Тақырыбы:
“Қоян мен бұғы”ертегі
“Қоян мен бұғы”ертегісі
Бірде қоян мен бұғы дос болыпты. Олар бір орманда тіршілік
етеді екен. Бірде қоян мен бұғы екеуі әңгіме дүкен құрады.
Қоян:
-Бұғы достым,мен саған басымнан кешкен бір оқиғаны айтып берейін,-
дейді.
Бұғы:
-«Е,айтсаң айт»,-дейді.
Қоян:
-Мен бір күні келе жатып бір жерде жылаған дыбысты естідім.
Сөйтіп бұл дыбыс қайдан шықты деп,сол дыбыс шыққан жаққа
құлағымды тігіп бардым.Сөйтсем бір жас шыбық жылап тұр екен .
-«Сен неге жылап тұрсың?»-деп сұрадым.
Жас ағаш:
-Мына жерден жаңа бір-екі бұзақы балалар өтіп еді,жай өтпей енді
ғана шығып келе жатқан бұтағымды сындырып кетті,-деді.
Қоян:
-Мен шыдай алмай,олар қайда,қай жаққа кетті,-дедім.
-Мына жолмен кетті,-деді жас шыбық.
Мен сол балалардың артынан барып,оларды тоқтатып:
-Ей,оқушы балалар,сендер неге жас ағаштың шыбығын сындырдыңдар,-
дедім.Олар маған күліп:
- Сен, қорқақ қоян мына бізге ақыл айтып тұрсың ба?-деп мені
келемеждеді.Сол кезде мен:
- ИЯ мен қорқақ болсам қорқақ шығармын,бірақ табиғатты қорғауда және
достарыма көмектесуге келгенде еш қорықпаймын,- дедім.
Осы сөздеріме ұялған екі бала жасаған істеріне ұялып,сындырған бұтаны
дұрыстап,орнына бекітіп байлап қойыпты.
-Жас шыбық ,сен бізді кешір, енді бұзық болмаймыз,-деді балалар.
-Табиғатты аялаймыз!
Енді кеше сол ағаштың жанынан өтіп едім,ол ағаш әжептәуір бүр
жарып,гүлдеп тұр екен. Жас ағаш маған рақметін айтты.
-Міне достым,осылай менің кішкентай болса да табиғатқа деген көмегім
тиді деп ойлаймын,- деп сөзін аяқтады қоян.
Досының бұл ертегісіне риза болған бұғыда қатты қуанды.