«Осень 2024»

Кестелер, кестелерді құру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кестелердің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру, Microsoft Office Word программасында кестелерді құрудың түрлі әдістерін қарастырып, деректерді енгізуді үйрету.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні:

Сабақ № 22


Пәні: Информатика

Сыныбы : 6

Пән мұғалімі: Сагынгалиева А.Н.

Сабақтың тақырыбы:

Кестелер, кестелерді құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Оқушыларды кестелердің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру, Microsoft Office Word программасында кестелерді құрудың түрлі әдістерін қарастырып, деректерді енгізуді үйрету.

Сабақтың мақсаты:

Барлық тыңдаушылар:

Мәтіндік процессорды қалай ашу керек екенін біледі. Мәтіндік процессордың негізгі ұғымдарын біледі.

Көпшілігі: Мәтіндік процессорды қалай ашу керек екенін біледі. Мәтіндік процессордың негізгі ұғымдарын біледі. Мәтіндік процессордың интерфейсін біледі.

Мәтіндік процессордың негізгі ұғымдарының қолданылу аймағын біледі. Кесте құра алады, оны сақтай алады.

Кейбір тыңдаушылар: Кесте құрып, оны қалай сақтау керек екенін біледі. Берілген ашық сұрақтарға дәлелді түрде жауап бере алады.

Тілдік мақсаты

Оқушылардың өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға мүмкіндік беру. Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері:

Болжау стратегиясы. Блум таксономиясы. Ойлан.Бірлес.Бөліс.Бала философиясы

Ақпарат көздері:

6-сынып , «Информатика» оқулығы


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Жұмыс түрлері:

Топтық, жеке, ұжымдық

Жалпы ресурстар:

Интербелсенді тақта, компьютер, тақырыптық слайдтар, үлестірме материалдары.

Бағалау түрлері

Оқыту үшін бағалау: мұғалім мадақтауы, «Басбармақ» әдісі арқылы, Блоб ағашы, Критериалды бағалау.



І - Қызығушылығын ояту кезеңі:


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Формативті бағалау

1-әрекет. Ұйымдастыру


3 мин

Мұғалім оқушылардың сабаққа деген ынтасын тексеру мақсатында оқушыларға сурет салдырады.

Оқушылар сурет салады.

Мұғалім мадақтауы

2-әрекет. Топтық жұмыс.

«Мозаика» арқылы топқа бөлу.




2 мин

Мозаика арқылы

оқушыларды 2 топқа бөлемін.Топ ережесімен таныстырамын.

Оқушылар мозаика құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді.

1-топ: Қызғалдақ

2-топ: Раушан

Топ ережесін, қауіпсіздік ережесін еске түсіру.


Мұғалім мадақтауы

3-әрекет. Топтық жұмыс.

БІЛІМ.


5 мин

Үй тапсырмасын қоржындағы асықтарды таңдату арқылы интербелсенді тақтадағы тапсырмамен тексеремін.

Әр топ қоржыннан асықтар алып, нөмірлеріне байланысты слайдтағы сұрақтарға жауап береді.

Топ басшысы бағалайды


4-әрекет.

Топтық жұмыс. Ойлан.Бірлес.Бөліс.


ТҮСІНУ.

«Болжау стратегиясы» арқылы тақырыпты ашу

Жеке, топтық жұмыс

5 мин

Алдын ала мәтін беремін.

Берілген мәтіннен Жерден 300 жарық жылдан артық ара қашықтықта орналасқан және Күннен жарықтығы 7000 есе артық жұлдыздар туралы ақпарат табыңдар.



Мәтіндегі тапсырманы орындату арқылы тақырыпты болжатамын. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру.

Бетельгейзе Орион шоқжұлдызында орналасқан. Денеб Аққу шоқжұлдызында орналасқан. Акрус Күннен 2200 есе жарық. Бетельгейзеге дейінгі ара қашықтық – 650 жарық жылы. Канопус Инелік шоқжұлдызында орналасқан. Антарес Шаян шоқжұлдызында орналасқан. Бетельгейзе Күннен 22000 есе жарық. Акрусқа дейінгі ара қашықтық – 260 жарық жылы. Денеб Күннен 725000 есе жарық. Антареске дейінгі ара қашықтық – 425 жарық жылы. Антарес Күннен 6600 есе жарық. Канопусқа дейінгі ара қашықтық – 181 жарық жылы. Денебке дейінгі ара қашықтық – 1600 жарық жылын құрайды. Канопус Күннен 6600 есе жарық. Акрус Оңтүстік Крест шоқжұлдызында орналасқан.

Оқушылар берілген тапсырмаларды топпен бірлесе орындайды.

Оқушылар мәтіндегі тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты болжайды.


Мұғалім мадақтауы


  • Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар туды?

  • Тапсырманы қалай ұсынғанда деректерді іздеу оңай болар еді?

Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Кестелер, кестелерді құру»

ІІ - Мағынаны ажырату кезеңі:

5-әрекет.

Топтық жұмыс.

ҚОЛДАНУ.


8 мин

MS Word бағдарламасының құрылымын көрсете отырып, түсіндіремін.

Оқулықпен жұмыс



Критериалдық бағалау

6-әрекет.

Жеке жұмыс

ТАЛДАУ.


8 мин

Оқушыларға берілген мәтіндегі тапсырманы кесте құрғызу арқылы орындатамын.

Оқушылар практикалық жұмыс орындайды. Практикалық жұмысты оқушылар жеке орындайды.

Мұғалім мадақтауы


III- Ой толғаныс кезеңі

7-әрекет.

Жеке жұмыс.

СИНТЕЗ.

«Бала философиясы» әдісі

5 мин

«Менің өміріме информатика пәнінің қажеттілігі» тақырыбында эссе жазу тапсырмасын беремін.

Әр оқушы өз өміріндегі информатика пәнінің қажеттілігі жайында эссе жазады.

Бас бармақ әдісі

Бағалау парағы

Сергіту сәті

3 минут

Оқушыларға көз жаттығуларын жасатамын.

Оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды.

Мұғалім мадақтауы


Үйге тапсырма:

  • 22- тақырыпты оқу. Дәптерге кесте түрінде апталық уақыт кестесін құрастыру (мектеп, үйірмелер, үй жинау, үй тапсырмасын орындау және т.б.)

Бағалау :


3 мин

Критериалдық бағалау парақшалары арқылы оқушылар тиісті бағаларын қояды. Блоб ағашы арқылы өздерінің сабақтағы белсенділігін бағалайды. Мұғалім оқушыларды бағалайды.

Рефлексия:

3 мин

«Жүректен жүрекке» стратегиясы арқылы бір-біріне ыстық лебіздерін айтады.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее