Сыныбы: 7
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы: Қасым хан (1511-1518 жж)
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Отағасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы -7сынып, автор Жолдасбаева О. Интернет материалдары
Жалпы мақсаты: Қасым хан туралы және оның жүргізген саясатын, қазақ хандығының нығаюына қосқан зор үлесі туралы оқып-үйрену
Күтілетін нәтиже: Қасым хан және оның заңы туралы біледі
Қасым ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы деректерді талдайды
Қасым хан туралы тарихи деректерге баға бере отырып, қорытындылайды
Негізгі идеялар: Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Қасым ханның заңдарымен оқушыларды жан-жақты танысады.Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне талдау жасап баға береді.
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына ынтымақтастық психологиялық жағымды ахуал қалыптастырып, зейінін сабаққа аудару.
1.2. Топқа біріктіру Керей. Жәнібек, деп стикерге жазып 2 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Дискуссиялық карта
1. Керей мен Жәнібек Шудағы Қозыбасыға орда тікті ме? (иә)
2. Жәнібек хан Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы ма?(жоқ)
3. Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты ма?(иә)
4. 1470 ж Жәнібек хан бастаған топ Түркістанға шабуыл жасады ма? (жоқ)
5. Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани ханға қарсы шабуылға шықты ма?(иә)
6. Шу бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытты ма?(иә)
7. Сығанақ қаласын қазақтар қайтарып алған соң Шайбани хан Хиуаға қашты ма? (жоқ)
8. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін 40 жыл соғысты ма? (жоқ)
Стикердегі диалог. Жұптық жұмыс
1.Қазақ хандығының құрамына кімдер отыруға құқылы болды?
Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан Керей мен Жәнібек отыруға құқылы болды.
2.Қазақ хандары ХҮғ. 70 жылд. қай жерлерді басып алды?
Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алды
3.Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін кіммен соғысты және неше жылға созылды?
Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханмен соғысты және 30 жылға созылды
4.Сыр бойындағы қалалардың қазақ хандығы үшін маңыздылығы қандай?
Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты
5.Қазақ хандығында халықтың саны кімдердің есебінен көбейді?
Дешті Қыпшық даласының көшпелі тайпалары
6.Қазақтың алғашқы ханы кім?
Керей
7.Қазақ халқының қалыптасуының негізгі этникалық арқауы болған тайпаларды ата?
Ежелгі сақ, үйсін, қаңлыт.т.б
8.Неге Керей бірінші таққа отырды?
Мұрагерлікпен қатар жасының үлкендігі ескерілген
9.Қазақ хандығы алдындағы тарихи міндеттері қандай?
1.Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшық даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру
2.Шығыс пен Батыс арасында сауда керуен жолы үстінде орналасқан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату
3. Тайпалардың басын қосып, қазақ этникалық аумағын біріктіру
10. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы қандай?
1.Ұлт болып қалыптасуы аяқталды.
2. Ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды
3.Жер аумағын кеңейтті
4.Үлкенді-кішілі мемлекеттермен қарым-қатынас орнатты
5.Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.
1)Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?
2)Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
3)Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қандай қалаларды өзіне қаратты?
4)Сырдария бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай тарихи маңызы болды?
5) ХҮ ғасырда Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш басшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосуы |
|
|
|
|
2 | Өз міндетін атқаруы |
|
|
|
|
3 | Құнды идеяның айтылуы |
|
|
|
|
ІІІ.Тұсау кесер
І.Қызығушылықты ояту
Сұрақтарға жауап бере отырып тұлғаны танып,жаңа тақырыпты ашу
1)Қазақ хандары ту тіккен құтты мекен
2)Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы
3)Қазақ хандығының тұңғыш ханы
4)Жәнібек хан қай ханның баласы?
Қасым хан туралы дерек тыңдау
ІІ. Мәтін мен жұмыс
«Үш нақты қадам» мәтіндегі маңызды оқиғаларды, деректерді анықтау Жеке оқиды,жұбымен бөліседі,топқа салады, постерге қорғайды
І-топ. Қасым хан туралы деректер және оның заңдарын айқындайды
ІІ- топ. Қасым ханның ішкі саясаты . Қасым ханның сыртқы саясаты
Сергіту сәті: Математикалық ойын
(456*2)+602= 1514 ж Саид хан Қасым ханнан шайбанилерге қарсы күресте көмек беруін сұрайды
(988+455)+80 = 1523ж Орыс деректерінде Қасымның қайтыс болған жылы
(560+650)+301= 1511 ж Қасым сұлтан хандық билікті қолына алады
(951+500)+81= 1532ж Тахир хан Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза табады
(655+104)*2= 1518ж М.Х.Дулати дерегінде Қасым қайтыс болған жыл
ІІІ.Маршруттық қарта
І - тапсырма Мәтіннің бірінші бөліміндегі негізгі идеяны анықта
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сұрақтарға жауап ізде:
Қасым хан билік құрған кезде қазақ мемлекетінің өрлеуі қандай болды?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қасым хан туралы ұлы ойшылдар пікірі--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ІІ-тапсырма Мәтіннің екінші бөліміндегі «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдардағы ережелерді сәйкестендір
1 | Әскери заң | А | кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу |
2 | Қылмыс заңы | Ә | жер дауы, мал-мүлік дауы |
3 | Мүлік заңы | Б | аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат |
4 | Жұтшылық заңы | В | майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық |
5 | Елшілік заң | Г | шүлен тарту, ас, той, мереке, думан |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Б | а | ә | г | в |
ІІІ тапсырма – Мәтіннің үшінші бөліміндегі Қасым ханның ішкі және сыртқы саясатындағы нақты дәлелдер.
Қиындық! Қасындағы оқушымен кеңес!( бұл қадамды орындауға қиналған оқушылар топтағы сыныптастарынан көмек сұрап, ақылдасуына болады).
Ішкі саясаты---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------сыртқы саясаты---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бағалау крийтерилері
І тапсырма | 2-3 балл |
| жалпы |
ІІ тапсырма | 4-6 балл |
| балл |
ІІ тапсырма | 7-10 балл |
|
|
Бекіту: ««Қасым ханның тарихи бейнесіне қандай баға берер едің?» ой пікірлерін айту
Қорытынды
Үйге тапсырма
Рефлексия