«Зима 2025»

"Қабанбай батыр Қожағұлұлының 325 жылдығы" тәрбие сағаты

Қабанбай батыр Қожағұлұлының өмірі, ерлігі туралы.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мұғалім сөзі:Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «БЕЛГІЛІ ҚОЛБАСШЫ, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫРЫ ҚАБАНБАЙ БАТЫР ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ 325 ЖЫЛДЫҒЫ»

Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын анықтау бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты мен мазмұны .

Қаракерей Қабанбай батыр есімі ғасырдан ғасырға жалғасар, қазақ тарихындағы айтулы да тұғырлы тұлғалардың бірі де бірегейі екені сөзсіз. Дарынды тұлға, күрескер, намысты да қайратты, халқының азаттығына сүбелі үлес қосқан батыр есімін ұлықтау бүгінгі патриотизмді насихаттауға, елдік, отаншылдық санамызды қалыптастыруға, өткен тарихымызға деген құрметімізді арттыруға септігін тигізетін өнегелі іс. Бұл, біріншіден, Қабанбай батыр мен оның жасаған ерлігіне деген бүгінгі ұрпақтарының жасаған тағзымы болса, екіншіден, осы шара арқылы Қабанбайдың тарихтағы орнын тануға, жадымызда сақтауға, тұлғатану жолындағы жаңа да тың деректердің табылуына жол ашатыны мәлім. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ардақтауға үлкен бетбұрыс жасалып отырғаны сөзсіз. Олай болса, рухани негізіміз болып табылатын асыл дүниелерімізді қадірлей білсек, бұл болашағымыздың жарқын болуы үшін жасалған нақты қадамға айналар еді.


Жүргізуші:Қазақтың тарихында, жаугершілік замандарда еліне қорған, халқына пана батырлар аз болмаған. Ерен ерліктің, айтулы қаһармандықтың үлгісін көрсеткен жаужүрек батырларын елі де ардақ тұтып, бағалай білген.

Қаракерей Қабанбай батыр қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің негізгі басшыларының бірі ретінде төл тарихымыздың асқақ тұлғаларының бірі. Осы тұлғалардың өмірі мен қазақ халқының қамы үшін, жанқияр ерлік істері бүгінгі ұрпақ, біздер үшін қайталанбас тәлімдік тәрбие, халқымыздың бай мұрасы.

Он сегізінші ғасыр – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры мол аса бір шатқалды кезен. Сайда саны, құмда ізі жоқ бытырап жүрген елінің басын қоссам деп ниеттенген асыл азаматтардың тарих көшінің қым – қуыт, аласапыран, ирімді тұстарында жарқ етіп, халық есінде мәңгі қалып қойғаны анық. Қаракерей Қабанбай батыр – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Азамат соғысында атамекен жері үшін, ар – намысы үшін аянбаған санаулы қолбасылардың ең көрнектілерінің бірі.


Видео \Қабанбай батыр\


Жүргізуші:Батыр бабамыз өзінің ұзақ ғұмырында бірнеше есімдермен аталғаны белгілі. Оның есімдері жайлы не білеміз.


1 – ші оқушы Жолдыбай - 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған есімі Ерасыл болған.


2- ші оқушы. Алпамыс – Ия, батырымыздың бала кезінде дене бітімінің ерекше тұлғалылығынан жеңгелері Нар-бала деп те атаған. Өйткені, ,ол он үш жасар кездерінде үйретіп мінген тайлары, тіпті мөңкімек түгіл, қайқаң қағып, қайысқан күйі тәлтіректей теңселіп әзер көтеретін көрінеді. Ерасылдың аяқтары, мініп келе жатқан тайының еңселілігіне қарамай, жер сызып отырады екен. Батыр бабамыздың женгелері еркелетіп қойған есімі Нар бала.


3 – ші Оқушы. Ырысбек - Бірде жоңғарлар шауып, жылқы бағып жүрген Ерасылдың ағасы Есенбайды өлтіреді. Осыдан Ерасыл алғашқы ерлігін жасап ағасының кегін алады. Осыдан болар Оны жұрт кекшіл кеке атаған екен.


4 – ші оқушы. Тұрар - Қабанбайдың нағашысының ауылында жүрген кезі болса керек, бір күні сол ауыл көшіп бір көлдің жағасынан өткенде шошқаның қалың қабаны көшті жүргізбей қояды. Осы кезде он неше жастағы Ізбасар қолына найза алып қалың қабанмен айқасады да оның олайғысын олай, бұлайғысын былай жайратып, көшті бастаап аман – есен өте шығады. Бала жиенінің батырлығғына сүйсінген нағашысы батасын беріп, « ай, қарағым – ай!» Қабаным – ай – деп атайды. Содан бастап Қабанбай аталып кеткен екен.


5- шы оқушы.Темірлан - Қазақ жерлерін жоңғарлардан босату үшін болған ірі соғыстарда асқан ерлік көрсеткен үшін Абылай хан жарлығымен Дарабоз батыр атанған.Қабанбай батыр Ханнан кейінгі екінші тұлға, маңызды адам болғасын болар жұртшылық батыр бабамызды Хан батыры деп те атаған екен.


Жүргізуші: Міне көріп отырғандай Қабанбай батыр бабамыз өзінің ұзақ та мәнді мағыналы ғұмырында бірнеше есімдермен аталып жұртшылық аузында қалғанын көрдік.


Ал ендігі кезектте батыр бабамыздың тұлғалық жағынан мықты батыр, ержүрек болып қалыптасуына әсер еткен орта жайлы сөз қозғасақ. Ол өзінің өмірінде жүзден астам шайқасқа қатысып, ондаған жекпе жекте қарсыластарына дес бермеген. Олай болса Батыр бабамыздың қатысқан ең маңызды шайқастары туралы не білеміз.


1 – ші оқушы Нұрым - 1726 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді. Бұл Ақтабан шұбырынды жалдарының алғашқы жеңісі еді. Бұл шайқас кейін тарихта «Қалмақ қырылған» соғысы деп аталды.

2- ші оқушы Оксана- 1729 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. «Аңырақай» шайқасы соғыстың тағдырын шешіп бергендей болды, басымдық қазақ жасақтары жағына ауысты.

3 – ші оқушы Ажар - 1745-1755 жылдар арасында бірнеше ірі шайқастар болады. Сондай шайқастардың бірі Шорға соғысы. Сексен күнге созылады, екіншісі Шаған шайқасы бір жарым жылға созылады. Шаған шайқасы жөнінде ерекше атап өткен жөн болады, себебі бұл шайқас қазақ пен қалмақтың шешуші бас шайқасы ретінде ұғынылып, екіжақтан да бұл соғықа ірі дайындықтар жүргізіледі.Қазақ халқының тағдыры үшін Қабанбайды қолбасшылық өз абырой аруағы үшін бұл шайқастың маңызы өте зор.


Жүргізуші: Міне, 1716 жылдан 1757 жылға дейінгі 41 жылдық соғыста Қабанбай бабамыз қан кешіп аттан түсіп бел шешпей, үнеміжортуыл үсінде халқын жаудан қорғады. Қабанбайдың қанаты болған қасиетті пырағы Қуас аттың тұйағы тимеген бұрыш сірә қазақстан өңірінде кемде – кем шығар. Қабанбай жүрген жолдың картасын сызсақ Сыр бойы: Түркістан, Кіші жүз, Есіл – Нұра, Көкшетау, Ертістің жоғарғы төменгі бойы, Еміл – Барлық, Тарғыбатай – Іле, Балқаш, Қырғыздың Сырбелі болып кете барады. Ол өз өмірінде соғысқа 103 кіріп, соның басым көбінде абыройлы жеңіске жетті дейді халық зердесін оқыған тоқыған көнекөз қариялар. Өмірінің соңғы кездерінде де жорық машығы Қабанбайды төсегінде бел шешіп еркін жатқыза қоймапты.


Жүргізуші: Қабанбай батыр кесенесіне саяхат. \ жансая\



Жансая:Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының ауыл аймағында оңтүстікте 20 км. қашықтықта Астана қаласы және солтүстік-шығыста 4 км. қашықтықта Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Астана қаласының жерінде Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналған болатын.Кесене батырдың дулығасын еске түсіретін, кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды сілтейді. Ескерткішті темір жарты ай қияды.
Қаракерей Қабанбай – қазақ батырларының қолбасшысы, әйгілі батырлардың бірі,  XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы шығуын ұйымдастырған. Оның аты Абылай, Бөгенбай аттарымен қазақ халқының жазуларында әйгілі. Ерасыл Қабанбай шамамен 1691 жылы Сырдария жағалауында туған еді.  1769 жылы 78 жаста қайтыс болған болатын.

Қабанбай батыр кесенесі біздің астананың шетінде тарихи әділділік салтанаты және  қазақ халқы үшін белгілі орны болып есептеледі. Қабанбай батыр тұлғасы қауіп-қатер алдында қазақ халқының бірлікпен топтасқандықтың символы.

Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында, Жарбұлақ ауданында, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына Қабанбай есімі берілген. Алматы облысының Алакөл ауданының орталығындағы Үшарал қаласында батырға ескерткіш орнатылған.


Жүргізуші: Қабанбай батыр жайлы халық аузында сақталып, біздің заманымызға жеткен, ел аузынан жазылып, қағаз бетіне түскен жыр, әңгімелер лебі бар. Енді біз осы бабамыз жайлы не білеміз және батырдың қазақ тарихынан алатын орны қандай. Қандай да бір болмасын тарихи тұлғанның өмірі жайлы басты мәліметтерді тарихи жазба ескерткіштері береді деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда Батыр бабамыз жайлы жазылған әдебиеттерге назар аударайық.


Назерке: Сәлеметсіздер ме, Қабанбай батыр бабамыздың жүріп өткен ізін зерттеудің негізгі үш жолы бар, яғни олар:

1. Ауызша жеткен көркем сөз үлгілері (ақын – жыраулардың толғаулары, аңыз - әңгімелер, өлең – жырлар)

2. Шежірелер

3. Тарихи құжаттар.

Міне, осыларды бір – бірімен сабақтастыра қарастырғанда ғана тарихи шындықты толығырақ тануға мүмкіндік ашылмақ.

«Ер Қабанбай» - тарихи жыр. «Ер Қабанбай» жырының ертеректегі қолжазбалары Санкт-Петербург , Омбы ,  қалаларында сақталған. Қабанбай батыр туралы жырлардың кейінірек жазылып алынған мәтіндерінің саны оннан асады. Жырларды сақтап жеткізушілер: Қ.Әбжанұлы, Қ.Омарұлы, Н.Байматайұлы,Мергенбаев. Қабанбай батыр туралы жырлардың көлемділері - Қабанбай батыр«Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі»«Қисса Қабанбай»«Ер Қабанбай» жырлары. Жырдың негізгі идеясы - атажұртының бостандығын ардақ тұту, туған жердің тыныштығын қорғау. Қабанбай батыр туралы дастан-жырлардың нұсқалары Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.

1) Қабдеш Жүмәділов. «Дарабоз» І-ІІ томдары. Роман – тарихи шығарма. Арқауы – шындық. Дарабоз романында баяндалатын негізгі сюжет – қазақ халқының азапты ғұмыры, таққа талас, қазақ – жоңғар, қазақ – ойрат арасындағы ұзақ уақытқа созылған қақтығыстар, Қабанбайдың азаттық жолындағы көзсіз ерлігі.

2) Шәкен Күмісбайұлы «Қаракерей Қабанбай» аруна баспасы. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда халқы құрметтеп Қабанбай, Дарабоз атандырған қазақ әскерінің қолбасшысы, бас сардары, ұлы тұлға қаракерей Қабанбайдың өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалады.

3) Аманжан Жақыпов «Хан батыр Қабанбай» .Қаракерей Қабанбай батырдың арғы аталары, олардың сол тұстардағы тарихи оқиғаларға, қоғамдық процестерге араласуы, өздері өмір сүрген орталардағы саяси, әлеуметтік орны, өсіп-өнген топырақтары туралы айтылады.

4) Қайым Мұхаметқанов «Қаракерей Қабанбай» кітабы, Тағы да басқа мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер .Өздеріңіз байқағандай бұл кітаптар арқылы батыр бабамыздың өмірі мен оның жүріп өткен жолы жайлы көптеген мәліметтер алуға болады.


Жүргізуші :Қабанбай батыр хал үстінде жатқанда, Бұқар жыраудың айтқан сөзі:

Сағынғали

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Жақсы мен жайсаң жиналса,

Жылқыда қылаң, боз едің.

Батырлық, ерлік дегенде,

Жайылған жұртқа сөз едің.

Қайғы шеккен еліңнің,

Жылағанын жұбатып,

Қисайған көшін түзедің.

Ақиған, астам ноянын

Ағып өтіп құлаттың.

Солқылдаған мырзасын,

Соғып өтіп сұлаттың.

Ат шашадан қан ақты.

Қан шашырап таң атты.

Қанға ұйып, күн батты.

Жамандарға жан тәтті,

Сараң байға мал тәтті.

Көтеріліп көп қазақ,

Ата аруағын шақырып,

Айқай-сүрең салғанда,

Қаракерей Қабанбай,

Ту түбінде тұрғансың...

Қу дауысты Құттыбай,

Бұқар жырау, Сарышуаш,

Кеңесіне мойын бұрғансың,

Шамырқанып, шамданып,

Қубасқа қамшы ұрғансың.

Қалың тобын қақ жарып,

Дұшпанды қойдай қырғансың.

Зарпыңа шыдамай,

Телім боп кәпір жосқанда,

Батырдың қарты Бөгенбай,

Қайратқа қайрат қосқанда.

 Өткен күнде белгі жоқ,

Көнелерге қанықтай,

Балаларға танықтай.

Сол ерлерді көргенмін,

Жазмыштан озмыш жоқ деген,

Салғанына тәңірінің

Әу бастан-ақ көнгенмін.


Ермек:

Қарт белдерiм үзiлiп,

Кемсеңдедiм егiлiп,

Айналайын, Қабанбай,

Кiретiн жауға тайсалмай,

Жау келгенде жарағым,

Асқынып елге дау келсе,

Баса-көктеп жау келсе,

Түрулi едi құлағың.

Кеше түсте естiдiм,

Қабанбай ауру дегендi,

Құлазып көңiлiм, қобалжып,

Жетiмсiреп жыладым.

Арғыннан айттым жүз кiсi,

Найманнан айттым жүз кiсi,

Үйсiннен айттым жүз кiсi

Үш жүз кiсi болар ма,

Басындырмас пырағым.

Айналайын Қабанбай

Құрбаныңа атаған қара мойын лағың,

Бұл дүниенiң қарты едiң,

әулиенiң арты едiң,

Батырлардың мәртi едiң.


Жүргізуші :«ҚАБАНБАЙ БАТЫР» ЖЫРЫНАН ҮЗІНДІ


Жүргізуші: Елбасының болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласынан.

Соңы.Төрт оқушы қолдарына Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Сөздені бір-бірден ашады.

1.Дильназ:Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

2.Данияр: Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

3.Өсер:Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

4.Ізбасар:Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.


Жүргізуші:Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее