалықтар туралы ақпарат, ауа райы туралы мәлімет алуға , электронды пошта арқылы хабарласуға болады.
2.Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем қажет.
3.Бұл компьютерлерге телефон желілері не басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
4. Дүние жүзіндегі компьютерлер мен с серверлер жиынтығы |
VI. Үй тапсырмасын беру: 237-бет 2- тапсырма сөйлемдерді сын есіммен толықтырып жазу, сөздік жаттау
VII. Бағалау.
8 -сынып. Қазақ тілі .
Тақырыбы: Компьютер кереметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сабақтың мазмұнына байланысты сөйлем, сұхбат, класстер құрастыру, дұрыс айтуға, сөйлеуге үйрету, алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Дамытушылық: компьютер, электронды пошта арқылы оқушылырдың танымдық қабілеттерін жетілдіру, шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, сөз байлығын молайту.
Тәрбиелік: қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, оқушыларды өз бетімен, топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойландыру, ізденіс, әңгімелеу, интернет желісі.
Пәнаралық байланыс: информатика.
Көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
«Ой қозғау» кезеңі: оқушыларға сұрақтар бере отырып, өтілген сабақтарға шолу жасау.
Сұрақтар:
1. Компьютердің атасы кім?
2. интернет дегеніміз не? (қазақша)
3. @ - қандай белгі?
4. ru. kz. – қандай белгілер?
5. www – қандай белгі?
6. Ақпараттық іздеу порталдарын атаңыз.
7. Қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі...
8. Қалай? Қалайша? Қайтып? деген сұрақтарға қандай үстеулер жауап береді?
9. Үстеулердің қай түрлерін білесің?
10. Үстеудің орысша аудармасы...
«Ой толғау» кезеңі: жаңа сабақ.
Жаңа сөздер: елестеу – представить
басқару – возглавить
жетерлік – множество, достаточно
іске асу – претворить в жизнь
сөздерді мәнерлеп оқу, бірге оқу, тізбектей оқу, ойын «Мен бір сөзді ойладым», сөз тіркес құрастыру, сөйлем құрастыру.
«Компьютер кереметі» деген мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерліп оқып шығу, түсінгенін қысқаша айту.
Топпен жұмыс: 1 топ – мәтіннен үстеулерді теріп алу, сөйлем құрастыру
2 топ – кесте бойынша мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу
3 топ – диалог құрастыру
1 топ – кластер жасау
«Ой тастау» кезеңі: сабақты бекіту.
Оқушылар қорытынды жасайды. ( қазақстанның болашағы – жаңа технологияларда)
Тапсырма: Интернет арқылы компьютер туралы өлеңдер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар тауып алу.
Компьютер туралы өлең
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті
Жүзеге асырасың, бас ұрасың.
Бата
F бір әрқашан көмекке келсін,
F екі пәле – жаладан сақтай берсін,
CTRL, ALT, DEL үнемі жар болып, қолдай берсің,
ENTER.
Мақал – мәтелдер
1. Байт биттен құралады (Ақша тиыннан құралады)
2. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес.
3. Білмесең «анықтамадан» сұра (Білмесен білгеннен сұра)
4. Жігітті компьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала)
5. Антивирусы күштіні – вирус алмайды(Досы көпті жау алмайды)
6. Күлсең ескірген компьютерге күл(Күлсең кәріге күл)
Жұмбақ
Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп.
Компьютер кереметі
Қазіргі заман – технология заманы.
Бүгін төрдегі теледидарсыз, ас үйдегі тоңазытқыш, микротолқынды пеш сияқты басқа да тұрмыстағы техника мен қолдағы
ұялы телефон компьютерсіз елестеудің өзі қиын.
Бүгінгі күнде бар ісіміз компьютер көмегімен іске асады деуге болады. Қазір компьютер адам өмірін де «басқарып» отырғандай.
Осы «тамаша техника» интернет желісіне қосылған болса, онда функциялары жетерлік.
Неше түрлі ойындар ойнап, қызықты фильмдер көріп, ән тыңдап, газет-журналдар оқып, алыс-жақыннан хабар алып, жаңалығыңызбен тез бөлісіп, бүкіл әлемге интернет арқылы осы компьютеріңізбен саяхаттай аласыз. Мұның бәрі қандай керемет! Жас кезеңнен ғылыммен, зерттеумен айналысуға мүмкіндік беріледі.
Жаңа сөздер
Елестеу – представить
Басқару – возглавлять
Жетерлік - достаточно
Іске асу – претворить
Тапсырмалар
I топ – мәтіннен үстеулерді теріп алу, сөйлем құрастыру.
II топ – кесте бойынша мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу.
Зат ес. +Зат ес.
Сын ес.+ Зат ес.
Үстеу + етістік
Зат ес. + етістік
III топ – диалог құрастыру.
VI топ – кластер жасау.
8 сынып қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Компьютердің атасы кім?
Сабақтың жалпы мақсаты: электронды техника, компьютер тақырыбы төңірегінде әңгімелеуге жаттығу; білімдері мен сауаттылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: оқушы өз бетінше білім алады, бір-бірін оқытады; өздеріне қажет ақпаратты алуға қалыптасады.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Өрмекші» ойыны, «Бір айналым жол» әдісі, постер жасау, сұрақ жауап.
Көрнекілігі:А4 форматтағы қағазадар, маркер.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыт
Ұйымдастыру. Амандасамын, оқушыларды түгендеймін. Диалог жүргіземін.
Үй жұмысын тексеру.
270 бет «Саяхаттау-жақсы дәстүр» мәтінінің мазмұнын айтуға дайындалып келу берілген.
Қызығушылығын ояту.
«Өрмекші» ойыны
Мағынаны тану.
272 бет 1-тапсырма.
«Бір айналым жол» әдісі.
«Менің вертуалды әлемім» екі қарсылас топ (жақтаушылар мен даттаушылар) өз позициясындәлелдеуге тырысады.
Рефлексия.
Электронды техника қаншалықты дамуы мүмкін?
Ғаламтор, электронды пошта ең тиімді байланыс тәсілі дегенге келісесіңдер ме? Әлде көзбе-көз сөйлескен дұрыс па?
Біз неге кездесуге, әңгімелесуге, ой бөлісуге уақыт таппаймыз?
Үй жұмысы.
Бағалау.
Сәлемдеседі.
Карточка бойынша топқа бөлінеді.
Топтық жұмыс. Үй тапсырмасының негізінде саяхаттау картасының сызбасын дайындап, қайда саяхат жасағаны туралы әңгімелейді.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бір модаль сөзді атайды және сол сөзбен сөйлем құрады.Қолындағы жіпті шеңбердегі қалаған сыныптасына береді. Соңында қай оқушының құраған сөйлемі өзіне ұнағанын айтады
Топтық жұмыс.
1.«Компьютердің атасы кім?» мәтінін кезектесіп оқып, түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді.
2. Мәтін мазмұны бойынша неғұрлым көп сұрақтар дайындайды. Екі топ кезектесіп бір-біріне сұрақтар қояды.
3. Ең дұрыс, нақты жауап берген команда анықталады.
Топтық жұмыс.
І топ даттаушылар «Компьтердің зияны» туралы кластер жасайды.
ІІ топ жақтаушылар «Компьютердің пайдасы»туралы кластер жасайды.
Соңында қарсылас топтағы қай оқушының сөйлегені, дәлелдері ұнағанын айтады.