«Осень 2024»

Картотека дидактических игр для детей дошкольного возраста

КАРТОТЕКА ДЛЯ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА. ДЛЯ ДЕТЕЙ ПРЕДШКОЛЬНЫХ ГРУП.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР КАРТОТЕКАСЫ:



  1. Дидактикалық ойын: «Мектепке маған не керек?»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту.

Ойын барысы: Балалар үлестірмелі қағаздағы тапсырманы орындайды; үстел үстіне мектепке қажетті құрал-жабдықтарды, ал себетке көкөністер мен жемістерді орналастырады да қазақша атайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Тоқта»

Мақсаты: Жолда жүру ережелерін білу.

Ойын барысы: Балалар берілген бағдаршамға үш түсті жапсырмаларды жапсырады. Бағдаршам не үшін қажет екенін айтады.

  1. Дидактикалық ойын: «Бір, екі, үш»

Мақсаты: Сандарды қайталау.

Ойын барысы: Балалар сандарды тиісті текшелерге жапсырады, қазақ тілінде санайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Төрт, бес»

Мақсаты: Сандарды қайталау, олардың орын тәртібін білу.

Ойын барысы: Балалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарды өсу ретімен орналастырады, санайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Алты, жеті»

Мақсаты: Ойыншықтарды санау, сәйкес цифрларды жазу.

Ойын барысы: Балалар ойыншықтарды санап, тиісті санды жазады.

  1. Дидактикалық ойын: «Текше»

Мақсаты: Әріптерді білу, сөз құрау.

Ойын барысы: Балалар «Зайцевтің текшелерін» пайдалана отырып тақырыпқа қатысты сөздер құрайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Астана - Алматы»

Мақсаты: Суреттегі заттардың атын атау, сөйлем құрау.

Ойын барысы: Балалар тиісті суреттерді орналастырып, ескерткіш, ғимараттың атын атайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Көктем. Күз»

Мақсаты: Жыл мезгілдерін қайталау.

Ойын барысы: Балалар жыл мезгілдерін естеріне түсіріп, көктем мен күз мезгіліне тән белгілерді ажыратып үлестірмелі қағазға орналастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Көкөністер»

Мақсаты: Көкөністерді топтастыру, қазақша атауларын айту, тілін жаттықтыру.

Ойын барысы: Балалар көкөністерді ажыратып, топтастырады, қазақша атайды.





  1. Дидактикалық ойын: «Жемістер»

Мақсаты: Жемістерді бір-бірінен ажырата алу, қазақ тілінде атау.

Ойын барысы: Балалар жемістерді ажыратып, қазақша атайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Бас, қол, аяқ»

Мақсаты: Адамның дене мүшелерін білу, сөз тіркестерін құрау.

Ойын барысы: Балалар адамның дене мүшелерін атайды, көрсетеді.

  1. Дидактикалық ойын: «Бөлмеде»

Мақсаты: Үй жиһаздарын атай алу.

Ойын барысы: Суреттегі бөлмеге тиісті жиһаздарды орналастырып әңгімелеу.

  1. Дидактикалық ойын: «Қуыспақ. Кім көп айтады?»

Мақсаты: Балалардың білімдерін қорытындылау.

Ойын барысы: Балалар жарыса бір-бірден сөздер айтады.

  1. Дидактикалық ойын: «Ақ. Қара»

Мақсаты: Үлгіге қарап өздігінен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.

Ойын барысы: Балалар текшелердің түстерін атайды, оларды санайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Енесін (төлін) тауып бер»

Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдерін білу.

Ойын барысы: Балалар суретте бейнеленген үй жануарларын төлдерімен сәйкестіндіріп сызық арқылы көрсетеді.

  1. Дидактикалық ойын: «Мынау не?»

Мақсаты: Суретте бейнеленген жануарларды ажырата алып, қазақ тілінде атау.

Ойын барысы: Балалар суреттегі үй жануарларын атайды, сөз тіркестерін құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: Үлкен. Кішкентай»

Мақсаты: Жабайы жануарларды білу, оларды бір-бірімен салыстыру.

Ойын барысы: Балалар жануарлардың сипатына қарай атап, сөйлем құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Балапан»

Мақсаты: Үй құстарының қазақша атауларын қайталау, тілдерін жаттықтыру.

Ойын барысы: Балалар үй құстарын атап, балапанның бейнесін дұрыс құрастырады. «Балапан» сөзін пайдаланып сөйлем құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Қоян сәбіз жейді»

Мақсаты: Сұлбадағы бейнені атап, жапсыру.

Ойын барысы: Сұлбасы бойынша жапсыру, көкөністер мен жемістерді атау, сөйлем құру.

  1. Дидактикалық ойын: «Сөзді толықтыр»

Мақсаты: Әріптерді қайталау, дұрыс жазу машығын қалыптастыру.

Ойын барысы: Балалар буындарды толықтырып сөз құрайды.



  1. Дидактикалық ойын: «Аула»

Мақсаты: Үй жануарлары мен құстарын ажырата алу.

Ойын барысы: ануарлар мен құстардың суретін аулаға орналастыру, сөз тіркесін құру.

  1. Дидактикалық ойын: «Мен алма жеймін»

Мақсаты : Етістікті, зат есімді және сын есімдерді қолданып сөйлем құрау.

Ойын барысы: Балалар суреттегі жемістерді санайды, түсін ажыратады да сөйлем құрайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Аударып қойылған сөздер»

Мақсаты: Әріптердің орнын ауыстыру арқылы сөз құрау.

Орын тәртібі: Балалар ауыстырылып қойылған әріптерді дұрыс орналастырып сөз құрайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Не тәтті, не ащы, не қышқыл?»

Мақсаты: Тәтті, ащы, қышқыл тағамдарды топтастыру.

Ойын барысы: Балалар тағамдарды дәміне сәйкес ажыратады, сөз тіркесін құрайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Азық-түліктердің атын ата»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту, тілдерін жаттықтыру.

Ойын барысы: Азық- түліктерді атау. Қысқа сөйлем құрастыру.

  1. Дидактикалық ойын: «Мынау сүт »

Мақсаты: Азық-түліктерді қазақша атау.

Ойын барысы: Сұлбасы бойынша жапсыру,бояу, сөз тіркестерін құру.

  1. Дидактикалық ойын: «Дүкен»

Мақсаты : Дүкенде сатылатын азық-түліктер, жеміс-жидектерді тиісті сөреге орналастыру, атау.

Ойын барысы: Балалар азық-түліктерді атап, тиісті сөреге орналастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Тағамдар»

Мақсаты: Ыдыстар мен тағамдардың қазақша атауларын еске түсіру. тақырыпқа қатысты сөздерді пайдалана отырып сөз тіркестерңн құрау.

Ойын барысы: Балалар суреттегі бейнеленген заттарды атайды, қазақ тіліне тән дыбыстарды ажыратады.

  1. Дидактикалық ойын: «Ә» дыбысы»

Мақсаты: «Ә» дыбысы кездесетін сөздерді топтастыру, тілдерін жаттықтыру.

Ойын барысы: Балалар «ә» дыбысы кездесетін сөздерді атайды, сөздерді жазады.

  1. Дидактикалық ойын: «Қ» дыбысы»

Мақсаты: «Қ» дыбысы кездесетін сөздерді еске түсіріп

айтып беру, қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Балалар «қ» дыбысы бар сқздерді естеріне түсіріп, оларды атайды, орыс тіліне аударады.

  1. Дидактикалық ойын: «Ү» дыбысы»

Мақсаты: «Ү» дыбысы бар сөздерді еске түсіріп, тиісті суреттерді табу

Ойын барысы: Балалар қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталайды, «ү» дыбысы кездесетін сөздерді атайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Ұ» дыбысы»

Мақсаты: «Ұ» дыбысы бар сөздерді қайталау және қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Балалар суреттегі бейнеленген қай заттардың атауында «ұ» дыбысы кездесетінін атайды, сызық арқылы көрсетеді.

  1. Дидактикалық ойын: «Табиғат»

Мақсаты : Сұлбасына сәйкес жапсырып, атау.

Ойын барысы: Суреттерді тиісті жерге орналастыру, бейнеленген затты атау, сипатына қарай сөз тіркесін құру.

  1. Дидактикалық ойын: Қыс. Жаз»

Мақсаты: Жыл мезгілдері, жыл еске түсіріп айтып беру, тілін жаттықтыру.

Ойын барысы: Жыл мезгілдерінің қазақша атауларын еске түсіріп, жаз бен қыс мезгілі туралы қысқаша әңгіме құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Сандарды қайталайық!»

Мақсаты: Қазақ тілінде санау, сандарды қайталау.

Ойын барысы: Суретте бейнеленген заттарды санап, тор көздерге санын жазу.

  1. Дидактикалық ойын: «Күн тәртібі»

Мақсаты: Күн тәртібін ретімен орналастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Ойын барысы: Суреттерді ретімен орналастыра отырып, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру.

  1. Дидактикалық ойын: «Жануарларға өз атауларын табуға көмектес»

Мақсаты: Жануарлар атауларын еске түсіру. Дұрыс жазу машығын дамыту.

Ойын барысы: Балалар суреттегі жануарларды атауларын атап, жазады.

  1. Дидактикалық ойын: «Киімдер »

Мақсаты: Суреттегі балаға тиісті киімдерді кигізу.

Ойын барысы: Баланы тиісті киім-кешектермен киіндіру. Киімдердің түсін ажырату, сөз тіркестерін құрау.

  1. Дидактикалық ойын: «Кім не киеді?

Мақсаты: Қыз бен ұл киімдерін ажырата алу.

Ойын барысы: Балалар қыз бала мен ұлдың киімдерін ажыратады, қазақ тілінде атап, тиісті бағанға орналастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Ақ көйлек, көк көйлек »

Мақсаты: Киім атауын біліп оларды санау.

Ойын барысы: Сұлбасы бойынша киімдерді және санына сәйкес цифрларды орналастыру, атау.

  1. Дидактикалық ойын: «Құстар»

Мақсаты: Үй құстары мен дала құстарын ажырату.

Ойын барысы: суретте бейнеленген үй құстары мен дала құстарын топтастыру, себебін түсіндіру. Қазақ тілінде атау.

  1. Дидактикалық ойын: «Ө»дыбысы»

Мақсаты: «Ө» дыбысы бар сөздерді қайталау, тиісті суреттерді жапсыру.

Ойын барысы: Балалар «ө» дыбысы жайлы өткенді қайталайды, осы дыбыс кездесетін сөздерді атайды, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

  1. Дидактикалық ойын: «І» дыбысы»

Мақсаты: «І» дыбысы бар сөздерді еске түсіріп, тиісті суреттерді табу.

Ойын барысы: Суреттердің ішінде «І» дыбысына басталатын сөздерді ажыратып алу. Оларды атау.

  1. Дидактикалық ойын: «Ғ» дыбысы»

Мақсаты: «Ғ» дыбысы кездесетін қазақша сөздерді қайталап,

тілдерін жаттықтыру.

Ойын барысы: Балалар өткенді қайталайды, «ғ» дыбысы кездесетін қазақша сөздерді естеріне түсіріп дұрыс атайды. Аудармасын айтады.

  1. Дидактикалық ойын: «Ң» дыбысы»

Мақсаты: «ң» дыбысы кездесетін қазақша сөздерді қайталап,

сөздік қорын молайту.

Ойын барысы: Балалар үлестірмелі суреттердің арасынан атауында «ң» дыбысы бар сөздерді топтастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Ы» дыбысы»

Мақсаты: «Ы» дыбысы бар сөздерді айту, тиісті суреттерді топтастыру.

Ойын барысы: Балалар суреттерге мұқият қарап, атауында «Ы» дыбысы бар заттарды ажыратады, сол сөздермен сөйлем құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «һ» дыбысы»

Мақсаты: «һ» дыбысы кездесетін сөздерді еске түсіріп айту.

Ойын барысы: Балалар суреттерде бейнеленген заттардың қазақ тіліндегі атауларын естеріне түсіріп, олардың ішіндегі керектілерін таңдап алады.

  1. Дидактикалық ойын: «Менің інім »

Мақсаты: Отбасы, отбасы мүшелері туралы айту.

Ойын барысы: Балалар суреттегі отбасы туралы, оның мүшелерін өазақ тілінде атап, өз отбасы туралы әңгімелейді.

  1. Дидактикалық ойын: «Кім не киеді? »

Мақсаты: Қыз бен ұл киімдерін ажырата алу, киім атауларын еске түсіру, дұрыс атау.

Ойын барысы: Қыздар мен ұлдардың киімдерін ажырату, атау, тиісті орынға орналастыру.

  1. Дидактикалық ойын: «Мынау кім?»

Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, білгенін еске түсіру.

Ойын барысы: Отбасы, отбасы мүшелері туралы алған білімдерін еске түсіріп, суретте бейнеленген адамдарды атайды, тілдерін жаттықтырады. Қысқаша сөйлемдер құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Аңдар»

Мақсаты: Жабайы жануарлардың қазақша атауларын қайталау.

Ойын барысы: Аңдарды атау, сөз тіркестерін құру.

  1. Дидактикалық ойын: «Аңдар не жейді?»

Мақсаты: Жабайы жануарларды еске түсіріп, қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Әр жануардың не жейтінін айтып жапсырмасын тиісті жерге орналастыру.

  1. Дидактикалық ойын: «Неше піл?»

Мақсаты: Зат есім мен сын есімдерді пайдаланып сөз тіркестерін құрау.

Ойын барысы: Балалар жабайы жануарларды санайды, тиісті цифрды жазады, сөз тіркесін құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегіден?»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін қай ертегіден алынғанын еске түсіріп айтып беру, қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Балалар суретте бейнеленген ертегі кейіпкерлерінің атын атап, қай ертегіден екенін естеріне түсіруге тырысады.

  1. Дидактикалық ойын: «Қандай ? Неше? »

Мақсаты: Санау, сандарды қайталау.

Ойын барысы: Балалар балықтарды түсіне қарай ажыратады, санайды, тиісті санды торкөзге жазады.

  1. Дидактикалық ойын: «Буындардан - сөздер»

Мақсаты: Әріптерді қайталау, оқу машығын дамыту.

Ойын барысы: Берілген буындардан қазақ тілінде таныс сөздерді құрастырып жазады.

  1. Дидактикалық ойын: «Сен қайда барасың? »

Мақсаты: Суреттегі заттарды атау, бояу.

Ойын барысы: Балалар суреттерді ұнатқан түспен бояйды да сөйлемдер құрайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Үй, балабақша »

Мақсаты: Үй мен балабақша тақырыбы бойынша өткенді қайталау.

Ойын барысы: Балалар өз үйлері немесе балабақшасы туралы әңгімелейді. Жаңа сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Наурыз мерекесі»

Мақсаты: Қазақша оюларды жапсырып, Наурыз мерекесі жайлы

айтып беру, қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Наурыз мерекесіне қатысты жаңа сөздерді еске түсіріп, олармен қысқа сөйлемдер құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Мынау...»

Мақсаты: Ойыншықтардың атын атау.

Ойын барысы: Балалар суреттегі ойыншықтарды атайды, сөз тіркесін құрастырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Қандай шар?»

Мақсаты : Санау, түстерді қайталау.

Ойын барысы : Балалар шарларды санайды, түстеріне сәйкес сұлбаны орналастырады. Сөз тіркестерін құрайды.

  1. Дидактикалық ойын: «Доп берші»

Мақсаты : Тиісті затты жапсырып, сөйлем құрау.

Ойын барысы: Ойыншықтардың атауын еске түсіріп, тиісті жерге қою, сөйлем құрау.

  1. Дидактикалық ойын: Түсі қандай?»

Мақсаты: Заттарды санап, түсіне қарай ажырату, бір-бірімен салыстыру.

Ойын барысы: Заттарды атау, түсіне қарай бояу.Сөз тіркестерін құру.

  1. Дидактикалық ойын: «Көктем»

Мақсаты : Көктем суретін аяқтап, толықтыру.

Ойын барысы: Балалар көктем туралы айтып, көктем белгілерін атайды, суретті толықтырады.

  1. Дидактикалық ойын: «Заттарды атауларымен қос»

Мақсаты: Сөздерді еске түсіру, оқу.

Ойын барысы: Заттарды атауларымен қосу, оқу.

  1. Дидактикалық ойын: «Атауын жаз»

Мақсаты: Сөздерді еске түсіру, дұрыс жазу.

Ойын барысы: Жануарларға өз атауларын тауып, атауларына сәйкес бағандармен қосу.

  1. Дидактикалық ойын: «Дұрыс ата - бұл не?»

Мақсаты: Суретте бейнелеген заттардың қазақша атауларын жазу.

Ойын барысы: Балалар заттардың атауларын естеріне түсіріп, торкөздерге жазады.

  1. Дидактикалық ойын: «Тиісті әріпті жаз»

Мақсаты : Өткенді қайталау.

Ойын барысы: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу, оқу.

  1. Дидактикалық ойын: «Сөздердің жартысын біріктіру»

Мақсаты: Әріптерді қайталау, жазу машығын дамыту.

Ойын барысы: Бағандағы буындардың екінші жартысын табу, оларды қосып сөз құрастыру.

  1. «Жылдам жалғастыр»

Мақсаты : Өткен тақырыптарға байланысты сөздерді еске түсіру.

Ойын барысы: Балалар шеңберге отырады, бір-біріне кезектесіп допты беріп бір сөзден айтады, Айтылған сөзді қайталамайды.

  1. «Ғажайып қорап (қап)»

Мақсаты: заттарды сипатына қарай табу.

Ойын барысы: Ғажайып қорапта әртүрлі заттар жасырылады, балалар сипатына қарай затты табады да атайды.

  1. «Әуенді буындар»

Мақсаты: Буынмен оқу машығын дамыту.

Ойын барысы: Балалар берілген буындарды әндетіп созып оқиды.

  1. «Тыңда, қайтала»

Мақсаты: Балалардың тілдерін жаттықтыру.

Ойын барысы: Балалар педагогтың айтқан сөзін қайталап айтады.

  1. «Дұрыс, бұрыс»

Мақсаты : Балалар өздігінен жауап беруге дағдыландыру.

Ойын барысы: Педагог балаларға сөйлеи айтады, балалар «Дұрыс немесе бұрыс» деп жауап береді.





 










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее