Сабақ тақырыбы: |
Қызғалдақты сақтайық! |
Білімділік: | Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқушыларды өсім- діктер әлемі жайлы ақпарат бере білуге машықтандыру. |
Дамытушылық: | Сөйлесім әрекеті негізінде оқушылардың қазақша тілін дамыту. |
Тәрбиелік: | Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды өсімдіктер әлемін аялай білуге тәрбиелеу. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
Жетістік критерий- лері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде өсімдіктер жайлы ақпарат береді, өзінің қандай гүлдерді ұнататынын айтады. |
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өсімдіктер әлемін, гүлдерді сипаттайды. | |
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен гүлдер жайлы, оларды қалай күтуге болатындығы жөнінде қазақша тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді. | |
Жаңа сөздер: | Талас, көпжылдық. |
Сабақта қолданы- латын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, «Өсімдіктер әлемі» деректі фильмі, А4 парағы, Қазақстанның картасы, тақырыпқа қатысты гүлдердің суреттері, гүл шоқтары. |
Оқыту әдістері: | Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, кластер, топтық жұмыс, фото- коллаж, ойбөліс, «Жеке әңгіме» техникасы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. | Оқушылар сәлемдеседі, бір-бірі- не жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
Өткен сабақты тексеру | Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. Қызығушы- лықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Өсімдіктер әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер өсімдіктер әлемі жайлы не білесіңдер? Қандай гүлдер ұнатасыңдар? | Деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді. |
ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар- ды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді. |
2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Айтылым. Сөздерді сурет- пен сәйкестендіреді, орыс тіліндегі баламасын жазады, сөйлем құрап айтады. | |
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2, 3-тапсырманы орындатады, оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді. | Жазылым. «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін құрап жазады, кластер құрады. | |
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, ат қояды, түсінгенін айтады. | |
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсыр- маны орындатады. | Жазылым. Мәтіннен тіркесті сөздерді тауып жазады. | |
4. Сергіту сәті. «Біздің ауланың гүлзары» тақырыбында фотоколлаж жасауларын сұрайды. | Топтық жұмыс. Гүлдердің суреттері- нен фотоколлаж жасайды. | |
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптас- тыру үшін 7-тапсырманы орындатады. | Тілдесім. Диалог құрады. | |
ІІІ. Ой толғаныс | Жеке жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Ғаламтордан қызғалдақтар туралы ақпараттарды жинайды, шетелдік досына Қазақ- стандағы қызғалдақтардың ерек- шелігі туралы хат жазады. |
IV. Бекіту | Жұптық жұмыс. Ойбөліс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады. | Сөйлесім. Сыныптасымен кімге қандай гүл сыйлау керектігі жайын- да тілдеседі. |
V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушы-лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. | «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. |
VI. Үйге тап- сырма | Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау. |
|
VII. Рефлексия | Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі. |