«Зима 2025»

"Қыздарға әсемдік жарасады" тәрбие сағаты

"Қыздарға әсемдік жарасады" 8-наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты. Тәрбие сағаты 7-8 сыныптарға арнал,ан. Мектепте өткізілетін тәрбие сағаты.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Қыздарға әсемдік жарасады!»

Мақсаты: Ананың балаға деген махаббатының шексіздігі, оның арман-тілегі туралы түсіндіру, отбасындағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, оқушының шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

1-жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің колледж ұстаздары, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, 7 сынып қыздары арасында өткелі отырған « Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыз сыны байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргендей болмай ақ сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. Ендеше өзіміздің сыныптас қыздарымызды ортаға шақырайық.

(Қыздар ортаға шығады)

Әділ қазылар алқасымен таныстыру:

2-жүргізуші:

Әділ қазылар:

1.

2.

3.

4.

Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1. «Мен қазақтың қызымын» (Өздерін таныстыру)

2. «Ән көңілдің ажары» (Мәнерлеп өлең оқу сайысы)

3. Салт-дәстүрді білеміз бе? (Сұрақтарға жауап беру)

4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)

5. Он саусағынан өнер тамған (Қолөнер шебері не ұлттық тағам әзірлеу)

1-жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз

1. «Мен қазақтың қызымын»

(Өздерін таныстыру)

1- оқушы: Жанасыл

Анашым мұң шалмасын қабағыңды,

Аман болсам жақсы оқимын сабағымды,

Үмітіңді, сеніміңді ақтауға да,

Тырысамын оңдаса Алла талабымды.

Көзіңе жас алмағай ешқашанда,

Жас келсе де, бақыт болсын оған себеп,

Жүзіңнен күлкі кетпей әрқашанда,

Өзіңді жүрсін Құдай желеп жебеп.

Елу жас ештеңе емес тәңір қосса,

Тағы елу жыл ғұмырың алда әлі,

Тілейтінім оны да шіркін жаса,

Қызығардай өзіңе жұрттың бәрі

Ал мен болсам жүремін жел боп есіп,

Жұқалау жерін топтың тауып тесіп,

Жеңістерден сағынып келгенімде,

Тек өзің тұрсаң болар, ашып есік!

2-оқушы:Ерсұлтан

Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым

Анашым” – деп балаң жырын арнаған
 Неге ғана естімеген тәтті үнін
 Анам менің – өмірдегі тірегім
 Анам менің – кеудемдегі жүрегім
 Егер менің қасымда сен болмасаң
 Бұл өмірде қалай ғана жүремін
.

3-оқушы. Шерхан

Бала деген адамның өмір гүлі
Бір марқайтар сәбидің көңілді үні
Қабағыңды, шыныңды білмейсің-ау
Апа сендей көрмедім өмірдіні

Апа сен қартаймайсың қартаймайсың
Қартайдым деп ойлама әр тайғасын
Ортамызда отырсаң бала болып
Әрдәйім дастарханың ортаймасын

Дауысыңда балаға жоқ қой ызғар
Тентектерің сонда де сені тындар
Жастығын да солар-ғой шаттығың да
Ойлашы апа бақытты сенен кім бар?

4-оқушы: Ақжол

Ыстық сенің әрқашанда пейілің,

Тұла бойды жаулап алар мейрімің,

Дәл өзіңдей қамқоршы жоқ бұл әлемде,

Дархан ғой сенің кірсіз аппақ көңілің.

Анам менің – көктегі күнменен тең,

Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

Әлпештеген асыл анам болмаса,

Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

2- жүргізуші: 2. «Ән көңілдің ажары» (Мәнерлеп өлең оқу сайысы)


1 жүргізуші:

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Ал арулар сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа, жарайсыңдар!!

3. Салт-дәстүрді білеміз бе? (Сұрақтарға жауап беру)

1. Ерулік дегеніміз не? (Ауыл арасына жаңа көшіп келсе, сол ауылда бұрыннан тұратын адамдар жаңа үй иелерін ерулікке шақырады, яғни ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа көшіп келушілерді бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.)

2. «Төрт аяқты бота тату,

Екі аяқтыдан бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім? (бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балалары.)

3. Қымызмұрындық деген не? (ол бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Бие сауылып, оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-қолаңдар «қымызмұрындыққа» шақырады.)

4. «Абысын тату болса ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім? (ағайынды адамдардың әйелдері)

5. Шілдехана қандай дәстүр?

6.Аптаның жеті күнін екі түрлі ата? (дүйсенбі, сәйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жкесенбі, бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы күн, азына)

7. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі жиен кім? (күйеуге шыққан қыздан туған баласы)

5-оқушы:Бейбарыс

Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

Сен маған жыр анасың,нұр анасың.

Шексіз сенің қамқорлығың маған деген,

Қымбат сенің әр сөзің ”балам” деген. Ақиқат пен шындықтың жолын сілтеп,

Бойыма адалдықтың нәрін берген.

Бұл өмірін арнаған соң анам маған,

Қорған болып өтермін мен-дағы оған,

Нұрлы жүзің жайнай берсін әрқашанда,

Тілеймін ұзақ ғұмыр,бақыт саған!

6-оқушы:Фархат

Суытпаған бозторғайдай ұясын,

Жүрегіме жылуыңды құясың.

Кенже балаң келді өзіңді сағынып,

Аман жүрші, соның өзі сый асыл.

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік, енді қазір ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,

Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?

Ержетсем де еркелегім келіп тұр,

Балалық кез қай жерлерде қалды екен.

7 оқушы: Ботакөз

Нұр шашып жаңарыннан жалындаған
Не күш бар өзіне ғана бағынбаған
Жанынның нәзік сұлу жылуыннан
Адам жоқ қуат алып жылынбаған
Таппадым саған теңеу асыл анам
Қалайшат махабатты жасыра алам
Идіріп алпыс екі тамырыңды
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған

8-оқушы:Шерхан

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

1 жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Алдарыңызға әнші жігіттеріміз орындауындағы «_Анаға сәлем атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші:

Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кең даламда шарықтасын әуені

Әнші жұлдыз жас өнерпаз дананың

4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)

9-оқушы: Ботакөз

Кім сендерді балалар сүйе - тұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе - тұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай Шешең байғұс дамылсыз жүре – тұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі, көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас дер өле - өлгенше.

5. Он саусағынан өнер тамған (Қолөнер шебері не ұлттық тағам әзірлеу)

Әділ қазылар шешімін шығарғанша музыкалық номер.

10-оқушы:Ақжол

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік, енді қазір ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Жаның мөлдір жанарындай ботаның,

Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.

Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,

Сағынышпен мен жолыңды тосамын.

11-оқушы:Ерсұлтан
От сезім анашымнан алаулаған
Жүрегім әр оған жалау болған
Есіме түскен кезде сәби күнім
Ұйқымнан мын оянып сан аунаған
Тербетіп таң атқанша бесігімді
Үйреттін бол деп әр кез кешірімді
Қолымнан келсе егер аяулы анам
Аспанға жазар едім есімінді

12-оқушы:фархат

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

13-оқушы: Жанасыл

Анам менің өзіңсің сүйенерім,

Жақса – жақсын өзгелер күйелерін.

Мейлі жансын өзгелер мейлі күйсін,

Мен бәрібір өзіңді сүйер едім.

Ыстық екен мейірімді сезімдерің,

Бір мен үшін, түндерде көз ілмедің.

Шыдадың еркелеген қылығыма,

Жан анашым сен қандай төзімді едің.

Жаныңды мен түсінемін, ұғамын,

Бұл өмірдің қиынына шыдадың.

Ақтаймын үмітіңді, арманыңды,

Болашақта адам болып шығамын.

Музыкалық номер_ _______________________________________

Әділ қазылар шешімі:

Марапаттау

Сыйлықтар тапсыру.

2 жүргізуші:

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның, –

1 жүргізуші:

Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,

Екі ортаға алтыннан жол салайық.

Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен

Рахмет айтып біздер де қоштасайық!

2 жүргізуші:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын берекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее