«Осень 2024»

Қош келдің, Әз Наурыз!

Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
- Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
«Наурыз той» қазақ халық әуенімен би: «Төрт қадам» Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Наргиз:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Аружан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Би: «Қамажай»
Жүргізуші:
Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Жүргізуші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Жүргізуші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Бейімбет:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз

Ернияз:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Жүргізуші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті әнге береміз.
Ән: «Наурыз келді» Ойын: «Қыз қуу»
Жүргізуші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әже: Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады. Әже шашу шашады.
Жүргізуші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Рамиз:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Каусар:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Жүргізуші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жеріміз көк болсын, дастарханымыз мол болсын! Мен әдейілеп алыстан ат шалдырып, осы балалардың өнерін тамашалап, наурыз мерекесімен құттықтауға келдім.

Жүргізуші:
Қош келдіңіз, Қыдыр ата. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Мадина:

Шаттығымыз –жырымыз,

Жаңа Наурыз – жылымыз.

Ақ тілеумен осынадай,

Бақ боп үйге кіріңіз.

Нұрай:

Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

Ойын: «Арқан тарту»
Жүргізуші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салт-дәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір -бірімен араз адамдар татуласып, бір -біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады.
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Бата: Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын,

Қайда барсан жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарын көп болсын! (Әумин)

Жүргізуші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее