«Зима 2025»

"Іс қағаздары" таңдау курсы

"Іс қағаздары" таңдау курсының бағдарламасына түсінік хат

"Іс қағаздары" таңдау курсы бағдарламасы 9- сыныпқа арналған. Курстың жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын (ҚР Білім және гылым министрінің 2015 жылгы 18 маусымдагы № 393 бұйрыгымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізге ала отырып құрастырылған

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки
















«Іс қағаздары» атты таңдау курсы





















































Алғы сөз





Таңдау курс авторы:


Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

Қараоба орта мектебі мұғалімі

Уакбаева Айман Темиргалиевна












Мақсаты: Іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету.


Міндеті: Іс қағаздардың қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру; іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту; іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.

















"Іс қағаздары" таңдау курсының бағдарламасына түсінік хат

"Іс қағаздары" таңдау курсы бағдарламасы 9- сыныпқа арналған. Курстың жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы

1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасын (ҚР Білім және гылым министрінің 2015 жылгы 18 маусымдагы № 393 бұйрыгымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізге ала отырып құрастырылған .

Қазақ тілінен "Іс қағаздары " таңдау курсының мақсаты- оқушылардың мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазуға, оның түрлерін білуге дағдыландыру, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың ресімделуін жете меңгерту, іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту. Курстың міндеттері:іс қағаздарды теориялық тұрғыда үйрену арқылы практикада қолдануға дағдыландыру. Курс жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығының білім мазмұнын теориялық-практикалық тұрғыдан толықтырады.

Oқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жoспарында құзыретті, интеллектуалды пәрменді және еңбек қызметіне қабілетті, «...белсенділік, шығармашыл тұрғыда oйлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілетті, өмір бoйы білім алуға дайын...» тұлға қалыптастыру белгіленген.Oсыған oрай, мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты, құзіретті жүргізе алу мәселелері өзекті және маңызды бoлып oтыр. Бағдарламада тәжірибелік сабақтар, іскерлік жағдаяттар өткізу қарастырылған. Бұл курста оқушылардың жеке, шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарын (мұражай, кітапханада,) кеңінен қолдануға ерекше мән беріледі.Бағдарлама оқушының функционалдық білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Барлығы бағдарлама бойынша 9- сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жоспарланған.





Курстың бағалау өлшемдері :

1) бағдарлама мазмұнында ұсынылған материалдардың жаңашылдығы мен өзектілігі;

2) практикалық бағыттылығы ,жергілікті ерекшеліктердің ескерілуі;

3) бағдарламаның ынталандырушы және дамытушы әлеуеті;

4) оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай келуі;

5) мазмұнның толықтығы және жүйелілігі.


































Курстың білім беру мазмұны үш модульден тұрады

1- модуль.Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі /4 сағат/

Курсқа кіріспе."Іс қағаздары " таңдау курсының мақсат-міндеттері(1 сағат).

«Қазақ тілінің қоғамдық мəні» (1 сағат). Қазақ тілі – қазақ халқының

ұлттық əдеби тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің

мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары.

«Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі» (2 сағат). Қазақ тілі түркі

тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні.

Түркі халықтарына ортақ ескерткіштері мен əдеби мұралары жайында түсінік.

2- модуль.Стилистика және тіл мәдениеті /10 сағат/

«Стиль».(2 сағат) Стиль ұғымының сөйлеу жəне оның формаларымен

байланысты қаралатындығы, стильдердің негізгі арқауы сөйлеудің ауызша

жəне жазбаша формалары екендігі;

« Стилистика.Стилистика жəне тіл мəдениеті» (2 сағат)

«Қазақ əдеби тілінің стильдері» (1 сағат). Қазіргі әдеби тілдің стильдері туралы

түсінік;

«Сөздердің стильдік түрлері» (3 сағат). Сөйлеу тілінің лексикасы, оның

түрлері. Стильаралық бейтарап лексика. Экспрессивтік-эмоционалды лексика;


3- модуль. Іс қағаздар стилі /20 сағат/

«Ресми іс қағаздар стилі ».

Өтініш, сенімхат, арыз, қатынасқағаз, мінездеме, хабарландыру, мəжілісхат, өмірбаян, ісқағаздарының айырықша қарым-қатынас жасау құралы болып

саналатындығы. Ісқағаздар стилінің ерекшеліктері, лексикасы;практикалық жұмыстар. Ресми іс – қағаздар стилінде іздестіру-зерттеушілік жұмыстарды жүргізу.Электронды құжаттармен жұмыс Іздестіру-зерттеушілік жұмыстар





9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын

талаптар


1) əдеби тілдің нормаларын,іс қағаз ерекшеліктерін меңгеруі;

2) стиль түрлері мен түрлі мəтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай жəне

интерпретациялай,жаза білуі;

3) жазу мəдениетінің нормалары мен іс қағаздарға қойылатын

талаптарды меңгеруі;

4) ұжымдық қатынаста жəне іс қағаздарын жазуда сөз таңдай алуы;

5) ауызша жəне жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза

білудің шарттарын білуі тиіс.

6) Қазақстан Республикасы Конституциясына,мемлекеттік тілге құрмет көрсетеді




























9 -сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

р\с

Тақырыптар

Сағат

күні

ескерту


1 жарты жылдық




Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

1

Кіріспе.

1



2

Қазақ тілінің қоғамдық мәні

1




Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі

/2 сағат/




3

Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық тілі

1



4

Қазақ тілі -мемлекеттік тіл

1



Стилистика және тіл мәдениеті

/10 сағат/

5-6

Стиль туралы

2



7-8

Стилистика

2



9-10

Стилистика жəне тіл мəдениеті

2



11-12

Сөздердің стильдік түрлері іздестіру-зерттеушілік жұмыстар

2



13-14

Сөйлеу тілінің лексикалық түрлері

2



Іс қағаздар стилі

15-16

Іс –қағаздар стилінде іздестіру-зерттеушілік жұмыстар

2



17

Іс –қағаздар стилінің ерекшеліктері. Іздестіру-зерттеушілік жұмыстар жүргізу

1



18

Өмірбаян

1



19

Күнделік

1



20

Түйіндеме

1



21

Қызметтік хаттар

1



2

Мінездеме

1



23

Түсініктеме

1



24

Электронды хат

1



25

Хабарландыру

1



26

Ресми хат

1



27

Ақпарат хат

1



28

Бұйрық

1



29

Хаттама

1



30

Еңбек келісімі

1



31

Өтініш

1



32

Анықтама

1



33

Электронды құжаттармен жұмыс Іздестіру-зерттеушілік жұмыстар

1




34

Ресми іс – қағаздар стилінде іздестіру-зерттеушілік жұмыстарды жүргізу

1




Барлығы

34




































Өмірбаян


Өмірбаян – автордың өзі туралы жазатын құжаты. Оның типті формуляры болмағанмен, кейбір бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады.

Құрылымы:

  • Құжаттың аты;

  • Автордың аты - жөні, фамилиясы;

  • Туған күні, ай, жылы;

  • Ата –анасы туралы мәлімет / А.Ж.Ф., жұмыс орны/;

  • Білімі және білім бойынша мамандығы;

  • Атқарған қызмет түрлері;

  • Қошеметтеу белгілері;

  • Қоғамдық жұмыстарға қатысу;

  • Отбасының жағдайы және құрамы;

  • Мекен – жайы және телефоны;

  • Жазған мезгілі / күні, айы, жылы/;

  • Жеке қолы.



Өмірбаян.


Мен, Қайырханова Сания Рымбековна, 1970 жылдың, 10 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында тудым.

Әкем Қайырханов Рысбек Рақымғалиұлы – адвокат, шешем Рымгүл Хайроллақызы – зейнеткер.

1977 жылы Аягөз қаласының №3 орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1986 жылы бітірдім.

1986 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім.

1992 жылы аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Семей қаласының №10 орта мектебінде мұғалім болып қызмет етіп келемін.

Тұрмыстамын. Жұбайым – Әсет Болатханұлы. “Астана құрылыс” мекемесінде прораб болып жұмыс істейді.

Екі балам бар.

Мекен – жайым: Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 22- үй, 36- пәтер. Т. 562-462



07.09.06ж. қолы / Қайырханова С.Р./



  1. тапсырма. Әкең туралы мәліметтерді толтыр.

Аты – жөні_________________________________________________

Ұлты_________________________________________________________

Туған жылы, күні айы__________________________________________

Туған жері___________________________________________________

Отбасыжағдайы______________________________________________

Білімі_________________________________________________________

Бітірген оқу орны_________________________________________________

Мамандығы________________________________________________________

Жұмыс орындары, қызметі___________________________________________

Тілдік дағдылары__________________________________________________

Қосымша мәліметтер_______________________________________________

  • Әкеңнің өмірбаяны туралы айт.


Өтініш

Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек - өтінішті білдіретін құжат.

Құрылымы:

  • мекеменің толық аты:

  • басшысының қызметі, атағы;

  • өтініш иесінің аты - жөні, мекен – жайы, телефоны;

  • құжаттың аты;

  • мәтіні;

  • жазылған мерзімі;

  • өтініш иесінің қолы.










Семей қаласының

№30 орта мектебінің директоры

Н.П. Зайцеваға

Өтепбаев көш.12-үйдің тұрғыны

Д. Қ. Әлиасқаровтан

Т.34 –35 - 64




Өтініш


Менің балам, Әлиасқарова Дананы, бірінші сыныпқа қабылдауыңызды сұраймын.



12.08.06ж қолы /Д.Қ. Әлиасқаров/













Семей қаласының

№30 орта мектебінің директоры

Н. П. Зайцеваға

Әуезов даңғ., 24 -үйдің тұрғыны

Т.П. Семеновадан

Т.42 –42- 19




Өтініш

Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.

Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:

  1. Жоғары білім туралы диплом;

  2. Төлқұжаттың көшірмесі;

  3. Өмірбаян;

  4. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс – қағазы;

  5. Медициналық кітапша.


25.08.06ж қолы / Т.П. Семенова/




  1. тапсырма

Өтініш құрылымы қандай бөліктерден тұрады?. Сызбаны толтыр.










Арыз


Арыз – мекеме басшысының атына белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын іс – қағаздың бір түрі.

Құрылымы:

  • мекеменің толық аты;

  • басшысының қызметі, атағы, аты – жөні;

  • құжаттың аты;

  • мазмұны

  • қосымша болса, оған сілтеме;

  • жазылу мерзімі;

  • қолы, арызданушының аты- жөні, кейде мекен - жайы.





№30 орта мектебінің

І ауысымның оқу- ісінің меңгерушісі

Е.Ю. Ставскаяға






Арыз.


Сізге арыз беру себебім, 6”А” сыныбының сабақта тәртіптерінің нашарлығы. Соның нәтижесінде білім сапасының төмендігі. Айтылғандарды ескеріп, шара қолдануыңызды сұраймын.


24.12.06ж қазақ тілі пәнінің мұғалімі

________ С.Р.Қамбекова.



    1. тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Арыз кімнің атына жазылады?

  2. Қандай жағдайларда жазылады?

  3. Арыздың құрылымы қандай?


    • Мектеп асханасына байланысты арыз жаз.










Түсініктеме


Түсініктеме - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты түсінік берілетін құжат.

Құрылымы:

  • мекеменің аты;

  • мекеме басшысының лауазымы, аты – жөні;

  • құжаттың аты;

  • мазмұны;

  • жазылу мерзімі, қолы;

  • түсінік берушінің қызметі, аты -жөні.









№30 орта мектебінің

І ауысымның оқу ісінің меңгерушісі

Е.Ю. Ставскаяға





Түсініктеме


Менің 20 қарашада сабақта болмау себебі, дәрігердің қабылдауында болдым. Дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын.


20.11.06.ж қолы 10”Б”сынып оқушысы

Арынов Айдар






№ 30 орта мектебінің

І ауысымның оқу ісінің меңгерушісі

А.С. Қалиеваға


Түсініктеме

5»Б» сыныбында бақылау жұмысының болмауы туралы.


12.02.07.ж І ауысымда қазақ тілі пәніне топтағы 12 оқушының алтауы ғана келді. Соның салдарынан бақылау жұмысын ауыстыруға тура келді.

12.02.07ж қолы А.Т.Асанова






Сенімхат

Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқығын екінші бір адамға берілгенін жазбаша түрде растайтын құжат.

Құрылымы:

  • құжат аты;

  • жазылған жері мен уақыты;

  • сенімхат берушінің және алушының фамилиясы, аты- жөні, мекен – жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;

  • ұйым мөрі басылған, растайтын жазба.









Сенімхат

Семей қаласы 02.06.06ж


Мен, Әбішева Айғаным Серікқызы, Қайдарова Ләззат Саматқызына/ Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 21-үй, 41- пәтер, жеке куәлік № 000776897 10.03.94ж ҚР ІІМ берген/ менің №30 орта мектебінен мамыр айындағы еңбекақымды алуына сенім білдіремін.


Қолы А.С. Әбішева.

А.С. Әбішеваның қолын растаймын:

№30 орта мектептің директоры: қолы Н.П. Зайцева.

МӨР

02.06.06ж



1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Сенімхат қандай құжат?

2.Сенімхаттың неше түрі болады?

3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?

4. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?

5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?

6.Сенімхат қайда куәландырылады?

7. Сенімхаттың құрылымы қандай?


2- тапсырма Сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.

Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхатқа қол қою, сенімхаттан бас тарту, өкілетті етемін.








Қолхат

Қолхат – белгілі бір іс - әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша, не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.

Құрылымы :

  • құжаттың аты;

  • қолхат беретін адамның қызметі, аты – жөні, фамилиясы;

  • ақша немесе құнды заттардың аты мен құны;

  • уақыты мен қолхат берушінің қолы.







Қолхат

Мен, 10 “А” сынып оқушысы Асанов Тимур, мектептің бас бухгалтері В.В.Некрасовадан бір күнге 200теңге/екі жүз теңге/ қарызға алдым.


02.10.06ж қолы Т. Асанов.





1-тапсырма. Жағдаяттар бойынша қолхат жаз.

  • Қарызға ақша алу

  • Мекемеден уақытша еңбек кітапшасын алу





















Түйіндеме / Резюме/

Түйіндеме – талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.

Құрылымы:

  • құжат аты;

  • талапкер туралы мәлімет/ аты – жөні, фамилиясы, туған күні мен жылы, туған жері/

  • мекен – жайы; телефоны;

  • автордың үміттеніп отырған ваканциясы;

  • үміткердің жұмыс орны, оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы;

  • қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;

  • кейбір қосымша мәлімет / шет тілдері, түрлі курстар, шетел сапарлары т.б./;

  • ғылыми дәрежесі;

  • үміттенген ваканцияға қатысты жеке бастың кейбір қасиеттері, икемдігі;

  • қосымша ақпарат;

  • кепілдеме;

  • мерзімі;

  • қолы.







1 тапсырма Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы мен ұқсастығы неде?










Түйіндеме

Қайдарова Қарлығаш Бақытбекқызы

1970жылы 20 наурызда Семей қаласында тудым.

Мекен – жайым: Семей қаласы, 15 ықшамауданы 52-үй, 40- пәтер.

Үй телефоны: 34 –54 – 12

Жұмыс телефоны: 52 – 45 – 65

Мамандығым: дәрігер

Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері, дәрігер.

Білімі мен қызметі туралы мәлімет: Семей мемлекеттік академиясының студенті 1981-1987ж.

№9 емхананың дәрігері 1987-1995ж

Балалық аурахананың бас дәрігері 1996-2006ж

Негізгі мәліметтер: Тұмау аурулары және оны емдеу жолдары мәселесімен айналасып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ресейде өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасадым.

Қосымша мәліметтер: Ана тілім – қазақ тілі. Ағылшын, орыс, неміс тілдерін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар.

Кепілеме туралы мәлімет: Семей қаласының денсаулық бөлімінің меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.


17.02.07ж қолы Қ.Б. Қайдарова.







2-тапсырма. Сөз тіркестерін аудар.


Түйіндеме толтыру, азаматтығы туралы, тілдік дағдылары, жұмыс тәжірибесі, нарық заманы, қысқа әрі нұсқа, жұмысқа орналасу, компьтерлік сауаттылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылым дәрежесі, отбасы жағдайы, еркін сөйлеу, жеке қасиеттері, қосымша ақпарат.






























Мінездеме

Мінездеме – белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.

Құрылымы:

  • тақырыбы;

  • мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

  • негізгі мәтін

  • қорытынды;

  • мінездемені талап етуші ұйымның аты;

  • мінездеме жазылған дата;

  • мінездеме берушінің қызметі, аты - жөні, қолы.







Мінездеме

Семей қаласының «№30жалпы білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесінің

9»Б»сынып оқушысы Асқаров Арлан Қалибекұлына.

1990 жылы 15 ақпанда туған.

Асқаров Арлан Қалибекұлы 1985 жылдан бастап №30 орта мектепте оқиды. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми – зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.

Асқаров А.Қ мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.

Мінездеме әскери комиссариаттан өту үшін берілді.



17.12.06ж Мектеп директоры қолы Н.П. Зайцева

мөр

Сынып жетекшісі қолы С.Р. Қайырбаева.



1- тапсырма. Досыңа мінездеме жаз.













Визит карточкалары.


Визит карточкалары - іскер адамдардың қарым – қатынас жасауына арналған іскерлік құжат.

Құрылымы:

  • аты – жөні, фамилиясы;

  • қызметі;

  • ғылыми дәрежесі;

  • мекен – жайы;

  • үй телефоны;

  • жұмыс орнының толық адресі;

  • жұмыс телефоны, факсы.


Стандарт көлемі: 50:90мм. Міндетті түрде қатты қағазда жасалады.




БЕРІКОВ Асан Әлиұлы

50 орта мектептің директоры

Семей қаласы, Абай көшесі, 21-үй

Үй телефоны: 56-24-22

326500 Семей қ., Шәкәрім даңғ.1-үй

Жұмыс телефоны: 52-65-78,факс7/125-1/













ӘЛИЕВ Қайрат Берікұлы

Фиология ғылымының докторы

Абай көшесі,14-үй, 54-пәтер

Үй телефоны: 52-12-47; 87016114185

Қазыбек би көшесі 45-үй.

Жұмыс телефоны: 42-25-45

Факс:6 /2145/

“Р.р.с.”













Әсетов Бекет Қадырұлы

Ішкі істер басқармасының кадр бөлімінің бастығы

Полковник

Семей қ., Әуезов даңғылы,19-үй

Үй телефоны:42-54 –78

87054879578; факс:1/457/













Дүние жүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа қатысты жағдайда қолданылатын, визит карточкалар арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескерте кеткен жөн.


Pf” – құттықтау мағынасын береді

Pr” – алғыс айту, рақмет айту, ризашылық білдіру мағынасын береді

Р.С.”- көңіл айту мағынасын береді

Р.р.”- ескі әріптесіңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс, кепілдеме хат орнында қолдану

Р.р.с.”- қоштасу мағынасын береді.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік, іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Өмірдің барлық жағдайына жарамды.


1-тапсырма. Өзіңнің ата- анаңа визит карточка жаса.






















Телефонхат



Телефонхат қызметтік іс қағаздарына жатады. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы керек.Телефонхат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы журналы болуы керек. Телефонхатты жіберуші қызметкер мәтінді ”телефонхат журналында” жазылған мәтінмен салыстыра отырып тексеруге, дұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті.

Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға телефонхаттың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек.









Телефонхат – телефон арқылы жеткізілетін жедел сипаттағы ақпарат.


Құрылымы:

  • құжат аты, жіберілген мерзімі,№;

  • алушының аты- жөні;

  • негізгі мәтін;

  • жіберушінің аты – жөні, телефон№;

  • қабылданған мерзімі;

  • қабылдаған адамның аты – жөні.








Телефонхат.

16.02.07. № 14

Тәрбие ісінің меңгерушісіне.

Ертең 17.02.07ж сағат 15.00-де №5 мектепте тәрбие ісінің меңгерушілеріне арналған семинар өтеді.

Қол қойған: Білім бөлімінің бастығы.

Жіберген: Хатшы Ғ. Бейсенова.

16.02.07.күні, сағат 15.35-те қабылдап алған А. Мирсаитова.







Телефонхаттарды тіркеу журналы

Келіп түскен телефонхаттар

Жіберілген телефонхаттар

күні

кім жіберді

кімге арналған

қабылдаушының

аты-жөні

күні

кім жіберді

қайда жіберді

жіберушінің

аты-жөні












































































  1. тапсырма

Қателерін түзе


Телефонхат

12.05.07 №45

Мектеп басшыларына.

15.05.07 күні сағат 09.00-де Жастар сарайында “Жыл мұғалімі” сайысының мараппатау рәсімі болады.





Телефонхат

14.05.07.№74

11- сынып оқушыларына.

Ертең Шәкәрім атындағы Университетте ҰБТ-ке енген өзгерістер жайлы жиналыс өтеді.

Қол қойған:ҰБТ хатшысы Есенов А.С.

Жіберген: ЕсеновА.С.

14.05.07.күні сағат 12.45-те қабылдап алған хатшы Хауанова.Н.




Бұйрық

Бұйрықжетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар. Бұйрықтың мынандай реквизиттері бар: елтаңба, мекеменің аты , құжат аты, жазылған күні, ороны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі.

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші (констатациялық) және жарлық, Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлігінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық рай ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т.б.) және бұйрықты орындаушыны (лауазымы адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.


Құрылымы:

-бланк штампының реквизиттері;

-құжат аты;

-күні, нөмірі;

-шыққан жері;

-мәтін тақырыбы;

-бақылау туралы белгі;

-қолы;

-виза:

-құжаттың орындалғаны туралы белгі.



"№30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі


БҰЙРЫҚ

15.01.2007. №03-16 /72

Семей қаласы



Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызын жұмысқа қабылдау туралы


Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызы математика пәні мұғалімі қызметiне аптасына 18 сағаттық жүктемемен «15» наурыз 2007ж . бастап, ЖЕШ-на сәйкес жұмысқа қабылдансын.

Негіздеме: Қ.С. Байжұманованың өтініші.


Директор қолы Сүлейменов Б.Ш.


Бұрыштама белгі

Бұйрықпен таныстым қолы






"№30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі


БҰЙРЫҚ

15.01.2007. №03-16 /72

Семей қаласы



Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызына


2007 жылдың «03» қаңтарынан «03» ақпанына дейін 26 жұмыс күнiне жалақысы сақталмайтын демалыс берілсін.


Негіздеме: Қ.С. Байжұманованың өтініші.


Директор қолы Сүлейменов Б.Ш.




  1. тапсырма. Бұйрықтың трафареттік формасын құр.



  1. Тапсырма. Сұрақтарға жауап.


    • Бұйрық қандай құжат?

    • Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталған?

    • Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?

    • Бұйрықтың бірінші және екінші бөліктері қалай аталады?

    • Бұйрықтарда етістік қандай грамматикалық формада беріледі?

















Бұйрықтан кӨшірме


Бұйрықтан көшірме- құжаттың түпнұсқасының бір бөлімінің дәлме –дәл көшірілуі.

Құрылымы:

  • мекеменің аты;

  • құжаттың аты; айы, күні, нөмірі;

  • құрастырылған жері;

  • мәтін тақырыбы;

  • қолы;

  • расталған туралы белгі.




« №126 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі


Бұйрықтан кӨшірме

Бұйрықтан көшірме

01.09.07. №1

Семей қаласы.

Оқушылардың білім сапасын көтеру туралы.

Оқушылардың білім сапасын көтеру және оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында

бұйырамын:

  1. Жыл бойы әрбір пән бойынша мектеп ішінде олимпиадалар мен байқаулар өткізілсін.



Мектеп директоры: С.Т. Құсайынов

Дұрыс: хатшы қолы Т.Қ.Ержанова

07.09.07ж

1-3/92- іске С.Д. Сейітова





1- тапсырма. Берілген бұйрықтың көшірмесін жаз.


« Сәулетай» ЖШС

№46 БҰЙРЫҚ 14.05.08ж

Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

Өндірістік қажеттілікке байланысты

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Тіркеу бөлімінде есепші қызметі қысқартылсын.

  2. Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде экономист енгізілсін.

  3. Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары Ә.Әлиевке жүктелсін.


« Сәулетай» ЖШС-ның директоры Қ. Қалиева





Хаттама


Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.

Қысқа хаттамаларда ( оның мәтінінде ) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді.

Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі.

Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы ); мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.


Құрылымы:

  • құжат түрінің аты;

  • мекеме аты;

  • мерзімі, индексі;

  • мәжіліс өткізілген жер;

  • хатталынатын кеңес аты;

  • төрағаның, хатшының, қатысушыларды көрсету;

  • күн тәртібі;

  • тыңдалды, сөйледі, қаулы қабылданды, формасындағы мәтін;

  • төраға / төрайым/ мен хатшының қолы.




"№30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі


ХАТТАМА №2


07.11.06.. №_1

_Семей қаласы


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы


Төрайым: Мұхаметжанова А. К.

Хатшы: Садуақасова Б.Н.


Қатысқандар ___10 мұғалім

Қатыспағандары: 1 мұғалім

Күн тәртiбiнде:

  1. Дөңгелек үстел: «12 жылдық білім бергеу көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың әдістемелік мазмұны. Коммуникативтік компетенттілік – жеке тұлғаны дамытудың бір аспектісі».

  2. Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарын талдау.

  3. Бірлестік мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарын талқылап, қалалық әдістемелік жобалар сайысына жіберілетін жұмыстарды жоспарлау.

  4. ҰБТ-ге дайындықты жоспарлау.


Тыңдалды:

1. Ә/Б жетекшісі Мұхаметжанова А.К. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала келіп, негізгі мақсаттарының бірі – коммуникативтік компетенттілік туралы айтып кетті.

Жарыссөзде сөйледі:

Нұрғалиева А. С. – сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген ).

Саржанова Ж. Г. - сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген).

2. Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстары талқыланып, білім сапасын төмеңгі деңгейде көрсеткен мұғалімдер есеп беріп, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жоспарын ұсынды.

3. Бірлестік мұғалімдері Д.Н. Сәрсенова мен К.С. Асылаеваның жұмыстарының мұғалімдерге тиімділігі мен қажеттілігі аталып, қалалық әдістемелік жобалар сайысына жіберілді.

4. Сәрсенова Д.Н. 11-сыныпта ҰБТ-ге даярлық жұмысының түрлеріне тоқтала келіп, дайындық күндерін сабақ кестесіне кіргізуді сұрады.


Қаулы қабылдады:

Әдістемелік бірлестік мұғалімдеріне 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында өз білімдерін жетілдіру тапсырылсын.

Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша білім сапасын төмеңгі деңгейде көрсеткен мұғалімдерге қабілеті төмен оқушылармен жұмыс түрлерін сапалы түрде жандандыру жүктелсін.

11-сыныпта ҰБТ-ге даярлық жұмысының сапалы жүргізілуіне көңіл бөлінсін.

Д.Н. Сәрсенова мен К.С. Асылаеваға ғылыми жұмыстарын 20 желтоқсанға дейін жинақтап, бастырып өткізу жүктелсін.

Төрайым: қолы Мұхаметжанова А. К.

Хатшы: қолы Садуақасова Б.Н.




1- тапсырма. Хаттаманың трафареттік формасын құр.
























Хаттамадан кӨшірме


Хаттамадан көшірме – алқалық ұйымның жұмыс барысында қабылданған шешімдерінің қажеттілік болған жағдайда дәлме – дәл көшірілетін құжат.

Құрылымы:

  • мекеменің аты;

  • құжат түрінің аты;

  • айы, күні, индексі;

  • құрастырылған жері;

  • мәтін тақырыбы;

  • мәтін/ күн тәртібі, тыңдалды, қаулы қабылданды/

  • қолдары,

  • көшірмені растау туралы белгі.





Хаттамадан кӨшірме

Хаттамадан көшірме

05.02.07ж № 12

Семей қаласы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы.

Төрайымы: Ә/Б жетекшісі С.Т. Дүйсенова

Хатшы: А.Д. Закирова

Қатысқандар: 10 мұғалім / тізімі келтірілді/

Күн тәртібі:

  1. І жартыжылдықтың қорытындысы және үлгермеуші оқушылармен атқарылатын шаралар.

  2. І жартыжылдықтағы оқу жүктеменің орындалуы.

Тыңдалды:

Оқу ісінің меңгерушісі Т.А. Бейсенова - негізгі пәндер бойынша оқушылардың үлгерімі жақсы. Оны бақылау жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады. Бақылау жұмыстарында теориялық материалдар толық қамтылып, тестік бақылаулар бірнеше вариантпен өткізілді. Бұл жағдайлар оқушылар білімінің объективті көрсеткішін дәл анықтады.

Үлгермегендер қатарында 5 оқушы ілікті. .Осы оқушыларымен мұғалімдерге жұмыс жүргізу тапсырылды.

Жарыссөзде сөйледі:

Қалиев А.О.- сөйлеген сөзінің мазмұны / түсінктемесі/

Сағатов М.Л.- сөйлеген сөзінің мазмұны / түсінктемесі/

Қаулы қабылданды:

    1. Негізгі пәндер бойынша үлгермеген оқушылармен жұмыстар жүргізілсін.

    2. Үлгерімі жақсы, үздік оқушылармен жеке жұмыстар жүргізсін.


Төрайымы: Ә/Б жетекшісі С.Т. Дүйсенов

Хатшы: А.Д. Закирова

Дұрыс: қолы А.Л. Маратова






Бұрыштама


Бұрыштама- мекемеге келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылатын басшының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштаманың түрлері:

Қаралсын – рассмотреть

Талқылансын – обсудить

Бекітілсін – утвердить

Тапсырылсын- поручить

Баяндалсын – должить




Жұмысқа 01.09.06. кіріссін. Семей қаласының

№30 орта мектебінің директоры

Н. П. Зайцеваға

Әуезов даңғ., 24 -үйдің тұрғыны

Т.П. Семеновадан

Т.42 –42- 19



Өтініш

Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.

Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:

1.Жоғары білім туралы диплом;

2.Төлқұжаттың көшірмесі;

3.Өмірбаян;

4.Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс – қағазы;

5.Медициналық кітапша.


25.08.06ж қолы / Т.П. Семенова/



Қарсы емесппін Семей қаласының

30 орта мектебінің директоры

Н. П. Зайцеваға

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Д. Қ. Әлиасқаровтан



Өтініш


Мені отбасылық жағдайыма байланысты 20.01.06-дан 27.01.06ж дейін ақысыз демалысқа жіберуіңізді сұраймын.



19.01.06ж қолы /Д.Қ. Әлиасқаров/



Жеделхат

Жеделхат –телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды құжат.

Құрылымы:

  • категориясы мен нөмірі;

  • мерзімі, жіберілген уақыты;

  • алушының аты – жөні, мекен – жайы;

  • мәтін;

  • қолы.



Жеделхат


ШҚО, Аякөз қаласы

Аталықова көшесі, 24- үй

А.Қ.Аитовқа

Мүшелтойың қайырлы болсын зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.

1826 Омаров

Алматы қаласы

Сейфуллин көшесі 257

А.Т. Омаров





Жеделхат


Шұғыл

Қазақстан,

ШҚО, Семей қаласы

Өтепбаев көшесі, 14- үй

А.Қ.Сеитоваға

Тез арада факс арқылы төлқұжаттың көшірмесін жіберіңіз.

1826Ресей

Мәскеу қаласы

Пушкин көшесі 257

Жауапты хатшы Петрова А.С.




  1. тапсырма. Досыңды Наурыз мерекесімен құттықтап жеделхат жібер.


  1. Тапсырма. Сынып атынан өз мұғаліміңе құттықтаухат жаз.












Анықтама


Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. Жеке адамдарға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы т.б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, мекеме басшысының қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.








АНЫҚТАМА № 124


Осы анықтама «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің 8 «Б» сынып оқушысы Мұхаметжанова Айгүлдің осы мектепте оқитынын растау үшін берілді.


Анықтама 2007 жылдың қыркүйек айына дейін жарамды.



«№30 орта мектеп» ММ директоры қолы Сағымбаев М.А.

Мөр орны


15.09.2006.




АНЫҚТАМА № 125


Осы анықтама Қасенова Айгүл Мұратқызына 2000-2006 жылдары «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс істегенін растау үшін берілді.


Анықтама талап етілу орнына көрсету үшін берілген.


«№30 орта мектеп» ММ директоры қолы Таңатаров М.А.

Мөр орны


15.09.2006.


  1. тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Анықтамалар кімге беріледі?

  2. Не үшін беріледі?

  3. Қайда тапсыру үшінберіледі?

  4. анықтама кімнің атынан беріледі?






Хабарландыру


Хабарландыру – бір нәрсе жайында мәлімдеу, хабарлау.


Құрылымы:

  • құжаттың аты;

  • кімге арналған;

  • негізгі мәтін;

  • хабарландыруды берген адамның /ұйымның/ аты – жөні





Хабарландыру

Қымбатты мектеп бітірушілер! Маусымның 20 күні сағат 19-да 11- сынып оқушыларының кеші/ дискотека/ өткізіледі.

Бәріңді мектеппен қоштасу кешіне шақырамыз.

Комиссия мүшелері.



Хабарландыру

Құрметті оқушылар!

20.10.07.ж біздің мектепте шахмат үйірмесі ашылды. Үйірме сағат 9-дан 10-ға дейін жұмыс істейді.

Үйірме жетекшісі Т.А.Қасенов.



Хабарландыру

Құрметті ұстаздар!

07.03.07ж сағат 12- де 8 Науырыз мерекесіне арналған салтанатты концерт болады.

Ұйымдастыру комитеті.



  1. тапсырма Хабарландыру жаз.

    • Алмас Кішкенбаевтың концерті туралы хабарландыру

    • Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтеді

    • Мекеменің атынан мамандықтар қажеті туралы хабарландыру










Кеңселік іс қағаздар

Өмірбаян, өтініш, сенімхат, қолхат, түсініктеме, анықтама, хабарландыру.








Іскерлік іс қағаздар

Түйіндеме, мінездеме, визит карточкалары.








Қызметтік іс қағаздар

Хаттардың барлығы, бұйрық, хаттама, бұрыштама, бұйрықтан көшірме, хаттамадан көшірме.



Іс қағаздар формасына қарай :


Типтік


Трафареттік



Еркін мәтінді





Іс қағаздар шығуына, жасалуына қарай:



Түпнұсқалық


Көшірмелік






Мазмұны мен қызметіне қарай:


Адамға қатысты

Қызметтік іс қағаздар





Сынақ

(І жартыжылдық бойынша)


1

Стиль туралы не білесің?

Өмірбаян жаз


2

Стильдің түрлері

Өтініш жаз


3

Қазақ іс қағаздары стилі туралы айт

Арыз жаз


4

Стиль туралы не білесің?

Сенімхат жаз


5

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай қалай бөлінеді?

Сенімхат жаз


6

Іс қағаздары формасына қарай қалай бөлінеді?

Қолхат жаз


7

Трафареттік іс қағаздары

Түсініктеме жаз

8

Құжаттардың түрлері

Өмірбаян жаз


9

Сенімхат пен қолхаттың айырмашылығы

Арыз жаз


10

Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігі

Түсініктеме жаз


11

Іс қағаздары деген не?

Өтініш жаз


12

Типтік іс қағаздары

Қолхат жаз





Сынақ

(ІІ жартыжылдық бойынша)


1

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Хабарландыру жаз


2

Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері

Жеделхат жаз


3

Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері

Анықтама жаз


4

Мінездеме. Оның түрлері

Телефонхат жаз


5

Бұйрық

Жеделхат жаз


6

Түйіндеме. Жазу ерекшелігі.

Хабарландыру жаз


7

Хаттама

Хаттамадан көшірме жаз


8

Бұйрықтан көшірме

Бұрыштама жаз


9

Мінездеменің түрлері

Оқушыға мінездеме жаз


10

Сөйлем түрлері

Мінездеме жаз


11

Хаттама

Визит карточкасын жаса


12

Визит карточкалары

Телефонхат жаз




























ПАЙДАЛАНылҒАН ӘДЕБИЕТ :



  1. Ақанова Д.Қ., Алдашева А.М. Ресми іскерлік қазақ тілі // Алматы, «Арман»,2002

  2. Бөрібаева С.Б. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу // Алматы, «Зият Пресс»,2006

  3. Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу //Алматы, «Ана тілі», 2005

  4. Жақыпов М.К., Сапарбекова А.А. Іс қағаздарында жиі қолданылатын сөз тіркестері // Алматы,1998

  5. Жахина Б.Б., Құрманова А.Қ., Қайырбекова И.С. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы //Көкшетау,2003

  6. Қалқабаева С.Ә. Қарабаева Қ.Ә. Қазақ тілінде ресми іс қағаздар үлгілерін оқыту: Әдістемелік оқу құралы //Алматы,1999

  7. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу //Алматы, «Раритет», 2006

  8. Шәбікенова Б., Жұмабергенов Ж.. Салалық қазақ тілі //Астана, 2004

9.АрғынбековаБ.С., Қайырбаева С.Р., Мирсаитова А.Д., Тампишева А.С. Мектептерде жүргізілетін іс қағаздарының үлгілері // Семей,2007ж

10. Қасымбеков М., Әлімқұлов К. Екі тілде іс жүргізу// Алматы, 1994ж

11. Хазимова Ә.Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу // Алматы, 2004ж

































39



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее