«Зима 2025»

Календарный план с 1- 4 классы

Календарно тематическое планирование с 1 - 4 классы очень удобная и готовая на казахском языке

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

31


Ақпараттық мәдениет негiздерi. 1 сынып.


1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау
Сабақтар нөмiрi Мазмұны Сағаттар саны Уақыты
1 «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу 1
2-3 Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi. 2
4-5 Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi 2
6-7 Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi). 2
8 Қайталау 1
9 Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. 1
10 Пернетақтамен танысу. 1
11 Қарапайым жаттығу. 1
12-13 Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні). 2
14-15 Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы). 2
16 Қайталау 1
17 Қайталау 1
18 Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi). 1
19 Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. 1
20 Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi. 1
21 Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру. 1
22 Тiзбектер 1
23 Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі. 1
24 Қайталау 1
25 Жиын 1
26 Жиындарды салыстыру 1
27-28 Жиын және оларды топтау 2
29 Iшкi жиындар 1
30 Қайталау 1
31 Қайталау 1
Барлығы 34
1-сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу


Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен таныстыру.

  2. оқушыларға «ақпарат» және «ақпараттық мәдениет» ұғымдарының мағынасын түсiндiру.

  3. оқушыларды жұмыс дәптерiмен және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен таныстыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жаңа сабақпен таныстыруды жұмыс дәптерiн пайдалана отырып, әңгiме түрiнде өткiзуге болады. Әңгiмелесу барысында сабақтың ақпараттық технология болып табылатыны жөнiнде мағлұмат берiледi. Әрi қарай әңгiме желiсi балалардың компьютердi қай жерде көргенiн, онда кiмдердiң жұмыс жасайтынын және оның адам еңбегiн жеңiлдететiн жақтарын айқындайтын ақпараттарды тыңдаумен жалғасады. Ақпараттық технологияның адам көмекшiсi екенiне оқушылардың назарын аудару керек. Ал егер онымен дұрыс жұмыс жасамай қойсаң, онда оның пайдасынан зияны көбейетiнiн ескерткен орынды. Оқушылардың “ақпарат” ұғымымен бала кездерiнен таныс екендiгiн естерiне сала отырып, ақпараттың өмiрдегi түрлi жағдайлардан хабардар ететiндiгi жөнiнде әңгiме жүргiзiледi. Оқушылар жұмыс дәптерiмен, онымен жұмыс iстеу ережелерiмен және Аруна мен Әлім атты жаңа достарымен танысатын болады. Жұмыс дәптерiндегi боялмаған суреттердi бояуға арналған тапсырманы орындауға нұсқау берiп, үлгермегенiн үйден орындап келуге тапсыруға болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Құрметтi балалар! Сендер «Информатика» әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл саяхат мектептегі оқудың барлық кезеңдерiнде жүрiп жатады. Сол сияқты мектептi бiтiргеннен кейiн де жалғасатын болады. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы әлемдегi жасайтын саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуың қажет. Бұл тәртiп ережелерiн “Ақпараттық мәдениет негiздерi” сабағын өту кезiнде үйренiп аласың. Саяхат-сабақ барысында түрлi достар тауып, бiр-бiрiңе көмектесетiн сәттерге тап боласыңдар.

Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық. Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық: гүлдер жайқалады, құстар сайрайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол қарлы қысқа ұласады. Бiз ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр тамшысының тырсылын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал теледдидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа ақпарат бересiң. Ертегiнi бейнемагнитофонға жазу арқылы бұл ақпаратты сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны Интернет арқылы алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген адам ақпарат көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра алады.

Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: ақпарат – бұл қоршаған орта туралы мәлiмет болса, ал ақпараттық мәдениет - бұл ақпарат көздерiн (анықтамалармен, сөздiктермен, энциклопедиямен, ұшақ кестелерiмен және теледидар бағдарламаларымен) қолдана бiлудi үйрену. Ақпараттық мәдениет - бұл дұрыс сөйлей бiлу, теледидарды орынды көре бiлу, компьютермен жұмыс тәртiбiн игеру және достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды. Осы бағытта сендерге қолұшын беретiн достарың бар. Олар: Аруна мен Әлім. Сәттi қадам тiлейiк!

Тапсырмалар:

  1. Компьютердiң қайда қолданылатынын Әлімге әңгiмелеп бер. Суреттерді боя.

  2. Компьютермен не iстеуге болады?

а) сурет салу

ә) ойнау

б) есептеу

в) ақпаратты сақтау және тарату.

Оқушылармен талқылай отырып, суреттердi боя.

3-4. «Сатылар» және «Батырмалар» сияқты жаттығу ойындары оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға арналған. Ойын тәртiбi бойынша батырманы қанша рет басу ұсынылса, саусақты сонша рет басу керек. Жаттығу, ең алдымен, бiр қолмен орындалса, содан кейiн екi қолмен бiрге орындалады. «Сатылар» және «Батырмалар» жаттығу ойындарын әрбiр сабақтың соңында қайталап ойнауға болады.

  1. Батырмалар” ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін екінші қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан жазылса, саусақтарыңмен сонша рет бас.

  2. Сатылар” ойыны. Саусақтарыңды перне сатыларымен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарыңмен сонша рет бас.

Сергiту сәтi

2-3 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат.

Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалды қайталау.

  2. Түрлi ақпарат түрлерi туралы мағлұмат қалыптастыру.

  3. Ақпарат түрлерiн ажырата бiлуге үйрету.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Сабақ басталмас бұрын мұғалiм компьютерлiк сыныпта жұмыс істеу тәртiбi мен техника қауiпсiздiгi ережелерiн оқушылардың есiне салып, көздiң шаршағандығын басу жаттығуларын қайталауды ұсынады. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейi мен оны қорытындылауы мына тәртiппен жүргiзiледi:

  • Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен қабылдайды, мысалы, көру және есту.

  • Егер бiз ақпаратты көру арқылы қабылдасақ, онда ол – көру ақпараты.

  • Егер бiз ақпаратты есту арқылы қабылдасақ, онда ол – дыбыстық ақпарат.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен қабылдайды: көру, есту, иiс сезiмдерi, сезiну, дәм арқылы.

Балалар, бiз теңiздiң жағалауында тұрғанымызды көз алдымызға елестетейiк. Не естiдiңдер? Егер ауа райы ашық, күн шығып тұрса, онда толқындар жай тербеледi. Ал егер аспанды кiшкене бұлттар қаптап, қатты жел тұрса, онда теңiзде толқындар қатты тербеледi және теңiз жағасында толқынның дыбыстары естiледi. Бұл екi жағдайда да бiз көру және дыбыстық ақпараттарды алдық.

Ал егер бiз гүл отырғызатын ыдысқа гүлдiң тұқымдарын сеуiп отырғызсақ, оны бiрнеше күн су құйып күтетiн болсақ, онда не байқауға болады? Бiрнеше күн өткеннен кейiн дәндердiң қалай бүршiк атқанын байқайсыңдар, яғни бұл жағдайда көру ақпараты арқылы ақпараттарды аламыз. Ал көктем айында құстардың көңiлдi сайрауынан және сiркiреген жауын тамшыларынан көктем айының келе жатқанын байқаймыз. Бұлардан көктем айының жақындағаны туралы дыбыстық ақпарат аламыз.

Балалар, келесi сұраққа жауап берiңдер:

  1. Әлім терезеге қарап, күннiң жарқырап атқанын көрдi. Әлім қандай ақпарат алды?

  2. Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық?

  3. Асүйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың?

  4. Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз?

  5. Аруна мерекелiк торт пiсiрдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқады?

6. Дыбыстық және көру ақпараттарына өздерiң мысалдар келтiрiңдер.

2-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Балалар немен шұғылданып жатыр? Боя.

Аруна мен Әлім не iстеп отыр? Аруна мен Әлімнiң қандай ақпарат түрлерiн алды? Оқушылармен талқылай отырып, боялмаған суреттердi боя.

Аруна терезеге қарап, “ауа райының жақсы” екендiгiн көрдi. Бұл – көру ақпараты. Әлімнiң күнделiгiнде тек бестiк бағалар. Олай болса, “Әлім жақсы оқитын оқушы”. Бұл – көру ақпараты.

Әлім қоңырау сағаттың шырылынан дыбыстық ақпарат алды. Ал Аруна барабанда ойнау арқылы дыбыстық ақпарат алды т.б.

  1. Қай жануарға қандай үн сәйкес келеді? Аңдарды шығаратын дыбыстарына қарап, бiр-бiрiмен жалға және ол суреттердi боя.

  2. Суретте жасырынған бейнелерді тап. Олар қандай үн шығарады? Бейнелердің кескінін ажыратып, айналдыра сыз. Суретте мысық, ит, қаз жасырынып қалған.

  3. Сурет бойынша ауызша әңгiме құрастыр. Боя. Әңгiменi құрастыру барысында олардың қандай дыбыстар шығаратын және қандай түспен боялатын да ескер.

3-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Дыбыс шығаратын заттарды боя.

  2. Мына дыбыстарды не шығарады, суреттен тап.

Аңдардың қандай дыбыстар шығаратынын балалармен талқылаңдар. Егер сыныптағы балалардың iшiнен жаза алатын балалар табылса, онда осы аңдардың атын жаз деген тапсырма берiңдер.

  1. Тiзбектi жалғастыр. Логикалық ойлау қабiлетiн дамытуға арналған жаттығу.

  2. Артық заттарды сыз. Бiрiншi топтағы нысандар атауы – бұл дыбыстарды шығаруға болатын қоңырау, ал екiншi топтағы нысанның атауы – дыбыс шығармайтын глобус.

  3. Бiр, екi, үш, төрт, бес дейік.

Барлығын санап көрейiк.

Оқушылардың аңдардың орналасқан орнын нөмiрлеп, жазуы керек немесе мұғалiммен қосылып ауызша аңдарды санауы қажет.

Сергiту сәтi

Берiлген тақпақты оқушылар қайталау арқылы саңырауқұлақтың қозғалысын көрсетедi: ары берi жүредi, жерге қарай иiледi, саңырауқұлақтарды жинайды. Қозғалысты асықпай, белгiлi бiр ырғақпен жасағаны дұрыс.

4-5 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат.

Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпараттың жаңа түрлерiн қарастыру.

  2. Оқушыларды ақпарат түрлерiн ажырата бiлудi үйрету.

  3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға ақпарат және оның түрлерi материалдарын қайталату ұсынылады.

Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны сынып оқушыларымен бiрге қорытындылау мына түрде өткiзiледi:

  • Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иiс сезу, сипап сезу және дәмдi сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.

  • Егер бiз ақпаратты сезiм мүшелерi арқылы қабылдасақ, онда ол – сипап сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы – “тактильдiк ақпарат”.

  • Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол – иiс сезу ақпараты болып табылады.

  • Егер бiз ақпаратты тiл мүшесi арқылы қабылдасақ, онда ол – дәмдiк ақпарат деп аталынады.

  • Есту, көру, сезу, иiс және дәм сезу мүшелерi – бұл ақпаратты алу арнасы болып табылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм :

Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi су жылы ма, әлде үтiк ыстық па және т.б. әрекеттердi өз денемiз арқылы байқаймыз.

Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың иiсiн сезсеңдер, онда не iстер едiңдер? Ондай жағдайда жедел жәрдем қызметiне хабар беремiз. Жаңа жылда қандай иiстер сезесiңдер? Мәселен, шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады. Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол иiс сезу мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.

Ал ендi мына бiр көрiнiске назар аударайық. Аруна Әлімге алма бердi. Оның сыйлаған алмасының қышқыл, не тәттi екенiн Әлім қалай бiледi? Бұл жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол – дәм сезу ақпараты деп аталады.

Сонымен, ақпаратты мынадай сезiм мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту, көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу – бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.

4-сабаққа арналған тапсырмалар:.

  1. Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя.

Аруна мен Әлімнiң қандай ақпарат түрлерiн алатынын оқушылармен бiрге талқылаңдар .

1 және 2 суреттер – дәмдi сезу ақпарат.

3 және 4 суреттериiс сезу ақпараты.

5 және 6 суреттерсипап сезу ақпараты.

2. Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос.

тышқан – сыр

қоян – сәбiз

балапан – бидай

ақ тиін – жаңғақ

қонжық – бал

3. Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос. Боя. Бұл тапсырманы орындау барысында гүлдердiң иiс сезу ақпаратына енетiнiн талқылаңдар.

  1. Суретте не бейнеленгенiн әңгiмеле. Боя.

  2. Суреттерде қандай ақпарат түрлерi бейнеленген?

  3. Сөздердi әрiптермен қос. Бұл сөздердiң қандай ақпарат түрлерiмен байланысты екенiн талқылаңдар.

5-сабаққа арналған тапсырмалар:.

  1. Суреттер ішінен дәмі тәттi, тұзды, қышқыл, ащы заттарды тап.

  2. Сөздердi құрастыр: торт, сары, суық, түтін, дыбыс.

  3. Қатарды жалғастыр. Тақ сандар – 1,3,5,7,9

  4. Жеуге болатын заттарды боя.

  5. Тиісті әрiптердi қойып, шыққан сөзді оқы. Елік, есік, ара, аша

  6. Суреттерді сәйкес әрiптермен қос. Піл, от, шырша, әтеш. Олардың қандай ақпарат түрлерiне жататынын талқылаңдар.

  7. Тiзбектi жалғастыр.


Сергiту сәтi

Балалар желдiң қозғалысын көрсетедi. Оқушылар “Тыныш” сөзiне отырады, ал “жоғары” сөзiне – тұрады.

6-7 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат түрлерiн қайталау.

  2. Нысанның ұғымын түсiндiру.

  3. Нысан қасиеттерi (атауы, түсi) туралы ұғымды қалыптастыру.

  4. Нысанды түр-түсiне қарай қабылдау, елестету мен назар аудару жөнiнде мағлұмат беру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Сабақтың бiрiншi бөлiмiнде ақпарат түрлерiн қайталау ұсынылады. Жедел-сұрақтар түрiнде оқытуда оқушылардың ынтасын арттыру барысында сергiту жаттығуларын беруге болады:

  • Кiм «Мяу» дедi? Оқушы «Мысық» деп жауап бере отырып, ақпарат түрлерiнiң бiрiн атайды. Мәселен, «Дыбыстық ақпарат».

  • Қандай доп екенiн қалай бiлуге болады? Оны ұстау керек. Резіңкелі. Сипап сезу ақпараты.

  • Қуырылған картоптың иiсi шығады. Бұл – қандай ақпарат? Иiс сезу ақпараты.

  • Лимон ащы? Дәм сезу ақпараты.

  • Парта үстiнде кiтап жатыр. Көру ақпараты және т.б.

Жаңа материал әңгiме түрiнде түсiндiрiледi. Бұл сабақта нысан ұғымы, оның атауы және қасиеттерiнiң бiрi ретiнде түс алынатындығы туралы жалпы ұғымдар берiледi. Аталған материалдарды беру арқылы оқушының ұғымдарды есте сақтауға байланысты ойлау қабiлеттерi қалыптасады. Соның нәтижесiнде талдау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау жүйесi дамиды.

Жаңа материалды бекiту барысында геометриялық денелер мен олардың түстерiн анықтау туралы мысалдар берiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, сендер жансыз (доп, кiтап, парта, компьютер және т.б.) және жанды заттарды (мысық, құс, адам және т.б.) ажырата бiлдiңдер. Осы аталған затты бiз бiр сөзбен айтқанда, нысан деп атайтын боламыз. Нысан ретiнде ертегiнi, математикалық есептердi және күнделiктi салып жүрген суреттерiңдi де алуға болады. Әрбiр нысанның өзiндiк аты, мысалы, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш. Сонымен бiрге нысанның өзiндiк қасиетi бар. Сол қасиеттерiнiң бiрi – түс. “Доп” заты қызыл, көк және жасыл түстi болуы керек. «Гүл» ақ, сары, күлгiн болуы мүмкiн. Жасыл түстi нысанға мысал келтiр (жапырақ, шегiртке, бақа, қалтырауын).

6-сабаққа арналған тапсырмалар:.

  1. Заттарды қажеттi түспен боя.

  2. Артық нысанды сызып таста. Қияр мен қызанақ.

  3. Түстерi бiрдей заттарды қос.

  4. Шарларды боя. Шар түстерi алмасады: қызыл, көк, жасыл және т.б.

  5. Суреттері бірдей өрнектерді тап.

  6. Ойыншықтарды үлгi бойынша боя.

  7. Кемпiрқосақтың әрбір түсiне сәйкес заттарды таңда.

  8. Гүлдердi, үшбұрыштарды және көбелектерді толықтырып боя: гүлдi – қызыл, үшбұрышты – жасыл, көбелектi – сары түстермен. Әрбiр жол мен бағанда Нысан түстерiнiң қайталанбайтынын оқушылармен талқыла.

7-сабаққа арналған тапсырмалар:.

  1. Қандай жемiстер жасыл, қызыл, сары түстi болуы мүмкiн? Суретін сал.

  2. Нысандар тобын ата: ЫДЫСТАР, ЖЕМIСТЕР, ҚҰРАЛДАР, АҢДАР, БАЛЫҚТАР, ГҮЛДЕР.

  3. Сенiң атың кiм? Егер балалар аттарын жазуға қиналса, онда жаттығуды ауызша өткiзуге болады.

  4. Көктем мен күз мезгiлдерiнде жапырақтардың түсi қандай болатынын анықта: көктемде – жасыл, күзде – сары.

  5. Жұмбақты шеш.

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу балпандап. (Балапан)

Аспаннан түсті ақ мамық (Қар)

Жауыннан соң қаптаған

Тұздап алып, сақтаған (Саңырауқұлақ)

Сергiту сәтi

8-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.

Тапсырмалар:

  1. Әлім қандай дыбыстарды естiдi? Жұмыс дәптерiнiң бос жолына жауаптарыңды жазыңдар. Оқушылар «дыбыстық» сөзiн жазуы керек

  2. Аруна қандай ақпараттар алды? Жұмыс дәптерiнiң бос жолына жауаптарыңды жазыңдар. Оқушылар «көру» сөзiн жазуы керек.

3. Сөздердi сәйкес нысандармен қос. Суреттегi нысан дәмдiк және иiстiк ақпараттар туралы мағлұмат бередi.

4. Келесi денелердің суретін сал.

а) дөңгелектi.

б) оң жақтағы жалауды.

5. Қатарды жалғастыр. Пирамиданың 4, 5 сақинасын толықтырып сал.

6. Не артық? Сәбiз.

7. Қатарды жалғастыр. Үшбұрышты сары, көк, қызыл қарындашпен бояу керек.

8. Толықтырып боя. Әрбiр жолда және бағанда гүлдер алмасқан. Шаршыны сары түспен бояу керек.























9абақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютердi және оның бөлiктерiн түсiндiру.

  2. Компьютердiк сыныптағы тәртiптi сақтау ережелерiмен таныстыру.

  3. Көз жаттығуларымен таныстыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютердiң мәнi туралы оқушыларға әңгiмелеп беру. Компьютердiң негiзгi құрылғыларымен оқушыларды таныстыру: жүйелiк блок, монитор, пернетақта, тышқан. Бұл сабақ барысында компьютер құрылғыларын толықтай сипаттаудың қажет емес. Жұмыс дәптерiндегi компьютердiң негiзгi құрылғыларына қарап, берiлген суреттердi бояңдар.

Содан кейiн жұмыс дәптерiнде берiлген компьютер сыныбында сақталатын тәртiп ережелерiн қараңдар да, компьютермен жұмыс жасаудың техника қауiпсiздiгi ережелерi бойынша әңгiме өткiзiңдер. Көз жаттығуларын жасаңдар.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар! Компьютерлер өте көп. Әрине, бiз онымен ойнай аламыз, ән тыңдаймыз, оның көмегiмен түрлi-түстi боялған суреттер саламыз, есептер шығарамыз ертегiлер басып шығара аламыз. Егер сен дұрыс бұйрық берсең, онда оны компьютер дұрыс орындайды. Сонымен бiрге жаңа пәндi меңгеру барысында компьютер бiзге көмекшi болады.

Компьютер неден жасалған және ол қандай бөлiктерден құралған? Компьютер - өте күрделi құрылғы. Оның құрамына жүйелiк блок, монитор, пернетақта және тышқан енедi. Аталған құрылғыларды бiлсе де жеткiлiктi. Тышқан – екi немесе үш батырмалардан тұратын кiшкене сұр құрылғы. Бұл батырмаларды бiр немесе екi рет шертуге болады. Екi рет тез басқан кезде онда қажеттi программалар немесе файлдар ашылады. Егер тышқан көрсеткiшiн қандай да бiр нысанаға апарып, оны жiбермей, басқа орынға апарып бiр орыннан келесi орынға жылжытуға болады.

Суретке назар аударсақ, онда Арунада 3 батырмалы, ал Әлімде екi батырмалы тышқан бар екенiн байқаймыз. Оның бiр батырмасы “сол жақ”, ал келесi батырмасы “оң жақ” деп аталынады. Аруна сол жақ батырманы жасыл түске, ал Әлім оң жақ батырманы сары түске бояп қойды. Тышқан өзiмен дұрыс қарым-қатынас жасағанды жақсы көредi. Ал егер оны қалай болса солай ұстап, онымен жұмыс жасаудың ережелерiн сақтамайтын болсақ, онда ол тез iстен шығып қалады да, сенiң жасайтын әрекеттерiңiздi дұрыс орындамайды. Егер сен тышқанмен жұмыс жасайтын ережелердi дұрыс сақтасаң, онда ол сенiң әрекеттерiңдi дұрыстап орындап бередi және сенi тыңдайтын болады. Ендi оны дұрыстап ұстауды үйренейiк. Суретте көрсетiлгендей етiп, алақаныңызды тышқан үстіне қойыңыз. Сұқ саусағыңды “сол жақ” батырмаға, ал ортаңғы саусақты “оң жақ” батырмаға тигізіп ұста. Үлкен саусақ пен кiшкентай саусақ оның қырынан қысып ұстайды.

Компьютер құрамына мәлiметтердi енгiзуге негiзделген пернетақта құрылғысы енедi. Пернелердi басу арқылы түрлi ақпараттарды бiз компьютерге енгiзе аламыз. Мәтiндiк ақпарат, сурет, фотография монитор деп аталатын құрылғыда бейнеленедi. Жүйелiк блоктың алдыңғы бөлiгiнде компьютердi iске қосу батырмасы, сонымен бiрге онда негiзгi бөлiктер, атап айтқанда, процессор, жады және т.б. орналасқан.

Балалар, Сiзде компьютермен жұмыс жасаған кезде техника қауiпсiздiгi ережелерiмен қатар тәртiптi сақтау ережелерiн де есте сақтағандарың дұрыс: электр сымы мен ажыратып қосқышты тиiспеу, сыныпта жүгiрмеу, компьютер жанына артық заттарды қоймау, ылғал қолмен және киiммен жұмыс жасамау, компьютер алдында қисаймай тiк және монитор экранынан 50 см қашықтықта отыру.

Жұмыс дәптерiндегi көздiң шаршағандығын басуға арналған жаттығуға назар аударыңдар. Аруна мен Әлім көздерi шаршамас үшiн не iстейдi? Аруна көзiн бұлшық етiне салмақ түсiре отырып 1 – 4 рет қатты жұмады да, содан кейiн көзiн ашады. Көздiң бұлшық етiне көп салмақ түсiрмей, 1 – 6 рет алысқа көз тастайды. Аталған әрекеттердi еске сақтап, қайталап көрейiк. Әлім көзi шаршамас үшiн не iстедi? Әлім 1 – 4 рет алысқа көз тастады, содан кейiн көздi ашып, 1 – 6 рет алысқа қарайды. Оқушылар осы әрекеттердi де еске сақтап, қайталайтын боламыз.

Тапсырмалар:

  1. Аруна мен Әлім компьютер сыныбында. Суретте қандай жағдайлар бейнеленгенiн оқушылармен талқылау.

  2. Көзге арналған жаттығуларды қайталау.

Сергiту сәтi:



10-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Пернетақтамен танысу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды пернетақтамен таныстыру.

  2. “Меңзер” ұғымын енгiзу.

  3. Оқушылардың пернетақтамен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бұл тақырыпты игеру балаларға онша қиындық келтiрмейдi. Әрiптердi дәптерге жазғаннан гөрi оны пернетақта арқылы басқан жеңiл. Пернетақтадағы әрiптердiң орналасу ретiн бiлiп алсаң жеткiлiктi. Кез келген компьютерде мәтiндiк редактор бар. Мәтiндiк редактордың қай түрiн таңдайсыз, ол мұғалiмнiң еркiнде. Әрбiр сабақтың алдында мәтiндiк редакторды барлық компьютерге жүктеп қойғаныңыз дұрыс. Бұл жағдайда, балалар аталған тақырыпты тез меңгеруге мүмкiндiк алады. Балалар өзiне қажеттi программаны таңдауды тез меңгерiп алады. Әрбiр сабақта балаларға перненi басу мүмкiндiгiне көңiл аудару керек. Кiмде-кiм жұмыс дәптерiндегi тапсырманы тез орындаса, онда сол оқушыға сыйлық ретiнде компьютермен өздігінен жұмыс істеуге мүмкiндiк берiлу керек. Сыныпты екi топқа бөлуге болады: бiрiншi топ жұмыс дәптерiндегi тапсырманы орындаса, ал екiншi топ пернетақтадағы перненiң жұмыс жасау мүмкiндiктерiмен танысады. Әрiптердi қате терсе де, мақтап қойған абзал. Әлiппе немесе Ана тiлi оқулықтарынан мәтiндердi, сергiту сәтiндегi берiлген тақпақтарды, тақпақтар мен жұмбақтарды пайдаланып тергiзу арқылы оқушыларды компьютермен жұмыс жасата берген тиiмдi. Ондай әрекеттердi орындау оқушылар үшiн үлкен қуаныш.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар! Бүгiн бiз алғаш рет компьютермен жұмыс істеп отырмыз. Ендi бiз компьютердiң негiзгi құрылғыларының бiрi пернетақтамен танысатын боламыз. Онда өте көп батырмалар орналасқан және олар 100-ден асады. Пернетақтада әрiптер, сандар және арнаулы таңбалар орналасқан пернелер бар. Олармен болашақта танысатын боласыңдар. Өздерiңнiң аттарыңды жазып көрiңдер. Бұл - өте қарапайым, яғни пернетақтадағы қажеттi әрiптердi тауып, соған бассаңдар жеткiлiктi. Пернеге саусақтарды басып тұрмай, үзiк қозғалыспен жеңiл басу керек. Нәтижесiнде не пайда болды? Барлық әрiптердiң көлемi бiрдей, сендер ендi аты-жөндерiңнiң үлкен әрiптермен жазылатынын бiлесiңдер. Ал ендi үлкен әрiптердi басып көрейiк. Ол үшiн бiр колдарыңмен Shift пернесiн жiбермей басып тұрып, екiншi қолдарыңмен қажеттi пернелерге басасыңдар. Нәтиже шықты ма? Жарайсың! Егер балалар сендер, CapsLock пернесiне басатын болсаңдар, онда саусақтарыңмен Shift пернесiн басып ұстап тұру қажет емес.

Балалар! Монитор экранында сендер көрiп отырғандай тiк сызықша өшiп жанып тұр. Бұл – меңзер. Ол мәтiннiң қай орынға басылатынын көрсетедi. Тышқанның немесе ←↑↓→ тілсызық пернелердiң көмегiмен меңзердi экран бойынша жылжытуға болады. Меңзердi келесi жолға көшiру үшiн Enter батырмасына басамыз. Оны еске сақтаңдар! Сен оны жиi қолданатын боласыңдар. Сөздердi бiр-бiрiнен ажырату үшiн бос орын пернесiн басамыз. Ол пернетақтаның төменгi қатарында орналасқан ұзынша перне. Таптыңдар ма?

Егер сен қате жiберсең, түзету үшiн мына пернелер қолданылады: егер меңзердiң сол жағында қате жiберсең, онда Backspace пернесiн, ал меңзердiң оң жағында қате жiберiлсе, онда Delete пернесiн басасың. Меңзердi сөздiң ортасына орналастырып, Backspace және Delete пернелерiне басып көр. Әрiптердiң қалай өшiрiлгенiн байқадыңдар ма?

Тапсырма

  1. Пернелердің атаулары мен қызметтерiн есiңе сақта. Олардың пернетақтадағы орнын тауып, сызықтармен қос.

Сергiту сәтi





11-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Пернетақтаның қарапайым жаттығуымен таныстыру.

  2. Меню ұғымын енгiзу.

  3. Пернетақтамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Пернелермен жаттығу програмаларының түрi өте көп. Әрiптер түсiп қалмас үшiн немесе бiреу оны жұтып қоймас үшiн қажеттi пернені басып үлгеру керек. Алғашқы сабақтарда мұндай жаттығулармен жұмыс жасау ұсынылмайды. Әрбiр оқушыға өз жылдамдығына сәйкес жұмыс жасайтындай жаттығу программаларын беру ұсынылады. Оқушы қажеттi әрiптi терiп болғанша, жаңа мәтiн экранда көрiнбеуi керек. Ондай жаттығу программаларының қатарына «Емеля және пернелер» программасын алуға болады. Оны компьютермен жұмыс істеу барысында барлық сабақтарда да қолданылу ұсынылады. Жұмыс дәптерiндегi Меню, қарапайым Меню, күрделi Меню қарастырылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, сендер, Емеля мен оның кез келген тiлегiн орындаған сиқырлы Шортан туралы ертегiнi бiлесiңдер. Сиқырлы Шортан Емеляға компьютер сыйлайды екен. Ендi ол компьютерде жұмыс істеуді үйренiп жатыр. Ендi бiз де компьютерде жұмыс жасауды үйренемiз.

Пернетақтада дұрыс және тез басып үйрену өте қажет. Ал егер балалар сендер пернетақтаға қарамай 10 саусақтарыңмен бiрдей жұмыс жасап үйренсеңдер өте жақсы болады. Бұған да үйренуге болады! Тек жаттығып, қарапайым ережелердi орындау керек:

- жан-жаққа қарап иiлмей, тiк отыру;

- аяқты имей, созбай, еденге тiк қою;

- пернелердi жеңiл басу;

- қолдың барлық саусақтарымен пернелерді басуға тырысу;

- жұмыс кезінде демалу үшiн үзiлiстер жасау;

- егер алғашқыда тапсырманы дұрыс орындай алмасаң, оған налымау керек.

Компьютермен жұмыс істеу барысында бiз негiзгi ұғымдардың бiрi Менюмен таныс болуымыз керек. Меню – бұл бiзге қажеттi әрекетті таңдауға мүмкiндiк беретiн тiзiм. Жұмыс дәптерiндегi берiлген суреттерге қарап, тапсырманы орындаңдар.

Тапсырма.

  1. Қарапайым Менюдi қарастыру.

  2. Күрделi Менюдi қарастыру.

Сергiту сәтi

12-13 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні).

Сабақтың мақсаты:

  1. Нысан (пішін, өлшем) қасиеттерiн қарастыру.

  2. Нысандарды белгiлерiне қарай ажырата бiлуге үйрету.

  3. Нысанды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Нысанның белгiлерiне қарай ажырату оқушылардың ойлау әрекеттерiн қалыптастыруда негiзгi қызмет атқарады. Нысанның қасиеттерi, пiшіні және көлемі ұғымдары түрлi формаларда (әңгiмелесу, сұрақ-жауап, әңгiме, ойын және т.б.) түсiндiрiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Нысанның пішін деп аталатын қасиетi бар. Ол ұғым түсiнiктi болу үшiн бiз сiздермен ойын ұйымдастырамыз. Мен сендерге түрлi геометриялық денелерді ұсынамын, ал сендер, оның iшiнен сол денелерге ұқсас заттарды анықтайсыңдар. Мысалы, тiктөртбұрыш. Ол қандай пішін бередi? Дәптер, кiтап, конверт және т.б. дұрыс анықтадыңдар. Дөңгелек түрiне ұқсайтын қандай заттарды бiлесiңдер? Дөңгелек, шар, қарбыз, алма және т.б. Үйдiң төбесi неге ұқсайды? Үшбұрышқа ұқсайды деп жауап бередi. Әрине, жауаптарың дұрыс. Ұқсас заттардың түрлерi әр түрлi болуы мүмкiн, мысалы, сағат дөңгелек және шаршы, ал айна дөңес немесе тiктөртбұрыш.

Нысанның тағы бiр қасиеттерiнiң ретiнде көлем қарастырылады. Бұл – жалпы ұғым. Көлем туралы қандай ұғымдар болуы мүмкiн:

Биiк таулар – төмен қыраттар.

Тар соқпақ – кең жол.

Терең теңiз – тайыз бұғаз.

Бойы сұңғақ Алпамыс – қысқа бойлы Тазша бала.

Үлкен пiл –кiшкентай тышқан.

Толық Палуан – арық жалмауыз кемпір.

Көлемдерi мен пішіндерi бойынша әр түрлi болатын нысандарға мысалдар келтiрiңдер.

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Нысандарды қарап шық.

  2. Ұқсас денелерді бір-бірімен қос.

  3. Бейнелерді толықтырып сал: етеккөйлек – трапеция, доп – дөңгелек, бел – иiлген.

  4. Есептi шеш: Аруна Әлімнен биiк,

Әлім Динадан биiк.

Кiм биiк? _______________

Кiм аласа? _______________

  1. Үлгiге қарап, денелерді боя.

13-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Пішіндері бірдей суреттерді бiр түспен боя.

Пішіндері бірдей нысандарды сызық арқылы қос.

  1. Бiрдей жалаушаларды сызық арқылы қос.

  2. Денелер қайдан қиып алынған? Олардың өз орындарын тауып, бір-бірімен сызық арқылы қос.

  3. Қатарды жалғастыр. Мұндай тапсырмалар көп қиындық келтiрмейдi, келесi тілсызық – жоғары қараған.

  4. Жалаушаларды қызыл түспен боя.

ТҮС – бір қатарға дәл осындай жалауды басқа түспен бояп салу керек, мысалы, көк түс.

КӨЛЕМ – қызыл түстi үлкен немесе кiшкентай жалауды салу.

ПІШІН – қызыл түстi төртбұрыш жалаушаны салу.

ТҮС және КӨЛЕМ – көгiлдiр түстi үлкен жалаушаны салу

ПІШІН және ТҮС – көгiлдiр түстi үшбұрыш жалаушаны салу.

  1. Артық нысанды сызып таста (дөңес шар).

  2. Берілген қасиеттеріне сәйкес нысандардың суретін сал:

- пішіндері бірдей. Олар дөңгелек, шаршы, дөңес және үшұрышты нысандар болуы мүмкiн.

- түстерi бірдей;

- көлемдері бірдей.

8. Түйелердi бойларына қарай өсу ретiмен орналастыр.

Сергiту сәтi


14-15 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы).

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды нысанның құрамды бөлiктерi ұғымымен таныстыру.

  2. оқушыларды нысанның құрамын анықтауға дағдыландыру.

  3. оқушыларға құрамды бөлiктерi бойынша нысанды анықтау мен сипаттау әрекеттерiн үйрету.

  4. оқушылардың ынтасы мен шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бүтiн нысанды құрамды бөлiктерге бөлу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекеттерiн қалыптастыруға болады. Нысанды құрамды бөлiктерге бөлу, бiрiншiден, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, екiншiден, қарапайым нысандарды, құбылыстарды және процестердi талдаудан олардың арақатынасын талдауға өтуге қоршаған ортадағы құбылыстардың негiзгi түсiнiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл тақырыпты әңгiме түрiнде және жұмыс дәптерi бойынша түсiндiруге болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Барлық қоршаған ортадағы нысандардың iшiндегi қарапайымының өзiн талдау өте көп қиындық келтiредi. Нысанды жан-жақты үйрену үшiн олардың қандай бөлiктерден тұратыны туралы мәліметті бiлу керек. Мысалы, кiтап қағаз бен парақтардан, жүк машинасы кабинадан, жүксалғыштан және дөңгелектен, үстел ағаш аяқтардан және ағаш қақпақтан құралады, ал орындықтың қосымша ағаш арқасы бар, терек тамырдан, бұтақтардан және жапырақтардан құралған.

Ендi, балалар, компьютер қандай бөлiктерден тұратынын есiмiзге түсiрейiк. Ол жүйелiк блоктан, монитордан, пернетақтадан және тышқаннан тұрады. Ал ендi үй, сөмке, пернетақта, компьютер, қалам, шәйнек, қаламұштың қандай бөлiктерден тұратынын айтыңдар?

Ұқсас құрама бөлiктерден тұратын нысандарды атаңдар (үстел – саңырауқұлақ, сағат– компас, машина – түймелі коньки, ұлу – тасбақа, құс - ұшақ).

Төмендегi берiлген ертегiлер кейiпкерлерiнде қандай ерекшелiктер бар:

- Мақта қыз бен мысық;

- Түлкi мен бөдене;

- Ақ тиiн мен қасқыр;

- Арыстан мен тышқан

- Қасқыр мен Қызыл телпек

Төмендегі заттардың қандай нысанның (жанды немесе жанды емес) құрамды бөлiктерi болып табылатынын анықта:

- аяқтар (үстел, орындық, адам, аңдар);

- жапырақ (ағаштар, гүлдер);

- дөңгелек (машина, ұшақ, паровоз);

- парақтар (кiтап, дәптер, альбом);

- телпекше (шеге, саңырауқұлақ).


14-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Төменде берілген нысандар қандай денелерден құралған?

  2. Суреттердi бояп, не артық екенiн айт.- Үстел.

  3. а)Үлкен дене қандай жай денелерден тұрады?

ә) Үлкен денені құраған жай денелерді тауып, қорша.

  1. Берiлген денелерден нысанды құрастырып, суретін сал.

15-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Нысанды толықтырып сал.

  2. Жұмбақтарды шеш:

Үй үстінде ұсақ тас (Жұлдыз)

Көк лағым көгенде жатып семіреді (Қарбыз)

Екi ұшы мен екi құлағы бар

Ортасында пышағы бар (Қайшы)

3. Шарлардағы әріптерден сөз құрастыр және оны боя (Компьютер)


Сергiту сәтi

16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.

Тапсырмалар.

1. Бұл нысандар қандай белгiлері бойынша бiрiктірілген.

2. Суреттер қандай бөліктерден құралған? Боя.

Оқушылар олардың қатарына тiктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, трапеция, сызықты салу керек.

3.Қандай сезім мүшелерінің көмегімен ақпараттар аламыз?

Есту

Көру

Дәм сезу

Иіс сезу

Сипап сезу

4.Тапсырманы оқып, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.

Компьютерде ойнауға болады - ИӘ

Компьютер сыныбында ойнауға болады - ЖОҚ

Компьютер көмегімен сурет салуға болады – ИӘ

Сымға және токқа тиісуге болмайды – ИӘ

5. Бұл нысандар бір сөзбен қалай аталады? Өсiмдiк, ойыншықтар, киiм, аңдар.


17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.

Тапсырмалар.

  1. Пішіндері бірдей нысандарды сызықтар арқылы қос? Боя.

  2. Не артық?

  3. Суреттер қандай нысандардан құралған. Боя.

  4. Нысандардың ортақ белгісі қандай?

  5. Моншақтар тізбегін жалғастыр.

  6. Шарлардан қандай сөздер құрастыруға болады? КІТАП ҚАЛАМ

  7. Мына нысандарды сал:

А) жасыл инелері бар (ШЫРША)

ә) ұзын құлақты

кішкене құйрықты,

өзі сұр,

сәбізі бар. (ҚОЯН)

8. Суретші нені салуды ұмытты? ТЫШҚАН

18-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).

Сабақтың мақсаты:

  1. нысанның қасиеттерiн қайталау.

  2. оқушыларды нысанның белгiлерiн анықтауға, бөлiп алуға және қарама-қарсы қоя бiлуге дағдыландыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бұл сабақ нысан қасиеттерi бойынша жалпылама болып табылады. Аты, түсi, көлемi, пішіні және құрамы деп аталатын қасиеттерi бар екенiн атап өту қажет. Нысан белгiлерiнiң қарама-қарсы ұғымын енгiзу. Сабақты әңгiме түрiнде өткiзуге болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Сонымен, кез келген нысанның өзiндiк аты бар. Бiрақ бiз оның атын естiп, көз алдымызға елестететiн жағдайлар да мүмкiн болмай қалады. Мысалы, гүл үлкен немесе кiшкентай, қызыл, ақ немесе көгiлдiр болуы мүмкiн. Сонда бiз нысан туралы түсiнiктi қалыптастыруымыз үшiн оны белгiлерi бойынша анықтауды үйренуiмiз керек.

Балалар, нысанның ортақ белгiлерiн анықтай бiлуiмiз керек, мысалы, доп, қарбыз және алма – дөңгелек пішінді берсе, ал қияр, айдаһар және бақалардың ортақ белгiсi – жасыл түстi болып келеді.

Нысанмен әрi қарай жұмыс жасау үшiн бiз олардың ортақ қарама-қарсылық қасиеттерiн ажырата бiлуiмiз керек, мысалы:

Суық сүңгiлер – ыстық тоқаштар.

Сулы қолшатыр – құрғақ құм.

Қараңғы түн – жарық күн.

Мықты көпiр – жұқа жаңа қатқан мұз.

Әйнек құмыра – ағаш ыдыс.

Темiр балғарезіңке доп.

Жейтiн жемiсжемейтiн саңырауқұлақ.

Ауыр балғажеңiл қауырсын.

Ортақ және қарама-қарсылық белгiлерiне мысалдар келтiрiңдер.

Тапсырма.

  1. Нысандардың ортақ белгiсін анықта. Оқу құралдары, гүлдер, сары гүлдер, жасыл гүлдер, металдан және ағаштан жасалған.

  2. Мына топтағы артық суретті көрсет. Боя. Аяз ата костюмiн киген қоян.

  3. Мағынасы қарама-қарсы сөздердi жаз. Үлкен – кіші, ЫСТЫҚ – СУЫҚ, КЕҢ - ТАР

  4. Не артық? Кiтап, Қызыл телпек, саңырауқұлақ, қарындаш, парашют (тек төмен қарай ұшады).


Сергiту сәтi

19-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Ұқсас» және «әр түрлi» нысандарды қарастыру.

  2. әр түрлi” және “ұқсас” нысандарды анықтап, таба бiлуге үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

“Ұқсас” және “әртүрлi” нысандар ұғымын қалыптастыруды жұмыс дәптерiндегi берiлген нысанмен жұмыс түрiнде өткiзуге болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Қар ерiп, көктем ерте басталған кезде қар астынан гүлдер өсiп шығады. Жаз бойы күз түскенге дейiн бұл гүлдер түрленiп гүлдене бередi. Гүлдi нысан ретiнде қарастырайық. Олар ұқсас немесе пішіні, көлемi, иiсi бойынша әр түрлi болуы мүмкiн.

Егер сен мектептiң кiтапханасына барсаң, онда кiтаптар жиналған сөрелердi көресiң. Кiтаптар аты, мазмұны, көлемi және түсi бойынша ұқсас немесе әр түрлi болуы мүмкiн.

Жұмыс дәптерiндегi берiлген геометриялық денеге назар аударыңдар. Ондағы геометриялық денелер – моншақтар дөңгелек, шаршы, үшбұрыш. Олар түрлi-түстi, үлкен және кiшкентай болуы мүмкiн.

Жапырақтың түбiрi мен бұтағын, қарақат пен аққайыңды бiр-бiрiнен қалай ажыратасың? Оларды пішіні мен көлемi бойынша ажыратуға болады. Қайыңның жаздағы және күздегi жапырақтары бiр-бiрiнен қалай ажыратасыңдар? Түстерi бойынша ажыратылады. Дұрыс айтасыңдар.

Ендi балалар, сендер ұқсас және әр түрлi болып келетiн нысандарға мысал келтiрiңдер.

Тапсырмалар

  1. Үлгiге қарап боя.

  2. Ұқсас денелерді жалға.

  3. Ұқсас және әр түрлi нысандардан құралған тiзбектердi қарастыр.

  4. Ұқсас нысанды жалға: гүл, моншақ, саңырауқұлақ, жапырақ. Оларды боя.

  5. Нысандардың қандай айырмашылықтары бар? Оларды бірдей етіп сал және боя.

  6. Не артық?

Сергiту сәтi

20-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi.

Сабақтың мақсаты:

  1. нысанмен жұмыс жасау әрекеттерiн атап, анықтауға үйрету.

  2. нысанды жұмыс жасау әрекеттерi бойынша топтап, жалпы қасиеттерін табуға үйрету.

  3. нысанның белгiлерi, құрамды бөлiктерi және әрекеттерi бойынша анықтап, сипаттауға үйрету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Нысандармен жұмыс жасаудың көптеген iс-әрекеттерi түсiнiктi, мысалы, доп секiредi, машина жүредi, қоңырау шылдырлайды, гүлдер өседi, кiтаптар оқылады.

Ұшақ, компьютер, көтерме кран, қарға, мысық, тышқан, қалам, қарындаш, қаламұш, фонтан, мұғалiм, оқушы қандай iс-әрекеттердi орындауы мүмкiн? Ал ендi оқушылар, мына әрекеттердi қандай заттардың орындайтынын анықтаңдар: жүгiру, секiру, оқу, жазу, сурет салу, жүзу, ұшу, шиқылдау, кесу, соғу, иiскеу.

Ендi нысанды сипаттауға көшейiк. Көбелек - кiшкентай, сары, ұшады. Қарындаш – ағаштан жасалған, қызыл, сурет салады. Апельсин үлкен, сарғыш, тәттi, оны жейдi. Карлсон – кiшкентай, толық, ұша алады. Күнбағысүлкен, сары, өсiп келедi.

Шешiңдер! Бұл кiм немесе бұл не? Бұл нысан қандай әрекет орындауы мүмкiн?

Өзi үлкен, сұр, тұмсығы ұзын? (Пiл).

Тық-тық етедi, уақыт өтедi? (Сағат).

Өзi үлкен, жасыл түстi, жүзедi? (Крокодил).

Дөңгелек пен кабинадан тұрады, көлемдері әр түрлi, түрлi-түстi болады (Машина).

Сырты жасыл, iшi қызыл? (Қарбыз).

Тапсырмалар

  1. Мына нысандар қандай әрекеттерді орындауы мүмкiн?

Қарындаш – сурет салу.

Машина – жолда жүру.

Компьютер – ақпаратты сақтау.

Сағаттаруақытты көрсету.

Гүлгүлдену.

Допсекiру.

  1. Артық нысанды сызып таста: ұшақ, қарындаш, парашют.

  2. Мына нысандарды қолдану арқылы қандай әрекеттер орындауға болады?

Кiтапоны оқуға болады.

Гүлоны суару керек.

Балтаонымен ағаш жаруға болады.

Алмаоны жеуге болады.

Күреконымен жер қазылады.

  1. Жеуге болатын нысандардың астын сыз алма, қарбыз.

Жүзе алатын нысандарды дөңгелекпен қоршап, сурет салуға болатын нысандарды шаршымен белгіле – кеме, балық, қарындаш.

  1. Нысандарды бiрдей етiп сал. Боя.

  2. «. . . не шығады?» ойыны.

Жұмыртқадан – балапан.

Кiрпiштен – үй.

Балапаннан – құс.

Ұннан – нан.

Жiбек құртынан – көбелек.

Сергiту сәтi


21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру.

Сабақтың мақсаттары:

  1. оқушыларға нысан қасиеттерiн ажыратуды үйрету.

  2. оқушыларды берiлген тапсырма бойынша нысанды құруға үйрету.

  3. оқушылардың ойлау қабiлетiн, аналитикалық iс-әрекеттерiн және байқағыштығын дамыту.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Әр түрлi белгiлер бойынша жаңа нысан құрастыру өте маңызды. Мысалы, әрбiр моншақтың дұрыс тiзiлуiнiң өзiндiк белгiсi бар. Олардың түрлерi ұқсас, түрлi-түстi, түстерi бiрдей немесе әртүрлi болуы мүмкiн. Нысанның белгiлерiн бiлу жаңа нысан құрау үшiн қажет. Мысалы, құрылысшылар үй салғанда қажеттi материалдың, оның терезесінің, есігінің, тастарының және т.б. қасиеттерінің, пішіндерінің, түстерінің қандай болатынын бiледi. Биолог мамандар тұқым сортының түрлерiне байланысты өсiмдiктер мен гүлдердiң жаңа түрлерiн қалай өсiру керектiгiн бiледi. Ал, балалар, сендермен бiрге заттың қасиеттерi мен құрамды бөлiктерi бойынша оларды сипаттап, анықтап және құрастырып үйренейiк.

Тапсырма.

  1. Берiлген денелерден құрастыруға болатын нысанды сал (шырша, машина, аққала, үй).

  2. Берiлген қасиеттерi бойынша нысанды тауып, сызық арқылы қос.

а) түсі қызыл, секіреді – доп

ә) тіктөртбұрышты тілдері бар - сағат

б) жасыл, тез жүреді – машина

в) жасыл, өседі - шырша

г) қызыл, иісі бар – гүл

ғ) қызыл, гүрілдейді - машина

д) тіктөртбұрышты, қатты – кірпіш

е) тіктөртбұрышты, тәтті – қант

ж) домалақ, жүреді – тасбақа

з) сұр, жұмсақ – мысық

и) сұр, ұзын тұмсықты – піл

к) домалақ, ілініп тұрады - люстра

  1. Не артық? Нысанды боя.

  2. Гүл салынған құмыраларды бiрдей етіп сал. Боя.

  3. Мына нысандардың ортақ белгiлерiн тап.

Балмұздақ, мұз – салқын.

Қарындаш, қалам – әрекет (жазады), көлемі.

Кiрпi, шырша – тiкенек.

Пышақ, аратемір.

Дәптер, кiтапқұрамы (қағаз), пішіні (тiктөртбұрыш).

  1. Мына нысандардың құрамды бөлiктерiн ата

Кiтапбет, парақтар.

Үстелбетi, аяғы.

Көзілдірікәйнек, ілмек.

Компьютер – жүйелiк блок, монитор, пернетақта, тышқан.

  1. Сөздердi тауып оқы: парта, кітап, перне, сөмке, шырша, қалам.

  2. Бос орынға тиісті санды қой: керекті немесе iзделетін санбарлық қалған сандардың қосындысы.


Сергiту сәтi

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тiзбектер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Тiзбектер ұғымын енгiзу.

  2. Тiзбектердегi заңдылықтарды айқындауды үйрету.

  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабiлетi мен шығармашылық байқағыштығын дамыту.

Әдiстемелiк нұсқау:

Тiзбек – «Алгоритмдер» тақырыбындағы негiзгi ұғымдардың бiрi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Тiзбек – бұл белгілі бір таңбалар бойынша нысандарды орналастырудағы заңдылық. Нысанның түсi, пішінi, көлемi және онымен жасалатын iс-әрекеттер оның таңбалары болып табылады. Балалар, егер сендер нысан тiзбектерiндегi заңдылықтарды анықтауды үйренсеңдер, онда ары қарай қандай процестердiң болатынын алдын-ала бiлiп отырасыңдар. Бұл тақырыпты мысалдар ретiнде қарастырған дұрыс. Тiзбектер мысалдары ретiнде моншақтарды тiзу, цифрлардың өсу және кему реттерiн, алфавиттердегi әрiптердi, апта күндерiн, айлар аттарын, мезгiлдердiң өзгеруiн алуға болады. Ал ендi, балалар, тiзбектерге мысалдар келтiрiңдер.

Тапсырма.

  1. Түсіп қалған сандарды жаз:

а) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

ә) 9, 8, 7, 6, 5, 5, 4, 3, 2, 1.

2. Тiзбектi жалғастыр:

а) 2, 4, 6, 8, 10, 12.

ә) 1, 3, 5, 7, 9, 11.

б) а, б, в, г, д, е.

3. немесе “ ” таңбаларының қажеттісін қой :

а) 2

ә) 8 7 4 1

б) 1 3

  1. Ноталарды нөмiрле.

  2. Жыл мезгiлдерiне сай табиғатта болатын өзгерістерді әңгімеле. Жұмыс дәптерiндегi тапсырмаларды оқушылармен бiрлесе отырып, қарап, қыс, жаз, күз, көктем сияқты тiзбектердiң бар екенiн талқылаңдар.

  3. Заңдылықтарды тап: сандар мен түстерi бойынша шарлар алмасады

  4. Бос орындарға қажетті суреттерді салып, боя. Әрбiр жол мен бағанда ойыншықтар қайталанбайтындай бiр реттен кездесетiндей етiп, орналастыр.

  5. Апта күндерiнiң дұрыс реттілігін көрсет.

Сергiту сәтi


23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға тiзбектердегi әрекеттер реттiлігі ұғымын беру.

  2. оқушыларға оқиғалар тiзбегiн анықтауды үйрету.

  3. оқушыларға «алгоритм» ұғымын түсiндiруге дайындық жұмыстарын жүргiзу.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бiздiң барлық iс-әрекетiмiз белгiлi бiр ретпен орындалады, яғни ол iс-әрекет тiзбектi құрайды. Ендi мысалдарды қарастырайық. Сен таңертең ұйқыдан тұрасың, алдымен, жаттығу жасайсың, жуынасың, содан кейiн киiнесiң, таңертеңгiлiк тамақты iшесiң және мектепке барасың. Егер сен ағаш отырғызғың келсе, онда жердi қазып, оны отырғыза аласың. Анаңа бауырсақ пiсiруге, үйдi жинауға көмектесесiң, сурет саласың, компьютердi өшiресiң, есiктi құлыптау, көшеден өту және т.б. күнделiктi өмiрде iстелетiн кез келген жұмыс белгiлi бiр ретпен орындалады. Қыс, көктем, жаз, күз – бұл табиғаттағы тiзбек. Қай ертегіде қысқы айлардан бұрын сәуiр айы басталады деп тізбектер орны ауысқан? “12 ай” деп аталатын ертегiде. Дұрыс айтасыңдар. Тiзбектегi берiлген әрекеттер қалай көрсетілсе, солай орындағандарың дұрыс, себебi бiр әрекет орындалмай қалса, онда керекті нәтиже шықпайды. Мысалды өздерiң келтiрiңдер!

Тапсырма

  1. Суреттегi әрекеттердің дұрыс реттілігін көрсет. Боя.

  2. Әрекеттер тiзбегiнің дұрыс реттілігін көрсет.

  3. Қандай әрекет көрсетілмеген? (теледидарды iске қосу).

  4. Қандай жыл мезгiлi бейнеленбеген? Толықтырып сал. (жаз – жасыл жапырақты ағаштар).

Сергiту сәтi

24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.

Тапсырмалар

1. Нысандарды бірдей етiп сал. Боя.

Оқушы 1-суретте көлденең сызықтарды, ал екiншi суретте көлденең және тiк сызықтарды және үшiншi суретте тiк сызықтарды жүргiзiп алуы керек.

2. Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызық арқылы қос.

1-нұсқа

Жақсы – жаман

Ыстық – суық

Әлді – әлсiз

Жарық – қараңғы

Жоғары – төмен

Қысқа – ұзын

3. Нысанды өзіне сәйкес әрекетпен сызық арқылы байланыстыр:

Ракета – ұшу

Дельфин – сүңгу

Магнитофон – тыңдау

Теледидар - қарау

Торт – жеу

4. Кестенi толтыр

Оқушы көрсетiлген белгiлермен және әрекеттер бойынша заттың атын жазады, керiсiнше, егер заттың аты белгiлi болса, онда оның белгiлерi мен әрекеттерiн жазады. Жауаптары бiрнеше нұсқадан тұруы мүмкiн.

Атауы

Белгiсi

Әрекет

Балмұздақ

Тәттi

Жейдi

Сүңгi (мұз)

Салқын

Еридi

Көбелек

Сары

Ұшады

Қоян

Сұр

Секiредi

Алма

Қызыл

Жейдi

5. Ноталардың атын жаз.

1-нұсқа. Ми, ля, си.

6.Заңдылығын тауып, қатарды жалғастыр.

  1. Торкөздерді жазып толтыр.


Оқушы мына суреттi толықтырып салуы керек:






8.Толықтырып сал және боя.

25абақ

Сабақтың тақырыбы: Жиын

Сабақтың мақсаты:

  1. Жиын ұғымы мен оның элементтерiн енгiзу.

  2. Жиынға енетiн элементтердi анықтауды үйрену.

  3. Берiлген қасиеттерi бойынша жиын элементтерiн бөлiп алуды үйрету.

  4. Жиынмен жұмыс жасау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жиын деген ұғым математика мен информатика саласының маңызды түсінігі болып табылады. Жиын элементтерден құралады. Жиын туралы формальды талдау жүргiзу үшiн бiзге мынадай үш шарт көмектеседi:

  1. Жиын элементтерi саналуы бойынан реттеліп берілуі мүмкiн.

  2. Жиын элементтерi әр түрлi болуы мүмкiн

  3. Жиын элементтерiнiң қатарында мән болмайды.

Мысалы, {1, 2, А, В} және {В, А, 2, 1} жиындары тең.

Ортақ жиындар деген түсiнiк енгiзiледi, ал әзiрге оны жалпы жиын деп атауға болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Жиын – бұл әр түрлi заттардың өте үлкен саны, кейде математикада бос жиындар да болады, бiрақ бiз қазiр ол туралы айтпаймыз. Балалар, сендердiң сөмкелерiңде iшiнде не бар екенiн көрейiк? Онда оқуға қажеттi құралдар жиынтығы бар. Аттарын атаңдар. Дәптер, кiтап, қалам, қарындаш – бұл элементтер оқуға қажеттi құралдар жиыны. Егер сөмкеңде ойыншық болса, онда ол осы жиынға жатпайтыны түсiнiктi. “Гербарий” қандай элементтер жиынынан құралған? Әрине, кептiрiлген жапырақтардан тұрады, ал әр жапырақ – бұл “гербарий” жиынының элементтерi. Ендi мынадай бiр мысал қарастырып көрейiк. Анаң базарға барып картоп, орамжапырақ, алма, алмұрт, өрiк, қызылша, және сәбiз сатып әкелдi. Сорпа пiсiрiп және компот қайнату үшiн не алу қажет және олардың жиындарын қалай атайды? Әрине, бұл “жемiс – жидек” жиындары. Ал егер мамаң балық сатып алса, онда ол элемент бiздiң жиындарымызға жата ма? Дұрыс, ол - бұл жиынға жатпайды. Жиынға тағы да басқа мысалдар келтiруге болады Орман – бұл ағаштар жиыны Кiтапхана – бұл кiтаптар жиыны. Ал өздерiң қандай жиындарды бiлесiңдер?

Тапсырма

  1. Нысандар жиынын бiр сөзбен ата?

Мектептiң оқу құралдары.

Гүлдер.

Ойыншықтар.

Жемiстер.

Жапырақтар.

  1. Жиындарды жаз.

а) Әрiптер

ә) буындар

б) сөздер

в) цифрлар

г) сандар

  1. Менiң отбасым” жиынына кiмдер кіредi? Қызыл қарындашпен белгiле. (Мен, анам, әкем, ағам, әпкем).

4. Жалауша қызыл жиынға жата ма? Жауабыжоқ.

Қоян қызыл жиынға жата ма? Жауабыиә.

5.Қызыл түспен аңдар жиынын (қоян, мысық, балапан, кiрпi), көк түспен ағаштар жиынын (шырша, қайың, емен), жасыл түспен – тiкенек заттар жиынын белгiле.

1.Тек қызыл түстi жиынға жататын заттарды атап шық? Қоян, мысық, балапан.

2.Тек көк түстi жиынға жататын заттарды атап шық? Қайың, емен.

3.Тек жасыл түстi жиынға жататын заттарды атап шық? Шеге, ине.

4.Қандай заттар қызыл және жасыл жиынға кіредi? Кiрпi.

5.Қандай заттар жасыл және көк жиынға кіредi? Шырша.

Сергiту сәтi

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жиындарды салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Жиын элементтерiнiң саны бойынша жиындарды салыстыра бiлудi үйрену.

  2. Бірдей жиындар түсiнiгiн бекіту.

  3. Жиындарды салыстыру амалдарын орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жиындар бір-бірімен элементтерiнiң саны бойынша салыстырылатындықтан, бірдей жиындар ұғымын анықтап алу қажет. Егер жиын элементтерiнің саны бiрдей болса, онда жиындар бiрдей деп аталады. Бұл тақырып бойынша «үлкен», «кiшi» ұғымдары қайталанады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Жиын элементтерiнiң саны бойынша оларды салыстыру өте жеңiл. Мысалы, бiр қызда бір құшақ гүл болса, ал келесi қызда бірнеше ғана гүл. Сол сияқты бiр себетте – бірнеше ғана саңырауқұлақ, ал келесi себетте – көп саңырауқұлақ. Егер сыныптағы оқушылардың қаншасы ұл, қаншасы қыз екенiн анықтау қиын болса, онда оларды санап шығу жеткiлiктi. Әр түрлi элементтерден құралған жиындарды бiр-бiрiмен салыстыруға болады. Егер жиын элементтерiнiң саны тең болса, онда жиындар бiрдей деп аталады.

Тапсырма

  1. Жиындар арасына таңбаларын қой. Жиын элементтерiн боя.

  2. Нысандар саны бірдей жиындарды сызықтар арқылы қос. Боя.

  3. Таңбалары дұрыс болатындай етiп, жиын элементтерiн толықтырып сал.

  4. Қызыл және көк екi жиыны берiлген.

Қызыл жиынға қандай элементтер жатады? А, Б, В, Г, Д, Е, 1, 5.

Көк жиынға қандай элементтер жатады? 2, 3, 4, 5, 6, Д, Е.

Ортақ жиынға қандай элементтер жатады? Д, Е, 5.

5. Денелер санына қарай жиындарды салыстыр.

Сергiту сәтi

27-28 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Жиын және оларды топтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға “жиындарды топтау” ұғымын беру.

  2. оқушыларға жиын элементтерiнiң ортақ белгiлерi немесе қасиеттерiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. оқушыларға жиындарды топтай бiлу дағдыларын бекiту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Топ – бұл ортақ белгiлері бойынша жиын элементтерiн, олардың әрекеттерiн, заттарды бөліп алу. Топтау – бұл жиын элементтерiнiң ортақ қасиеттерiн немесе белгiлерін анықтай бiлу. Бұл анықтаманы балаға жай интуитивтi түрде түсiндiрген дұрыс. “Аңдар әлемi” кестесiн мысал ретiнде қарастыру ұсынылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, аңдар әлемi жануарлардан, құстардан, балықтардан және жәндiктерден тұрады. Қандай жануарларды бiлесiңдер және оларды қандай топтарға бөлуге болатынын еске түсiрiңдер. Оқушылар жануарларды атауына, түр-түсiне қарай бөлуге болады. Сонымен қатар құстар, балықтар, жәндiктердi қасиеттерi бойынша анықтауға болады.

Аңдар әлемi

Жыртқыштар

Құстар

Балықтар

Жәндiктер

Жабайы

Үй жануарлары

Ұшатын

Жүзетiн

Теңiз

Көл

Қоңыздар

Көбелектер

Қасқыр

Қой

Бүркiт

Аққу

кит

Сазан

Майский

Капустница

Түлкi

Түйе

Бұлбұл

Қаз

Итбалық

Алабұға

Короед

Лимонница

Қоян

Сиыр

Қарға

Үйрек

Акула

Жайын

ұзынаяқ

Махаон

Өсiмдiктер әлемi мен адамдарды (ересек, балалар, мамандығы және т.б.) қарастыруға болады. Түрлi заттарды топтауға болады, атап айтқанда, адамның белгiлi бiр мамандығына қажеттi құралдарды iрiктеу. Балалар, дәрiгерге, өрт сөндiрушiге, мұғалiмге, суретшiге, тiгiншiге, аспаз қандай құралдар қажет екенiн анықтаңдар.

Балалар, бiрдей элементтерi бар және берiлген қасиеттерi ортақ жиындарға мысал келтiрiңдер. Мысалы, барлық элементтерi дөңгелек, сары, темір. Ұшатын, жүзетiн, кесетiн, ұратын сияқты элементтерi бар жиындарға мысал келтiрiңдер.

27-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Әрбiр жиынға ат бер – саңырауқұлақтар, киiм.

  2. Бұл жиындар қалай аталады? Цифрлар, әрiптер (алфавит), сан.

  3. Не артық? Суреттерді боя.

Аруна туған күнiне қонақтар күтiп отыр, артық – глобус.

Әлім анасына көмектесiп жүр, артықдоп.

  1. Аруна сорпа, ал Әлім компот қайнатқысы келдi. Жиындарды сызықтармен бөліп, атау бер. Боя. - Жемiстер, жидектер.

28-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Сәйкес жиын элементтерiн сызықтармен қосып, боя. Нан пiсiрушi, дәрiгер, өрт сөндiрушi және жұмысшы

  2. Мына жиындарға кіретін элементтердің суретін сал:

а) Тек қызыл жиынға? Саңырауқұлақ, кубик, доп

ә) Тек жасыл жиынға? Кесе, үй.

б) Ортақ жиынға? Үшбұрыш, т.б.

  1. Тілсызық бойынша дененің суретін сал. Боя.

Сергiту сәтi



29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ішкі жиындар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Нысанның қасиеттерi мен белгiлерiн оқушыларға қайталату.

  2. Берiлген белгiлерi мен қасиеттерi ортақ нысанның iшкi жиынын анықтауға оқушыларды үйрету.

  3. оқушыларға бос жиын ұғымын беру.

  4. оқушылардың жиындармен және iшкi жиындармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Енді ұлдар жиынынан шаштары қоңырқай түсті ішкі жиын және шаштары қара түсті екінші ішкі жиын шығатынына назар аударайық.

Сыныптағы қыздар арасында көк шатыр, көйлек киген қыздар бар екенiн көрейiк? Жоқ, олай болса, бiз бос жиын алдық. Тақтаға бос дөңгелек сызамыз да, оның бос жиын екенiн түсiндiремiз.

Сонымен, бiз жиындардан iшкi жиын бөлiп алуды үйрендiк. Балалар, бiздiң сыныптың оқушыларын тағы қандай белгiлерi бойынша бөлуге болатынын анықтаңдар?

Тапсырма.

  1. Жиынның ішінен жидектердi таңдап алып, оларды қызыл түспен қорша.

  2. Жиынның ішінен пішіні домалақ және жеуге болатын заттарды таңдап алып, көк түспен қорша.

  3. а) Көк жиында қанша элемент бар? 7.

ә) Қызыл жиында ше? 5.

б) Көк жиындағы элементтердің қызыл жиынға қарағанда қаншасы артық? 2-ге.

в) Ортақ жиында қанша элемент бар? 5.

4. 1. Қызыл жиында қанша элемент бар? 2.

2. Көк жиында қанша элемент бар? 5.

  1. Аруна мен Әлімге көмектес. Екі жиынның арасын сызықпен қос.

ҚАЛАМПЫР ҚЫЗҒАЛДАҚ

БАҚБАҚ АЛМҰРТ

РАУШАН АЛША

ЖАУҚАЗЫН ШАБДАЛЫ

АЛМА ӨРІК

6. Жануарлар жиынының ішінен үй жануарларын тауып, көрсет – ит, мысық, ешкi, бұзау.

7. Жиынның ішінен компьютерге қатысы бар заттарды таңда – пернетақта, тышқан, монитор, дискета.

8. Денелерді толықтырып сал.

9.Суретті тілсызық арқылы көрсет.

10. Ақпарат сөзiнен жаңа сөздер ойлап тап.

Сергiту сәтi


30-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың алған бiлiмiн бекiту.

Тапсырмалар

  1. Мына жиындардың қандай элементтерден тұратынын жаз?

Мектеп құралдары

Жемістер

2.Дұрыс таңбаларды қой.

8 5 2

3. Екi жиынды сызықgен бөл.

4. {A, C, Е, 5, 4, 3} жиынын қызыл қарындашпен белгiле

{B, D, A, 1, 2, 7, 5} жиынын жасыл қарындашпен белгiле

5.Жасыл жиында – 5 элемент, ал қызыл жиында – 4 элемент болатындай етiп, суреттерді боя. Ортақ жиын құрайтын элемент қанша? 2 элемент.

6.Жеуге болатын қызыл түстi нысанды таңдап, оны қызыл түсті қарындашпен қорша.

Қызыл жиында қанша элемент бар? 4 элемент.

31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың алған бiлiмiн бекiту.

Тапсырма.

  1. Артық сөздi тауып, сыз.

а) қызғылт, қоңыр, ақшыл, көк, жас; - жас

ә) жылы, ыстық, тікенек, суық, мұздай; - тiкенек

б) қатты, жай, ыстық, дауысты; - ыстық

в) қош иісті, жұпар, жағымды, жасыл; - жасыл.

  1. Қатарларды жалғастыр

10100100010000100000

01011011101111011111

10110011100011110000

  1. Мына жиындардың элементтерiн жаз:

Жәндiктеркөбелек, маса, шыбын.

Ыдыстарқасық, кесе, тәрелке.

Отбасыана, әке, әпке, аға.

Өсiмдiктергүлдер, ағаштар, бұталар.

Ертегiлердегi жағымды кейiпкерлер Желаяқ, Саққұлақ, Алдар көсе

Жағымсыз кейiпкерлер – Жалмауыз кемпiр, Дию.

  1. Бізде ойыншықтар, қуыршақтар және Барби қуыршағының жиындары бар. Осы жиындардың элементтерін жазып, көрсет.

Қызыл түстi жиын – ойыншықтар.

Көк түстi жиын – қуыршақтар.

Жасыл түстi жиын – Барби қуыршағы.

  1. Мына элементтер бөлігі болып табылатын негізгі бүтiн затты көрсет:

Қалтакөйлек.

терезеүй.

саусаққол,

қанатқұс.

бұтақ ағаш.

дөңгелек – машина.

бет – кiтап.

қалаел.

6.а) Жұмбақтарды шеш:

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арнадан

(Аю)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

(Кірпі)

Құйрығы ұзын, әдемі,

Көркіне сән береді,

Жасамай қулық жүрмейтін.

Оны әркім біледі.

(Түлкі)

Ұзын құлақ, сақ құлақ,

Орманда жүрер шапқылап.

Қитар дейді көздерін,

Қорқақ дейді өздерін.

(Қоян)

ә) Жаңылтпашты оқып, қайтала

Төрт торт,

Торт төрт.

Әжеме, атама торт,

Маған торт, саған торт,

Болды төрт..

Бөл төртті,

Кес тортты.

7.Жазғы және күзгі жапырақтарды боя.

8.Тізбекті жалғастыр.

9. Жетіспейтін бейнелерді толықтырып сал.

Балалардың ой-өрісін дамыту барысында қосымша келесі тапсырманы беруге болады.

Ұйқасатын сөзін тап:

Қадірлі, қоян шырағым,

Бар еді саған .... /сұрағым/

Қашасың да жүресің,

Қайда сенің .... /тұрағың/

/Б.Бөрiбаев/

Бақа-бақа бақылдақ,

Қонаққа досын .... /шақырмақ/

Қоянға суға түс дейді,

Тамағымды .... /іш/ дейді.

/Б.Бөрiбаев/

Тазалап тиін қолдарын

Шағып жеді .... /жаңғағын/

Жемеді бірақ ол бәрін

Досына берді .... /қалғанын/

/Б.Бөрiбаев/


Аспанда көп жұлдыз бар,

Орманда көп ... /құндыз/ бар.

Сыныпта көп ұл-қыздар,

Келмей қалған .... /бір қыз/ бар.

/Б.Бөрiбаев/


Әріп білмей, мақтанба,

Шалқып бекер .... /шаттанба/.

Кітап оқып жатқанда,

Қарама биік .... /аспанға/.

/Б.Бөрiбаев/


Қонақтар келмей жатқанда,

Тортыңды жеп .... /мақтанба/

Көп ойнайтын баланың,

Кім оқиды ..... /сабағын/

Кәмпит құмар баланың,

Шыбын жейді .... /тамағын/

/Б.Бөрiбаев/

Мақтайды оны анасы

«4» пен «5» екен ... /бағасы/.

Мезгілмен жеп тамағын

Дайындайды .... /сабағын/.

/Б.Бөрiбаев/



СЕРГIТУ СӘТТЕРI


1. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


2. Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?


3. Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


4. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.


5. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.


6. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.


7. Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.


8. Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.


9. Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.


10. Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)


11. Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

12. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).


13. Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.



14. Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.


15. Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.


16. Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

17. Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)


18. Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.


19. Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.




Содержимое разработки

25


Ақпараттық мәдениет негiздерi. 2 сынып.


2 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау
Сабақтар нөмiрi Мазмұны Сағаттар саны
1 Компьютер сыныпта тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау 1
2 Көз жаттығулары. Қайталау. 1
3 «Терiстеу» ұғымы 1
4 Ақиқат және жалған. 1
5-6 Тұжырымдар 2
7 №1 бақылау жұмысы 1
8 Қайталау 1
9 Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары. 1
10 Компьютердегі ақпараттар ағыны 1
11-12 Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы 2
13-14 «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары. 2
15-16 «Сызық», «Доға» құралдары. 2
17 №2 бақылау жұмысы 1
18-19 «Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары. 2
20 «Шашыратқыш» құралы. 1
21-22 Нысандар симметриясы 2
23 Ақпарат 1
24-25 Ақпараттарды кодтау 2
26 №3 бақылау жұмысы 1
27 Ақпаратты бейнелеу 1
28 Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы. 1
29-30 Ақпарат алмасу 2
31 Ақпараттарды алу арналары. 1
32 Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi 1
33 №4 бақылау жұмысы 1
34 Қайталау 1
Барлығы 34
1-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: - компьютермен тереңiрек таныстыру.

- ақпарат туралы бiлiмдерiн кеңейту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушылар демалыстан кейiн компьютерлiк сыныпқа келедi. Техника қауiпсiздiгi ережелерi мен компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерiн қайталау арқылы оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдысы жетiлдiрiледi. Әңгiмелесу барысында мұғалiм оқушыларға “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн одан әрi жалғастырады. Оқушылармен тапсырмаларды орындау барысында мұғалiм компьютер құрылғысы, меңзер, меню ұғымдарын қайталайды.


ЖАТТЫҒУ. Тапсырманы оқып, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.

Компьютер сыныбында:

1.Жүгіруге болады – ЖОҚ

2.Компьютерде жұмыс жасауға болады – ИӘ

3.Ылғал киіммен жұмыс жасауға болады – ЖОҚ

4.Ылғал қолмен жұмыс жасауға болмайды – ИӘ

5.Сым мен токқа тиісуге болмайды – ИӘ

6.Тышқанмен ойнауға болады – ЖОҚ

7.Жүйелік блоктың жанына сөмке қоюға болады – ЖОҚ

8.Пернетақтаға кітап қоюға болмайды - ИӘ

9.Монитор экранына жақын отыруға болмайды - ИӘ

ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Не артық? Кiтап.

  2. Сөздерді сәйкес нысандармен сызықтар арқылы қос.

  3. Берiлген әрiптерден басталатын сөздердi ойлап тап.

  4. Әрiптердiң орнын алмастырып, сөздер құра. Меню, меңзер, экран, тышқан

  5. Моншақтарды әр түрлi сандармен белгіле. Моншақтар тізбегін соларға сәйкес сандар арқылы жазып шық.

  6. Сөздердегi әрiптердi алфавиттiк ретпен орналастыр.

БЛОК

ТЫШҚАН

КОМПЬЮТЕР

  1. Суреттердi боя және ПЕРНЕТАҚТА сөзiнің әріптерінен жаңа сөздер құрастыр. Арна, ақпан, ата, қант, парта, ет және т.б.

Сергiту сәтi 2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көз жаттығулары. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға көздiң қызметi жөнiнде мағлұмат беру;

- шығармашылық жұмыстарға бейiмдеу.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Сабақтың басында оқушылармен жұмыс дәптерi бойынша әңгiме өткiзiп, көз жаттығуларын қайталау ұсынылады. «Батырмалар», «Перне сатылары» сияқты шынығу жаттығуларын қайталау ұсынылады, себебi әрбiр сабақта бұл әрекеттер қайталанып отыруы тиіс.

Тапсырмалар.

  1. Жаттығуларды қайтала.

  2. Түсіп қалған сөздерді қойып, жаз.

Оңға қара, ............................. қара.

Жоғары қара, ........................ қара.

........................... ұшына қара.

Басыңды солға бұр, .......................... оңға бұр.

Басыңды оңға айналдыр, ................... солға айналдыр.

  1. Әріптерді ретімен жазып шық. Шыққан сөздерді оқы. Мақалды түсіндір.

Денсаулық – зор байлық.

  1. Буындарды жинап, сөз құра. БАТЫРМА, ИНФОРМАТИКА, АНЫҚТАМА, ЖАТТЫҒУЛАР.

  2. «Батырмалар» ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін келесі қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмада қандай сан көрсетілсе, саусағыңмен сонша рет бас.

  3. «Перне сатылары» ойыны. Саусақтарыңды сатылармен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, саусақтарыңмен сонша рет бас.

Сергiту сәтi


3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Терiстеу» ұғымы

Сабақтың мақсаты:

1. “Терiстеу” ұғымын беру.

  1. Нысанның қарама-қасиеттерiн қайталау.

  2. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  3. Оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетi мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

“Терiстеу” ұғымы - алгебралық логика немесе Буль алгебрасының негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. “Емес” жұрнағының көмегiмен заттардың кейбiр қасиеттерiн үйретiп, осы ұғымды түсiндiру үшiн ойын ұйымдастырылады.

«Керiсінше айт» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм бiр сөздi айтады. Оны оқушылар “емес” сөзінің көмегiмен терiс мағынада айтуды шығарып, керi мәндерiн атайды. Мысалы:

Үлкен – үлкен емес – кiшi.

Тiк – тiк емес – қисық.

Тәттi – тәттi емес – ащы және т.б.

«Керiсінше жаса» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм бір әрекеттi көрсетiп, оның атын атайды. Ал оқушы соған олардың керi әрекетiн көрсетiп, оның мәнін айтады, мысалы: оқу – оқымау, қарау – қарамау, отыру – тұру, оңға қарау– солға қарау, қолды көтеру – қолды түсіру және т.б.

Оқушылармен бiрлесiп, мына мақалдарды талқылаңдар:

Бiлiм – жарық сәуле, бiлiмсiз – қараңғылық.

Бiлсең – айт, бiлмесең – үндеме.

Тапсырмалар.

  1. Әрiптердi қорша. Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Әрiптер емес.

  2. Артық затты тауып, терістеуді құрастыр. Кiтап. Дөңгелек емес, қызыл емес.

  3. Кiм қайда тұрады? Мұғалiм оқушыларға әрбiр үйдiң жанында белгi тұрғанын былай түсiндiредi: мұнда дөңгелек емес, яғни үшбұрыш немесе шаршы және т.б. тұрады.

  4. Нысанды салыстыр. Емес” сөзінің көмегiмен оның қарсы мағынадағы мәнін жаз. БИІК – АЛАСА, ҚЫЗЫЛ – ҚЫЗЫЛ ЕМЕС, ЫСТЫҚ – СУЫҚ, ТЕЗ - БАЯУ, ТҮЗУ – ҚИСЫҚ, ЖЕУГЕ ЖАРАМДЫ – ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ

  5. Жұмбақтарды шеш:

Түнде ұйықтамай тышқан күзетедi. (Мысық).

Қанша ақса да бiтпейдi,

Арнасынан асып кетпейдi. (Өзен)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

(Кiрпi)

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

(Балық)

Ыстық құйсаң суымайды,

Суық құйса ысымайды.


Ақ түсті, қар емес,

Дәмі тәтті, бал емес. (Қант)


Сергiту сәтi

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақиқат және жалған.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Ақиқат” және “жалған” түсiнiктерiн беру.

  2. Терiстеу” тақырыбын қайталау және бекiту.

  3. Тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетi мен шығармашылық бейнесiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Математикалық логиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi – “ақиқат” және “жалған” ұғымдары.

«ИӘЖОҚ» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм оқушылардан сұрайды: «Ит жол бойымен жүгiре ме?»,

Оқушылар жауабы: «ИӘ».

Мұғалiм ол сөздiң “ақиқат” екенiн түсiндiредi.

Мұғалiм: «Ит аспанда ұша ма?».

Оқушылар жауабы: «ЖОҚ».

Мұғалiм оның “жалған” екендiгiн түсiндiредi.

Үлгi сұрақтары:

КУ-КА-РЕ-КУ деп әтеш айғайлайды? ИӘ. Ақиқат.

Тышқан мысықты аулай ма? ЖОҚ. Жалған.

Аю балды жақсы көре ме? ИӘ. Ақиқат.

Ит қасықпен жей ме? ЖОҚ. Жалған.

Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады. Балаларға ағылшынның халық әнiн оқып беріңдер және олар өлеңнiң мазмұны бойынша «ЖОҚ» деп жауап беруге болатын суреттер салсын.

Мен құйрығы жалындаған тауысты көрдiм,

Мен бетi жаңбыр кометаны көрдiм,

Мен жерде өсіп тұрған бұлтты көрдiм,

Мен толқыны бұрқыраған өзендi көрдiм,

Мен жайын жұтқан ұлуды көрдiм,

Мен сүт сияқты қайнаған өзендi көрдiм,

Мен оттық басындай ғана бөшкені көрдiм,

Мен қуыршақтың бетiндегi көз жасын көрдiм,

Мен жер астында, биікте үйлер көрдiм,

Мен тереңнен от шашқан көзді көрдiм,

Мен түнгi он екiде күндi көрдiм,

Мен осының барлығын өз көзiмен көрген жанды көрдiм!


Тапсырмалар.

  1. Аттары ақиқат (шын) көрсетілген суреттердi боя, ал аттары ЖАЛҒАН (өтiрiк) бейнеленген суреттердi сызып таста.

  2. Жазулары ақиқат болатындай етiп, суреттерге өзгертулер енгіз.

Екi қызыл жалаушаға толықтырып сал.

Екi жасыл шарға толықтырып сал.

Үшбұрышты шаршы етiп толықтырып сал.

Үшбұрыштың жоғарғы бұрышынан табанына дейiн сызықтар жүргiз. (СимметрИӘның вертикальды өсi).

  1. Өрнектердің ақиқат немесе жалған екенін анықта.

53 - ақиқат 4 = 2+2 - ақиқат

2+3 = 7 – жалған 3+1 = 2 + 2 - ақиқат

8

  1. Жалған жазуларды ақиқатқа айналдыр.

Кітап – ертегілер Алма – алмұрт

Парақ – конверт Қолшатыр – саңырауқұлақ

Сағат – будильник тышқан – тышқан құрылғысы

  1. Жазулар ақиқат болатындай етiп, суреттерін сал.


Сергiту сәтi

5-6-сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Тұжырымдар

Сабақтың мақсаты:

  1. Тұжырымдар туралы мағлұмат беру.

  2. “Ақиқат” және “жалған” түсiнiктерiн қайталау және бекiту.

  3. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Тұжырым (айтылым) – бұл қандай-да бiр ойды тұжырымдайтын немесе терiстейтін хабарлы сөйлем. Тұжырым туралы ұғымдарды қалыптастыру барлық тақырыптарға қойылатын ортақ сұрақтар арқылы жүргiзiледi: мына берiлген сөйлем ақиқат па немесе жалған ба? Егер тұжырымның ақиқат немесе жалған екенiн анықтай алмасақ, онда мұндай тұжырым анықталмаған немесе жай пікір деп аталады. Мысалы,

Назар аударыңдар! Оң жаққа қараңдар.

Қыс аяздан да қатты.

Бауыржан кiтаптан да жылдам.

Оқушылармен бiрлесiп, ақиқат немесе жалған тұжырымдарды анықтайтын ауызша ойындар өткiзуге болады. Тұжырым мысалдары:

Итпен дос бола алатын мысықтар бар.

Барлық адамдар сурет сала алады.

Кейбiр адамдар сурет салғанды жақсы көредi.

Барлық көбелектер сары бола бермейдi.

Құстардың бәрі ұша алмайды.

Кейбiр дәрiлер тәттi болады.

Кез келген адам қолымен жүре алады.

Ай әрқашан да дөңгелек.

Оқушылардың өздеріне жалған немесе ақиқат тұжырымдарды ойлатып, мысал айтқызуға болады.


5-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, жалған немесе белгісіз екенiн анықта.

1.Аруна доп ойнап жүр.

2.Әлім кітап оқып отыр.

3.Әлім үй салып отыр.

4.Бүгін Арунаның туған күні

5.Әлімнің қалтасында кәмпит бар.

  1. Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін жаз.

Түн жарымда күн шығады – жалған

2+2 = 4 – ақиқат

Аптада 6 күн бар – жалған

Біздің мектеп 4 қабатты – жалған

Ертең дене шынықтыру сабағы болады – ақиқат

Астана – Қазақстанның бас қаласы – ақиқат

Қысқа қарағанда жазда күн қысқа болады – жалған

Менің сөмкемде алма бар – ақиқат

Алматы – Қазақстанның астанасы емес – ақиқат

Мұғалімнің үстелінде журнал жатыр – ақиқат

Компьютерден тышқан қашып кетті – жалған

Қыста сұр, жазда ақ – жалған

6-сабаққа арналған тапсырмалар

1. Суреттердің астына олардың ақиқат атауларын жаз.

1) сағат; 2) шамшырақ; 3) парта; 4) компьютер

2.Жалған жазуларды сызып таста. Жауабы: Алма, кiрпi.

3.Жазулар ақиқат болатындай етiп, суреттi толықтырып сал. 3 жалау, 4 шар.

4.Жазулар жалған болатындай етiп, суреттерді толықтырып сал.

а) Шарларды түрлi бояулармен боя.

б) Үйдiң төбесiн үшбұрыш түрiнде сал.

5. Аруна саңырауқұлақтарды, ал Әлім алмаларды жинады. Себеттердің төмен жағындағы жазулар жалған болған жағдайда балаларға өз себеттерiн табуға көмектес. Әлімнің себеті – сол жақта, ал Арунаның себеті – оң жақта.


7-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 1 бақылау жұмысы .

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1-тапсырма

1-нұсқа

Сандар жиынын жасыл қарындашпен қорша: 0, 1, 4, 5, 7.

Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Сандар емес.

2-нұсқа

Сандар жиынын қызыл қарындашпен қорша: 0, 1, 10, 25, 40.

Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Сандар емес


2-тапсырма.

Емес” сөзінің көмегiмен қарама-қарсы қасиеттерді жазып шық:

1-нұсқа

Тәттi – тәттi емес.

Үздік – үздік емес.

Сүйкiмдi – сүйкiмдi емес.

Тереңтерең емес.

Ақылдыақылды емес.

Орнықтыорнықты емес.

2-нұсқа

Ащыащы емес.

Орташаорташа емес.

Ынталыынталы емес.

Кеңкең емес.

Ақымақақымақ емес.

Көңiлдiкөңiлдi емес.

3-тапсырма.

Төмендегі жазуды ақиқатқа айналдыр:

1-нұсқа

Екi қызыл шарға толықтырып сал.

2-нұсқа

Үш жасыл жалаушаға толықтырып сал..

4-тапсырма.

Өрнектердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?

1-нұсқа

4

3+5=8 – ақиқат 4+36 - ақиқат

2-нұсқа

3

4+3=7 – ақиқат 7-2=8 - жалған

5-тапсырма.

Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін жаз:

1-нұсқа

Компьютер сыныбында:

Жүгiруге боладыжалған.

Тышқанмен ойнауға болады - ақиқат

Компьютерде жұмыс жасауға болады - ақиқат.

Сымды ұстауға болмайды - ақиқат.

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда,

жолдан өтуге болмайды - жалған.

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда,

жолдан өтуге болады - ақиқат.

Аптада 7 күн бар - ақиқат.

Сейсенбiден соң бейсенбi - жалған.

Алматы Қазақстанның астанасы емес - ақиқат.

Астана – Қазақстанның бас қаласы - ақиқат.

2-нұсқа

Компьютер сыныбында:

Секiруге болады – жалған.

Компьютерде сурет салуға болады - ақиқат.

Су қолмен жұмыс жасауға болады - жалған

Монитор экранына жақын отыруға болмайды - ақиқат.

Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда,

жолдан өтуге болады - жалған.

Бағдаршамның қызыл көзi жанғанда,

жолдан өтуге болмайды - ақиқат.

Бiр жылда 12 ай бар - ақиқат.

Наурыздан соңақпан - жалған.

Алматы – Қазақстанның астанасы - жалған.

Астана – Қазақстанның бас қаласы емес - жалған

6-тапсырма.

Берілген жазуды жалғанға айналдыр:

1-нұсқа

Жалаушаларды түрлi қарындаштармен боя.

2-нұсқа

Шарларды түрлi қарындаштармен боя.

Сергiту сәтi


8-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалды қайталату және бекiту.

  2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  3. Оқушылардың шығармашылық икемдiлiгi мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмыстарын орындау кезінде жіберілген қателерге тоқталу. Өткен материалдарды бекiту үшін оқушылар жұмыс дәптерi бойынша берiлген тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар.

  1. Тұжырым жалған айтылған жағдайда ойыншықты кiм тыққанын тап. Әлім.

  2. Тұжырымдардың ақиқат және жалған екендiгiн анықта:

Кейбiр адамдар көзiлдiрiк тақпайды. Ақиқат.

Барлық адамдар көзiлдiрiк тағады. Жалған.

Кейде жазда жаңбыр жауады. Ақиқат.

Жазда ешқашан жаңбыр жаумайды. Жалған.

  1. Балалардың аттарын жаз:

Математиканы немесе сурет салуды жақсы көредiБарлық аттар.

Математиканы және сурет салуды жақсы көредi – Дина, Дана.

  1. Мына жиындарды жаз:

Жыртқыш емес, ала емесқоян.

Жыртқыш және алажолбарыс, мысық.

Жыртқыш, ала емесқасқыр.

Жыртқыш емес, ала – зебра.

Жыртқыш немесе ала – зебра, қасқыр, жолбарыс, мысық.

  1. Әрбiр бөлікке екi заттан сал.

  2. Сөзтiзбектi шеш: АРЫСТАН

  1. Қорбаңбай (аю)

  2. Еңбекқор балшы (ара).

  3. Ұры шақылдақ ауысқан).

  4. Сұр-сері (қасқыр).

  5. Ұйқыбұзар Қиқарбек (әтеш).

  6. Қансорғыш (маса)

  7. Қорқақ . . . (қоян).


Сергiту сәтi


9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютер құрамы туралы оқушылардың мағлұматын кеңейту.

  2. Енгiзу және шығару құрылғыларымен жұмыс жасауға үйрету.

  3. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Компьютерде жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптерi бойынша әңгiме өткiзiледі. Енгiзу және шығару құрылғыларының атқаратын қызметі түсiндiріледі.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бiз бiрiншi сыныпта компьютердiң құрылғыларын қарастырғанбыз, егер естерiңде болса, компьютер жүйелiк блоктан, пернетақтадан, монитордан және тышқаннан құралған. Екiншi сыныпта енгiзу және шығару құрылғыларын нақтырақ қарастырамыз. Кәне балалар есiмiзге түсiрейiк, адамдар ақпаратты айналамыздағы қоршаған ортадан қалай алушы едi? Сезiм мүшелерiмен алады. Дұрыс айтасыңдар. Компьютерде де сезiм мүшесi бар, ол – құрылғы деп аталады, сол құрылғының көмегiмен ол әр түрлі ақпарат алады. Ақпараттарды енгiзетiн құрылғыларға мыналар жатады, олар: пернетақта, микрофон, дискiжетек. Ал ақпараттарды шығаратын құрылғыларға мыналар жатады: монитор, баспа құрылғысы, мультимедиа дыбыс бағандары және дискiжетек.

Тапсырмалар.

  1. Компьютер құрамы.

  2. Енгiзу құрылғылары - Фотоаппарат, бейнекамера, джойстик, тышқан, сканер, пернетақта

  3. Шығару құрылғылары - Мониторлар, түрлі-түсті, сұйық кристалды, монохромды

Баспа құрылғылары – бір түсті лазерлі, бүріккіш

  1. Ақпаратты тасылмалдаушылар – 3,5дискеті, ZIP діскеті, CD дискілері, FLASH картасы

  2. Аңдарға арналған меню құрастыр. ҚОЯН – сәбіз; КІРПІ – саңырауқұлақ

ТЫШҚАН - нан

  1. Тiзбектi жалғастыр.

  2. Буындардан сөз құрастыр КОЛОНКА, МИКРОФОН.


Сергiту сәтi

10-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютердегі ақпараттар ағыны

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютердегі ақпараттар ағынын қарастыру.

  2. оқушылардың ақпараттық ойлау қабiлетiн дамыту.

  3. Компьютер құрылғыларының атауы мен атқаратын қызметтерiн қайталау.

  4. оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптерлерi бойынша әңгiме өткiзу. Компьютердегi ақпараттар ағынын бейнелеу. Келесi ұғымдарды түсiндiру.

Пернетақтабұл ақпараттарды енгiзуге арналған құрылғы. Пернелердi басу арқылы, сендер компьютер жадына сигналды жiбере аласыңдар.

Жадбұл ақпараттарды сақтауға арналған құрылғы. Ол компьютердiң жүйелiк блогында орналасқан.

Процессор ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелiк блокта орналасқан.

Монитор компьютер жадынан түрлi ақпараттарды (мәтiндiк, графикалық) экранға шығаруға арналған құрылғы.

Баспа құрылғысы түрлi ақпараттарды (мәтiндiк, графикалық, т.б) қағаз бетiне басып шығаруға арналған құрылғы.

Тышқан – компьютер жұмысын басқаруға арналған қолтетік.

Компьютердiң құрылғыларының атаулары мен атқаратын қызметтерiн есте сақтау үшiн, әрбiр сабақта тікелей және кері сұрақтар қою ұсынылады. Мысалы, пернетақта не үшiн керек деген сұраққа, оқушылар ақпараттарды енгiзу үшiн деп жауап бередi. Сұрақ: қандай құрылғы ақпараттарды енгiзедi деген сұраққа, оқушылар пернетақта деп жауап бередi.



Тапсырмалар.

  1. Әрiптердi ретiмен орналастырсаң, ақпаратты өңдеу құрылғысының атауын аласың. Процессор.

  2. Ақпаратты енгiзуге арналған құрылғының атын шығар. Пернетақта.

  3. Таныс емес (ағылшын) әрiптердi сызып тастасаң, ақпаратты сақтау құрылғысынның атауы шығады. SЖWАGNQQДSR. /ЖАД/

  4. Тілсызық бойынша әрiптердi жинақтап, ақпарат шығару құрылғысының атын тауып жаз. Монитор.

  5. Тілсызық арқылы қос.

Енгiзу – пернетақта.

Шығару – монитор.

Сақтаужады.

Өңдеу - процессор.


11-12абақтар

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы

Сабақтың мақсаты:

  1. Графикалық редактормен таныстыру.

  2. «Бүрiккiш» құралын пайдалана бiлуді үйрету.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  4. Графикалық ақпараттарды өңдеу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi құралдары мен түрлі-түсті палитрасының жалпы түрiн қарастыру. Программаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып, “Заливка” құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бүгiн бiз өте қызықты программамен танысамыз, сол программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тышқанмен оны шертеміз, ашылған МЕНЮ бойынша КУРСОРДЫ ПРОГРАММА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТНЫЕ, одан кейiн PAINT жолын тауып, оны тышқанмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық редактордың жалпы түрi шығады. Осы программада қандай құралдар және бояулар бар екендiгiн қараңыздар.

Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «Заливка» аспабымен жұмыс жасап үйренемiз. «Заливка» аспабына тышқанмен басыңдар, сол жақ палитраға қарасаңдар екi квадрат бар – ақ және қара. Егер тышқанмен қызыл бояуға басақ онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар – бұл ЕКПІНДІ түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз.

Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тышқанмен “Файл”-ды шертеміз де, “Открыть” командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.

11-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Нысандарды боя.

  2. Кемпiрқосақты боя.

  3. Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен (қызанақ). Түс таңдауда Жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып келедi.

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Суретті бояп, атауын бер.

  2. «Сиқырлы сарайды» боя.

  3. Қатарды жалғастыр.

  4. Сары, жасыл қарындаштарды алып, түрлi тәсiлдерді қолданып, төмендегі қуыршақтарды боя.

  5. Қызыл және көк қарындашпен түрлі тәсiлдерді қолданып шарларды боя.

Сергiту сәтi


13-14 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

  2. графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарын пайдаланып, графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың эстетикалық мәдениетi мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. “Қылқаламның” түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал “Өшiргiш” құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.

13-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi бояулармен боя.

  2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.

14-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Артық нысанды сыз.

2. Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:

Қысы, жазы бір түсті.

/Шырша/

Өзі қызыл, өзі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/Құлпынай/

Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/

Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/

  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.

Суық – Ыстық

Ауру – Сау

Көңiлсiз – Көңiлдi

Кiшкентай – Үлкен

Мейiрiмдi – Қатыгез

Жарық – Қараңғы

Қатты – Жұмсақ

Тәттi – Ащы

Сергiту сәтi


15-16 -сабақтар

Сабақтың тақырыбы: «Сызық», «Доға» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға «Сызық» құралымен жұмыс істеуді үйрету.

  2. оқушылардың графикалық редакторде жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз – “Сызық” құралы. Ал ендi осы құралды тышқанмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық. Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер сендер сызықтарың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап көрiңдер.

15- сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Сызықтар арқылы нүктелерді бір-бірімен қос.

  2. Кім қандай үн шығарады? Сызықтар арқылы қос.

16-сабаққа арналған тапсырмалар

  1. Бұл буындар қай суретке сәйкес келедi? Оларды сызықтар арқылы қос.

  2. Үлгіге қарап, цифрлар сал.

  3. Суреттердi боя.

Сергiту сәтi


17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1 - тапсырма.

1-нұсқа

Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша. Монитор, баспа құрылғысы,

дыбыс бағандары, дискеттер.

2-нұсқа

Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша. Пернетақта, микрофон, дискеттер.

2-тапсырма.

1-нұсқа

Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз:

жады.

2-нұсқа

Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: баспа

құрылғысы.

3-тапсырма.

1-нұсқа

Ақпаратты енгiзу құрылғысын жаз: пернетақта.

2-нұсқа

Ақпаратты өңдеу құрылғысының атын жаз: процессор.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте: 6.

2-нұсқа

Суретте қанша үшбұрыш барын есепте: 6.

5-тапсырма.

Нүктелердi сызықтар арқылы қос.

Сөйлемдердiң ақиқат немесе жалған екенiн анықта:

1-нұсқа

Бiрiншi дене – шаршы. Ақиқат.

Екiншi дене – үшбұрыш емес. Жалған.

Сызық – үшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы денеБесбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек бар. Жалған.

2-нұсқа

Бiрiншi денеүшбұрыш. Ақиқат.

Екiншi денесызық емес. Жалған.

Шаршыүшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы денеалтыбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек жоқ. Ақиқат.

6-тапсырма.

Сызықтардан құралған нысанды үлгiге қарап сал және оны боя.

Сергiту сәтi

18-19 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: «Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдарымен жұмыс iстеуге үйрету.

  2. Графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптерi бойынша құралдарды оқушылармен бiрiге отырып қарастыру және талдау. Төмендегi тапсырмаларды оқушылар орындай отырып өткен тақырыпты қайталайды және «Эллипс» пен «Тiктөртбұрыш» құралдары арқылы сурет салып үйренедi.


18-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Сәйкес келмейтін сөзді қорша.

2.Мына жиындардағы ноталарды жаз

- жасыл жиын: до, ре, ми.

- қызыл жиын: ми, фа, соль.

- көк жиын: ми, фа, соль, ля, си.

- тек жасыл жиын: до, ре.

  • тек көк жиын: ля, си.

Тек жасыл және қызыл жиындарға қандай ноталар жатады? ми

Тек қызыл және көк жиындарға қандай ноталар жатады? фа, соль

19-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте.

3, 5, 7.

2.Мұнда қандай нысандар жасырынған?

3.Үлгiге қарап, суретiн сал, боя.

4.Сөйлемдердi оқи отырып, қайсысы Ақиқат, қайсысы Жалған екенiн анықта:

Бiрiншi суретте пирамида – Ақиқат.

Екiншi суретте шарлар – Жалған.

Үшiншi суретте тек қызыл түстi шарлар – Жалған.

Бiрiншi және екiншi суретте әр түрлi фигуралар – Ақиқат.


Сергiту сәтi


20-сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Шашыратқыш» құралы.


Сабақтың мақсаты:

  1. «Шашыратқыш» құралының атқаратын қызметiмен танысу.

  2. графикалық редакторда жұмыс iстеу икемдiлiктерiн қайталау.

  3. Ақиқат және Жалған тұжырымдарды қайталау.

  4. Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

«Шашыратқыш» құралына назар аударайық, оның әр түрлi көлемдерi бар. Бұл құралмен кернейден түтiннiң шығуын, қар мен жаңбырдың қалай жауып тұрғанын т.б. салуға болады. Өздерiң осы құралды пайдаланып, жұмыс iстеп көрiңдер.


Тапсырмалар.

  1. Шешуiн тап: Үшбұрыш емес, қызыл емес, шаршы емес. Бұл не? Дөңгелек.

  2. Жазулар ақиқатқа айналатындай етiп, суреттердi толықтыр.

  • балық көпiршiктер шығарады;

  • астауда құм бар;

  • түнгi аспан;

  • түтiн шығып жатыр;

  • қар жауып тұр;

  • жаңбыр жауып тұр.

  1. Ақиқат және жалған тұжырымдарды анықта:

- Суреттегi барлық заттар тiктөртбұрышты – ақиқат.

- Барлық заттар – оқу құралдары – ақиқат.

- Суреттегi барлық заттар оқу құрал-жабдықтары емес - жалған

- Кейбiр заттар – дөңгелек – Жалған.

- Дәптердiң оң жағында - сызғыш – Ақиқат.

- Суретте барлығы - 6 зат – Жалған.

  1. Бір қорапта қызыл, ал екiншiсiнде жасыл қарындаштар бар. Төмендегi жазулар ақиқат болған жағдайда, қораптарды сәйкес түспен боя.

  2. Егер шырындардың атаулары жалған жазылған болса, ақиқат атауларын тауып жаз.

Сол жақта – өрiк, ортасында апельсин, оң жақта - алма шырыны.

  1. Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендiгiн анықта:

Суреттегi кейбiр денелер – шаршы – Ақиқат.

Суретте үшбұрыштар бейнеленген – Жалған.

Суреттегi барлық денелер төртбұрыш емес – Ақиқат.

Шаршының сол жағында – дөңгелек –ақиқат.

Сергiту сәтi

21-22 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Нысандар симметриясы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Симметриялы денелер ұғымын беру.

  2. Тiк және жатық симметрия өстерiнiң ұғымын беру.

  3. СимметрИә осiн табу мен симметриялық денелердiң суретiн салуды үйрету

  4. Кеңістікте елестету қабілетін қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға симметрияны түсiндiру үшiн, «Айна» ойынын ұсынуға болады. Сiз оң қолыңызды көтерсеңiз, балалар да оң қолдарын көтередi. Сiз басыңызды сол жаққа бұрсаңыз, балаларда сiзбен бiрге қайталауы керек. Кiм қателессе, сол орнына отырады, соңғы қалған адам – жеңiмпаз. Симметрия – бұл заттың тiк немесе көлденең өсiне байланысты екіге тең бөлінiп орналасуы екенiн түсiндiру керек. Өс ролiн тiк немесе көлденең тұрған айна атқара алады. Симметрияны қағазда екi бүктеп, кейiннен жазылған суреттермен көрнекi түрде түсiндiруге болады.

21-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Суреттердi қарап шық.

  2. Симметриялы заттарды боя..

  3. Симметриялы денелердi сал.

  4. Симметрия өсiн жүргiз.

22-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Бейнелердi толықтырып сал.

2.Нысандардың көл бетiндегi бейнесiн сал.

3.Симметрия өсiн жүргiз.

4. Алфавиттегi әрiптердiң қайсысының айнадағы бейнесi өзгермейдi?


Сергiту сәтi

23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат.

Сабақтың мақсаты:

  1. ақпарат түрлерiн қайталау.

  2. оқушылардың ақпарат түрлерi туралы мағлұматын кеңейту.

  3. ақпарат түрлерiн қарастырып, оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Ақпарат түрлерiн қайталау.

Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Бұл тапсырманы 1 сыныпта орындағанбыз. Бүгін оны тағы қайталайтын боламыз. Сонымен, ақпаратты адамдар сезім мүшелері (сипап сезу, иіскеу, есту, көру, дәмін тату) арқылы қоршаған ортадан алады. Адамның әрбiр сезiмi бiр мүшемен байланысты – көз, құлақ, мұрын, терi, тiл. Ақпарат жағымды, яғни көңiлдi, қуанышты немесе жағымсыз, яғни жаман хабарлар – қайғы, ауру, т.с.с. болуы мүмкін. Сол сияқты ақпарат жазбаша - әрiп, таңба, нота арқылы немесе ауызша – дыбыс, сөз арқылы берiлуi мүмкін.


Тапсырмалар.

  1. Нүктелердiң орнына тиiстi әріптерді қойып, сөз құра. Дыбыс, сурет, иіс, дәм, тері. Бұл сөздер қандай ақпарат бередi: дыбыс, көру, есту, сипап сезу, т.б..

  2. «+» таңбасымен жағымды хабарды, «-» - таңбасымен жағымсыз хабарды белгіле.

СЫЙЛЫҚ + ЦИРК +

ЕКIЛIК – ДЕМАЛЫС +

БЕСТIК + КОМПЬЮТЕР +

ЕСКЕРТУ - ЖАҢБЫР -

  1. Сызықтар арқылы қос:

Иіс – қош иісті.

Түс – қызыл

Дәм – тәтті.

Дыбыс – қатты.

Сәуле – жарық.

  1. Нұсқама дұрыс көрсеп тұр ма? Дұрыс.

  2. Мына сөздер қандай ақпаратты білдіреді?

КҮННIҢ КҮРКIРЕУI– дыбыс

Найзағайдың ойнауы – көру.

Желдiң соғуы – дыбыс.

Аяздың күшеюi – сезу.

Түтіннiң шығуы – көру, иiс сезу.

Тұманның түсуi – көру.

  1. Кестені толтыр

Жағымды хабар

Жағымсыз хабар

Жарық

Қайғы

Жақсылық

Жаңбыр

Мереке

Екілік

Бестік

Өрт

Туған күн

Су тасқыны

Аяз ата

Жер сілкіну


Сергiту сәтi

24-25 - сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды кодтау.


Сабақтың мақсаты:

  1. Кодтау түсінігін қалыптастыру.

  2. Шифрлардың кейбiр түрлерімен танысу.

  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн, көңіл бөлуін, есте сақтауы мен түсініктiлiгін қалыптастыру.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Кодтау – бұл ақпараттарды сақтау және толымдауға ыңғайлы етiп оны түрлендiру.

Шындығына келгенде адамдар ойланбастан көптеген кодтарды қолданады.

Бiздiң күнделiктi сөйлейтiн тiлiмiз де код болып табылады. Үйдiң, телефонның, пәтердiң нөмiрлерi – бұлар сан түрiндегi кодтар. Апта, ай атауларын да код деп атауға болады. Музыка дыбыстары ноталық таңбалармен кодталған. Барлық заттарда штрих-коды немесе жолақ коды бар. Радиомен байланысқанда Морзе әлiппесi қолданылады, ондағы әрiптер нүктелермен және сызықшалармен алмастырылады.

Кейде шифрланған мәлiметтер бойынша қандай шифр коды қолданғанын анықтап, шифрланған мәтiндi табуға болады.

Балалар, сендердiң әрқайсыларың өз кодтарыңды ойлап тауып, оларды пайдаланып кез келген бiр мәлiметтi кодтаңдар. Ал компьютердегi барлық ақпарат 0 және 1 сандарымен кодталады. Бұл жөнiнде кейiнiрек айтылатын болады.


24-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Мұнда кiмнiң аттары жасырылған? АРУНА, ӘЛIМ.

  2. Шатасып жатқан әрбiр жiптiң соңын тауып, басындағы әрiптердi қайталап жазып шық. Қандай сөз алынды? КҮНДЕЛIК.

  3. Әрiптерден сөздер құрап жаз. Перне, алма, монитор.

  4. Қандай сөздер құрастыруға болады? Кiтап, тиiн, ит, зымыран, қоян, сөмке, раушан. Келесi сұрақтарды қоюға болады, мысалы, кiм жаңғақты шаққанды жақсы көредi?

  5. Сандардың өсу ретiне қарай әрiптердi орналастыр. КОД, ЖҮЙЕЛIК БЛОК

  6. Торкөздердi тiлсызық арқылы толтыр.

→↑→↓→→→↑→→↓↓↓←↑←←←←←↑



КIЛТ бейнесi пайда болды.

  1. Сөздi құра. ҚҰПИә

25-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Сөздердi ажыратуға көмектес. Қанша сөз (ат) алынса, сонша дөңгелек сал: АРУНА, ӘЛIМ, САРА, МАРАТ, АЙНҰР.

Жауабы: 6

  1. Әрбiр сөздегi Ғ әрпiн сызып тастап, жасырылған сөздердi оқы:

ӨҒНҒҒЕҒРҒЛҒIҒ ӨҒРҒГҒЕҒ ЖҒҮҒЗҒЕҒДҒIҒ

Өнерлi өрге жүзедi.

  1. Заңдылықтарды тауып, қатарды жалғастыр.

  2. Жұмбақтарды шеш:

Күндi бағып тұрады,

Күнге басын бұрады.

(Күнбағыс)

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа).


Күндiз жоқ болады,

Түнде тап болады.... (Ай)


Ит сИәқты пiшiнi,

Ұнатпайды ол кiсiнi. (қасқыр)


Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (Тасбақа).


  1. Тиiстi әрiптердi қойып, сөз құрастыр. М... .... Ю, К........................ Р

(МЕНЮ; КОМПЬЮТЕР)

  1. Түстердi нөмiрлеп, суреттердi боя.

  2. Мақалды шеш:

Кiтап – жақын досың.

Жаман жолдастан таяғым артық.

8. Заңдылықтарды тауып, жасырылған сөздердi тап.


Сергiту сәтi


26-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 3 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.


1-тапсырма.

Не жасырылған?

1-нұсқа

дөңгелек емес, шаршы емес, қызыл емес. Бұл не? Көк түстi үшбұрыш.

2-нұсқа

Дөңгелек емес, шаршы емес, көк емес. Бұл не? Қызыл шаршы.


1-тапсырма.

Симметриялы нысандарды толықтырып сал.


3-тапсырма.

Симметриялық өстi жүргіз.

4-тапсырма.

Қатарды жалғастыр.

5-тапсырма.

Суреттегi заттардың атауын тап. Олардың бастапқы әріптерi арқылы мақал құрастыр:

1-нұсқа

Ердiң атын еңбек шығарады..

2-нұсқа

Ерiншектiң ертеңi таусылмас.

6-тапсырма.

Жұмбақтарды шеш:

1-нұсқа

Қар, мұз ерiп,

Су көбейiп,

Сай-салаға қашады.

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)


Өрiк, алма,

Шие, алша,

Жидек-жүзiм пiседi,

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)

2-нұсқа

Орақ түсiп,

Егiн пiсiп,

Қырман дәнге толады.

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезенi торлайды.

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Қыста)

7-тапсырма.

1-нұсқа

Сөздегi С әріптер алып тастап, ақпарат енгiзу құрылғысының атауын оқы. СПСЕСРСНСЕСТСАСҚСТСАС - ПЕРНЕТАҚТА.

2-нұсқа

Сөздегi С әріптер алып тастап, ақпарат шығару құрылғысының атауын оқы.

СМСОСНСИСТСОСРС - МОНИТОР

27 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты бейнелеу


Сабақтың мақсаты:

  1. ақпараттарды бейнелеудiң түрлi тәсiлдерiн қарастыру.

  2. ақпаратты пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Ақпараттарды түрлi таңбалар көмегiмен бейнелеуге болады. Олар цифр, әрiп, сан, сөз болуы мүмкiн. Ақпараттарды пиктограмма түрiнде бейнелеуге болады. Өте ерте заманда адамдардың қалай тұрғаны жөнiнде ақпарат сақталған. Бұл ақпарат бiзге жарға салынған суреттер арқылы жеттi. Адамдар дыбыстық ақпараттарды ноталар түрiнде түрлендiрудi үйрендi. Жүргiзушiлер мен жолаушылар жолдағы қозғалыс ережелерi туралы ақпаратты жол белгiлерi арқылы алады. Ал сұрақ және леп белгiлерi таң қалудың және масаттану арқылы өрнектеледi. Таң қалу мен масаттану сұрақ және леп белгiлерi арқылы өрнектеледi. Қандай белгiлер көмегiмен ақпараттарды түрлендiруге болатыны жайлы мысал келтiрiңдер? Теледидар арқылы ауа райы қалай хабарланатынын еске түсiрейiк. Қандай таңбалар көмегiмен күн, жаңбыр, қар белгiленедi?


Тапсырмалар.

  1. Қажетті түспен қоршап сыз.

  2. Пиктограмма ненi бiлдiредi? Қуаныш, қайғы, тыныштық.

  3. Кестені толтыр:

Таңба

Нені білдіреді?

+

Жедел жәрдем


Өтектеуге болмайды


Жаяу өтетін жол.


Тұрақ


Балалар


Нота

+ - : х

Математикалық амал таңбалары

Үшбұрыш


  1. Кестені толтыр:


Сигнал

Нені білдіреді

Желдiң соғуы

Жаңбыр болады

Әйнектің дыбысы шықса

Ыдыс сынады

Қардың шықырлауы

Аяз

Сабақ қоңырауы

Сабақтың аяқталуы

Түтiн иiсi

Өрттiң болуы

Автомобиль сигналы

Сақтандыру

Бағдаршамның қызылы

Көшеден өтуге болмайды.


  1. Атауларына сәйкес таңбаларды тiлсызықтар арқылы қос:


Қазақ әріптерi

Ә, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө

Орыс әріптерi

А, Б, В, Г, Д, Е

Латын әріптері

A, B , C, D, E, F, G

Арифметикалық амалдар таңбалары

+ - : ·

Арнайы белгілер

. , ! ? ; * / \ % $ # @


  1. Кестені толтыр:

БАҚБАҚ

Дыбыстық ақпарат

Тыңда !

Мәтіндік ақпарат

123

Сандық ақпарат

Графикалық ақпарат

Найзағай

Көру ақпараты

5

Сандық ақпарат

Кiтап

Мәтіндік ақпарат

  1. Арунаны Әлiмге жеткiзетiн жолды таңда. Жауабы: Үшінші жол.


Сергiту сәтi


28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат “көзі” мен оны “қабылдаушы” түсiнiктерiн қарастыру.

  2. Ақпарат көзі мен қабылдаушысын ажырата бiлудi үйрету.

  3. ақпаратпен жұмыс iстеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптері бойынша әңгiме өткiзiледi. Теледидардың антеннасы ақпарат көзі болып табылады. Біздің теледидар – ақпарат қабылдаушы. Осы бағытта балалармен әңгіме өткiізуге болады. Сабақ кезiндегi ақпарат көзi - мұғалiм, ал оқушылар – оны қабылдаушы болып табылады. Оқыған кезде кiтап ақпарат көзi болады, ал оқушы оны қабылдаушы едi. соңынан жазған кезде, оқушы ақпарат көзi, дәптер – оны қабылдаушы. Сонымен, ақпарат көзі күн, термометр, сағат, сигнал, бағдаршам, телефон, теледидар, Интернет, т.б. болуы мүмкін.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Ақпарат бізді қоршап қана тұрған жоқ. Онымен адам тікелей жұмыс істейді. Мысалы, оқушы кап оқыды, ол жөнінде дәптерге жазды. Мұндай жағдайда қандай әрекет жүзеге асырылды. Бұл кезде де ақпаратты қабылдау және беру iсi атқарылады. Кітап ақпарат көзі ал оқушы оны қабылдаушы, дәптер ақпарат қабылдаушы. Бiр ақпарат түрi ақпараттың көзі де және оны қабылдаушы да бола алады. Ал қабылдаушылар көп болуы мүмкін.


Тапсырмалар.

  1. Ақпарат көзі мен қабылдаушысын анықта.

Ақпарат көзі - қалтқы, ал Әлiм – оны қабылдаушы.


  1. Бағдаршамды дұрыс боя. Сигналдарын жаз:

Бірінші - қызыл.

Екінші - сары.

Үшінші жасыл.

  1. Төмендегi берiлген оқиғалар мен құбылыстардың қайсысын ақпараттарды таратуда немесе қабылдауда қолдануға болады? ИӘ немесе ЖОҚ жауаптарын жаз.

Жағдай

Алу үшiн

Беру үшiн

Жарықтың түсуi

Иә

Иә

Мектеп қоңырауы

Иә

Иә

Күннiң шығуы

Иә

жоқ

Ұшақтың гуiлi

Иә

жоқ

Көктемгi тамшы

Иә

жоқ

Газдың иiсi

Иә

жоқ

Бағдаршамның жұмысы

Иә

Иә

Граниттiк тастарды таяқпен соғу

Иә

Иә

Әйнектi доппен соғу

Иә

жоқ


  1. Қайсысы - ақпарат көзі, қайсысы – оны қабылдаушы.

Телефон – ақпарат көзі.

Теледидар – ақпарат көзі, қабылдаушы.

Радио - ақпарат көзі, қабылдаушы

Күн – ақпарат көзi

Шам – ақпарат көзі.

Градусник – ақпарат көзі.

Аруна, Әлiм – ақпарат көздері және оны қабылдаушылар.


Сергiту сәтi


29-30-сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат алмасу

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат алмасу ұғымымен оқушыларды таныстыру.

  2. ақпаратпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Адам өмiрi әрқашанда ақпарат алмасу арқылы өтiп жатады.. Сөйлесу арқылы бiз бiр-бiрiмiзбен ақпарат алмасамыз. Ерте заманда африкада бiр тайпа екiншi тайпаға маңызды ақпараттарды барабан соғу, от жағып түтiндету арқылы берiп отырған. Кей кездерде ақпаратты жеткiзу үшiн шабарман немесе арнайы үйретiлген кептерлер пайдаланылған.

Қазiргi заманда адамдар ақпарат алмасуға арналған көптеген құралдар ойлап шығарған: телефон, радио, теледидар, компьютер, интернет. Ақпарат алмасу әрқашанда байланыс арналары арқылы жүргiзiледi.

Ақпаратты беру үшiн арнайы сигнал беру керек. Сигналдар әртүрлi болуы мүмкiн, мысалы, бiздiң көзiмiздiң көретiнi - жарық; құлағымыз еститiн дыбыс немесе радиоқабылдағыштар мен теледидарлар қабылдайтын электромагниттiк толқындар. Телефон сымдары бойымен берiлетiн немесе компьютер iшiндегi қолданылатын электр токтары да сигналдар. Ең бастысы, ақпараттарды қабылдауыштар берiлген сигналдарды қабылдап, оны түсiнiп және оны оқи алатындай болуы керек. Мысалы, көктемгi тамшы бiзге қыстың кеткенiн, көктемнiң келгенiн хабарлайды, бiрақ оның көмегiмен бiз ақпарат бере алмаймыз.

Сигнал қандай да бiр ақпаратты беруi үшiн ол өзгерiп ауысып тұруы керек. Сол сигналдардың өзгеруi арқылы бiз ақпараттарды берiп, қабылдай аламыз.


29-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Ақпарат көзi мен қабылдаушысын көрсет:


Оқиға

Көзi

Қабылдаушы

Бала хат оқып отыр

Хат

Бала

Сағат шырылдады

Сағат

Бала

Мұғалiм тақтаға жазды

Мұғалiм

Тақта


  1. Ақпарат көзiн және қабылдауышын сызықтар арқылы қос.

30-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Шарлардан қандай сөздер құрастыруға болады? Ақпарат көзi. Қабылдаушы.

  2. Көп нүктенiң орнына қажеттi әрiптердi қойып, сөздi тап. АҚПАРАТ.

  3. Сигналдар қандай ақпарат бередi? Сызықтармен қос.


Сигналдар

Ақпараттар

Есiктегi қоңырау шырылдады

Досым келдi

Бағдаршамның жасыл сигналы

Жүруге рұқсат

Мектеп қоңырауы

Сабақтың басталуы

SOS (Бiздi құтақарыңдар)

Көмекке шақыру сигналы

КУ-КА-РЕ-КУ

Таң атты


  1. Кiм - кiммен сөйлесiп отыр

Аруна мен Әлiм.

Сара мен Дина.

Әсем мен Самат


Сергiту сәтi


31-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды алу арналары.


Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды ақпараттарды алу арналарымен таныстыру.

  2. ақпарат түрлерiн қайталау және оны бекiту.

  3. ақпаратпен жұмыс iстеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, жұмыс дәптерлерiндегi ақпарат түрлерiнiң бiр–бiрiмен байланысын көрсететiн кестенi қарастырайық.


Ақпараттарды алу арналары

Ақпарат түрлерi

Сезiм мүшелерi

Көру

Көру

Көз

Есту

Дыбыстық (есту)

Құлақ

Сипап сезу

Тактильдi (сезу)

Терi

Иiс

Иiс

Мұрын

Дәм

Дәм

Тiл


Компьютерде де ақпарат алу арналары бар ол ақпарат енгiзу құрылғысы:

- пернетақта, цифрлық және әрiптiк мәлiметтердi енгiзедi,

- микрофон, дыбыстық ақпараттарды енгiзедi,

- сканер, графикалық (сурет, фотосурет) ақпараттарды енгiзедi.

Ақпаратты шығару құрылғысыбұл ақпаратты беру, шығару арналары:

- монитор мен баспа құрылғысына компьютерден мәтiндердi немесе суреттердi беруге болады,

- динамик пен құлаққалқан көмегiмен дыбыстық ақпараттарды тыңдауға болады.


Тапсырмалар.

  1. Арунаның қандай сезiм мүшелерi арқылы ақпарат алатынын көрсет:

Көз.

Құлақ.

Тiл.

Терi.

Мұрын.

  1. Кестенi толтыр:


Сезiм мүшелерi

Радио

Машина

Алмұрт

Алау

Гүл

Көз

+

+

+

+

+

Құлақ

+

+




Мұрын



+

+

+

Тiл



+



Терi




+



  1. Кестенi толтыр:


Нысан

Ақпарат түрлерi

Сезiм мүшелерi

Досыма хат

Көру

Көз

Математика мысалдары

Көру

Көз

Тосап

Дәм

Тiл

Сурет

Көру

Көз

Телехабар

Көру, дыбыстық

Көз, құлақ

Радиохабар

Есту

Құлақ

Торт

Дәм

Тiл

Фотосурет

Көру

Көз

Сарқырама

Дыбыс

Құлақ


  1. Бiр қарандаштың көмегiмен доптар әр түрлi болатындай етiп, бояп шық.

  2. Тiзбектегi сезiм мүшелерiн бiлдiретiн сөздердi тап. Көз, мұрын, құлақ, терi, тiл.

Сергiту сәтi


32-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi.


Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi туралы түсiнiк беру.

  2. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. Ақпаратпен жұмыс жасату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, тағы бiр мысал қарастырайық: оқушы кiтапты оқып шығып, кiтап туралы өзiнiң ойын жазды. Осы жағдайда қандай ақпараттық процесс жүргiзiлдi? Бұл тек қана ақпараттарды алу және беру ғана емес қой. Бұл – ақпаратты сақтау, өңдеу, алу, беру.

Ақпарат кiтапта сақталады. Ақпаратты тасушы қағаз болып табылады. Бұл процесс ақпаратты сақтау деп аталады.

Оқушы кiтапты оқыды. Кiтаптағы мәлiмет оқушыға берiледi.Бұл процесс ақпарат беру деп аталады. Кiтап – ақпарат көзi, оқушы – ақпарат қабылдаушы.

Оқушыға ақпарат алу үшiн оның көздерi көмектестi. Сол арқылы ол кiтаптағы ақпаратты көрдi.

Кiтапты оқып, оқушы кiтаптың мазмұны туралы ойланды, яғни ол ақпаратты оңдедi.

Кiтап туралы алған әсерiн дәптерге жаза отырып, оқушы ақпаратты беру процесiн жүзеге асырады. Бiрақ бұл жерде ақпарат көзi – оқушы, ал қабылдаушы – дәптер. Мiне ақпараттармен осындай әрекеттер орындалуы мүмкiн.


Тапсырмалар.

  1. Кестенi толтыр:


Нысан

Нысан әрекетi

Телефон

Алу, беру

Кiтап

Сақтау

Фотоальбом

Сақтау

Компьютер

Алу, сақтау, өңдеу, беру

Магнитофон

Беру

Адам

Алу, сақтау, беру

Жел

Беру


  1. Ақпарат бере алмайтын нысандарды сызып таста. Кесе, кемпiрқосақ.

  2. Қандай әрекеттердi орындау арқылы ақпарат аласың? Мұғалiм ақпарат бередi. Оқушы оны қабылдап алып дәптерге жазып сақтайды.

4. Мына жағдайларда ақпарат алудың қандай әрекеттерi орындалады?

Теледидар қарап отырсың. Ақпаратты қабылдаймыз.

Телефонмен сөйлесiп отырсың. Ақпаратты беремiз және қабылдаймыз.

Компьютерде жұмыс жасап отырсың. Ақпаратты беремiз және қабылдаймыз.

Кiтап оқып отырсың. Ақпаратты қабылдаймыз.

5. Ненiң көмегiмен ауа райы туралы ақпаратты алуға болады? Термометр, радио, жауын.

6. Әлiм оқулықтан есептiң шартын оқып, дәптерiне жазды. Оны шығарып, жауабын тапты. Сызбаны толықтыр:

Оқулық– сақтау

Көз– қабылдау

Қолберу

Дәптерсақтау

Миөңдеу

  1. Ақпарат алу барысында қандай әрекеттер орындалады? Қабылдау, өңдеу, беру.


Сергiту сәтi


33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 4 бақылау жұмысы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1-тапсырма.

Әрiптер жиыны мен сандар жиынының арасын сызық арқылы ажырат.


2-тапсырма.

Ақпарат мысалдарын жалғастыр

Дыбыстық

Көру

Сандық

3-тапсырма.

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендiгiн анықта:

1-нұсқа

Кiтапақпарат көзi – ақиқат.

Бағдаршамақпарат көзi емес – жалған.

Адамақпарат қабылдаушы – ақиқат.

Көзкөру ақпаратын алу арнасы –ақиқат.

Дәм сезу ақпаратын мұрын арқылы алуға болады –жалған.

2-нұсқа

Радио – ақпарат көзi – ақиқат.

Кiтап ақпарат көзi емес – жалған.

Оқушыақпарат қабылдаушы – ақиқат.

Құлақесту ақпаратын алу арнасы –ақиқат.

Дәм сезу ақпаратын құлақ арқылы алуға болады –жалған.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Аруна қандай ақпарат қабылдады?

Гүлиiс.

Алмұрт дәм.

Радио – дыбыстық.

Картина – көру.

2-нұсқа

Әлiм қандай ақпарат алды?

Гүлиiс.

Банан –дәм.

Теледидардыбыстық, көру.

Алау сезу (терi арқылы).


5-тапсырма.

Ақпарат алу барысындағы орындалатын әрекеттердi атап шығыңдар:

алу, сақтау, өңдеу, жiберу.


6-тапсырма.

Әр түрлi болатындай етiп, жалаушаларды бiр қарындаштың көмегiмен бояп шығыңдар.


7-тапсырма.

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендiгiн анықта:

1-нұсқа

Радио ақпарат таратады - ақиқат.

Дәптер ақпаратты сақтамайды – жалған.

Оқушы ақпарат алады – ақиқат.

Процессор ақпаратты өңдемейдi - жалған.

Жады ақпаратты сақтайды – ақиқат.

2-нұсқа

Мұғалiм ақпарат бередi - ақиқат.

Кiтап ақпарат сақтамайды – жалған.

Оқушы ақпарат алады – ақиқат.

Процессор ақпараттарды өңдейдi - ақиқат.

Компьютер жады ақпаратты сақтамайды – жалған.


34-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын талдау.

  2. Бақылау жұмысында жiберiлген қателердi қарап, талқылау.

  3. Өткен материалдарды қайталату арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Өткен материалдарды қайталау. Жұмбақтар, ребустар және сөзтiзбектердi шешуге болады.

Тапсырмалар.

1. Жұмбақтарды шеш:

Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым. Сәбiз.

Терезесiз, есiксiз, тұрғындары есепсiз. Қияр

Қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейдi. Орамжапырақ.

Үй күзетедi, үрмейдi. Құлып.

Кебiссiз бiр аяқ. Саңырауқұлақ.

Көше жақта тұрды ұзын етiкте,

Бiр аяқта ұш көздi тұлып. Бағдаршам.

Жасыл аяқта ақ ұсақ бұршақтар. Iнжугүлдер.

Айдалада, ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. Жұмыртқа.


Қыста көп оның керегi,

Даярлап отын бередi. Балта.

Ұшы үшкiр, абай бол!

Жүрiп өтсе, қалар жол. Ине.

Доп емес, допқа ұқсайды,

Үрлемесең, ұшпайды. Шар.

Алтын жұмыртқа еменге жасырынды. Емен жаңғағы.

2-3. Логикалық есептер:

2. Екi ат 40 км жүгiрдi. Әрқайсысы қанша км жүгiрдi? 40 км.

3. Аруна мен Сара – апалы-сiңлiлер. Аруна үш ағасы бар. Ал Сараның да үш ағасы бар. Отбасында қанша бала бар? 5.


Сергiту сәтi




















СЕРГIТУ СӘТТЕРI


1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.


2. Бiр, екi, үш

Бойға жинап күш.

Жаттығуды жасаймыз

Шынығуды бастаймыз.


3. Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

/Б.Бөрiбаев/

3. Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.

/Б.Бөрiбаев/


4. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/


5. Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


6. Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.


7. Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.


8. Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

/Б.Бөрiбаев/


9. Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

/Б.Бөрiбаев/


10. Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/


11. Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам.

Ортан терек - ағам

Шылдыр шүмек - мен

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.



12. Айнадағы бейнедей,

Қимылдарды қайтала.

Бiр сөз айтсаң сен оған

О-дан жауап қайта ма?

/Б.Бөрiбаев/


13. Айнаға қараймын

Шашымды тараймын.

Бақытты боламын,

Сымбатты боламын.

Әрқаша тазамын,

Бәрiнен озамын.



14. Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

/ Б.Бөрiбаев/


15. Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.


16. Біз бесеуміз, бесеуміз.

Бес тармақты жұлдызбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз

Ақ қалпақты құндызбыз.

Аяғымыз қайда екен,

Тез қозғалсақ пайда екен.

Бiзден биiк секiрер

Мықты жандар бар ма екен?


17. Оңға бір,

Солға бір,

Бұрылып жолдары,

Жолаушы жүредi.

Соңынан жүгiрiп,

Бұтаға үңiлiп,

Сүрiнiп, тығылып

Күшiгi үредi.

/Б.Бөрiбаев/

18. Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

/ Б.Бөрiбаев/


19. Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


20. Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

/ Б.Бөрiбаев/


21. Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргiмiз келедi

Әдемiлеп ән салып,


Топ-топ басайық,

Жаттығулар жасайық.

Қайырымды жан болып,

Жамандықтан қашайық.


Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.


Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

/Б.Бөрiбаев/






Содержимое разработки

36


Ақпараттық мәдениет негiздерi. 3 сынып.


3 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау
Сабақтар нөмiрi Мазмұны Сағаттар саны
1 Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау 1
2 Нысан ұғымын қайталау 1
3 Нысандар жиыны 1
4 Нысандар жиыны 1
5 Бұтақтар 1
6-7 Графтар 2
8 №1 бақылау жұмысы 1
9 Комбинаторика 1
10 Координаттық жазықтық 1
11 Координаттық жазықтық 1
12-13 Ақпаратты кодтау 2
14 Ақпаратты кодтау 1
15 Ақпаратты сақтау 1
16 Компьютердiң жады 1
17 №2 бақылау жұмысы 1
18 Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау 1
19 Paint графикалық редакторы. Суреттердi ашу 1
20 Paint графикалық редакторы. “Жазу” құралы 1
21 Paint графикалық редакторы. Жазуды қою 1
22 Paint графикалық редакторы. Нысанды көшiру және қою 1
23 Paint графикалық редакторы. Нысанды бұру 1
24 Paint графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою 1
25 Paint графикалық редакторы. Симметрия. 1
26 №3 бақылау жұмысы 1
27 Ақпарат қасиеттерi 1
28 Екiлiк код 1
29 Хабарламаның ақпараттық көлемi 1
30 Модельдер 1
31 Графикалық модельдер 1
32 Ақпараттық модельдер 1
33 №4 бақылау жұмысы 1
34 Қайталау 1
Барлығы 34
1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды қайталау.

  2. Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  3. “Ақпарат және оның түрлерi” тақырыбын қайталау мен еске түсiру барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен танымдық iс-әрекетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн оқушылар қайталайды. Оқушыларға электр тогынан зиян шеккен немесе күйген жағдайда көрсететiн алғашқы көмек туралы әңгiме өткiзiледi. Көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығулар еске түсiрiледi және жұмыс дәптерi бойынша компьютердегi оқушылардың жұмыс iстеу орны талқыланады.

“Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқып-үйрену жалғастырылатыны жайлы айтылады.

Ақпарат және оның түрлерi” тақырыбын еске түсiрiп, ақпарат ұғымы мен оның түрлерiн, алу жолдарын қайталау: дәм, көру, дыбыс, иiс сезу, сипап сезу. Сонымен бiрге адамның түрлi ақпараттарды қабылдауға мүмкiндiк беретiн сезiм мүшелерi мен ақпаратпен жұмыс жасау әрекеттерi (ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, беру) де қайталанады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бізді қоршаған орта дәм, иіс, дыбыс ақпараттарынан тұрады. Оларды адамдар заатардың қасиеттеріне қарай сезім мүшелері (көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, т.б.) арқылы сезіп біледі.

Көру мүшесі арқылы айналадағы заттар туралы ақпарат алады. Олар кітаптар, мұражайдағы суреттер, географиялық карталар, жолда жүру белгілері, судың жылжып ағысы, бишілердің биі және т.б.

Есту мүшесі арқылы - біздің құлағымыз – заттар туралы дыбыстық ақпарат аламыз: сөз, телефон шырылы, әуен, аққан судың гүрiлi, т.б.

Қоршаған ортадан алынатын түрлi иістер де маңызды ақпарат болып табылады. Газдың иісін сезу арқылы біз бірден апаттан құтқару қызметiне телефон соғамыз.

Заттың дәмі жөніндегі мәлiмет тiлдiң сезгiштiк қасиетi арқылы алынады. Мұндай сезіміміз болмаса, не болатынын елестетіп көрейікші. Біз мерекелік торттың керемет дәмін ешқашан білмес едік.

Сипап сезу мүшелеріміз арқылы басқа да ақпарат алуға болады. Мысалы, заттың температурасы (ыстық па, әлде суық па), қоршаған орта жағдайы (ылғалды ма әлде, құрғақ па) туралы ақпарат алуға болады.

Біз «Ақпараттық мәдениет негіздері» атты курсты жалғастырамыз. Түрлi мәлiметтердi ақпараттық процестің негізгі объектілерi ретінде қарастырамыз. Еске түсіріп көрейікші. Ақпаратты аламыз, есте сақтаймыз, өңдейміз және одан әрі жалғастырамыз.

Тапсырма.

  1. Пернетақталық жаттығуды қайталау.

  2. Кез келген мәтінді, жұмбақтарды, сергіту сәттеріне арналған тақпақтарды жұмыс дәптерінің соңғы беттеріне жазуға болады.

  3. Екінші сыныптағы графикалық бөлімде берiлген тапсырмаларды қайталау қажет. Егер сабақ соңында уақыт қалып жатса, осы тапсырмалардың кез келгенін компьютерде орындауға болады. Сондықтан мұндай тапсырмалар жайлы әдістемелік нұсқауда айтылмаған.

Сергiту сәтi


2-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Нысан ұғымын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Нысан” туралы ұғымды қалыптастыру.

  2. Нысанның” белгiлерi және олармен жұмыс жасау әрекеттерiн қайталау.

  3. Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  4. Оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен экологикалық тәрбиесiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Нысан» тақырыбын қайталау. Кез келген нысанның аты, сыртқы белгiсi және онымен орындалатын әрекеттер тiзбегi бар екенiн балаларға ескерту керек. Нысанның аты мен оның белгiлерiн сөздермен сипаттап айтуға немесе оны график түрiнде бейнелеуге болады. Нысандар туралы оқушылар бiлiмiн нығайтып, ары қарай дамыту қажет. “Нысанды тап” ойынын олардың сыртқы белгiлерi бойынша өткiзуге болады. Алдын-ала бұл ойынды дайындап, қандай да бiр белгiлерi бойынша нысанды ойлап табу ұсынылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бүгiн сiздермен “Нысан” тақырыбын қайталайтын боламыз. Бiз неге «заттар» сөзiн пайдаланбаймыз? Себебi, ол «зат» – жансыз, ал бiз жануарлар әлемi, өсiмдiктер, адамдар, түрлi жағдайлар мен процестердi қарастырып отырмыз. Ал «нысан» - бұл зат, жануар, жәндiк, оқиғалар, түрлi процестер мен табиғат құбылыстарының жиынтығы. Бұны естерiңе сақтағандарың дұрыс!

Әрбiр нысанның аты, белгiсi және құрамы болады. Нысан белгiлi бiр әрекетті өзі орындауы мүмкін, сондай-ақ нысанмен де түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы, «Ағаш». Бұл нысанның аты «ақ қайың» болуы мүмкін. Белгілеріне қарай діңі ақ, жапырағы ұсақ, жасыл. Бұл нысан тамырдан, діңнен, бұтақтан, жапырақтан тұрады. Ағаш өседі, өзіне көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі, көлеңке береді. Ағашты кесуге, өңдеуге, одан заттар жасауға болады. Мысалы, жиһаз.

Енді сендер мысал келтіріп көріңдерші. Мысал ретiнде бір нысан алыңдар. Сонан соң онымен орындауға болатын әрекеттерді сипаттаңдар.

Тапсырма.

  1. Берiлген нысанға ат берiп, оның белгiлерiн сипаттап жаз.

  2. Тiлсызық арқылы қос.

    Зат

    Демалыс

    Табиғат құбылыстары

    Жаңбыр

    Мейрам

    Қар

    Домбыра тарту

    Кемпiрқосақ

    Компьютерде жұмыс iстеу

    Процесс

    Үстел

    Оқиға

  3. Кестенi толтыр.

Нысан мысалы

Нысан түрi

Сурет

Нысан белгiсi

Нысан әрекетi

Жаңбыр

Табиғат құбылысы




Ағаш





Мысық






Торт






Кемпiрқосақ






Туған күн






Сергiту сәтi


3-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны

Сабақтың мақсаты:

  1. Нысандар жиыны” ұғымын қайталау.

  2. Ортақ және бiрiккен жиындар ұғымдарын енгiзу.

  3. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмделуiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Нысандар жиыны» ұғымы 2-сыныпта енгiзiлген болатын. Ол математикадағы ең маңызды ұғымдардың бiрiне жатады, информатикада да қажеттi негiзгi түсiнiктердiң бiрi болып саналады. Бiрақ оқушылардан бастауыш сыныптарда ортақ жиындар мен бiрiккен жиындар сияқты терминдердi талап етудiң қажеттiлiгi жоқ. Оқушылар бұл ұғымдар мағынасын өз бетiмен интуитивтi түрде түсiне алады. Ал мұғалiм ол терминдердi материалдарды түсiндiру барысында қолдануы керек.

Тапсырма.

  1. Жазуды толықтыр:

Кiтапханабұл кiтаптар жиыны.

Сыныпбұл оқушылар жиыны.

Отарбұл қойлар жиыны.

Табын – бұл аттар жиыны.

Орманбұл ағаштар жиыны.

  1. Нысандарды берiлген жиындар бойынша топта.

КӨЛIК

ОЙЫНШЫҚТАР

ОҚУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

  1. Бұл заттар қандай мамандықтар үшiн қажет?: дәрiгерге, аспазға, спортшыға

  2. Әрбiр жиынға және жиындардың қиылысуындағы сөздер ойлап, жаз.




ГҮЛДЕР


раушан

бақбақ

Р” әрпiнен басталатын

сөздер

Б” әрпiнен басталатын сөздер



  1. Жиынның әрбiр жұбы үшiн суреттер таңда. Жиындардың аттарын дұрыс толтыр.




Ешқандай күнтүн емес. – Бұл екi бөлек жиын, олар ортақ жиынға да, бiрiккен жиынға да кiрмейдi.

Дәрiгер барлық адамдар емес. – Дәрiгерлер жиыны адамдар жиынына кiредi.

Барлық көлсу қоймасы. - «Көлдер» жиыны толығымен «су қоймалары» жиынына кiредi.

6. Гүлдердi боя. Әрбiр гүлде кем дегенде бiр қызыл күлте болады. Олай болса, олардың барлығы қызыл жиынға енедi.

Сергiту сәтi

4-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Нысандар жиыны” тақырыбын қорытындылау және оны бекiту.

  2. «Ортақ» және «бiрiккен» жиындар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

  3. Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Нысандар жиынын анықтау барысында оқушылардың шығармашылыққа бейiмдiлiгiн қалыптастыру.

Тапсырма.

  1. Берiлген нысандарды боя және оларды жиындарға бөл.

«Жүзетiн» жиындарға жатады: кит, кеме.

«Ұшатын» жиындарға жатады: ұшақ, қарға, шағала.

Жүзетiн” және “Ұшатын” жиындарға ортақ: үйрек, шағала.

«Жүзетiн немесе ұшатын» жиындардың бiрiгуi: барлық нысандар.

  1. Әрбiр бөлiкке бiр нысаннан сал. Қандай жиындарда қандай нысандар бар екенiн анықта.

Жиындарға ортақ - сары ауа шары.

3. Қызыл және көк түстi жиындарға қарап, төменде берiлген әрбiр жиын қанша элементтен тұратынын анықта?

Қызыл түстi жиында? - 5.

Көк түстi жиында? - 4.

Ортақ жиындар - 2.

Бiрiккен жиындар - 7.

4. Мына жиындарға қарап, а) бiрiккен жиындарға; ә) ортақ жиындарға қанша элемент кiретiнiн анықта:

Қызыл және жасыл түстi жиындарға ортақ - 2.

Жасыл және көк түстi жиындарға ортақ - 1.

Қызыл және көк түстi жиындарға ортақ - 0.

Қызыл және жасыл түстi жиындардың бiрiгуiнде - 8.

Жасыл және көк түстi жиындардың бiрiгуiнде - 6.

Қызыл және көк түстi жиындардың бiрiгуiнде - 9.

Сергiту сәтi

5-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Бұтақ.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Бұтақ» туралы ұғымды беру.

  2. Нысандарды бiрнеше белгiлерiне қарай топтарға бөлудi үйрену.

  3. «Жиын» ұғымын қайталау және оны бекiту.

  4. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  5. Оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен экологиялық тәрбиесiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бұл сабақтағы барлық тапсырмалар тақтаға жазылып, оқушыларды бiр-бiрлеп тақтаға шығару арқылы орындаған дұрыс. Тақтадағы тапсырма орындалып болғаннан кейiн, оқушылар дәптердегi “бұтақты” толтырады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Біз бүгін ағаш отырғызамыз, оны өсіреміз, оның жапырақтарына өз аттарыңды жазып қойыңдар (7-тапсырма). Тақтаға алдымен тамырын саламыз (суретте ең төменгi орналасқан нүкте). Түбiрден екi бұтақ өсiп шығадыұлдар мен қыздар. Әрбiр бұтақтан тағы екi бұтақ өсiп шығадықара және қоңыр шаштар. Ал ендi кiмнiң қандай бұтақта орналасқанын анықтаңдар. Сонымен, біз «бұтақ» ұғымын қарастырдық. Ол алгоритмдер теориясының негiзгi ұғымдарының бiрi.

Енді «бұтақ» ретiнде өз отбасыларыңды қарастырып, оны аталарыңыз бен әжелеріңізден бастайық. Бір баланың үрiм-бұтағын тақтаға түсіруге болады. Мысалы, әжесi мен атасының үш баласы болған. Оларды үш бұтақ етіп көрсетуге болады. Осы бұтақтардан келесі ұрпақ жалғасады. Осындай тапсырманы әр бала отбасы бойынша құрастырып келуi үшін үйге беруге болады. Мұндай бұтақтар жиыны генетикалық бұтақтар деп аталады.

Тапсырма.

  1. Бұтақтардың ұштарына нысандардың суретін сал.

  2. Ит, қасқыр, мысық, түлкi сөздерiн жаз. Жабайы аңдар – қасқыр, түлкі т.б. Үй жануарлары – ит, мысық, қой, ешкі, сиыр, жылқы т.б. Сөздерді осылай топтап жазу керек.

  3. Қандай бұтақтарда шарлар өседі?. Оқушылардың назарын шарлардың түсіне, түрiне аудару керек.

  4. Бұтақтарды толтыр.

Кез келген а сияқты дауысты дыбыс мысалы, у дыбысы сияқты дауыссыз емес.

Дауыссыз б дыбысы мысалы, п дыбысы сияқты қатаң емес.

8 жұп саны, мысалы 5 сияқты тақ емес.

3 тақ саны, мысалы 4 сияқты жұп емес.


  1. Бұтақтарды толтыр. Аңдарүй, жабайы. Балықтартеңiздiк, көлдiк.

  2. Жұмбақты шеш:

Бiр ағаштың 12 бұтағы бар.

Әр бұтақта 4 ұя бар.

Әр ұяда 7 балапан бар,

Әр балапанның бір қанаты ақ, екінші қанаты қара.

Жауабы: жыл, 12 ай, 4 апта, 7 күн, күн мен түн.

Балалар жауабын тез тауып алу үшін мынадай сұрақтар қоюға болады: 12 бөліктен тұратын не бар?

  1. Көрсетiлген белгiлер бойынша сыныптағы оқушылардың аттарын жаз.

Қосымша тапсырма: Ата мен әжеден бастап, өз отбастарыңның үрiм-бұтағын жазыңдар.

Сергiту сәтi

6-7 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Графтар.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Граф» ұғымын енгiзу.

  2. Граф көмегiмен кейбiр есептердi шығаруды үйрену.

  3. Граф” тақырыбы бойынша берiлген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. “Графпен” жұмыс жасауда оқушылардың оймен өрнектеу және шығармашылық ынтасын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Бұтақ» ұғымы сияқты «граф» ұғымы да алгоритм теориясының негiзгi ұғымдарының бiрi болып табылады және олар ұқсас мағыналарда қолданылады. Бұтақтарды түбiрсiз қарастыру граф мысалы бола алады. Граф нүктелерi – оның төбелерi, ал төбелерiн жалғайтын сызықтар граф қабырғалары деп аталады. Бұл терминдердi материалды түсiндiру барысында пайдалануға болады, бiрақ оны оқушылардан талап ету мiндеттi емес. Әрбiр тапсырманы тақтаға жазып орындаған дұрыс.

6-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Әлiмнiң үйiнен Арунаның үйiне дейiн бiр жол бар, ал Арунаның үйiнен мектепке дейiн екi жол бар. Егер Әлiм Арунаға соғып кетер болса, онда ол мектепке неше жолмен бара алады?

Жауабы – 2.

  1. Ниф-Нифтiң үйшiгiнен Нуф-Нуфтың үйшiгiне дейiн екi жол, ал Нуф-Нуфтың үйшiгiнен Наф-Нафтың үйшiгiне дейiн 3 жол бар. Сонда Ниф-Ниф Наф-Нафқа неше жолмен бара алады?

Жауабы – 6.

  1. Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел. А-дан В-ға дейiн қанша жол бар және әрбiр жол бойынан ненi табуға болады?

Жауабы - 6.

  1. а) Аруна, Әлiм, Сара, Әлия кездесiп, олардың әрқайсысы бiр-бiрiмен сәлемдестi. Сонда қанша рет сәлемдесу әрекетi орындалады?



Жауабы – 6.


ә)Егер 5 оқушы кездесетiн болса, онда қанша рет амандасу әрекетi орындалады?



Жауабы – 10.

  1. МЕНЮ құрастыр.


1

Сорпа Тұшпара Кеспе көже

-тағам.




Қара нан Ақ нан



2-тағам.

Картоп Күрiш Кеспе

Қуырдақ Шұжық Балық







3 тағам.



Шай Шырын







7-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Әлiм тосап қосылған шелпек немесе бауырсақ жегiсi келдi. Егер тосаптың 4 түрi болса, оларды қанша тәсiлмен дайындауға болады?






Барлық мүмкiн варианттар: ШҚ, ШТ, ШҚ, ШШ, БҚ, БТ, БҚ, ББ.


2.Аруна қонаққа жиналып жатып, қандай киiм кию керек екенiн ойлады?




Орамал Шалбар


Арунада қанша мүмкiн вариант бар? ОК, ОЖ, ОК, ЖК, ШЖ, ШК.


3.Арунада 3 ваза бар, бiрақ қолындағы гүл шоғы екеу. Аруна үшiн бөлменi гүлмен безендiрудiң қандай жолдары бар?

Раушан Түймегүл




Көк ваза Жасыл ваза Қызыл ваза



Жауабы: РК, ТЖ. РК, ТҚ. РЖ, ТК. РЖ, ТҚ. РҚ, ТК. РҚ, ТЖ 6 вариант.


4.Жаңа сөздердi құрастыр. Бұл тапсырманы орындау оқушыларға онша қиын болмайды. Сергiту сәтi 8-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 1 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аттарын жазып қойғандары дұрыс.

1-тапсырма

Жиындарға ат қой.

1-нұсқа

Киiм, тәттi тағамдар, ыдыс.

2-нұсқа

Бас киiмдер, аяқ киiм, тәттi тағамдар.

2-тапсырма

Берiлген жиындардың құрамында қанша элементтен бар?

1-нұсқа

Қызыл жиында – 5.

Көк жиында – 3.

Ортақ жиында – 1.

Бiрiккен жиында – 7.

2-нұсқа

Қызыл жиында – 4.

Көк жиында – 5.

Ортақ жиында – 2.

Бiрiккен жиында – 7.

3-тапсырма

Тұжырымдардың “ақиқат” немесе “жалған” екендiгiн анықта.

1-нұсқа

Қызыл жиында 5 элемент бар – ақиқат.

Көк жиында 2 элемент бар – жалған.

Ортақ жиында 8 элемент бар – жалған.

Бiрiккен жиында 1 элемент бар – жалған.

2-нұсқа

Қызыл жиында 4 элемент бар – ақиқат.

Көк жиында 3 элемент бар – жалған.

Ортақ жиында 9 элемент бар – жалған.

Бiрiккен жиында 2 элемент бар – жалған.

4-тапсырма

Бұтақтарды толықтырып сал

1-нұсқа

Жалаушаларды толықтырып сал: қызыл, жасыл, қызыл, көк.

2-нұсқа

Шарды толықтырып сал: қызыл, жасыл, көк, сары.

5-тапсырма

Кестенi толтыр.

1-нұсқа

Қыздар, ұлдар, оқушылар.

2-нұсқа

Қыздар, ұлдар, оқушылар.

6-тапсырма

Егер қонжық жол-жөнекей торайға қонаққа кiретiн болса, қонжықтан көжекке баратын қанша түрлi жол бар екенiн анықта.

1-нұсқа

Жауабы: 6 жол.

2-нұсқа

Жауабы: 6 жол.

7-тапсырма

1-нұсқа

Әлiм қызыл немесе көк, болмаса жасыл қарындашты алып, үшбұрыш немесе шаршы сала алады. Оларды қанша тәсiлмен салуға болатынын анықтап, сызбаларын сал.

Үшбұрыш шаршы




Қызыл Көк Жасыл



Жауабы: 6 тәсiл.


2-нұсқа

Аруна қызыл немесе жасыл қарындашпен доп немесе жалау, болмаса куб сала алады. Суреттердi қанша тәсiлмен салуға болатынын анықтап, сызбаларын сал.




Қызыл Жасыл Брюки


Жауабы: 6 тәсiл.

Сергiту сәтi

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Комбинаторика.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Комбинаторика» түсiнiгiн беру.

  2. Комбинаторика типiндегi есептердi шығаруға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқау:

Комбинаторикабелгiлi бiр ережелер бойынша берiлген жиын (көбiнесе шектелген) элементтерiн орналастыру және таңдау есептерiн шығаруға арналған математика бөлiмдерiнiң бiрi.

Тапсырма.

  1. Сандарды үйшiктерге орналастыр. Орналастырудың мүмкiн жолдары қанша?

Терезедегi сандар қосындысы төбедегi сандар қосындысына тең болуы керек.

  1. Жетiспейтiн заттарды толықтырып сал.

  2. Аруна, Дина және Қанат бiр қатарға қанша тәсiлмен тұруы мүмкiн?

АДҚ, АҚД, ДАҚ, ҚАД, ҚДА, ДҚА – 6.

  1. Әр түрлi тәсiлдермен орналастырып, шарларды үш түспен боя.

  2. Арунада қызыл және көк түстi 2 қарындаш бар. Ыдыстарды бiр-бiрiнен ерекшелеу үшiн оларды қалай етiп бояуға болады? Жиындардың боялмаған бөлiгiнiң де есептелетiнiн балаға ескерткен орынды.

  3. Үш түрлi цифрдан құралған үш таңбалы сан жаз. Бұл цифрлардан барлығы қанша сан алуға болады? Оларды жазып шық. Жауабы: 6.

  4. Қорапта 2 қызыл және 2 жасыл шар бар. Оларды орналастырудың қанша варианты болуы мүмкiн? Суретiн сал.

ҚҚ, ЖЖ, ҚЖ.

ҚҚЖ, ЖЖҚ.

  1. Қорапта 3 қызыл және 3 жасыл шар бар. Оларды орналастырудың қанша варианты болуы мүмкiн? Суретiн сал.

ҚҚ, ЖЖ, ҚЖ.

ҚҚҚ, ЖЖЖ, ҚЖЖ, ЖҚҚ.

Сергiту сәтi


10-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Координаттық жазықтық.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Координаттық жазықтық» ұғымын енгiзу.

  2. Координаттық жазықтықтағы заттарды табуды үйрену.

  3. Оқушылардың заттарды кеңiстiктiк елестету қабiлетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Материалды түсiндiру барысында нысан координаттарының жазылуында алдымен баған нөмiрi, содан кейiн үтiр арқылы бөлiнiп, сол нысанның жол нөмiрi орналасатынын мiндеттi түрде ескерту қажет.

Тапсырма.

  1. Әлiмге ойыншықты табуға және оны бояуға көмектес.

Оң жақтан екiншi шкаф, төменнен екiншi сөре – қоян

Сол жақтан бiрiншi шкаф, төменнен үшiншi сөре - доп

  1. Шкафтарды солдан-оңға, сөрелердi төменнен-жоғарыға қарай нөмiрле. Мына ойыншықтар қайда орналасқан? Олардың орнын көрсет.

Үй – (1,4).

Машина – (2,3).

Кеме – (3,4).

Қоян – (4,4).

Қуыршақ – (4,1).

  1. Сыныптағы өзiң отыратын орынды анықта.

  2. Мына тұрғындардың мекен-жайын анықтап, жаз

Аруна – (2,4)

Әлiм – (4,3)

Әже – (2,1)

Аспаз– (1,3)

Дәрiгер – (4,5)

Ит – (3,3)

Мысық – (5,4)

Тышқан– (5,1)

5. Берiлген тiлсызықтар арқылы Сараға өзiнiң мекен-жайын табуға көмектес. Олардың орнын көрсет.

→ → ↑ → ↓→ ↑ ↑ ↑ ← ↑ ← ← Сара (1,5).

6.Жүретiн жолдарын жазып көрсет.

Арунадан Әлiмге баратын жол - → → ↓

Дәрiгерден әжеге баратын жол - → → ↓ ↓ ↓ ← ← ← ← ↓

Әжеден итке баратын жол - ↑ ↑ →

Иттен мысыққа баратын жол - ↑ → →

Мысықтан тышқанға баратын жол - ↓ ↓ ↓


Сергiту сәтi

11-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Координаттық жазықтық.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Координаттық жазықтық» тақырыбын қайталап талқылау арқылы бекiту.

  2. Оқушылардың координаттық торлармен жұмыс жасау қабiлетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

  1. Кеме капитаны, аспаз және матрос жасырылған қазынаны тапқысы келеді.

Капитанның кемеге жетуіне көмектес – (1,1), (1,2), (1,3), (2,3), (3,3).

Аспаздың кемеге жетуіне көмектес – (6,1), (5,1), (4,1), (3,1), (3,2), (3,3).

Матросты кемеге жетуiне көмектес – (1,5), (1,4), (1,3), (2,3), (3,3).

Енді оларға картаны табу керек – (2,3), (2,4), (2,5).

Кілтсіз сандықты аша алмайды – (2,6), (3,6), (4,6).

Iшетiн су таусылды. Оны алу үшiн Аралға бару керек!

(5,6), (5,5), (5,4), (4,4).

Енді қазынаға жетейік!

  1. Әлiмге алма жинауға көмектес. Тiлсызықтар арқылы жолын көрсет.

  2. Арунаға гүлдер арасымен өтуге көмектес. Тiлсызықтар арқылы жолын көрсет.

4.Торкөздерi боя. Нәтижесiнде ит пайда болады.

Сергiту сәтi

12-13 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Ақпаратты кодтау» тақырыбын қайталап талқылау арқылы бекiту.

  2. Оқушыларға ақпаратты кодтаудың әр түрлi тәсiлдерiн таныстыру.

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Әрiптердi сандардың өсу реттiлiгiне қарай орналастырса, онда қандай сөздер шығады?

КОМПЬЮТЕР, МОНИТОР.

  1. Әрiптердi сандардың кему реттiлiгiне қарай орналастырса, қандай сөздер шығады?

БЛОК, МЕҢЗЕР

3. Жасырылған сөздердi тап. Бiрiншi сан – бағана нөмiрi, ал екiншi сан – жол нөмiрi.

3

С

П

Қ

Р

2

Б

Ы

Т

Е

1

А

Л

Д

У

1 2 3 4

(1,1)

(3,3)

(2,3)

(1,1)

(4,3)

(1,1)

(3,2)

А

Қ

П

А

Р

А

Т


(1,2)

(4,2)

(4,3)

(4,1)

Б

Е

Р

У


(1,3)

(1,1)

(3,3)

(3,2)

(1,1)

(4,1)

С

А

Қ

Т

А

У



(3,3)

(1,1)

(1,2)

(2,2)

(2,1)

(3,1)

(1,1)

(4,1)

Қ

А

Б

Ы

Л

Д

А

У

4. Тек көк және қызыл қарындаштар арқылы мүмкiн болатын барлық тәсiлдердi пайдаланып, боя.

5. Кодтық кесте. Алфавитте әрбiр әрiптiң өзiндiк нөмiрi бар.

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34


Щ

Ъ

Ы

I

Ь

Э

Ю

Я

35

36

37

38

39

40

41

42


Код кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi кодтар арқылы жаз:

ҚАБЫЛДАУ – 15, 1,3,37,16,7,1,26

САҚТАУ – 24,1,15,25,1,26

ӨҢДЕУ – 21,19,7,8,26

ТАРАТУ – 25,1,23,1,25,26

6.Код кестесiнiң көмегiмен жұмбақталған сөздердi тауып, оқы.

22,8,23,18,8,25,1,15,25,1 - ПЕРНЕТАҚТА

10,1,7 - ЖАД

22,23,20,32,8,24,24,20,23 - ПРОЦЕССОР

7.Қарақшы құрылықтан сандық тауып алды. Сандықтың iшiнен алтынның орнына жазулар шықты. Осы жазуды оның оқып шығуына көмектес.

САРАҢҒА ЖӘНЕ ӨТIРIКШIГЕ ЖОЛ БЕРIЛМЕЙДI!

13-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Кодтар кестесiн пайдаланып, графикалық редактордың құралдарын кодтар арқылы жаз:

СЫЗЫҚ ....................

БҮРIККIШ …………..

ҚАРЫНДАШ ………….

ЭЛЛИПС ……………..

ТIКТӨРТБҰРЫШ ………….

2.Кодтар кестесi арқылы жұмбақталған сөздердi тап:

13,20,11 -

16,26,22,36,17 -

14,26,15,1,14 -

24,8,22,37 -

24,37,15 -

3. Тек көк және қызыл карындаштарды пайдаланып, мүмкiн болатын барлық тәсiлдермен боя.

4.Кодтар кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi кодтар арқылы жаз:

Атың ................

Фамилияң ..........

Қалаң .............

Елiң ..............

Сергiту сәтi

14-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Ақпаратты кодтау» тақырыбын талқылау арқылы бекiту.

2. Ақпаратты кодтау бойынша берiлген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың құрылымдық логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  1. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

  1. Кодталған сөздердi шеше отырып, мақал-мәтелдi оқып, шық.


7

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

6

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

5

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

4

П

Р

С

Т

,

У

Ұ

3

Ү

Ф

·

Х

Һ

Ц

Ч

2

Ш

Щ

Ъ

Ы

I

Ь

Э

1

Ю

Я

-






1

2

3

4

5

6

7


а) (1,7),(1,5),(4,2),(2,5) - АҚЫЛ

(1,7),(4,6),(3,7),(1,7),(6,6),(7,7),(4,2), (5,4) - АЗБАЙДЫ,

(3,7),(5,2),(2,5),(5,2), (3,5) - БIЛIМ

(4,4),(6,5),(4,6),(3,7),(1,7),(6,6),(7,7),(4,2),(3,3) - ТОЗБАЙДЫ.


ә) (4,2),(2,4),(4,2),(3,4) - ЫРЫС

(1,7),(2,5),(7,7),(4,2), (3,1) - АЛДЫ -

(4,2),(4,5),(4,4),(4,2),(3,5),(1,7),(1,5),(3,3) - ЫНТЫМАҚ.


  1. Кодтар кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi анықтап, жазып шық

15,27,16,1,15 – ҚҰЛАҚ

25,8,23,38 - ТЕРI

3. Тек көк және қызыл карындаштарды пайдаланып, мүмкiн болатын барлық тәсiлдермен боя.

Сергiту сәтi

15-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сақтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпаратты сақтау және iздеу ұғымдарын қалыптастыру

  2. Ақпаратты сақтау және iздеу мүмкiндiктерiн қарастыру.

  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға жұмыс дәптерi бойынша ақпарат тасымалдау құралдарын түсiндiру ұсынылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Ақпаратты сақтау. Адам жады – ақпараттарды сақтауға арналған ең тамаша құрылғы. Бірақ ақпарат барлық адамдарға жету үшін, оны бір адамның ғана жадында сақтау жеткiлiксiз.

Ертеде адамдар өз білгендерін тастардағы суреттерге салған, өлеңдер, аңыз әңгімелер арқылы кейiнгiлерге жеткiзiп отырған. Ақпаратты сақтау құралдары ретінде жіпті түйіндеу, таяқтарға белгі салу, папирусқа немесе қағазға жазу тәсiлдерi қолданылған. Біз бүгінде фотосурет, кинотаспа, аудио-бейнетаспалар, магниттік және оптикалық дискеттердi қолданамыз. Бұлардың барлығы «ақпарат тасымалдау құралдары» деп аталады.

Ақпарат тасымалдау құралы – ақпараттарды сақтау мен оларды тасымалдауға арналған материалдық нысан.

Ақпаратты iздеу. Ақпараттарды тек қана сақтау жеткiлiксiз екен. Сондықтан адам оның жеңiл табылу жолын қарастыра отырып сақтай бiлген. Мысалы, Сiздiң таныстарыңыз өте көп болсын. Олардың телефондарын тез тауып алуға болатындай етiп қалай сақтауға болады екен? – Ол үшiн Сiз барлық фамилияларды жазу кiтапшаңызға алфавиттiк ретпен жазып қоюыңыз қажет.

Ал кiтаптағы қажеттi бөлiмдi қалай тауып алуға болады? Олардың атаулары мен сәйкес беттерi көрсетiлген кiтаптың мазмұны бойынша iздеп табамыз.

Кiтапханадағы кiтапты қалай тауып алуға болады? Кiтаптың аты, сөрелерде сақталу ережелерi көрсетiлген цифрлары (шифры) жазылған каталог бойынша тауып алынады. Қазiргi уақытта адамдар өздерiне қажеттi ақпараттарды желiлiк технологияның жедел дамуына байланысты бүкiләлемдiк компьютерлiк желi /Интернет жүйесi/ арқылы тауып ала алады.


Тапсырма.

  1. Тiлсызық арқылы жалғастыр.

Ақпарат түрлерi

Көру

Есту

Иiс сезу

Дәм сезу

Сипап сезу




Сақтау тәсiлi

Адам жады

Компьютер жады

Мәтiн

Сурет

Аудиоқұндақ

Бейнеқұндақ


  1. Артық затты тауып, сызып таста. Баспа құрылғысы. Велосипед.
  2. Мына хабарламаларды оқып, пиктограммамен бейнеле. Пиктограммалар – барабан, көгершiн, құндақ, дискета түрiнде болуы мүмкiн.

  3. Адамның жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?

Есту, көру, дәм сезу, сипап сезу, иiс сезу.

  1. Компьютердiң жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?

Дыбыстық, көру.

  1. Дұрыс жалғастыр.

Мәтiндiк ақпарат. - Таңбалар.

Дыбыстық ақпарат. - Сөз.

Сергiту сәтi


16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютердiң жады.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютердiң сыртқы және iшкi жадтары ұғымдарын қалыптастыру.

  2. Компьютер құрылғыларын қайталап еске түсiру.


Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге бөлiнедi.

Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады, өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ компьютер өшiрiлгеннен кейiн, ондағы барлық деректер де өшiрiледi.

Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады. Оған қатты диск, дискеттер, лазерлiк дискiлер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кiредi.


Тапсырма.

  1. Тiлсызық арқылы жалға.


Нысан

Әрекеттер

Баспа құрылғысы

Ақпаратты сақтайды

Монитор

Ақпаратты қағазға басып шығарады

Тышқан

Ақпаратты экранға шығарады

Дискета

Ақпаратты шығару қызметiн атқарады

Сканер

Ақпаратты экранда бейнелейдi

Пернетақта

Экрандағы нысандарды басқарады

Қатты диск

Ақпаратты сақтау қызметiн атқарады

Лазерлiк диск

Ақпаратты енгiзу қызметiн атқарады


  1. Сызбаны толтыр. Компьютердiң жады - iшкi және сыртқы.

  2. Қажеттi сөздердi қой.


Iшкi жады компьютер жұмыс iстеп тұрған кезде қолданылады.

Ақпараттың үлкен көлемiн ұзақ мерзiмде сақтау үшiн сыртқы жады қолданылады.

Иiлгiш және қатты магниттiк дискiлер немесе лазерлiк дискiлер ақпаратты сақтау үшiн қолданылады.

  1. Сызбаны толтыр. Компьютердiң жады - iшкi және сыртқы.




  1. Көрсетiлген суреттердiң алғашқы әрiптерi бойынша сөйлем құрастыр.

ДИСКЕТА – АҚПАРАТТЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ.

Сергiту сәтi 17-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1-тапсырма

1-нұсқа. Үш таңбалы 235 саны берлген. Осы цифрлардан құралған барлық үш таңбалы сандарды жазып шық.

235, 253, 325, 353, 523, 532

2-нұсқа. Үш таңбалы 467 саны берлген. Осы цифрлардан құралған барлық үш таңбалы сандарды жазып шық.

467, 476, 647,674, 746,764

2-тапсырма


1-нұсқа

Себетте екi алмұрт және екi алма бар. Төмендегi орындалатын әрекеттердiң қанша тәсiлi болатынын көрсет. (2 жемiстен аламыз және 3 жемiстен аламыз)

2-нұсқа

Себетте екi лимон және екi апельсин бар. Төмендегi орындалатын әрекеттерд қанша тәсiлi болатынын көрсет. (2 жемiстен аламыз және 3 жемiстен аламыз)

3-тапсырма

Көрсетiлген жолмен жүрiп, мақал-мәтелдi оқы.

1-нұсқа

БIЛIМ-ҚЫМБАТ, БIЛУ-ҚИЫН

2-нұсқа

ТАТУЛЫҚ-ТАБЫЛМАС БАҚЫТ.

4-тапсырма

Мекен-жайды жаз.

1-нұсқа

Аруна (…….) Әлiм (…..) Әже (……) Ит (…….) Мысық (……) Тышқан (……..)

2-нұсқа

Аруна (…….) Әлiм (…..) Әже (……) Ит (…….) Мысық (……) Тышқан (……..)


5-тапсырма. Бiрiнен бiрiне баратын жолды көрсет.

1-нұсқа

Әлiмнен әжеге баратын жол……………..

Мысықтан тышқанға баратын жол ………..

2-нұсқа

Арунадан әжеге баратын жол …………….

Иттен мысыққа баратын жол ……………..

Мысықтан тышқанға бараты жол ……….

Сергiту сәтi

18-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Суреттердi сақтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. СОХРАНИТЬ КАК . . . командасының көмегiмен суреттердi сақтауға үйрету.

  2. СОХРАНИТЬ командасының көмегiмен суреттердi сақтауға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерде суреттердi сақтау әрекетiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

  2. Кез келген суреттi сал. Мысалы, тұмсықсыз балапан, құлақсыз тышқан, құйрықсыз әтеш.

  3. Бас МЕНЮ командасынан ФАЙЛ жолын таңдап, СОХРАНИТЬ КАК . . . командасын таңда

  4. «Сохранение файла» батырмасын шерт.

  5. «Создание новой папки» батырмасын шерт.

  6. Новая папка” сөзiнiң орнына жаңа атау енгiзiп, ENTER пернесiн бас.

  7. Жаңа атау енгiзiлген бума белгiленген, ендi тағы да ENTER немесе ОТКРЫТЬ батырмасын бас.

  8. «Имя файла» жолына салған суреттiң атын жазып, «Сохранить» батырмасын шерт.

  9. Ендi PAINT редакторын жап. Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы үш батырманы тап _ □ х. Оның iшiнен х батырмасын шерт.

Сергiту сәтi

19-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Суреттердi ашу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды суреттердi ашуға үйрету.

  2. Оқушылардың графикалық редакторда жұмыс жасау дағдысын бекiту.

Әдiстемелiк нұсқау:

Компьютерде суреттердi ашу әрекеттерiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.

Тапсырма.

1.PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

2.МЕНЮ-дегi ФАЙЛ командасын таңда. ФАЙЛ менюiнен ОТКРЫТЬ командасын таңда.

3. ФАЙЛ-дың «Открыть» терезесiндегi ПАПКА жолынан өзiң сақтаған буманы тауып, ОТКРЫТЬ батырмасын шерт.

4.Терезеден өзiң сақтаған суретiңнiң атын тауып, ОТКРЫТЬ батырмасын бас.

5.Суреттердi толықтырып сал - балапанның тұмсығын, тышқанның құлағын, әтештiң құйрығын.

6.Салған суретiмiздiң аты белгiлi болғандықтан, ФАЙЛ менюiндегi СОХРАНИТЬ командасын таңдауға болады. Бұл команда суретiнiң атын өзгертпей, сол атпен сақтайды. Сергiту сәтi

20-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Жазу» құралын пайдалана бiлудi үйрету.

  2. Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс iстеуге дағдыландыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға «Жазу» құралының атқаратын қызметтерi жұмыс дәптерi немесе компьютер арқылы түсiндiрiледi (PAINT-тiң кейбiр нұсқаларында бұл құрал “Текст” деп берiлуi мүмкiн).

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

  2. МЕНЮ-дегi ВИД командасын аш. “Панель атрибутов текста” жолына белгiсiн қой.

  3. НАДПИСЬ батырмасын шерт.

  4. Меңзердi қажеттi орынға қойып, тышқанның батырмасын шерт. Қажеттi өлшемдегi тiктөртбұрышты алғанша, батырманы басып тұрып, тышқанды жылжыта бер.

  5. Қарiптiң көлемi мен кескiнiн таңда, мысалы, 16, курсив.

  6. Ендi мәтiндi тере беруге болады.

  7. “Панель атрибутов текста” тақтасындағы мына батырмаларды басып көр:

Ж –мәтiн қарайтылады.

К - мәтiн қисайтылып жазылады.

Ч - мәтiннiң асты сызылады.

Жақтаулармен қоршалып тұрған әрiптер түстерiн өзгертуге болады. Ол үшiн тышқанның сол жақ батырмасын шертiп, қажеттi түстi таңдап алу жеткiлiктi.

Сергiту сәтi

21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Жазуды қою.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды «Жазу» құралымен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тапсырма.

1. Бұл не? Астына атын жазып, суреттердi боя. Жабайы және үй жануарларын сызықпен бөлiп көрсет.

2.Графикалық редакторды аш. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суретiн салып, астына аттарын жазып көр.

3. «АҚИҚАТ» немесе «ЖАЛҒАН» сөздерiн жазып қой.

Әлiм компьютерде жұмыс iстеп отыр - ЖАЛҒАН.

Аруна компьютерде жұмыс iстеп отыр, ал Әлiм доп ойнап жүр - АҚИҚАТ.

Бiрiншi суретте Аруна және екiншi суретте - Аруна - ЖАЛҒАН.

Аруна компьютермен жұмыс iстеп отырған жоқ және Әлiм доп ойнап жүр - ЖАЛҒАН.

Бiрiншi суреттегi Әлiм емес және екiншi суреттегi Аруна емес - АҚИҚАТ.

Аруна компьютерде жұмыс iстеп отыр және Әлiм доп ойнап жүрген жоқ - ЖАЛҒАН.

4.Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздердi тап және суреттердi боя

ПIЖ - ЖIП

ТАМАМАТА

ТРЕСУСУРЕТ

КАНТТАНК

КАЙМА – МАЙКА

ҚУЫРҚАШ – ҚУЫРШАҚ

ҚАҒАЙРА – ҚАРАҒАЙ

НЫШҚАТ – ТЫШҚАН

МЕЙГҮТҮЛ – ТҮЙМЕГҮЛ

ШАЙҚЫ – ҚАЙШЫ

ПАЛАБАН – БАЛАПАН

ДIЗIЛРIККӨ - КӨЗIЛДIРIК

Сергiту сәтi

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысандарды көшiру және қою.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға PAINT графикалық редакторында нысандарды көшiру мен қоюды үйрету.

  2. Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерде нысандарды көшiру мен оларды белгiлi бiр орынға қою әрекеттерiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

2. Бiр балапанның суретiн сал. Балапан жалғыз қалмас үшiн оның қасына бiрнеше балапандарды қою қажет. Бiз олардың суретiн салмаймыз, соның өзiн көшiрiп аламыз.

3. Ол үшiн мына әрекеттердi орында:

ВЫДЕЛЕНИЕ құралын шерт.

Құралдың астында таңбалар пайда болатынына назар аудар!

Осы ВЫДЕЛЕНИЕ құралдарының iшiнен «Выделение без фона» құралын таңда.

4. Ал ендi меңзердi балапанның жоғарғы сол жағына алып барып, оны тiктөртбұрышпен қоршап белгiле.

5.ПРАВКА менюiндегi КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

6.ПРАВКА менюiндегi ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқан батырмасын шерт.

7.Жоғарғы сол жақ бұрышта балапанның көшiрмесi пайда болды. Балапанның көшiрмесiне меңзердi жеткiзiп, батырманы басып тұрып, оны үлкен тауыққа жақындат.

8.Бiрнеше балапан жаса.

9.Оны жаңа атпен сақта.

10.Гүлдерi мен көбелектерi көп алаңқайдың суретiн сал. КОПИРОВАТЬ және ВСТАВИТЬ командаларының көмегiмен алаңқайға көп гүлдер мен көбелектер жаса.

Сергiту сәтi

23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысанды бұру.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға нысанды бұру әрекеттерiн үйрету.

  2. Оқушылардың графикалық редакторда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерде нысандарды бұру әрекеттерiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. «БАЛАПАН» файлын аш және жаңадан бiр балапан сал.

  3. Бiр балапанды қарайтып ерекшеле.

  4. РИСУНОК менюiнен ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командаларын таңда.

  5. «Отражение и поворот» терезесiнен «Отразить слева - направо» командасын таңда.

  6. Бiрнеше балапандарды басқа жаққа қарат.

  7. Файлды сол атымен сақта.

  8. ЭЛЛИПС құралын пайдаланып, бақаның және көлдiң суретiн сал. Оларды боя.

  9. «Жоғарыдан – төмен» командасы арқылы бақаны көшiрiп ал. Бақаның көшiрмесiн көл iшiне орналастыр. Күндi, қамысты және шөптi боя.

Сергiту сәтi


24-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды суреттерді қиып алып, басқа жерге орналастыруға үйрету.

  2. Оқушылардың графикалық редактор жөніндегі түсініктерін дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Нысандарды қиып, оларды орналастыру жұмысын компьютерде практикалық түрде көрсетіп алу керек.

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. Бiрнеше жемiстi, саңырауқұлақты және табақша суреттерiн сал.

  3. ПРОИЗВОЛЬНОЕ ВЫДЕЛЕНИЕ құралын қолдан. «Без фона» командаларын пайдалануды ұмытпа.

  4. Саңырауқұлақты ерекшелеп белгiле.

  5. ПРАВКА менюіне кіріп, ВЫРЕЗАТЬ командасын таңда.

  6. ПРАВКА менюінен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

  7. Саңырауқұлақты табақшаға сал.

  8. Осы әрекеттер арқылы қалған саңырауқұлақтар мен жемiстердi табақшаға салыңдар.

  9. Бiрнеше жемiс түрлерi мен себеттiң суретiн сал.

Жемiстердi себетке жиып салу керек. Ол үшін жемістерді бір жерге жиып, себеттiң iшiне орналастыр. Тапсырманы орындап көрiңдер!

  1. Суреттi СЕБЕТ деген атпен сақта

Сергiту сәтi

25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Симметрия.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылармен «Симметрия» ұғымын қайталау.

  2. Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. Шыршаның жарты бөлiгiнiң суретiн сал.

  3. Шыршаның екiншi жарты бөлiгiн жаса.

Ол үшін:

- ВЫДЕЛЕНИЕ құралын («Без фона» құралын қолдануды ұмытпа) таңда.

- Шыршаның жартысын ерекшелеп белгіле.

- ПРАВКА менюіне кіріп, КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

    • ПРАВКА менюiнен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

- РИСУНОК менюіне кіріп, ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командасын таңда.

- «Отражение и поворот» терезесінен «Отразить слева - направо» командасын таңда.

- Шыршаның екiншi жартысын бірінші жартысына қосып, бояп шық.

Шыршаны орындаған тәсiлмен симметриялы фигураларды толықтырып сал.

Сергiту сәтi

26-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 3 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып қойғандары дұрыс.

1-тапсырма

1-нұсқа

Графикалық редакторда Наурыз мейрамына байланысты сурет сал. Сурет соңына өзiңнiң атың мен фамилияңды жаз.

2-нұсқа

Графикалық редакторда Наурыз мейрамына байланысты сурет сал. Сурет соңына өзiңнiң атың мен фамилияңды жаз.


27-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат қасиеттерi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға ақпарат қасиеттерi туралы мағлұматтар беру.

  2. Оқушыларға ақпаратты бағалай бiлудi үйрету.

  3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Біз ақпарат туралы түсінік алдық. Сендермен бірге ақпараттың қайдан келетінін, қайда баратынын анықтадық. Бірақ біз ақпараттың маңызын, қасиетін, оны бағалай білуді үйренуіміз қажет. Өйткені ақпараттың барлығы бірдей адам үшін маңызды, пайдалы, қажетті бола бермейді. Ақпараттар маңызды және маңызсыз, пайдалы және зиянды, түсiнiктi және түсiнiксiз болуы мүмкiн.

Ақпараттардың бірі бір адам үшін қажет, ал екiншiсi үшін тіпті керек емес болуы мүмкін. Мысалы, теңізші үшін дауыл туралы ақпарат қажет. Ал басқа мамандық иелерi үшiн бұл ақпарат қажет емес.

Кейбір жағдайларда ақпарат қажет болады, ал кейде ол керек болады. Мысалы, егер біз көшеге шықпайтын болсақ, ауа-райы туралы мәліметтің бiзге қажеті жоқ. Ал көшеге шығу қажет болған жағдайда, далада жауын болып тұрса, міндетті түрде қолшатыр аламыз.

Ақпараттың бұдан басқа да қасиеттері бар. Ол туралы кейін білетін боласыңдар.

Тапсырма.

  1. Сен үшiн маңызды ақпарат болып табылатын хабарламаны ерекшелеп белгiле.

Ертең бақылау жұмысы болады. Маңызды.

5 х 5 = 25 Маңызды.

Қазiр теледидардан мультфильм көрсетiледi. Маңызды емес.

Бүгiн дене шынықтыру сабағы болады. Маңызды.

  1. Бұл кестеде Сен үшiн қызықты ақпарат бар ма? ИӘ, ЖОҚ.

  2. Төмендегi ақпараттың бағасын бер:

Ертең жаңбыр болады. Маңызды.

Компьютер алдына бiр күнде тек 15 минут отыруға болады. Маңызды.

Тамақтанар алдында қол жуу мiндеттi емес. Зиянды.

4.Бұл ақпарат кiмдер үшiн маңызды болып табылады?

Ертең 7 баллдық дауыл тұрады.


Теңiзшi

+

Оқушы


Балықшы

+

Аспаз


Анам мен әкем театрға барады

Ана

+

Бала


Әке

+

Әже


Ата


5.Келесi хабарламалардың бағасын бер:

Компьютер секундына бiрнеше миллиондаған амалдар орындайды. Маңызды.

Дискеттi лақтыруға болады. Зиянды.

Мен сабақта 10 сыныптың оқулығын қолданамын. Пайдасыз.

Компьютер – ақпараттарды өңдеуге арналған құрал. Маңызды.

Сергiту сәтi

28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Екiлiк код.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға “екiлiк код” түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларға екiлiк код көмегiмен ақпараттарды кодтауды үйрету.

  3. Оқушыларға ақпараттың өлшем бiрлiктерi түсiнiгiн беру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, кодтау анықтамасын еске түсiрейiк. Кодтау – бұл ақпаратты өрнектеу тәсiлi.

Ақпаратты әрiп, цифр және таңбалар арқылы кодтауға болады.

Ақпараттарды 0 және 1 символдарынан тұратын кодтар арқылы өрнектеу ыңғайлы екен. Осы символдардың көмегiмен әрiптердi, цифрларды, +, -, :, ? және тағы да басқа арнаулы таңбаларды кодтауға болады. Кодтаудың мұндай түрi екiлiк код деп аталады.

Осы кодтардың таңбаларын – 1 мен 0-дi «бит» деп атайды (ағылшын тiлiнен екiлiк таңба деп аударылады).

Бит – ақпараттың ең кiшi өлшем бiрлiгi.

Тапсырма.

  1. х-таңбалы моншақтарды нөмiрленген моншақтармен, бос моншақтарды – 1 саны бар моншақтармен алмастыр.

Бiрiншi тiзбек – шамдар коды.

○ – шам жанып тұр.

○ – шам өшiп тұр.

Екiншi тiзбекекiлiк код.

1 – бiр.

0 – нөл.

  1. «Шамдар коды» кестесін пайдаланып, жасырылған сөздердi тап.

ТАҢБА, ШАБЫТ, ТЫШҚАН.

  1. «Шамдар кодын» пайдаланып, мына сөздерді жаз.

САНА, ТҮЙЕ, ӘРIП, ШАНА.

  1. «Екiлiк код» кестесінiң көмегiмен жасырылған сөздердi тап.

ТОРТ, НОТА.

  1. Екiлiк кодтар арқылы төмендегi сөздерді жазып шық.

АНАР

АРМАН

ТРАКТОР

6. Әрбiр цифрды кодта. Кодтар әр түрлі болуы тиіс.

Сергiту сәтi

29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Хабарламаның ақпараттық көлемi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Хабарламаның ақпараттық көлемi» ұғымын беру.

  2. Оқушыларға ақпараттың көлемiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. Оқушыларға ақпаратты өлшеу түсiнiгiн беру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Өткен сабақта бiз ақпараттың ең кiшi өлшем бiрлiгi битпен танысқан болатынбыз. 8 бит – 1 байт болып саналады.

Кез келген символды әрiптi, цифрды және таңбаны 1 байтпен кодтауға болады. Ақпарат көлемiндегi бiр символ 1 байтқа тең. Сондықтан сөздегi, сөйлемдегi, кiтап беттерiндегi ақпараттардың көлемiн жеңiл анықтауға болады.

Ақпарат өлшем бiрлiктерiнiң ең үлкенi – бұл Килобайт, Мегабайт, Гигабайт.

Тапсырма.

  1. “0” және “1” таңбаларын ғана пайдаланып, олардың мүмкiн болатын кодтарының барлық түрлерiн жазып шық.

  2. Суреттi үлгiге қарап, толықтырып сал.

  3. Сөздердiң ақпараттық көлемiн есепте:


Сөз

Әрiптер саны

Бит саны

Ақпараттық көлем (байттар саны )

Доп

3

24

3

Ата

3

24

3

Код

3

24

3

Байт

4

32

4

Тышқан

6

48

6

  1. Кестенi толтыр:

    Мәтiн

    Ақпараттық көлем (байттар саны)

    Алақай!

    7

    Аяз ата

    7

    Жүйелiк блок

    12

    2 х 2 = 4

    5

    Астана - - елорда

    15

    Информатика

    11

  2. Тiлсызық арқылы қос:

Мәтiн

Ақпараттық көлем (байт)

Мәлiмет көзi

12

Мәлiметтi қабылдаушы

20

МОНИТОР

7

ПЕРНЕ

5

ПРОЦЕССОР

9

ДИСКЕТ

6

Сергiту сәтi

30-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға модель түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды материалдық немесе материалдық емес модельдермен таныстыру.

  3. оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бiздi қоршаған нысандар өте қарапайым, бiрақ шын мәнiсiне келгенде олар күрделi. Нысанның қалай жұмыс iстейтiнiн түсiну үшiн, ол туралы мәлiметтер болуы тиiс.

Осылай жинақталған ақпараттар негiзiнде түпнұсқаға ұқсас жаңа нысан құруға болады. Осы тәсiлмен алынған ауыстыру нысандары модель деп аталады.

Модель – өмiрде нақты түрде кездесетiн немесе елестетуге болатын нысандар нұсқасы.

Модельдi қалай жасаудың нақты ережелерi жоқ. Бала сәбилiк шақтан қуыршақ, машина және басқа да ойыншықтармен ойнайды. Ал бұл өмiрдегi шынайы нысандар моделi болып табылады. Ал мектепте әр түрлi нысандар және құбылыстар модельдер көмегiмен оқытылады. Сурет сабағында түрлi бейнелiк нұсқалар қолданылады. Биология кабинетiнде аңдардың, құстардың қолдан жасалған тұлғалары бар. Денсаулық саласында да жасанды органдар жиi қолданылады. Оқу орындарында ұшақ, автомобиль және кеме үлгiлерi де кездеседi. Бұлардың барлығы материальдық модель деп аталады.

Бейматериальдық (материалдық емес) модель – бұл математикалық формулалар, кестелер, мәтiндер және сызбалар жиыны. Олар кез келген нақты заттардың қасиеттерiн сипаттайды. Модельде нысанның маңызды белгiлерi көрсетiлуi тиiс.

Тапсырма.

1-3. Сурет бойынша әңгiме өткiзу.

4. Суреттi бiр қарындашпен боя. Нысанға ат бер. Оның маңызды белгiлерiнiң астын сыз. домалақ, резiңкелi, секiредi, әдемi., қымбат тығыз, қатты. Нысан атауы – ДОП.

5. Белгiлерi бойынша нысанды анықтап, оның моделiн құрастыр.

Домалақ, жарық, жарқырайды, қыздырады - күн.

Өзi кiшкентай, сырты мамық секiлдi,

Құлағы ұзын, түсi ақ немесе сұр болуы мүмкiн. – қоян.

Бұл нысан ағаштан жасалған, оның қақпағы және төрт аяғы бар – үстел.

Сергiту сәтi

31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Графикалық модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға нысанның графикалық моделi түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды графикалық модель көмегiмен нысандарды түрлендiруге үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Берiлген тақырыпты түсiндiру жұмыс дәптерiндегi тапсырмаларды талқылау арқылы жүргiзiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Адам әртүрлi нысандардың немесе құбылыстардың модельдерiн жасайды. Адам ақпараттарды қабылдаған соң оны бiрнеше түрде көрсете (елестете) алады. Мысалы, ойына келген ән әуендерiн сазгер пианинода ойнайды (ақпараттың дыбыстық түрi), содан кейiн ноталар көмегiмен жазады (ақпараттың символдық түрi). Суретшi әуендi бейне түрiнде, ал ақын – өлең түрiнде, хореограф – би түрiнде түрлендiрiп, көрсете алады. Көптеген мысалдар келтiруге болады.

Ақпараттарды өрнектеу түрлерiнiң бiрi графикалық модель болып табылады. Балалар, түрлi нысандардың графикалық моделiн құрастыруға мысал келтiрiңдер.

Тапсырма.

  1. Кестенi толтыр.

  2. Аптаның графикалық моделiн толықтырып сал.

  3. Толықтыр: график, сурет, блок-сызба, кесте, диаграмма.

  4. PAINT графикалық редакторында “Ертегiдегi сарай” моделiнiң бейнесiн сал.

Сергiту сәтi

32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға нысанның ақпараттық моделi ұғымын беру.

  2. Оқушыларды нысанның ақпараттық моделiн құрастыруға үйрету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Күнделiктi өмiрде бiз нысанның немесе құбылыстардың ақпараттық моделiн жиi кездестiремiз. Мысалы, үй салу, есеп шығару немесе басқа да тұрмыстық мәселелердi шешу үшiн Сiз ең алдымен оларды қалай жасау керектiгiн ойластырып аласыз. Басқаша айтқанда, керектi нысан немесе құбылыс туралы көбiрек мәлiмет жинап алуыңыз қажет.

Адам ақпараттық модельдердi құрастыру барысында түрлi ақпараттарды бейнелеу тәсiлдерiн қолданады: мәтiн түрiнде бейнелеу, кесте, график, формула немесе сурет арқылы өрнектеу.

Адамдардың ақпарат бейнелеуi мен оны өңдеуi қоршаған ортаны тани бiлу қабiлеттiлiгiнен туындайды. Кез келген бiр нақты нысанды сипаттау үшiн ол туралы көбiрек мәлiмет жинақтап, оның ақпараттық (бейматериальдық /материальдық емес/) моделiн құрастырамыз.

Мысалы, нақты нысанның - “иттiң” нақтылы бейнесiн салу керек болсын дейiк.

Суреттi салмас бұрын Сiздiң итке тән қасиеттердi - оның тұқымын, бойын, түрiн, түсiн және т.б. ерекшелiктерiн бiлiп алуыңыз керек. Егер ит жөнiнде неғұрлым көп мәлiмет жиналса, соғұрлым иттiң бейнесi анығырақ шығады. Бұл әрекеттi иттiң моделiн жасау деп айта аламыз.

Ендi қойған мақсатымызды өзгертiп, шекарашыларға қызмет ететiн иттiң моделiн құрастырайық. Оны құрастыру барысында иттiң жүгiру жылдамдығы, “иiс сезу” сапасы, iздi табу қабiлетi, иесiн тыңдау қабiлетi және т.б. оған тән қасиеттер ескерiлуi тиiс.

Аталған мысалдардың iшiнен ең маңыздысын таңдап алып, содан кейiн ақпараттық модельдi құруға болатын қажеттi мәлiметтердi жинақтаймыз.

Ақпараттық модель – алға қойылған мақсаттарға сәйкес нысан немесе процесс туралы таңдап алынған ақпараттар жиыны.

Тапсырма.

  1. Төмендегi жұмбақтардың ненiң моделi болып табылатынын көрсет. Жұмбақ шешуiнiң графикалық моделiн сал.

Ақпараттық модель

Графикалық модель

Аласа талда,

Алуан алма.

Алқызыл болмай,

Аузыңа салма.



Құлпынай

Күндiз бәрi қашады,

Түнде аспанды басады.


Жұлдыз

Бес сатыда тұрады,

Қосылса, ән салады.

Ноталар

Жақын түгiл, шалғайды

Оятудан талмайды.

Төбелеске келгенде

Алдына жан салмайды.



Әтеш


Үп-үлкен түйенi,

Тастапты атам шөгерiп.

Өркешi бұлтқа тиедi,

Бауыры жатыр көгерiп.



Тау

Ағайынды бәрi,

Шықса жасыл,

Түссе сары.

Жапырақ


  1. Аптаның ақпараттық моделiн құрастыр.

    Апта күндерi

    Атауы

    Белгiсi

    1

    Дүйсенбi

    Жұмыс күнi

    2



    3









    6





    Демалыс күн

  2. Нысанның ақпараттық моделiн құрастыр.

Нысан атауы

Пiшiнi

Түсi

Құрамы

әрекет

Доп

Дөңгелек

Қызыл

Резiңкелi

секiредi

Үстел





Кiтап





Қарындаш





Торт





Компьютер





Сергiту сәтi


33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 4 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.


1-тапсырма

Тiлсызық арқылы қос

1-нұсқа

Ақпарат

Ақпарат қасиеттерi

Бұрышащы

Пайдалы

2 + 3 = 5

пайдасыз

Күнделiктi тексеруге беру керек

Маңызды

2-нұсқа

Ақпарат

Ақпарат қасиеттерi

Тәттi кәмпит –

Пайдалы

2 х 3 = 6

пайдасыз

Ертең бақылау жұмысы болады

Маңызды

2-тапсырма

1-нұсқа

Шамдар кодының көмегiмен сөздi жұмбақта.

АҚПАРАТ ………………………………

2-нұсқа

Шамдар кодының көмегiмен сөздi жұмбақта.

СЫЙЛЫҚ ………………………………

3-тапсырма

Екiлiк кодтар кестесiнiң көмегiмен мына жұмбақталған сөздердi анықта.

1-нұсқа

ИНЕ, ОЙМАҚ

2-нұсқа

НАН, КҮЛШЕ


4-тапсырма

Екiлiк кодтар арқылы сөздердi жұмбақта.

1-нұсқа

ҚАЙМАҚ, МАЙ

2-нұсқа

КҮШ, НҮКТЕ

5-тапсырма

Хабарламаның ақпараттық көлемiн байт мөлшерiмен есепте.

1-нұсқа

Хабарлама

Ақпараттық көлем (байт)

Меңзер

6

4

3

Алақай, _ демалыс!

16

Мен жазда әжеме барамын.

24

2-нұсқа

Хабарлама

Ақпараттық көлем (байт)

Баспа құрылғысы

15

5 3

3

Қош бол, мектеп!

16

Мен жазда лагерьге барамын.

23

6-тапсырма

Кестенi толтыр

1-нұсқа

Нысан

Графикалық модель

Аспан


Күн


Ренiш


Туған күн


Жаз


2-нұсқа

Нысан

Графикалық модель

Кемпiрқосақ


Ай


Қуаныш


Жаңа жыл


Қыс


7-тапсырма

Төмендегi нысандардың ақпараттық моделiн құрастыр.

1-нұсқа

Нысан атауы

Пiшiнi

Түсi

Құрамы

Әрекетi

Қарындаш





Тасбақа





Шар





Гүл





2-нұсқа

Нысан атауы

Пiшiнi

Түсi

Құрамы

Әрекетi

Қалам





Кiрпi





Шар





Гүл






34-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн жетiлдiру.

  2. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

1. Кестенi толтыр.

Ертегiнiң кейiпкерi

Ерекше белгiлерi

Атқаратын әрекеттерi

Алдар Көсе

кедей, қу

Сараңдар мен озбырларды алдайды.

Жиренше

Шешен


Мыстан кемпiр



Желаяқ



Тазша бала

Кедей


Жезтырнақ



Қаншайым



  1. Тiлсызық арқылы қос.

    Модель

    Нысан

    Ойыншық солдат

    Аю

    Қуыршақ

    Тұрғын үй

    Ойыншық үйшiк

    Сарбаз

    Глобус

    Адам

    Барқыт аю

    Жер шары

  2. Анасы кәмпиттердi 6 тәрелкеге үлестiрiп салды. Бiрiншi тәрелкеге 1 кәмпит, ал келесi тәрелкенiң әрқайсысына алдыңғыға қарағанда 2 кәмпиттен артық салып отырды. Осы кәмпиттердi тәрелкесiнен алмай-ақ, үш балаға қалай теңдей бөлiп беруге болады?

  3. Төменде берiлген мақалдардың жалғасын тауып, тiлсызық арқылы жалғастыр.

Оқу түбi - тоқу

Көз жетпеген жерге сөз жетедi.

Өнер алды – қызыл тiл.

Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей.

  1. Қажеттi санды қой.

  2. Тауық бiр аяғымен тұрғанда, 2 кг тартса, екi аяғымен тұрғанда қанша кг тартады?

  3. Қыздардың қолында бiр-бiрден қызыл, көк және ақ түстi гүлдер бар. Динаның гүлi көк емес, Айжанның гүлi қызыл емес, Арунаның гүлi қызыл да емес, көк те емес. Қыздардың әрқайсысында қандай түстi гүлдер бар?

Сергiту сәттерi:


1. Ақ шағала, ақ шағала

Үйге қалай барамын?

Шағала былай дейді:

  • оң аяқ, сол аяқ

алға бір адым,

артқа бір адым

жылдам, жылдам басасың

қырдан бірақ асасың

адымыңды ашасың

мекеніңді табасың.


2. Бiр дегенiм – бiлек,

Екi дегенiм – елек,

Үш дегенiм – үлек,

Төрт дегенiм – түлек,

Бес дегенiм – балға,

Алты дегенiм – алып,

Жетi дегенiм – желке,

Сегiз дегенiм – серке,

Тоғыз дегенiм – торқа,

Он дегенiм – олжа,

Қалып қойдың жолда.

Кезекшi бол, көздi жұм,

Ойынды ары жалға.

/Б.Бөрiбаев/

3. Бас аяқ, тоқтама,

Туралап қақпаға,

Сермемей қолыңды,

Доп түсiр добыңды.

Алдыңнан басқалар

Кеспесiн жолыңды!

/Б.Бөрiбаев/

4. Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.


5. Отырдық қой тынығып,

Оңға, солға бұрылып,

Сергiтейiк жанды,

Жүгiртейiк қанды,

Айтып осы әндi,

Келтiрейiк сәндi.

/Б.Бөрiбаев/

6. Торғай-торғай, тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесін бұлтитып,

Шық-шық десіп отырмақ.

(Қимылмен көрсетеді.)

7. Сол жаққа бұрылып,

Оң жаққа қараймын.

Бір-екі-үш, төрт-бес деп,

Ішімнен санаймын.

Шалқайтып тартына

Жеткiздiм алтыға.

Алысқа, тесiле,

Қарадым жетiде.

Сегiздi атадым,

Жақынға қарадым.

Тоғызды толтырдым,

Онға ендi барамын!

/Б.Бөрiбаев/

8. Қарлығаштай болайық,

Тұрып қанат қағайық.

Аяқ басып, қозғалып,

Тез жаттығып алайық.

Бiр-екi-үш, бiр-екi-үш,

Орнымызға қонайық!

/Б.Бөрiбаев/

9. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашайық.

Бесті беске қосайық.


10. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


11. Демаламыз күнде біз.

Жаттығуға біргеміз.

Оңға, солға иіліп,

Алға, артқа бүгіліп,

Шынығамыз бірге біз.


12. Аққудай айдында

Созамын мойынды.

Байыптап жүземiн,

Оңымды, солымды.

Шынығып осылай,

Өсiрсем бойымды,

Кiтапты көп оқып,

Өсiремiн ойымды.

/Б.Бөрiбаев/

13. Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.

/Б.Бөрiбаев/

14. Он рет тұрып, отырып,

Жаттығамыз қосылып.

Жылдам-жылдам орында,

Тұрып қалма тығылып.

Қозғалыспен өсесiң,

Ойланар болсаң, осыны ұқ!

/Б.Бөрiбаев/

15. Тышқандай қашамыз,

Мысықтай қуамыз.

Аяқты басамыз,

Тiп-тiк боп тұрамыз.

Саусақты ашамыз,

Шапалақ ұрамыз.

Бiр-екi-үш-төрт-бес деп,

Айтқанды ұғамыз,

Осылай әндетiп,

Сабақтан шығамыз!

/Б.Бөрiбаев/

16. Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтерiп,

Саусақты ашып жұмамыз.

Онан соң төмен түсiрiп,

Алақанды сығамыз.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен бұғамыз.

Жаттығу жасап осылай

Үлкен боп ертең шығамыз.

/Б.Бөрiбаев/

17. Балды ұрлап, талқандап,

Аюдай балпандап,

Секiрiп, салпаңдап,

Бақадай талтаңдап,

Жайбасар болмаңдар,

Жүрмеңдер қорбаңдап.

Қырандай қалықтап,

Шыңдарға шалықтап,

Биiктен байыптап,

Қарайтын анықтап,

Байқайтын жан-жақты,

Болыңдар салмақты.

/Б.Бөрiбаев/

18. Айнадағы бейнедей

Қозғалысты қайтала.

Қасыңдағы балаға

Тиiп кетпе байқамай.

Бiр,екi,үш. Бiр,екi,үш.

Тағы, тағы қайтала!


19. Шаршасаңдар, тұрыңдар,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

/Б.Бөрiбаев/

20. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


21. Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Алды-артына қарамай,

Ырғып-ырғып жүгірді.

Қиығын салып көзінің

Қарап еді артына

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


22. Аяқтың ұшымен тұрамыз

Басымызды оңға, солға бұрамыз.

Қол ұстасып бәріміз

Дөңгелек, шеңбер құрамыз.


23. Бiрiгiп түгел сынып,

Көтерiлдiк биiк,

Бойларыңды тiк ұста,

Қисаймасын иық.

Тағы отырып, тұрып,

Қозғала түс, шынық.

Бәрiн жасап болсаңдар,

Отыр да, ендi тынық.

/Б.Бөрiбаев/


24. Бiздiң Азат қайда екен,

Достарымен тауда екен,

Онда неғып жүр екен.

Алма терiп жүр екен.

Алмасынан кәнеки,

Жаңа терiп жүр екен.

/Б.Бөрiбаев/

25. Қоян қашып барады-ай,

Алды-артына қарамай.

Артындағы көжегi

Қалды еруге жарамай.

Көрсеткен қоян қарасын,

Шабысқа қатты салыпты.

Артындағы баласын

Қуғыншы деп қалыпты.

/Б.Бөрiбаев/

26. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.



Содержимое разработки

8


Ақпараттық мәдениет негiздерi. 4 сынып.


4 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау
Сабақтар нөмiрi Мазмұны Сағаттар саны
1 Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау 1
2 Жиындар 1
3 Жиындар 1
4 Ақпараттық модельдер 1
5 Түрлi әрекеттер 1
6 Керi әрекеттер 1
7 Тiзбектер 1
8 №1 бақылау жұмысы 1
9-10 Алгоритмдер 2
11-12 Сызықтық алгоритмдер 2
13 Тармақталу алгоритмi 1
14 Тармақталу алгоритмi 1
15 Тармақталу алгоритмi 1
16 №2 бақылау жұмысы 1
17 Циклдiк алгоритм 1
18-19 Циклдiк алгоритм 2
20-21 Циклдiк алгоритм 2
22 Алгоритм атқарушы – “Қара жәшiк” 1
23 Алгоритм атқарушы – “Робот” 1
24 Алгоритм атқарушылар. Қайық. Құйғыш. 1
25 №3 бақылау жұмысы 1
26-27 Алгоритм атқарушы – “Суқұйғыш” 2
28 Алгоритм атқарушы - “Шегiртке” 1
29 Ертегiлер әлемiнде. Алгоритм атқарушы – “Тотан” 1
30 Алгоритм атқарушылар - “Өткел”және “Робот” 1
31 Ақпараттық қауiпсiздiк 1
32 Компьютерлiк желiлер 1
33 №4 бақылау жұмысы 1
34 Қайталау 1
Барлығы 34
1-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қауiпсiздiк техникасы және компьютер сыныбындағы өзiн-өзi ұстау ережесiн қайталау.

  2. Оқушыларға электр тогымен зақымданғанда және адам денесiнiң бiр жерiн күйдiрiп алғанда көрсетiлетiн алғашқы дәрiгерлiк көмек жөнiнде түсiнiк беру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Төмендегi тақырыптар бойынша оқушылармен әңгiме жүргiзiледi.

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережесi және қауiпсiздiк техникасы

  • Электр тогының сымын, қосқыштарын және т.б. электр өткiзгiш құралдарын мұғалiмнiң рұқсатынсыз ұстауға және орнынан қозғалтуға тыйым салынады.

  • Компьютерде ылғал қолмен және ылғал киiммен жұмыс істеуге болмайды.

  • Қорабы немесе сымдары бүлiнген компьютерде жұмыс iстеу қауiптi.

  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз компьютер сыныбына Кiрiсге және одан Шығысға болмайды.

  • Сынып iшiнде мұғалiмнiң рұқсатынсыз жүруге болмайды.

  • Үстел үстiндегі компьютердiң қасына сөмке, кiтаптар қоюға рұқсат етiлмейдi. Үстел үстiнде тек қалам мен дәптер жатуы керек.

  • Компьютер сыныбында жүгiруге, ойнауға, жолдастарыңа кедергi келтіруге, басқа iспен айналысуға тыйым салынады.

Электр тогынан зиән шеккенде көрсетiлетiн алғашқы дәрігерлік көмек:

  • токты ажырату (токты тарату қорабындағы қосқышты ажырату);

  • электр тогына түскен адамды ток өткiзбейтiн қолда бар заттарды қолдана отырып, токтың әсерінен босату;

  • дәрiгер шақыру (мектеп дәрігерін, болмаса 03 телефоны арқылы жедел жәрдем шақырту);

  • зиян шеккен адамды қарап шығып, жарақаттану дәрежесіне қарай тиiстi жәрдем көрсету.

Күйген жағдайда көрсетілетін көмек:

  • ауруды басатын, тыныштандыратын дәрi беру керек (анальгин, валерьян тамшылары);

  • күйген жерге май жағу керек (винилин);

  • зақымданған жерге микроб түспеуi үшiн үлдірмен орап, суық суға салу керек.

Компьютермен жұмыс кезiнде қойылатын талаптар:

  • жұмыс кезiнде көз бен экранның арақашықтығын сақтау керек - 50 см;

  • оқушылардың сыныпқа бөтен адам кiргенде, орындарынан тұруы шарт емес;

  • көз ауырып немесе шаршаған кезде орнынан тұрмай-ақ, сергiту жаттығуларын жасауға болады.

КӨЗ талғанда жӘне шаршағанда жасалатын жаттығулар:

  • көзіңді оңға-солға, жоғары-төмен бұру;

  • көздi сағат тiлi бойынша және кері бағытта айналдыра қарау;

  • көздi қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.

  • басты сағат тiлi бойынша және кері бағытта айналдыра қозғалту;

  • жан-жаққа бұрылып қарау;

  • жұдырықты қатты жұмып, білек буынын босату;

  • қолдың бұлшық еттерін кернеп, кейіннен босатып жоғары кезекпен көтеру.



Тапсырма. Берiлген тапсырманы оқушылар жұмыс дәптерiмен бiрге кез келген мәтiндiк редакторда орындауға болады.

1. Өзiң туралы әңгiмеле:

Сенiң атың ________________________

Фамилиәң ____________________

Анаңның аты_______________________

Әкеңнiң аты_______________________

Қарындасыңның аты___________________

Ағаңның аты_______________________

Мекен-жайың:

Көше_____________________

Үй_______________________

пәтер___________________

Сенiң жасың нешеде?_______________

Немен шұғылданғанды жақсы көресiң?_________________

Мектептегi сүйiктi пәнiң_________

Кiм болғың келедi?______________

Достарың______________________

Тұратын жерiң (ауыл, қала)_______________________

Отаның ______________________

Ұстазыңның аты________________

2. Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережесi және қауiпсiздiк техникасы.

3. Электр тогынан зиән шеккенде көрсетiлетiн алғашқы дәрігерлік көмек.


2-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жиындар

Сабақтың мақсаты:

  1. «Жиындар» түсiнiгiн қайталау.

  2. Бiріне-бірі кіріп қабаттасқан жиындар ұғымын бекiту.

  3. Жиындармен жұмыс жасау процесiнде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушылар «жиын» ұғымымен бұрыннан таныс. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың назарын бiр жиынның элементтерi келесi жиынның элементтерi бола алатынына аудару керек. Мысалы, барлық компьютерлер – «құрылғылар» жиынының элементтерi. Бұл қабаттасқан жиынның мысалы болып табылады. Ертегiлер “кiтап” жиынына енгенмен, барлық кiтаптар “ертегiлер” жиынына кірмейді. Аталған мысал ортақ жиындар мысалы болып табылады. Ал, «Мысықтар» мен «Тышқандар» жиындары ортақ жиындар бола алмайды.

Тапсырма.

  1. Берiлген тұжырымдардың әрбiр жұбына сәйкес суреттердi таңда. Олардың атауларын дұрыстап жаз.

а) Ешбір тышқан мысық емес.

Ешбір мысық тышқан емес.

ә) Барлық компьютерлер құрылғылардан тұрады.

Барлық құрылғылар компьютер емес.

б) Кiтаптардың барлығы ертегi емес.

Ертегiлердiң барлығы кiтап емес.

Жауабы:

а) б) в)



2. Тұжырымдарды жалғастыр.

ЖЕМIСТЕР – ҚЫШҚЫЛ – АЛМҰРТТАР – АЛМАЛАР

Барлық ………………………..

Барлық…………………………………емес.

Ешбір…………………………






Жауабы:

Барлық алмұрттар мен алмалар - жемiстер.

Барлық алмұрт пен алма қышқыл емес.

Ешбiр алмұрт алма емес.


3. Берiлген жиындардың атауын дұрыс орналастырып жаз.

  1. Гүлдер

  2. Өсiмдiктер

  3. Орман өсiмдiктерi

  4. Ағаштар




Барлық гүлдер өсiмдiктер.

Гүлдердiң барлығы орман өсiмдiктерi емес.

ЕШБIР ағашгүл емес.


  1. Ұлдар

  2. Қыздар

  3. Оқушылар

  4. Балалар




Барлық оқушыларбалалар.

Ұлдардың барлығы оқушы емес.

Ешбiр қызұл емес.

4. Бiрдей түспен боялған бөлiктерге 1 санын, екi түрлi түспен боялған бөлiктерге 2 санын, үш түрлi түспен боялған бөлiктерге 3 санын қой.



3-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жиындар

Сабақтың мақсаты:

  1. «Жиындар» түсiнiгiн қайталау.

  2. Ортақ жиындар мен бiрiккен жиындар түсiнiктерiн бекiту.

  3. Жиындармен жұмыс істеу барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

1. Дөңгелектiң iшiнде жұп сандар, төртбұрыштың iшiнде екi таңбалы сандар тұруы тиiс. Сандардың орындарын дұрыс тауып, орналастыр. Екi таңбалы жұп сандар орналасқан бөлiктi боя.

Жауабы:

Төртбұрыш пен дөңгелек ке ортақ – 10, 12, 36,

Тек дөңгелекте – 2, 6,

Тек төртбұрышта - 47, 51, 85.

Дөңгелек пен төртбұрышқа ортақ бөлiктердi Боя қажет.

2. Үшбұрышта 3 цифры бар сандар, шаршыда 4 цифры бар сандар орналасуы тиіс. Сандарды өз орындарына дұрыс орналастырып, жазып шық. 3 және 4 цифрлары бар сандар орналасқан бөлiктерді боя.

Жауабы:

Үшбұрыш пен шаршыға ортақ – 34, 43,

Үшбұрышта – 31, 33, 73,

Шаршыда – 14, 44.

Үшбұрыш пен шаршыға ортақ бөлiктердi боя.

3. Әрбiр үшбұрыштың iшiнде төрт-төрттен болатындай етiп, 2 қар жұлдызшаларын толықтырып сал. Жауабы: үшбұрыштарға ортақ бөлікке 2 қар жұлдызшаларын сал.

4. Ромбы мен тiктөртбұрыштың әрқайсысында бес-бестен болатындай етiп, қосымша 3 дөңгелектiң суретiн сал.

Жауабы: Ромбы мен тiктөртбұрышқа ортақ - 1 дөңгелек, төртбұрыштың iшiнде - 2 дөңгелек.

5. Әрбiр жиында 6 әрiптен болатындай етiп, ПРОЦЕССОР сөзiнiң жетіспейтін әрiптерiн толықтырып жаз.

Жауабы:



6. Шеңбер ішінде 6 жалауша, үшбұрыш ішінде 4 жалауша болатындай етiп, қосымша 3 жалаушаның суретiн сал. Жауабы: шеңбер мен үшбұрышқа ортақ - 2 жалау, ал шеңберде -1 жалау.

7. Тiктөртбұрыш ішіне 5 әрiп, үшбұрыш ішіне 4 цифр жаз. Әрiптер мен цифрларды қосқанда барлығы 7 болатын болсын. Жауабы: бiрнеше жауабы болуы мүмкiн, мысалы, егер барлығына ортақ 4 цифр жазсақ, әрiптер мен цифрлар 7 болу үшiн 3 әрiп қосу керек. Екi әрiп үшбұрышқа ортақтастырылмай, тек тіктөртбұрыш ішіне жазылады.

8. Заңдылықтарын тауып, бос ұяларды толтыр. Қажеттi сандарды, алдымен, диагоналы бойынша, содан соң көлденең жолдары бойынша жазу керек.

Жауабы:

1

4

7

10

13

16

1

2

3

4

5

6

0

2

4

6

8

10

20

16

12

8

4

0

28

25

22

19

16

13

7

12

17

22

27

32


4-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға ақпараттық модель туралы түсiнiк беру.

  2. Қарапайым нысандардың ақпараттық моделiн құрастыруды үйрету.

  3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Ақпараттық модельдер нақты нысандарды, атап айтқанда, заттарды, оқиғаларды, табиғат құбылыстарын сипаттайды.

Бiр нысан үшiн бiрнеше ақпараттық модельдер құрастыруға болады.

Ақпараттық модельдер арқылы жаңа нысандар құруға болады.

Биолог гүлдiң ақпараттық моделiн зерттеу арқылы оның жаңа түріне өсіріп шығара алады.

Суретшi гүлдiң ақпараттық моделіне қарап, оның сыртқы параметрлеріне көңіл бөле отырып, оның суретін сала алады.

Дәрiгер өсiмдiктi денсаулық саласында қолдану мүмкiндiгiн анықтау үшiн оның ақпараттық моделiн зерттей алады. Ақпараттық модельдi кесте түрінде жасайық.

Тапсырмалар.

  1. Ақпараттық модельдi толықтыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекет

Орналасу ортасы

Пiшiнi

Көлемi

Түсi

Құрамы

Доп



Домалақ

Үлкен

Қызыл

терiден

лақтыру

Спорт

залы



  1. Доп” нысанының басқа ақпараттық моделiн толықтыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

әрекетi

Орналасу ортасы

Атауы

Мәнi

Доп

Материал

Каучук,

пластмасса,


?

?

Түс


Көлемi

30 см

Түр



  1. Гүл” нысанының ақпараттық моделiн құрастыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекет

Орналасу ортасы

Атауы

Мәнi

Гүл

Құрамы

тамыры, сабағы, жапырағы, күлтелері.


гүлдейдi

Гүл отырғызатын алаң,

Құмыра

Түс


Көлемi


Түр



  1. Торттың ақпараттық моделiн құрастыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекетi

Орналасу ортасы

Атауы

Мәнi

Балдан жасалған торт

құрамы

Ұн, бал, май, жұмыртқа



Мерекелiк дастархан

Пiшiнi


Дәмi


Түсi



  1. Қазақ ертегiлерi” кiтабының ақпараттық моделiн құрастыр.


Нысан атауы

Параметрлерi

Әрекет

Мекендейтiн орта

Атауы

Мәнi

Кiтап

Кiтаптың аты

Ертегiлер


Оқу

Кiтап сөресi

Құрастырған авторы


Шыққан баспасы


Құрамы


Беттерiнiң саны



5-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Түлі әрекеттер.


Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға нысандармен әрекет жасау тәсілдерін таныстыру.

  2. Оқушыларға нысандармен дұрыс әрекеттер атқаруды анықтай бiлудi үйрету.

  3. әрекеттер мен олардың атқарылу реттілігі жайлы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бұл тақырып “Тiзбектер” және “Алгоритмдер” тақырыбына кiрiспе болып табылады. Әрекеттер мен олардың атқарылу реттiлігі алгоритм құрастырудағы негiзгi ұғымдардың бiрi болып есептеледi.

Тапсырманы орындау кезiнде нысандардың өздері әрекет жасайтынына және олармен де әрекет жасауға болатынына назар аудару керек. Мысалы, гүл өзі өседі, ал оны басқалар қиып алып, үстелге қояды.

Тапсырма.

  1. Суреттегi атқарылып жатқан әрекеттердi атап шық.

Анам .................................

Әкем ..................................

Әлім ....................

Аруна ...............................

Мысық.............

Күшiк ..................................

Құс ................................

Гүлдер ................................

Жауабы:

Анам себет көтерiп келе жатыр.

Әкем көшет отырғызып жатыр.

Әлiм көшеттi ұстап тұруға көмектесiп жүр.

Аруна кiлемшенi сыпырып жатыр.

Мысықтың баласы көбелек қуып жүр.

Күшiк күнге қыздырынып отыр.

Құс ұшып жүр.

Гүлдер гүлдеп тұр.

2.Нәтиже алу үшiн атқарылатын әрекеттердi жаз.

3. Әлім, Әсет және Асан веб-дизайнер, программалаушы және веб-шебер болуды армандайды. Бiрақ Әлім веб-шебер болғысы келмейдi, ал Әсет веб-дизайнер және программалаушы, Асан веб-дизайнер болғысы келмейдi. Балалар кiм болуды армандайды екен?

ӘЛІМ ...............................

АСАН ...........................

ӘСЕТ .................................

Жауабы: Әлiм- веб-дизайнер, Асан – программалаушы, Әсет – веб-шебер.

4. Артық әрекеттi сызып таста.

Пернетақта – ақпаратты енгiзедi, басып шығарады. (басып шығарады).

Монитор – ақпаратты сақтайды, бейнелейді. (сақтайды).

Баспа құрылғысы – ақпараттарды өңдейдi, басып шығарады. (өңдейдi).

Тышқан – нысандарды басқарады, ақпаратты басып шығарады. (ақпараттарды басып шығарады).

Процессор – ақпаратты өңдейдi, сақтайды. (сақтайды).

Жад – ақпаратты сақтайды, енгiзедi.(енгiзедi)

Артық әрекеттер жақшаның iшiнде көрсетiлген.


6-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Керi әрекеттер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға керi әрекеттер түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларға берiлген тапсырмаларға керi әрекет жасауды үйрету.

  3. Заңдылықтарды анықтау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.


Тапсырма.

1.Керi әрекеттердi жаз.

Отыру – тұру

Ашу – жабу

Бөлмеден шығу – бөлмеге кіру

Тақтаға жазу – өшiру

Ақпаратты енгiзу – ақпаратты шығару

Ақпаратты сақтау – ақпаратты өшiру

Сурет салу – суреттi өшiру

2. Мақалдарды жалғастыр.

Шапқан ................., жатқан қалар.


Көп жасаған білмейді, көпті көрген ................. .


Мал сақтама, ар ........... .


Көрдім деген көп сөз, ............... деген бір сөз.


Тіліңмен жүгірме, біліммен ............... .


3. а) ШАНА сөзiнен ТАНА сөзiн қалай алуға болады? Осыған кері әрекет жаз.

Ш” орнына “Т”-ны жаз

ә) Алма сөзiн Алша сөзiне қалай ауыстыруға болады? «М» орнына «Ш» әрпiн қой.

Орындалатын әрекеттердi жазып шық.

4. Керi әрекет пен оның нәтижесiн жаз.

ТАС

І”-нi “А”-ға ауыстыр

МАЙ

Т”-ны “М”-ға ауыстыр

БЕЛ

А”-ны “Е”-ге ауыстыр

ДАРА

Л”-ны “Р”-ға ауыстыр

– БАЛҒА

“Т”-ны “Ғ”-ға ауыстыр

Жауабы: ТIЛ-ТАС; ТАЙ-МАЙ; БАЛ-БЕЛ; ДАЛА-ДАРА; БАЛТА-БАЛҒА 7-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Тiзбектер .

Сабақтың мақсаты:

    1. Оқушыларға тiзбектер түсiнiгiн беру.

    2. Оқушыларға берілген әрекеттер тiзбегін өз реттілігмен бұлжытпай орындау дағдысын қалыптастыру.

Тапсырма

  1. Әрiптердi өз орнына қой. Жауабы: ТIЗБЕКТЕР.

  2. Тiзбектiң реттiлiгiн анықта.

    1. Таңертең 1. Ертеңгi ас

    2. Түс 2. Түскi ас

    3. Кеш 3. Кешкi ас

3. Әлімге бiр ғана әрiптi өзгерту арқылы “СЕРТ” сөзін “ҚАЛА” сөзіне, “САН” сөзін “ТӨЛ” сөзіне ауыстыруға көмектес.

СЕРТ/САРТ/ҚАРТ/ҚАРА/ҚАЛА

САН/САЛ/ТАЛ/ТӨЛ

4.Амалдардың орындалу тәртiбiн көрсет.

70-(14+36):5 = 60

  1. Жақшаның iшiндегiнi орындау.

  2. Бөлу амалы.

  3. Азайту амалы.

5. Әрекеттердi рет-ретiмен қой.

  1. Бақшаны суар.

  2. Көкөніс тұқымдарын отырғыз.

  3. Көкөністерді теріп ал.

  4. Бақшаны арамшөптерден тазарт.

  5. Жерді қопсыт.

6.Әрекеттерді орында.

Үш таңбалы сан жаз.

Оны керiсiнше жаз.

Үлкенінен кiшiсін ал.

Ортаңғы цифрды жаз.

Екi шеткi цифрдың қосындысын жаз.

Жауабы: Үш таңбалы сан жаз: 321 214

Оны керi жаз. 123 412

Үлкенiнен кiшiнi ал. 198 198

Ортаңғы цифрды жаз. 9 9

Екi шеткi цифрдың қосындысын жаз. 9 9

7. Тiзбектiң ретiн дұрыс көрсет.

Қырғауылы қызыл екен,

Ешкi жүнi бөртеде,

Ерте, ерте, ертеде,

Құйрық жүнi ұзын екен.

Жауабы:

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкi жүнi бөртеде,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүнi ұзын екен


8-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 1 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:.

Бақылау жұмысын жүргiзу арқылы оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естігендерін жазып алады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылары тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерін жазып қойғандары дұрыс.

1- тапсырма.

Тiлсызық арқылы кiмнiң не iстейтiнiн көрсет.

1-нұсқа

Ұшақты басқарады

Ұшқыш

Тракторды жүргiзедi

Тракторшы

Терезенi сырлайды

Бояушы

Тақтайды сүргiлейдi

Ағаш шеберi


2-нұсқа

Электр тогын жөндейдi

Монтер

Шахтада жұмыс жасайтын

Шахтер

Ыстық шеберханада iстейдi

Ұста

Кiм бәрiн бiледi?

Зерек


2-тапсырма

Жиын атауларын дұрыс орналастырып жаз.

1-нұсқа





2-нұсқа




3-тапсырма

Тұжырымдардың әрбiр жұбына сәйкес суреттердi таңдап, жиындардың атын дұрыстап жазып шық.

.



1-нұсқа

а) Ешбiр балыққұс емес. а) Ешбiр құсбалық емес.

б) Барлық бәйшешектер гүлдер. Гүлдердiң барлығы бәйшешек емес.

в) үздiк оқушылардың барлығы – қыздар емес. Қыздардың барлығы – үздiк оқушы емес.

2-нұсқа

а) Ешбiр өзентеңiз емес. Ешбiр теңiзөзен емес.

б) Барлық қарлығаштарқұстар. Құстардың барлығы қарлығаш емес.

в) үздiк оқушылардың барлығы ұлдар емес. Ұлдардың барлығы үздiк оқушы емес.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Дөңгелекте 8 әрiп, ал шаршыда 4 әрiп болатындай етiп, кез келген 9 әрiптi жазып шық.

Жауабы:


∙ ∙






2-нұсқа

Дөңгелекте 7 сан, ал шаршыда 4 сан болатындай етiп, кез келген 9 сан жазып шық.

Жауабы:

∙ ∙

∙ ∙







5-тапсырма

1-нұсқа

Арунаның Дина, Әлия және Сара деген достары бiрiншi, екiншi және үшiншi қабаттарда тұрады. Дина – бiрiншi қабатта емес, Әлия – екiншi қабатта емес, ал Сара екiншi және үшiншi қабаттарда емес. Кiмнiң қай қабатта тұратынын анықтау үшiн Арунаға көмектес?

Жауабы: Дина – екiншi, Әлия - үшiншi, Сара – бiрiншi қабатта.

2-нұсқа

Әлiмнiң Арман, Ержан және Нұрлан деген достары бiрiншi, екiншi және үшiншi пәтерлерде тұрады. Арман – бiрiншi пәтерде емес, Ержан екiншi пәтерде емес, ал Нұрлан – бiрiншi және үшiншi пәтерлерде тұрмайды. Әлiмге кiмнiң қай пәтерде тұратынын анықтауға көмектес?

Жауабы: Арман – үшiншi, Ержан – бiрiншi, Нұрлан – екiншi пәтерде.

6-тапсырма.

Амалдардың орындалу реттiлiгiн көрсет және нәтижесiн жаз.

1-нұсқа

(39 - 15) : 3 + (13 + 27) : 8 = 13

2-нұсқа

(47 – 12) : 7 + (14 + 16) : 5 = 11

7-тапсырма.

Тiзбектiң дұрыс реттiлiгiн көрсет.

1-нұсқа 2-нұсқа

1.Қаңтар 1. Ақпан

  1. Сәуiр 2. Наурыз

  2. Мамыр 3. Маусым

  3. Шiлде 4. Тамыз

  4. Қыркүйек 5. Қазан

  5. Қараша 6. Желтоқсан


9-10 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Есептердi шығару барысында орындалатын әрекеттер тiзбегi ретiнде алгоритм түсiнiгiн беру.

  2. Атқарушының командалар жүйесi болатыны жайлы түсінiк беру.

  3. Оқушыларды қарапайым алгоритмдердi орындауға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту – “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсының ғана мiндетi емес, ол жалпы “Информатика” курсының да маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Алгоритмдiк ойлау қабiлетi – бұл ойлай бiлу өнерi, өз iс-әрекеттерiңді жоспарлай бiлу, әр түрлi жағдайларды қарастырып, соларға сәйкес әрекет ету. Мұндай қасиеттер мен дағдылар адамдарға алғашқы компьютер пайда болмай-ақ қажет болып еді. «Алгоритм» сөзi Орта Азияда өмiр сүрген орта ғасырдағы ғалым Мухаммед ибн Муса аль-Хорезми (787-850) атына байланысты пайда болды. Ол тұғғыш рет арифметикалық амалдарды орындау тәсiлдерiн ұсынды.

Алгоритм – бұл есептер шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн әрекеттер тiзбегiн түсiнiктi, әрі айқын түрде сипаттау.

Алгоритмдi құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады. Адам өз өмірінде күн сайын алгоритм кездестiріп отырып, мысалы, мектепке бару үшін де белгілі бір алгоритм орындалады. Сабақты реет-ретімен оқу – бұл да алгоритм, кез келген ойын да белгiлi бiр ереже бойынша ойналады, бұл да алгоритм болып табылады. Кейбір мәселелерді шешу жолында жетiстiктерге жету де алдын ала жоспарланған әрекеттерді орындаудан тұрады, ол да - алгоритм.

“Алгоритм” ұғымын түсіндіру барысында жұмыс дәптерiндегi берiлген тапсырмаларды оқушылармен бiрлесiп орындаңыздар.

9-сабаққа арналған тапсырма.

  1. Әрiптердi жинап, сөз құрастыр.

Жауабы: АЛГОРИТМДЕР.

  1. Арунамен бiрге төмендегi әрекеттер тiзбегiн орында.

  1. 1-қиылысқа дейiн жет.

  2. Солға бұрыл.

  3. Үйге кiр.

  4. Қызыл гүлдi сонда қалдыр (терезеге гүлдiң суретiн сал).

  5. Үйден шық.

  6. 2-қиылысқа дейiн жет.

  7. Оңға бұрыл.

  8. Үйге кiр.

  9. Көк гүлдi қалдыр.

  1. Қазiр Аруна екiншi үйде. Оның үшiншi үйге гүлдi қалдырып кету алгоритмiн жаз.

Жауабы:

  1. Үйден шық.

  2. 2-қиылысқа дейiн жет.

  3. Оңға бұрыл.

  4. 3-қиылысқа дейiн жет.

  5. Солға бұрыл.

  6. Үйге кiр.

  7. Сары гүлдi қалдыр.

Аруна – алгоритм атқарушы, ол мынадай әрекеттердi түсiнедi:

Жет

Бұрыл

Кiр

Қалдыр

Шық

Алгоритм – бұл атқарушының орындайтын әрекеттер тiзбегi.

Командалар жүйесi – бұл атқарушыға түсiнiктi әрекеттер.

  1. РОБОТ төмендегi командаларды түсiнетiн болса, оған алгоритм бойынша әрекеттердi орындауға көмектес

- солға

- оңға

- жоғары

- төмен

  1. →↓ → ↓ ← ← ← ↑ → ↑

  2. → ↓ → ↓ ← ↓ ← ↑ ← ↑ → ↑

  3. → → → ↓ → ↓ ← ↓ ← ↑ ← ↓ ← ↑ ← ↑ → ↑


Жауабы:





Алгоритм түрлi тәсiлдермен, атап атйқанда, сөздермен, кескiндер, суреттер арқылы берiлуi мүмкiн.

10-сабаққа арналған тапсырма:

1. Берiлген әрекеттердiң қайсысы алгоритм болып табылады? Дұрыс жауаптарды белгiлеп шық.

  • Үлкен дөңгелек сал. Оның үстiне орташа дөңгелек сал. Орташа дөңгелектiң үстiне кiшкене дөңгелек сал. Ең жоғарғы бөлiгiне шелектiң суретiн сал. (алгоритм)

  • Патша бұйрығы: «Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел»(алгоритм емес)

  • Жазу: «Ластама (алгоритм емес)

  • Бiрiншi санды ал. Оған екiншi санды қос. Нәтижесiн екiге көбейт. Жауабын жаз. (алгоритм)

Әрекеттер тiзбегiн сөздер көмегiмен сипаттау сөздiк алгоритм деп аталады.

Алгоритм құрастыруда командалар қолданылады.

2.Әлімге үйiнен мектепке жетуге көмектес. Оның алгоритмiн құрастыр.

1) 1-қиылысқа жет.

2) Солға бұрыл.

3)

4)

5)

6)

7)

8)

Жауабы:

    1. 1-қиылысқа жет.

    2. Оңға бұрыл.

    3. 2-қиылысқа жет.

    4. Оңға бұрыл.

    5. 3-қиылысқа жет.

    6. Солға бұрыл.

    7. 4-қиылысқа жет.

    8. Оңға бұрыл.

3.Әлiм сабақтан кейiн компьютер клубына бармақшы. Осы әрекеттердiң алгоритмiн құрастыруға көмектес.

  1. 4-қиылысқа жет.

  2. Оңға бұрыл.

  3. 3-қиылысқа жет.

  4. Оңға бұрыл.

  5. 2-қиылысқа жет.

  6. Солға бұрыл.

  7. 1-қиылысқа жет

  8. Солға бұрыл.



11 – 12 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға сызықтық алгоритм түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды сызықтық алгоритмдердi құрастыруға үйрету.

  3. оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Алгоритмдермен жұмыс істеу жалғастырылады. Сызықтық алгоритм ұғымы енгiзiледi. Командалары бiрiнiң соңынан бiрi тiзбектелiп орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалы, досыңның туған күнiне бару үшiн мынадай әрекеттердi орындайсың: сыйлық дайындау, құттықтау хатын жазу, әдемi киiм кию. Көшет отырғызу үшiн де, әрекеттер тiзбегiн – алгоритм орындау керек. Балалардың өздері алгоритмге бірнеше мысалдар келтiрулері тиіс.

11-сабаққа арналған тапсырма.

  1. Тiзбектi толтыр:

2 ∙ 2 + 10 ∙ 2 : 4 = 7

3 ∙ 4 : 6 ∙ 9 : 3 = 6

2. Арифметикалық амалдар таңбаларын қой:

4 + 6 + 10 + 26 – 1 = 45

3. Әлiмге “есiктi ашу” алгоритмiн жазуға көмектес.

1. Кiлттi алу.

2. Кiлттi құлыпқа салу.

3. Кiлттi бұрау.

4. Есiктi ашу.

4.Сызықтық алгоритмдi орындап, ҚОЛА сөзiнен ЖҰРТ сөзiн ал.


«Л»ны «Р»-ға ауыстыр


«О»-ны «Ұ»-ға ауыстыр


«А»-ны «Т»-ға ауыстыр





“Қ”-ны “Ж”-ға ауыстыр


5. ҚҰЛАН сөзiн ҚҰРАҚ сөзіне айналдыру алгоритмiн жаз.

ҚҰЛАН/ҚҰЛАҚ/ҚҰРАҚ




6. Арунаға жармадан ботқа пiсiру алгоритмiн жазуға көмектес.

1) Қазанды алу.

2) Сүт құю.

Жауабы:

1. Қазанды алу.

2. Сүт құю.

3. От(газ) жағу.

4. Қазанды отқа қою.

5. Сүт қайнағанда, оған жарма салу.

6. 5 минут араластыра отырып, пiсiру.

7. Газды өшiру.

Алгоритмдi атқарушы - Аруна

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Анаңа “жұмыртқа қуыру” алгоритмiн жазуға көмектес.

Жұмыртқаны жар.

Пешке табаны қой.

Пештi сөндiр.

Жұмыртқа мен майды дайында.

Жұмыртқаның қабықтарын таста.

Пешке от жақ.

Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

Табаға майды ерiт.

Тоқта.

Алгоритмдi атқарушы – анаң.

Жауабы:

1. Пештi iске қос.

2. Пешке табаны қой.

3. Жұмыртқа мен майды дайында.

4. Табаға майды ерiт.

5. Жұмыртқаны жарып сал.

6. Аршылған жұмыртқаның қабықтарын таста

7. Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

8. Пештi өшiр.

Алгоритмдi орындаушы – бота.

2.Ботаға “су iшу” алгоритмiн жазуға көмектес.

↓ ↓ ↓ ← ← ↓ ↓ ↓ ← ← ↓ ↓ ↓ ↓ → → → → → → ↑ ↑ ↑ ↑ → → ↑ ↑ ↑ → → → →

3.Компьютер бөлiктерiнiң атауын алфавит бойынша орналастыр.

  1. Дискi

  2. Жад

  3. Жүйелiк блок

  4. Монитор

  5. Тышқан

  6. Пернетақта

  7. Процессор

4.Тiзбектi толтыр.

5. Заңдылықтарын анықтап, бос торларды толтыр. Бос торларды, алдымен, диагоналы бойынша, содан кейiн бағаналары бойынша толтыру керек.

Жауабы:

1

0

1

16

29

21

5

3

3

13

24

19

9

6

5

10

19

17

13

9

7

7

14

15

17

12

9

4

9

13

21

15

11

1

4

11


13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тармақталу алгоритмi түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларға блок-сызба арқылы алгоритм құрастыруды үйрету.

  3. Оқушыларға алгоритм нәтижесiн кестеге жазуды үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жаңа тармақталу алгоритмi ұғымы енгiзiледi. Әрекеттердiң атқарылу реттілігі белгiлi бiр шарттарға байланысты түрде өзгеріске ұшырай отырып орындалатын алгоритм тармақталу алгоритмi деп аталады. Алгоритмді атқару барысында шарт орындалса, бiр әрекет, әйтпесе басқа әрекет атқарылатынын оқушыларға дұрыстап түсiндiру қажет. Мысалы, жолаушы көшеден өтер кезде бағдаршамның қандай сигналы жанып тұрғаны туралы шартты тексередi. Егер жасыл жанып тұрса, онда жолдан өтуге болады. Ал егер ол түс болмаса, онда жасыл жанғанша күтедi, содан кейiн ғана көшеден өтедi. Көктемде және күзде көшеге шығар алдында далада жаңбыр жауып тұр ма деп тексерiп аламыз. Егер жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатыр аламыз. Оқушылардың тармақталу алгоритмiне бірнеше мысалдар келтiрулері тиіс.

Тапсырмалар

1. Егер шарлардағы сандардың қосындысы 12-ден артық болса, оларды қызылмен, ал

12-ден кем болса, көкпен боя.

2. Алгоритмдi орында.

    1. «А» санын ойла.

    2. Оны блок-сызбаға жаз.

    3. Егер А5 болса, қызыл қарындаш ал, керiсiнше болса, көк қарындаш ал.

    4. Таңдап алынған қарындашпен келесi блокты боя.

    5. Соңы.

3.Блок-сызба бойынша тармақталу алгоритмiн орындай отырып, кестенi толтыр.




А

в

С

Түс

3

7

10

Қызыл

9

8

17

Жасыл

0

1

1

Қызыл

20

10

30

Жасыл

5

4

9

Қызыл

25

25

50

Жасыл

6

6

12

?


14-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қатынас таңбалары көмегiмен шарттарды жазуды үйрету.

  2. Тармақталу алгоритмдерiн үйренудi жалғастыру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Шарттарды дұрыс анықтау тармақталу алгоритмi үшiн өте маңызды. Шарттарды жазу барысында мынадай қатынас таңбалары қолданылады: , =.

Тапсырма.

  1. , = қатынас таңбаларын қолдану арқылы шамаларды салыстыр.


Бiрiншi шама

Таңба

Екiншi шама

2 сағ

=

120 мин

4 см

45 мм

3200 г

3 кг

8 бит

=

1 байт

16 бит

=

2 байт

12 бит

2 байт

20 бит

2 байт


  1. Алгоритм дұрыс орындалатындай оның шарттарын жазуға Әлiмге көмектес. Кестеге алгоритмнiң орындалу нәтижелерiн жаз.

Жауабы: Шарт былай болуы тиіс: егер сан 2-ге қалдықсыз бөлiнетін болса немесе оны 2-ге бөлгендегі қалдық 0-ге тең болса.

А

Нәтиже

5

Тақ

8

Жұп

171

Тақ

0

Жұп

24

Жұп

11

Тақ


  1. ҮШБҰРЫШ алгоритмi.

    • Егер дене үшбұрыш болса, онда оны сары түспен боя.

    • Егер тiкбұрышты үшбұрыш болса, онда оны қызыл түспен қорша.

    • Егер дөңес бұрышты үшбұрыш болса, онда оны көк түспен қорша.

    • Егер сүйiр бұрышты үшбұрыш болса, онда оны жасыл түспен боя.

  2. ТӨРТБҰРЫШ алгоритмi.

  • Егер дене төртбұрыш болса, онда оны жасыл түспен боя.

  • Егер дене тiктөртбұрыш болса, онда оны қызыл түспен қорша.

  • Егер тіктөртбұрыштың барлық қабырғалары тең болса, онда оны көк түспен боя.




15-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тармақталу алгоритмiн орындау дағдысын үйрету.

  2. Оқушылардың шартты тұжырымдарды құра бiлу дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Сабақ барысында алгоритмдi орындау дағдысы мен шартты тұжырымдар құру дағдылары қалыптасады. Шарттың жауабы ИӘ немесе ЖОҚ сөзі болатындай етiп құрастыру керек.


Тапсырма.

  1. Сен қай әрекеттердi не үшiн орындадың?.

  2. Алгоритмдi орында.

  3. Алгоритмдi орындап, нәтижесiн кестеге жаз.

Жауабы:

1-Сөз

А

Таңба

2-Сөз

В

Нәтиже

Пернетақта

10

Кiтап

5

2

Баспа құрылғысы

15

Қалам

5

2

Сканер

6

джойстик

7

1

алгоритм

8

Монитор

7

1

Блок

4

Компьютер

9

0


  1. ИӘ” немесе “ЖОҚ” деп жауап беруге болатын сұрақтар келтiрiп, соларға жауап бер.

  1. Сенiң атың кiм?

  2. Сен жасың 10-да ма?

  3. Бiздiң сабақ саған ұнай ма?

  4. Мұғалiмнiң аты кiм?

  5. Сенiң досың кiм?

  6. Сенде компьютер бар ма?



16-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Бақылау жұмысын жүргiзу арқылы оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естігендерін жазып алады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылары тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерін жазып қойғандары дұрыс.


1-тапсырма. Тiзбектi толтыр.

1-нұсқа 5∙3=15:5=3+33=36

2-нұсқа 2+5=7∙3=21+20=41

2-тапсырма. Алгоритмдi орында.

1-нұсқа




2-нұсқа ПЕРНЕТАҚТА сөзiнiң орнына – МОНИТОР.

3-тапсырма. Алгоритмдi орындап, нәтижесiн кестеге жаз.

17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

    1. Оқушыларға циклдiк алгоритм түсiнiгiн беру.

    2. Оқушыларды циклдiк алгоритмдердi құрып, жаза бiлуге үйрету.

    3. Оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Командалары бiрнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм циклдiк деп аталады. Мысалы, қыз моншақтарды жинайды. Ол моншақтарды мынадай қозғалыстарды қайталау арқылы орындайды: моншақты алу, оны жiпке тiзу.

4-тапсырмада шарты алдын ала тексерілетін циклге мысал келтiрiлген, яғни алдымен шарт тексерiледi, содан кейiн цикл командалары орындалады.

Тапсырмалар.

  1. Сурет салу алгоритмiн тiлсызықтар арқылы жаз.





↑ → ↓ ←

Қайталанылатын тiлсызықтар тобын белгiле. Мұндай топтар нешеу? – 4.


2. Кестедегi фигураларының тiзбегiн қорша.

Дөңгелектi – қызыл, үшбұрышты – көк, шаршыны – жасыл түстермен боя.

Қанша тiзбек алынды? - 5.

3.Қатарды жалғастыр. Қайталанатын әрекеттердi көрсет.

а) 2 4 6 8 10 12

әрекет: санға 2-нi қос.

ә) 1 3 9 27

әрекет: санды 3-ке көбейт.

б) 1 2 4 8 16

әрекет: санды 2-ге көбейт.

4. Кестеде берiлген әрiптердiң әрқайсысы үшiн алгоритм орындай отырып, хабарламаның мағынасын анықта.

1. Кестенiң бiрiншi жолындағы әрiптi ал.

2. Алфавит бойынша одан кейiн тұратын әрiптi анықта.

3. Табылған әрiптi кестенiң екiншi жолына жаз.

Әрiптердi iздеу аяқталғанша, 1 – 3 пункттерiн қайтала.





а)

Хабарлама

Ә

А

П

Д

Й

Д

Қ

Ғ

Ы

Мағынасы

Б

Ә


Е




Д

I


ә)

Хабарлама

А

С

Г

Ұ

Ң

Ә

I

Л

М

Мағынасы












18-19 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қайталау сандары берiлген алгоритмдердi қарастыру.

  2. Оқушыларды циклдiк алгоритммен жұмыс жасауға дағдыландыру.

  3. Оқушыларды есептерді шығару заңдылықтарын анықтауға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бұл сабақта қайталау сандары берiлген циклдiк алгоритмдер, яғни параметрлi алгоритмдер қарастырылады.

Оқушылардың назарын алгоритмнiң блок-сызбасына аудару керек: алгоритмнiң басы мен соңы сопақша фигурамен, мәлiметтердi енгiзу мен шығару –параллелограммен, ал белгілі бір әрекеттерді орындау төртбұрыштармен жазылады, шартбұл ромб, алтыбұрышпараметрлi цикл басы.

18-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Көңiлдi алгоритм.



  1. Үйкеле

  2. Үйкеле

  3. Үйкеле

  4. Үйкеле

  5. Тесiк пайда болады


  1. Блок-сызба бойынша алгоритмдi орындап, кестенi толтыр.



1-Сөз

2-Сөз

А -нәтиже

Ала

тау

Алатау

Көк

жиек

Көкжиек

Қара

қат

Қарақат

Сая

хат

Саяхат

Жол

барыс

Жолбарыс

Көркем

сурет

Көркемсурет


19-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Блок-сызбаны толтыр. Алгоритмдi орындап, кестенi толтыр.





1-сөз

Әрiп

2-сөз

Нәтиже

Қар

а

қат

Қарақат

Бал

а

қан

Балақан

Қар

а

су

Қарасу

бек

б

ай

Бекбай

Ал

а

қан

Алақан

бара

б

ан

Барабан


2.Алгоритмдi шешiп, кестенi толтыр. Екiншi кестенi өз мысалдарыңмен толтыр.

111

3

28

10

10

1

0

0

23

5

222

6

550

10
















  1. Тiзбектi үш рет орындай отырып, өрнектi сал:

→ ↑ → ↑ → ↓ → ↓

жауабы:


20-21 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

  1. Циклдiк алгоритмдi үйренудi жалғастыру.

  2. Оқушылардың циклдiк алгоритммен жұмыс жасау дағдысын бекiту.

  3. Негiзгi алгоритмдiк құрылымдар бойынша мағлұматтар беру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Шарты соңынан тексерілетін циклдiк алгоритмдер қарастырылады, яғни алдымен, циклдің қайталанатын командалары орындалады, содан кейiн шарт тексерiледi.

20-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Арунаға 2048 жылдың кiбiсе жыл (365 күнге тең болатын арабша толық жыл) болатынын анықтау алгоритмiн жазуға көмектес.




Сен алгоритмдi қанша рет қайталадың? Жауабы - 10 рет.

  1. Боталарды бойларына қарай орналастыр.





3.Берiлген алгоритмге сәйкес Арунаға Аяз атаны Бояға көмектес.



21-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Әлiмге сабақ оқуға көмектес. Блок-сызбаны толтыр. Жауабы: ромбыға қажеттi шарттарды жазу керек: «сабақ оқыдың ба?»




2. Кестенi толтыр.

Шарт

Нәтиже

0 немесе 5 цифрларымен аяқталатын сандар

5-ке бөлiнетiн сандар

2-ге қалдықсыз бөлiнетiн сандар

Жұп сан

2-ге қалдықпен бөлiнетiн сандар

Тақ сан

Цифрларының қосындысы 3-ке бөлiнетiн сандар

3-ке бөлiнетiн сандар


3.Блок-сызбаны толтыр. Блок-сызба бойынша алгоритмдi орындап, кестенi толтыр.




А

Нәтиже

10

5-ке бөлiнетiн сандар

111

3-ке бөлiнетiн сандар

16

Жұп сан

7

Тақ сан

555

5-ке бөлiнетiн сандар



22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушы - “Қара жәшiк”.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға алгоритм атқарушы - “Қара жәшiк” түсiнiгiн беру.

  2. Алгоритм атқарушы - “Қара жәшiк” әрекетiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Алгоритм атқарушы “Қара жәшiк” бұл алдын ала орындайтын алгоритмi мен құрылғысы белгiсiз болып келетiн атқарушы.

Қара жәшiкке Кiрiс ақпараты берiледi.

Қара жәшiктен Шығыс ақпараты нәтиже ретiнде алынады.

Егер атқарушы алгоритмдi орындай алмаса, жәшiктен ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН деген нәтиже алынады.

Қара жәшiк алгоритмiн анықтауда, алдымен, бiрнеше тәжiрибелер жасалып, оның жұмысы туралы мәлiметтер жинақталады. Жәшiкке белгiлi бiр мәлiмет берiлiп, оны өңдеу барысында қандай нәтиже шығатыны тексерiледi. Тәжiрибелер осы тексеру арқылы мәлiметтер жинақтайды.

1.Алгоритмдi шеш.


Кiрiс

1

3

7

А

2

5

10

14

100

Шығыс

2

4

8

ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН

3

6

11

15

101


Атқарушы кiрiс санына 1-дi қосады.

2. Алгоритмдi шеш

Кiрiс

1

2

3

4

С

15

100

25

33

Шығыс

0

1

2

3

ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН

14

99

24

32


Атқарушы кiрiс санынан 1-дi алып тастайды.


3. Алгоритмдi шеш

Кiрiс

10

12

13

15

S

24

25

16

11

Шығыс

11

13

12

14

ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН

25

24

17

10


Атқарушы жұп санға 1-дi қосады да, ал тақ саннан 1-дi алып тастайды.


4.Аруна мен Әлiмге атқарушы “Қара жәшiктiң” алгоритмiн орындауға көмектес.


Кiрiс

БЛОК

СКАНЕР

МОНИТОР

ПРОЦЕССОР

ТЫШҚАН

Шығыс

4

6

7

9

6

Алгоритм: сөздегi әрiптер саны.


Кiрiс

2

4

8

16

32

64

128

256

Шығыс

4

8

16

32

64

128

256

512

Алгоритм: сандар 2-ге көбейтiледi.


Кiрiс

23

31

5

132

27

38

64

178

Шығыс

47

63

11

265

55

77

129

357

Алгоритм: сан 2-ге көбейтiлiп, нәтижесiне 1 саны қосылады.

Кiрiс

БЛОК

СӨЗ

ТЫШҚАН

СҮТ

ПРОЦЕССОР

Шығыс

1

2

0

3


Алгоритм: дауысты дыбыстар саны

Кiрiс

ҮСТЕЛ

ДИВАН

СУРЕТ

СЕБЕТ

ҚАҒАЗ

Шығыс

1

2

3

3

3

Алгоритм: сөздегi буындар саны есептеледi.

Кiрiс

ШАР

КIТАП

ДЕРЕК КӨЗI

АҚПАРАТ

Шығыс

1-2

2-3

3-5

5-5

Алгоритм: сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстар саны есептеледi.


23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушылар. “РОБОТ.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды алгоритм атқарушы -“РОБОТ” қызметiмен таныстыру.

  2. алгоритм атқарушы - “РОБОТтың” командалар жүйесiмен таныстыру.

  3. алгоритм атқарушылармен жүмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Атқарушы” ұғымымен алғаш рет танысу үшiн, балаларға радиомен басқарылатын машиналар ойынын басқаруды естерiне түсiрiңдер. Басқару пультi командаларын орындау барысында машина қозғалады. Бiр оқушыны тақтаға шығарып, ол тақтаға алдын ала жазылған командаларды орындауы тиiс:

Оңға, Солға, Алға, Артқа, Қадам, Отыру.

Оқушы тұру командасын орындай алмайды, себебi тiзiмде оған ондай команда берiлген жоқ. Оқушылар назарын осы әрекетке аударыңдар.

Атқарушылар берiлген алгоритмдi орындайтын нысан Робот, адам, компьютер.

Атқарушы түсiнетiн командалар тобы оның командалар жүйесi деп аталады.

Алгоритм атқарушы - РОБОТпен танысайық.

РОБОТ атқарушысының командалар жүйесi:

Жоғары

Төмен

Оңға

Солға

Боя

РОБОТ торларға бөлiнген кесте түрiндегi өрiске орналасады да, бiр тордың iшiнде тұрады.

Тапсырма.

  1. Ат жүрiсi. Роботтың нүктелермен белгiленген торларды Боя алгоритмiн жалғастыр.







































Төмен

Оңға

Оңға

Боя

Жоғары

Жоғары

Боя

Жоғары

Солға

Боя

Солға

Солға

Боя

Солға

Төмен

Боя

Төмен

Төмен

Боя


  1. РОБОТ өз өрiстерiнiң төменгi сол жақ бұрышында орналасқан. Роботпен бiрге сызықтық алгоритмдi орында.

Жоғары

Оңға

Боя

Жоғары

Оңға

Боя

Жоғары

Оңға

Боя

Оңға

Боя

Оңға

Төмен

Боя

Оңға

Төмен

Боя

Оңға

Төмен

Боя



























Бұл алгоритмдi блок-сызба түрiнде былай көрсетуге болады:




Алгоритм 2 циклден тұрады. 24-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушылар. Қайық. Құйғыш

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды алгоритм атқарушы - “Қайықтың” атқаратын қызметiмен таныстыру.

  2. алгоритм атқарушы - “Қайықтың” командалар жүйесiмен оқушыларды таныстыру.

  3. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Құйғыш” үшiн алгоритмдi құрастыруға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Алгоритмдi түсiндiру үшiн оқушыларға «Қасқыр, ешкi және орамжапырақ» есебiн шығару ұсынылады. Олар ойын барысында қасқыр, ешкi және орамжапырақтың бiрiнiң рөлдерiн ойнауы керек.

Құйғыш атқарушысының алгоритм негiзiне екi айнымалының орындарын алмастыру әрекетi алынған.

Тапсырмалар.

Бұл өте ерте заманнан келе жатқан есеп: Қасқыр, ешкi және орамжапырақ.

Өзеннiң арғы жағасына қасқырды, ешкiнi және орамжапырақты өткізуі керек. Бірақ қайықшы олардың тек біреуін ғана – не қасқырды, не ешкiнi, не орамжапырақты өткiзе алады. Ешкiнi орамжапырақпен бiрге қалдыруға болмайды, себебi ешкi оны жеп қояды. Ешкiнi қасқырмен де қалдыруға болмайды. Қасқыр ешкiнi жеп қояды. Сонда бұл есептi қалай шешу керек?

Атқарушы - ҚАЙЫҚ.

ҚАЙЫҚТЫҢ командалар жүйесi:

- қасқырды өткізу

- ешкiнi өткізу

- орамжапырақты өткізу

- қайта оралу

Алгоритм:





2. Есеп: Бiзде апельсин және алма шырындары құйылған ыдыстар бар. Үшiншi бос ыдысты пайдалану арқылы атқарушы ҚҰЙҒЫШҚА апельсин мен алма шырындарын бiр-бiрiмен алмастыруға көмектес.

Атқарушы – ҚҰЙҒЫШ

Құйғыштың командалар жүйесi:

-ҚҰЙ

Алгоритм:













3. Заңдылықтарды анықтап, бос торкөздердi толтыр. Алдымен, бос торларды диагоналы бойынша, содан кейiн көлденең жолдары бойынша толтыру қажет.

Жауабы:

3

7

11

15

19

23

4

6

8

10

12

14

1

5

9

13

17

21

24

20

16

12

8

4

35

30

25

20

15

10

33

30

27

24

21

18



25-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 3 бақылау жүмысы.

Сабақтың мақсаты:

Бақылау жұмысын жүргiзу арқылы оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естігендерін жазып алады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылары тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерін жазып қойғандары дұрыс.


1-тапсырма. Алгоритмдi орындап, кестенi толтыр.

1-нұсқа

А

В

А+В

А+В10?

А-1

10

4

14

иә

9

5

2

7



7

8

15

иә

6

6

0

6






2-нұсқа

А

В

А-В

А-В

А+1

7

2

9

иә

8

15

3

12



5

0

5

иә

6

18

6

13




2-тапсырма. Алгоритмдi орындап, торкөздерге Роботтың жолын салып көрсет. 
































РОБОТ циклдi қанша рет орындады? Жауабы: 4 рет.


3-тапсырма. ҚАРА ЖӘШIКТIҢ алгоритмiн тап.

1-нұсқа

а) алгоритм: 2 санына көбейтiп, одан 1-дi алып таста.

Кiрiс

1

2

3

4



Шығыс

1

3

5




б) алгоритм: алфавиттiң келесi әрпi.

Кiрiс

А

Ә

Б

В



Шығыс

Ә

Б

В





2-нұсқа

а) алгоритм: санды 2-ге көбейтiп, оны 1-ге қос.

Кiрiс

1

2

3

4



Шығыс

1

3

5




б) алгоритм: алфавиттiң алдыңғы әрпi.

Кiрiс

Ә

Б

В

Г



Шығыс

А

Ә

Б





26-27 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Атқарушы. “Суқұйғыш”.

Сабақтың мақсаты:

  1. алгоритм атқарушы - “Суқұйғыш”атқаратын қызметiмен оқушыларды таныстыру.

  2. алгоритм атқарушы - “Суқұйғыштың” командалар жүйесiмен таныстыру.

  3. Оқушыларға алгоритм атқарушы - “Суқұйғыш” алгоритмiн құра бiлудi үйрету.

Әдiстемелiк нұсқау:

СУҚҰЙҒЫШ атқарушысының командалар жүйесi:

А және В екi ыдыс бар

А-ны толтыр/В-ны толтыр/А-дан төк/В-дан төк/А-дан В-ға құй/ В-дан А-ға құй

26-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ көмегiмен 2 және 3 литрлiк ыдыстар арқылы судың 1 литр болатын көлемін тап.



Алгоритм:



Алгоритмнiң әрбiр командасы орындалғаннан кейiнгi сұйықтың құйылып тұрған жағдайы қалып кестесінде сипатталады.

Команда

А – 2 литр

В – 3 литр


0

0

В-ны толтыр

0

3

В-дан А-ға құй

2

1


Қорытынды нәтиже: В ыдысында 1 литр су бар.

2. Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ көмегiмен 3 және 5 литрлiк ыдыстар арқылы судың 1 литр болатын көлемін тап.



Қалып кестесiн толтыр

Команда

А – 3 литр

В – 5 литр


0

0

А-ны толтыр

3

0

А-дан В-ға құй

0

3

А-ны толтыр

3

3

А-дан В-ға құй

1

5


Қорытынды нәтиже: А ыдысында 1 литр су бар.

Бұл алгоритмде қанша қадам бар? - 4 қадам.

27-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. 5 литрлiк А ыдысы мен 8 литрлiк В ыдысы бар. Осы ыдыстар арқылы судың 4 литр болатын көлемін тап.

Қалып кестесiн толтыр:

Команда

А – 5 литр

В – 8 литр


0

0

А-ны толтыр

5

0

А-дан В-ға құй

0

5

А-ны толтыр

5

5

А-дан В-ға құй

2

8

В-дан төк

2

0

А-дан В-ға құй

0

2

А-ны толтыр

5

2

А-дан В-ға құй

0

7

А-ны толтыр

5

7

А-дан В-ға құй

4

8


Қорытынды нәтиже: А ыдысында 4 литр су бар.

Есептi жалғастырайық: осы жағдайдан ары қарай судың 1 литр болатын көлемiн тап.

Команда

А – 5 литр

В – 8 литр


4

8

В-дан төк

4

0

А-дан В-ға құй

0

4

А-ны толтыр

5

4

А-дан В-ға құй

1

8


Қорытынды нәтиже: А ыдысында 1 литр су бар.


2.Төмендегi берiлген алгоритмнiң кезектi командаларын орындағаннан кейiн әрбiр ыдыстағы судың көлемiн жаз.


Команда

А – 4 литр

В – 11 литр


0

0

А-ны толтыр

4

0

А-дан В-ға құй

0

4

А-ны толтыр

4

4

А-дан В-ға құй

0

8

А-ны толтыр

4

8

А-дан В-ға құй

1

11

А-ны толтыр

4

11

А-дан В-ға құй

Соңы



Қайталанатын командаларды жаз:

А-ны толтыр

А-дан В-ға құй

Бұл командалар қанша рет орындалады? - 4 рет.

Соңғы команданы неге орындауға болмайды? - В ыдысы толып тұр.

Ендi блок-сызбаны қарастырамыз:



жоқ

ия



Бұл блок-сызба циклдiк алгоритм болып табылады.

3.Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ қалып кестесіндегi командаларының аттарын жазып шық.

Команда

А – 4 литр

В – 7 литр


0

0

В-ны толтыр

0

7

В-дан А-ға құй

4

3

А-дан төк

0

3

В-дан А-ға құй

3

0

В-ны толтыр

3

7

В-дан А-ға құй

4

6

А-дан төк

0

6

В-дан А-ға құй

4

2


Қайталанатын командалар тобын жаз:

В-ны толтыр

В-дан А-ға құй

А-дан төк

В-дан А-ға құй

Бұл тiзбек қанша рет қайталанады? - 2 рет.

Бұл алгоритмнiң блок-сызбаны толтыр:








28-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушы - “Шегiртке”

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Шегiртке” қызметiмен таныстыру.

  2. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Шегiрткенiң” командалар жүйесiмен таныстыру

  3. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Шегiрткенiң” жұмыс дағдыларын қалыптастыруға үйрету.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Атқарушы - Шегiрткенiң командалар жүйесi

Алға 3

Артқа 2

Шегiртке сандар өстерi бойында орналасады. 0 –дiң оң жағында оң сандар, сол жағында - терiс сандар тұрады.

Бастапқыда Шегiртке сандар өсiнiң 0- нүктесiнде орналасады. Ол үш бiрлiк қадамға алға және екi бiрлiк қадамға артқа секiре алады.

Тапсырма.

        1. Алгоритмдi орындап, шегiртке басып өткен торларды қызыл түспен боя.

2.Шегiркенi 0-тордан 1-торға ауыстыр. Ол болған торларды қызыл түспен боя. Шегiртке қай торларда болды?

3. ШЕГIРТКЕНI 0-ден 5-ке дейiнгi аралықтан тыс шығармай, оның 1-, 2-, 3-, 4-, 5-торлардың әрқайсысында бiр-бiр реттен болуын қамтамасыз ет.

4. ШЕГIРТКЕ 0-тордан бастап Алға 3, Артқа 2 командаларын атқарып, алгоритмдi бастап, 2-торда аяқтады. Осы тәсілмен ол алгоритмдi 2 рет қайталады. Ендi ШЕГIРТКЕНIҢ қайда орналасқанын анықта.

5. ШЕГIРТКЕНI мына блок-сызба бойынша 0-тордан 7-торға ауыстыр.

Назар аударыңдар! ШЕГIРТКЕ 5 қадам жасап, 7-торға орналасты. Бiрақ ол 5-торға қайтып оралды да, содан кейiн команданы тағы 2 рет қайталап, 7-торға тоқтады.

ШЕГIРТКЕ 7-торға жеткенде тоқтады.

Бiр есептi шығаратын бiрнеше алгоритм құрастыруға болады. 29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ертегi әлемiнде. Атқарушы - Тотан

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды ертегi әлемiндегi алгоритм атқарушы -“Тотанмен” таныстыру.

  2. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Тотанның” командалар жүйесiмен таныстыру

  1. оқушыларды алгоритмдi атқарушы - “Тотанның” жұмыс дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Ерте, ерте, ертеде Шынтемір деген хан болыпты. Оның Күнікей атты жалғыз қызы бар екен. Күнікей ай десе ауызы, күн десе көзі бар сұлу әрі ақылды қыз боп бойжетеді. Шынтемір ақылына көркі сай жалғыз қызына тең келер күйеу іздестіріп, жарлық шығарады. Бақтарын сынағысы келген жігіттерге тұғырға қондырылған 3 алтын таяқша бередi. Таяқшалардың бiрiнде 256 алтын сақина орналасқан: ең төменінде – үлкен сақина, ең жоғарғысында сақиналардың ең кiшкентайы орналасқан.

Шынтемір хан таяқшаларды жігіттерге беріп, былай дейді: «Кімде-кім бiрiншi таяқшадан екiншi аралық таяқшаны пайдалана отырып, мына ережемен барлық сақиналарды үшiншi таяқшаға ауыстырса, сол ақылын танытқан жігітке қызымды беремін. Енді сақиналарды алмастырудың ережелерін тыңдаңдар:

  • бiр жүрiсте жоғарыда тұрған бiр сақинаны ғана алуға болады;

  • үлкен сақинаны кiшi сақинаның үстiне қоюға болмайды;

  • әр сақинаны аударып салғанға бiр секундтан артық уақыт жұмсамау керек»

Жан-жақтан өздерін хан қызын алуға лайықпыз деп ат тізгінін Шынтемір еліне қарай бұрған жігіттер, батырлар, ғұламалар ағылып жатты. Бірақ араларынан есепті дұрыс шеше алған жан табылмады. Олардың ішінде Тотан батыр да болды. Күнікей мен Тотан бірін-бірі бұрыннан ұнататын. Кәне, енді Тотан батырға осы есепті дұрыс шешуге көмектесіп жіберейік.

Атқарушы – ТОТАН.

Атқарушы - ТОТАННЫҢ орындай алатын командалар жүйесi:

А-дан В-ға ауыстыр

А-дан С-ға ауыстыр

В-дан А-ға ауыстыр

В-дан С-ға ауыстыр

С-дан А-ға ауыстыр

С-дан В-ға ауыстыр

Тапсырмалар.

1. 3 сақинаны А таяқшасынан С таяқшасына жүрiстердің ең аз санын атқара отырып, ауыстыр.

1) А-дан В-ға ауыстыр

2) В-дан С-ға ауыстыр

Жауабы:

  1. А-дан С-ға ауыстыр

  2. А-дан В-ға ауыстыр

  3. С-дан В-ға ауыстыр

  4. А-дан С-ға ауыстыр

  5. В-дан А-ға ауыстыр

  6. В-дан С-ға ауыстыр

  7. А-дан С-ға ауыстыр

2. 4 сақинаны А таяқшасынан С таяқшасына ең аз жүрiстер арқылы ауыстыр. Қанша жүрiс жасау керек? Жауабы: 15.

“Ертегі әлемінде” ойынындағы жеңістер кестесi

Үйiрмелер саны

Жүрiстер саны

1

1

2

3

3

7

4

15

5

31

6

63

. . .

. . .

Жүрістер тiзбегiне мұқиәт қара:

1, 3, 7, 15, 31, 63, . . .

Осы тiзбектің қандай ереженi ұстана отырып пайда болғанын тауып көр.

Жауабы: Сан 2-ге көбейтiлiп, оған 1 саны қосылады.

30- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушылар - “Өткел”және “Робот”

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Өткелдiң” қызметiмен таныстыру.

  2. Оқушыларды алгоритм атқарушы - “Өткелдiң” командалар жүйесiмен таныстыру

  3. Оқушыларды алгоритм мтқарушы - “Өткелдiң” жұмыс дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Есеп. Өзен жағалауына 60 сарбаз келді. Олар өзеннің арғы бетіне өтулері керек. Жағалауға жақын маңда екi бала бір қайықта жүзiп жүр. Қайық кiшкентай екен, оған тек екi бала немесе бiр сарбаз ғана сыяды. Сарбаздарды өзеннен қалай өткізуге болады екен?

Атқарушының командалар жүйесi:

Екi бала

бір бала

сарбаз

Бiр сарбазды өткiзiп көрейiк:





Ендi 60 сарбаздан өткiзiп, блок-сызбаны толтыр.




Тапсырма.

  1. РОБОТтың жұмыс жасау командаларын есiңе түсiр.

  1. Жоғары

  2. Төмен

  3. Оңға

  4. Солға

  5. Боя

  1. РОБОТтың энергиясы таусылып барады. Оның қуаты тек 3 жүрiске қана жетедi. РОБОТтың энергия алатын нүктесiне 3 жүрiс арқылы жетуге көмектес.













Б








Мүмкiн болатын 3 алгоритм жаз.

Жауабы:

1 алгоритм

2 алгоритм

3 алгоритм

Төмен

Оңға

Оңға

Оңға

Оңға

Төмен

Оңға

Төмен

Оңға


  1. Робот көрсетiлген фигураларды бейнелейтiндей етiп, алгоритмдi орында. Қызыл тор – РОБОТжүрiсiнiң басталар нүктесi.























































Сурет салу алгоритмiнде қанша команда бар:

1________________

2________________

7________________

А________________

Н________________

31- сабақ


Сабақтың тақырыбы: “Ақпараттық қауiпсiздiк”.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға “Ақпараттық қауiпсiздiк” түсiнiгiн беру

  2. оқушылардың компьютерлiк сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерлiк вирусарнайы жазылған шағын көлемдi программа. Ол өздiгiнен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдiруге” кiрiседi, сондай-ақ, компьютерде тағы басқа келеңсiз әрекеттердi, мысалы, файлдарды немесе дискiдегi файлдардың орналасу кестесiн бүлдiредi, ақпараттарды өшiредi, жадтағы бос орындарды жайлап алады және т.с.с. Программист мамандар компьютердi вирустан қорғау программаларын - антивирустық программаларды ойлап шығарды. Компьютерге вирустар иiлгiш дискеталар арқылы таратылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда, арнайы антивирустық программаның көмегiмен оның алдын-ала тексерiп алу қажет.

Тапсырма.

        1. Сурет бойынша әңгiмелесу “Вирустар”.

        2. Сурет бойынша әңгiмелесу “Ұры мен хакер”.



32-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлiк желiлер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды компьютерлiк желi түсiнiгiмен таныстыру.

  2. оқушылардың компьютерлiк сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Балалар, компьютерлердi бiр-бiрiмен жалғауға болады. Егер бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен жалғайтын болсақ, онда компьютерлiк желiнi алуға болады.

Компьютерлiк желi дегенiмiз – бiр-бiрiмен мәлiмет алмаса алатын кем дегенде екi компьютердiң байланыс құралдары көмегiмен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудiң тармақталған жүйесi. Бұл жағдайда, ақпараттық ресурстар, яғни мәтiндер, суреттер, әуендер жазу және ойындар барлық компьютерлер үшiн желi арқылы ортақ пайдаланылады. Кез келген компьютер желi арқылы барлық компьютерлердiң ақпарат көзi болып табылады. Жұмыс дәптерiндегi берiлген суретке назар аударыңдар. Мұнда желiлердiң сақиналық, магистральдық, ұяшық және жұлдыз тәрiздi болатынын көрiп отырсыңдар. ИНТЕРНЕТ – бұл дүниенiң әр түкпiрiндегi тұтынушыларды бiр-бiрiмен мәлiметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңiл байланыстыратын ең ауқымды желi түрi. Компьютердi Интернетке жалғау үшiн модем деп аталатын арнайы құрылғы пайдаланылады. Ол телефон арналары арқылы жалғанады. Интернет көмегiмен қажеттi мәлiметтердi iздеп қана қоймай, сонымен бiрге, электрондық пошта арқылы атамыз бен әжемiзге хат та жаза аламыз. Сонымен бiрге, оның көмегiмен чат арқылы бiр-бiрiмiзбен байланысып, ақпарат алмасып немесе әуендер тыңдап, не түрлi желiлiк ойындар ойнай аламыз.

Жұмыс дәптерiндегi суреттер бойынша әңгiме өткiзу.

Тапсырма.

1. Сурет бойынша әңгiмелесу. 33- сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 4 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Бақылау жұмысын жүргiзу арқылы оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естігендерін жазып алады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылары тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерін жазып қойғандары дұрыс.


1-тапсырма. Алгоритмдi орында. Шегiртке қай нүктеде болады?

1-нұсқа. Жауабы: 4 нүктеде.

2-нұсқа. Жауабы: 3 нүктеде.


2-тапсырма. Алгоритмдi орындап, торкөздердегi Роботтың жолын салып көрсет.

Цикл қанша рет қайталанды?

1-нұсқа. Жауабы: 5.

2-нұсқа. Жауабы: 5.

3-тапсырма. Атқарушы СУҚҰЙҒЫШТЫҢ алгоритмiндегi жетiспейтiн командалар мен ыдыстардағы су көлемiн қалпына келтiр.

1-нұсқа

Команда

А – 7 литр

В – 17 литр

Басы

5

17

В-дан А-ға құй




0



7

8

А-дан құй




7

1


0

1

2-нұсқа


Команда

А – 7 литр

В – 17 литр

Басы

2

17

В-дан А-ға құй




0

12

В-дан А-ға құй



А-дан құй







0

17

Бұл алгоритмнiң қай түрi? Жауабы: циклдiк.

4-тапсырма.

1-нұсқа. Науқастың емес, программалаушының басы қандай вирустардан ауырады?

Жауабы: Компьютерлiк вирустан.

2-нұсқа. Компьютерге үлкен құлып салып қойсаң да, оны бұза алатын адамды кiм деп атайды?

Жауабы: хакер.

5-тапсырма.

1-нұсқа. Электрондық пошта арқылы хатты жiберу үшiн қандай құрылғы қажет?

Жауабы: модем.

2-нұсқа. Интернетке қосылу үшiн қандай құрылғы қажет?

Жауабы: модем.


34- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын талдау.

  2. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее