Жамбыл обылысы Тараз қаласы әкімдігінің "Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама
Тақырыбы:
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Саққұлова К. Ә.
Тараз 2013 жыл
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫ
ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың « Патриот болу - Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау » деген сөздері терең ой салады.Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім өзі қалыптаспайды, оны оқу - тәрбие мен білім арқылы бойларына сіңірту. Мектеп оқушыларының бойына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай - ақ халық батырларының ерлік істерін насихаттау. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жүгіртсек, отансүйгіштіктің керемет үлгісін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата - бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей ( кеңес дәуірдегідей ) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қалмаған. Сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде қазақ әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Өйткені жалпы тәрбие біріншіден отбасынан бастау алып, мектеп табалдырығы арқылы жалғасын табады. Баланы өз отбасында патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз ана тілін үйрету, ұлттық мінез - құлықты қалыптастыру, ұлттық салт - дәстүрді сақтауға, өзінің шыққан ата тегін білуді таныту - ата - ананың парызы мен міндеті. Әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті көркем шығармалар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық рухы күшті азамат етіп тәрбиелеуде барынша күш салады. Өз ұлтына деген сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихаанов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады.Абай атымыздың нақыл сөздері, жастарды өнер - білімге шақырады. Балаларды патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін жанын қиюға болатын іспен көрсететін және үстем топтың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеген, оған қарсы күреске шыққан Махамбеттің қуатты күші, рухты өлеңдерін оқушылар бойына сіңірту.Абай атамыздың шығармалары Қазақстан тағдырына, болашағына арқау болады.Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына сүйіспеншілікпен қарайды. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне көп ат салысқан. Мысалы, әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез - құлықты қалыптастырады. Оқушылар көбінесе шығармалардан жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жақсы қасиеттерінен үлгі алады. Осы арқылы оқушылар бойына патриоттық сезімді қалыптастыруымыз керек. Оқ пен оттың азабына шыдап, жеңіске жеткен ағалардың ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу. Тәуелсіздікке қол жеткізген аға - әпкелеріміздің арқасында туған жерге деген сүйіспеншілік пен ерліктерін тарих пен әдебиетімізді байланыстыратынын әр сабақ сайын саналарына құйып отырғанымыз жөн. М. Жұмабаевтың « Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, салт – дәстүрі » деген нақыл сөздері бар. Мысалы, 5 - сыныпта М. Жұмабаевтың « Мен жастарға сенемін » өлеңі, туған жер, Отан туралы мақал - мәтелдер берілген. 6-сыныпта Б. Момышұлының « Жауынгердің тұлғасы » (« Қанмен жазылған кітап » жинағынан үзінді ) әңгімесінде қазақтың « Отан үшін отқа түс – күймейсің », « Төртеу түгел болса, төбедегі келеді », « Отанды сүю отбасынан басталады », « Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді » т. б. мақал - мәтелдер арқылы оқушыларды қазақ әдебиетінің ішкі жан - дүниесін, рухани - адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бағыттайды. Жамбыл атамыздың « Ленинградтық өрендерім » өлеңінің сол кездегі жауынгерлерді жігерлендіре білді. 7 - сынып оқулығында лиро-эпостық жырлар, қазақтың би - шешендерінің сөздері, жыраулар поэзиясы оқушыға ұлттық таным, патриоттық тәрбие берсе, ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінде Түрік қағанаты заманында қолбасшы болған Күлтегіннің, « Оғыз қаған » дастанында Оғыз батырдың түркі елін жаудан қорғаудағы ерлігі, әскери жорықтары, даналығы оқушылардың сана - сезіміндегі патриоттық рухты қалыптастырады. Мәселен патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана - сезім рухани байлығымыз екендігін айта отырып, рухани байлыққа, тілімізді, дінімізді, салт - дәстүрімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт - дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет екенін әр сабақта саналарына құйып,бойларына сіңіру.
Қазақстан елінің күнделікті тұрмыс - тіршілігі, оның жетістіктері туралы айтып отырсақ, оқушылардың да өз еліне деген сүйіспеншік сезімдері оянары анық. Осындай әдеби шығармалар ата - баба дәстүрінің ізімен жастарды жауынгерлік рухқа баулиды. Отанға, халыққа шын ықыласпен қарауды, ата салтын құрметтеуді, ел тарихына қызығушылықпен қарауды әдебиет сабағында үлкен жетістікпен іске асырылып отырады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасының « Қазақстан мұраты » деп аталатын бөлімінде айтылған еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі - жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық қасиеттерді сақтауға шақырады. Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге елжандылыққа тәрбиелеу – әр педагогтың басты міндеті болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ әдебиеті оқулығы –7–8 -сынып. «Арман – ПВ» баспасы 2011-2012 ж.ж.
2. Н. Ә. Назарбаев. « Қазақстан – 2030 » стратегиясы -77 бет.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы – 2006ж. №9.