«Осень 2024»

Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары

Функционалдықсауаттылық – білімберудіңжекетұлғанықалыптастырудағыәлеуметтікбағдарлануы. Қазіргі тез өзгермеліәлемде функционалдық сауаттылық – оқушыныңәлеуметтікмәдени, саясижәнеэкономикалыққызметтергебелсендіқатысуына, сондай-ақөмірбойыбілімалуынаықпалететінбазалық фактор.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары

Семей қаласы, №39ЖОББМ

информатика пәні мұғалімі Рахимова Т.А.


Мақсаты: Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.

Міндеті: .

  • Оқушының әлеуетіне сәйкес келетін білімдік деңгейге және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін және білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.

  • АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.

  • Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.



Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген еді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда.

Осы орайда «БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ!» тақырыбында Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі өтуде.

Тамыз кеңесі алдымызға жаңа оқу жылына жаңаша міндеттер мен тапсырмалар қойып отыр. Қазіргі заман талабына сай білім бере отырып, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, сыни көз қарастары қалыптасқан, ақпараттық және компьютерлік сауатты, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады.  Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.

Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Осы орайда оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау жүйелері – PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер.

Білім беру саласының мониторингі функционалдық сауаттылықтың  негізгі бағыттары арқылы іске асады:

  • Оқу және жазу сауаттылық

  • Жаратылыстану  ғылымдарындағы сауаттылық

  • Компьютерлік сауаттылық

  • Математикалық сауаттылық

  • Денсаулық сауаттылық

  • Құқықтық сауаттылық

Компьютерлік сауаттылық

Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.

Компьютерлік сауаттылық-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.

Информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын үш негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:

1. Оқушының әлеуетіне сәйкес келетін білімдік деңгейге және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін және білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.

2. АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.

3. Оқушыларда гуманистикалық қарым-қатынастардағы қатынас пен өзара әрекет тәжірибесін жинақтау.

Функционалдық сауаттылықтің негізгі стратегиялары:

1. Білім беру мен білім алудағы тәсілдер

2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Информатиканы оқытудың негізгі маңызы – оқушылардың шығармашық, зертеушілік қасиеттерін қалыптастыру және белсенді, әрі толыққанды өмірге, информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болғандықтан, өз тәжірибемде практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлемін.

Тапсырмалар (слайд)

Қазіргі заман талабына байланысты оқушының информатика пәнінен алған білімін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Сондықтан оқушыларға білім негізін меңгертуде, пәнге деген қызығушылығын арттыруда  және шығармашылыққа іздену қалыптастыруда практикалық жұмыстың  алатын орны ерекше.

Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай ұстаздан жаңашылдықты қажет етеді.











































































  • Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.

  • Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

  • Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету

  • Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее