«Осень 2024»

"Қысқы киімдер"

Бұл иатериалда ересек топта өткізелетін технологиялық карта берлген

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

.

Топтың жас ерекшелігі: ересек тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: «Қысқы киімдер» Мақсаты: киім аттарына байланысты сөздерді қазақ тілінде дұрыс атауға үйрету. Міндеттері: БМ: жаңа сөздердегі төл дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

ДМ: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

ТМ: қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданатын құрал-жабдық: киімдердің суреттері, теледидар, көйлек үлгілері. Сөздік жұмыс: қыздар киімі, ұлдар киімі.

Көптілділік компонент: тон-шуба-fur coat, құлақшын-шапка-cap.

Қызметтің кезеңдері

Педагогтың іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастырады. Қайырлы таң алтын күн! Қайырлы таң жер ана! Қайырлы таң достарым!

Дөңгелене тұрады. Қайырлы таң алтын күн! Қайырлы таң жер ана! Қайырлы таң достарым!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Теледидардан киімдерді көрсету, атауларын сұрау. -Мынау қандай киім, қалай аталады? --Түсі қандай, неден тігілген? Осындай киімнің түрлерін көріп танысу үшін «Киім дүкеніне» саяхатқа барайық. Ол үшін жылы киінуіміз қажет, қимыл - қозғалыспен көрсетеді. Шалбардың бір балағын, Содан соң екінші балағы Енді белді көтерелік әдемі. Күртенің оң қолы, Күртенің сол қолы. Түймеледік жоғарыдан - төменге.--Ал енді етік кидік, жорыта жолға шықтық. Гу - гу, гу - гу деген дыбыс шығады бұл ненің даусы Балалар қазір біз кемеге отырып жағалаудағы дүкенге барамыз, -Балалар біз дүкенге келдік мынау киім сататын дүкен, сөрелерде түрлі киімдер тұр сендерге таныстырайын: мынау қыздарға арналған көйлек, мынау белдемше, мынау жейде, мынау қолы қысқа жейде, мынау күрте, мынау тон, мынау шалбар, мынау бас киім, мынау етік, бәтіңке т.б. -Балалар мынау кім? Дүкеншіге амандасайықшы Дүкенші апайдан киімдер сатып алайық, мына күрте қанша тұрады, маған беріңізші? -Мына бас киім қанша тұрады? -Ал мына етік қанша тұрады? -Барлығы қанша тұрады? Ал енді барлығымыз қызықты ойын ойнайық. «Кімнің киімі?» Д/О ұйымдастырады. Мақсаты: балаларға өздерінің киімдерінің түр, түсін тануға және қазақ тілінде атай білуге үйрету. -Балалар енді кемеге отырып тобымызға қайтайық.

Сөздік жұмыс: қыздар киімі, ұлдар киімі.

Көптілдік компонент: белдемше- юбка-skirt.

Сергіту сәтін ұйымдастырады. Орнымыздан тұрайық. Қолымызды созайық, Оңға қарай, иіліп, Солға қарай иіліп, Белімізді жазайық. «Не жоқ?» Д/О ұйымдастырады. Мұғалім балаларға «түн» дегенде көздерін жұмуды, осы кезде бір киімді жасыратынын, ал «күн» дегенде көздерін ашып, жоқ киімді қазақ тілінде атауды ұсынады. «Дұрыс көрсет» ойынын ұйымдастырады. Балаларға ойыншы балаға киімдерді қазақ тілінде атауды ұсынады.

Киімдерді атайды.

Балалар жауап береді.





Өлең жолдарын қайталап, қимылмен көрсетеді.









Балалар көңілді кемеге отырады.

Дүкенге келеді. Мұғалімді тыңдайды.











Дүкеннен киімдер сатып алады.









Мұғалім атаған киімдердің кімдікі екенін табады.

Кемеге отырып, балабақшаға келеді.

Сөздерді қайталап, естеріне сақтайды.



Сергіту сәтін қимылмен жасап, қайталайды.





Балалар мұғалім «Түн» дегенде көздерін жұмады. «Күн» дегенде көздерін ашып мұғалім жасырған киімдерді қазақ тілінде атайды. Ойыншы бала балалар атаған киімдерді көрсетеді.


Рефлексиялық– түзетушілік

Педагог дайын көйлек үлгісін әшекейлеуді ұсынады, жұмыс тәсілін көрсетеді.

Сары, қызыл, көк түсті дөңгелектермен көйлекті әшекейлейді, өрнек құрайды. Жай саз әуенімен балалар жапсыру жұмысын жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: киім атауларын қазақ тілінде атай білуді. Игереді: киімдердің адам үшін пайдасы туралы түсінікті. Меңгереді:. меңгерген сөздерді ойын барысында қолдана білуді.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее