«Осень 2024»

Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көмектесе білудің «қиянат жасамау» құндылығы ретіндегі мағынасын түсіндіру

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспары

Тақырып. «Көмектесе білейік»

Құндылық:Қиянат жасамау

Қасиеттер:Ешкімді ренжітпеу,қиянат жасамау,әрқашан көмек көрсетут.б

Сынып – 1 «А»




Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көмектесе білудің «қиянат жасамау» құндылығы ретіндегі мағынасын түсіндіру

Міндеттері:

1. Оқушыларды әрқашан көмектесуге үйрету;

2. Ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу;

3. Бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамыту;


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

топпен жұмыс,ән айту,дәйек сөз,шалқан ертегісіне қолданылатын көрнекіліктер





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме,балалар. Бүгінгі өзін-өзі тану сабағынан сендерге мен беремін менің аты-жөнім Утешова Нұрсұлу Асқарқызы

2.Сабақтағы жағымды күйге келу.Тыныштық сәті

Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жағыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1.Балалар көздеріңізге не елестеді?

2.Қандай сезімде болдыңыздар?



3. Жағымды ой пікір. Дәйексөз.

-Видеобейне оқушыларға көрсетемін.

-Балалар бұл бейнеде не байқадық?(Барлығы көмектесіп жатыр.)

-Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Көмектесе білейік»

-Балалар «Көмектесу» «көмек» дегенде нені түсінесіңдер?

-Сендер кімге,қандай жағдайда көмек көрсеттіңдер?

-Біреуге көмек көрсеткен кезде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

- Иә, Айман айта ғой

- Дұрыс, жарайсың

- Тағы кім қалай түсінеді ?

- Жарайсын, Диана

-Көмектесе білейік дегеніміз –әрқашанда қол ұшын созу өзінің достарына,ата-анана,жақын адамдарына қиындық кезіңде көмектесу,жан-жануарларға қамқорлық жасау,ешкімге ешқашан зиян келтірмеу.Мақсатымыз....Бүгінгі сабақта біз көмектесу деген не?Оның қиянат жасамау екендігі туралы білетің боламыз

-Ал енді бүгінгі сабақтың дәйексөзі: «Бірлесе көтерген жүк жеңіл»(халық мақалы)

-Балалар бұл дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

-Тағы кім қалай түсінеді?

-Бірлесе көтерген дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жүк жеңіл дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар балалар,адамға қиналған сәтте қол ұшын беру,жақсы,жылы сөздер айтып демеу,жақсылық жасау бұның бәрі көмек.Қиналған сәтте барлығымыз көмектесіп бітірген жұмыс оңай шешімін табады.Сондықтан бірлесіп жұмыс жасау керек.


-Ал енді осы дәйексөзді 3 топқа бөлініп айтайық. Қай топ мәнерлеп, жақсы айтады екен.

  1. Қатармен;

  2. Ұл-қыз;

  3. Хормен.

  4. Жатқа сұрау

  5. Ал енді барлығымыз дәптерімізді ашамыз,бүгінгі та


4.Оқиға айту. Әңгіме .

«Шалқан»ертегісі.

Ерте,ерте,ертеде.Бір кемпір мен шал өмір сүріпті.Олар үй шаруашлығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып,үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүрген шал шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.

Ата:Ой,бәрекелді,менің шалқаным үлкен болып өсіпті.Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды,тартып-тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп,көмекке өзінің кемпірін шақырады.

Кемпір-кемпір маған келші көмекке, қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым.Сен маған көмектесші.

Кемпір:Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.

Автор:Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орнынан қозғалта алмайды.

Автор:Кемпір көмекке немер қызын шақырады.

Кемпір:Қызым-қызым бізге көмекке келші!Атаң екеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз:Жарайды,әже сіздерге көмектесейін.

Автор:Сонымен қызы көмекке келіп,шалқанды олар рет-ретімен тартады.Олардың күштері жетпейді.Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.

Қыз:Ақтөс-ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз.

Ит:Аф-аф-аф көмектес десендер көмектесейін.

Автор:Ит қыздың еттегінен,қыз,кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқанды ұстап,ары тартады бері тартады,шалқанды сура алмайды.Енді ит көмекке мысықты шақырады.

Ит:Мысық-мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық:Мяу-мяу-мяу көмектесіп жіберейін.

Автор:Мысық иттің құйрығынан,ит қыздың етегінен,қыз кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқынды ұстап,әрі бері жұлқиды бірақ шалқан шықпайды.

Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық:Тышқан-тышқан бізге көмектесіп жіберші.

Тышқан:Әрине көмектесіп жіберемін.

Автор:Тышқан келіп мысықтың құйрығынан,мысық иттен,ит қызыдың еттегінен,қыз кемпірден,кемпір шалдан,шал шалқанды ұстайды.

Олар әрі бері тартып ақыры шалқанды суырып шығарады.

Сұрақтар:

-Балалар сонымен ертегі не жайлы болды?

-Атаға кімдер көмектесті?

-Дұрыс,айтасыңдар балалар!

-Олар не істеді?

-Ата өзі жалғыз шалқанды жұлып алар ма еді?

-Қалай ойлайсыңдар ненің арқасында жұлып алды?

-Бір-біріне көмектесу арқылы.Олай болса,бір-бірімізге көмектессек қалаған ісіміз орындалады.

-Бәріміз бір-бірімізге көмектесеміз бе?

-Жарайсыңдар балалар!Сендер қандай жақсы балаларсыңдар.



5.Шығармашылық жұмыс:

-Балалар,шалқан ертегісін сахналағыларың келе ме?

(Балаларға арнайы маскалар беріледі)

Ол үшін әр қатардын – 2 оқушыдан шығамыз.


Сахналау

« Шалқан » ертегісі бойынша сахналық көрініс ұйымдастыруда балаларға өзара көмектің қажеттілігін түсіндіру мақсатын көздеймін.Ертегі кейіпкерлерін балалардың арасынан олардың қалауы бойынша дайындаймын..Өзім автор боламын.

Автор:Атай шалқан егіпті.Шалқаны үйдей боп, үйден де үлкен боп өсіпті.Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартады.Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды. ( Атай әжейді шақырады.)

Атай:Әжесі, әжесі, көмектесіп жібер.( Әжесі келіп, атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды )

Автор: Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды. ( Әжей немересін шақырады.)

Әжей: Қызым, қызым көмектесіп жібер.( Немере қызы келіп, әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды. ( Немересі күшігін шақырады.)

Немересі: Күшігім, күшігім көмектесіп жібер.( Күшігі немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. )

Автор: Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды. ( Күшік мысықты шақырады.)

Күшік: Мысық, мысық көмектесіп жібер.( Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды. ( Мысық тышқанды шақырады.)

Мысық: Тышқан, тышқан көмектесіп жібер.( Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. )

Автор: Олай тартқылайды,бұлай тартқылайды, шалқанды шығарып алады.

Сахналық көріністен кейін балалармен бірге өзара көмектің нәтижесін тұжырымдаймын.

-Балалар біз сахналау арқылы не түсіндік?

-Балалар бір-бірімізге көмектессек қана орындалмайтын ауыр жұмысты орындауға болады.

6.Топпен ән айту

Айгөлек.

1.Бақытымның бастауы,арманымның асқары ааайгөөөлеек

Биіктерге самғайтын,қанат бере талмайтын аайгөөөлеек

Қайырмасы:

Айгөлек жастары өнер қуған,

Айгөлек достары жаңа нұрдан

Шырқайық бәріміз айгөлекті

Жұлдызы болайық айгөлектің


2.Мың бұралған бишіміз,күміс көмей әншіміз Ааайгөөөлеек

Өнер көзін ашқанда,талап берер жастарға Ааайгөөлеееек

Қайырмасы:

Айгөлек жастары өнер қуған,

Айгөлек достары жаңа нұрдан

Шырқайық бәріміз айгөлекті

Жұлдызы болайық айгөлектің


Айгөлек-айгөлек,айгөлексің

Айгөлек-айгөлек,айгөлегім

Айгөлек-айгөлек,айгөлексің

Айгөлек-айгөлек,айгөлегім


3.Айгөлек-ау,айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде 2рет

Би билейміз дөңгелеп

Қайырмасы:

Айгөлек жастары өнер қуған,

Айгөлек достары жаңа нұрдан

Шырқайық бәріміз айгөлекті

Жұлдызы болайық айгөлектің


7.Сабақтың қорытынды сәті.

- Баяу музыка ойнайды Балалар көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтын тақырыбын дәйекөзді есімізге түсіріп жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Бүгін біз көмектесе білу керек екенін, әрқашан қамқорлық жасау керек екенін ұғындық. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее