«Осень 2024»

Ертеңгілік" Қош бол жаз"

Тақырыбы:"Қош бол жаз"

Мақсаты : Жаз мезгілінің ерекшеліктері басқа мезгілмен салыстыру.Жеміс жидек, көкөніс туралы түсінік беру

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Раушан»

бөбекжай - бақшасы КМҚК









Бекітіледі

«Раушан» балалар бақшасы

КМҚК-ның әдіскері

_______ Мамышова Г.А




Ертеңгілік:

Тақырыбы: «Қош бол Жаз!»












Тәрбиешілер: Шуленбаева А.

Жобалаева Д






Төле би ауыл


Тақырыбы: «Қош бол Жаз!»

Мақсаты:Жаз мезгілінің ерекшелігін басқа жыл мезгілдерімен салыстыру,жеміс-жеидек,көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысуға дағдыландыру.

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі Қош бол жаз атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!

Көңілді жаз тамаша

Күледі күн қараса

Жағасында ойнаймыз

Жалаң аяқ балаша-дегендей балалар жаз мезгіліде аяқталып қалды.

Жаз: балалар мен сендермен қоштаспас бұрын жаз мезгілінің еркешеліктері туралы білгім келеді.

Жаз: балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Жаз мезгілі

Жаз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар:Үш айдан тұрады

қандай айлар атап айтайық?

Балалар: Маусым,Шілде,Тамыз.

Тосын сәт: «Қой мен Текенің келуі» екеуі бір-бірін мүйіздерімен соғып айтысып келеді. Екеуін арашалап қой келеді.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы мынау «Қой мен Теке» ертегі кейіпкерлері Бұларға не болған екен.

Ақылды қой: Соны айтам екеуің не бөлісе алмай қалдыңдар?

Қой: Мен текеге жаз мезгілі аяқталып қалды дедім жердегі жайқалып өскен шөптерді теріп атамен әжеге көмектесейік десем ал ол болса…

Теке: Мен қойға жаз мезгілі аяқталмайды дедім, неге шөптерді біз жинаймыз атай мен әжей өзі жинасын дедім

Ақылды қой: Қой Теке босқа дауласпаңдар.Теке сенікі дұрыс болмады. Күннің ыстығында атамен әже шаршайдығо көмектесе салсаң сенің нең кетеді.Қой дұрыс айтып тұр жаз мезгілі аяқталды жердегі шөптерде гүлдерде, көкөністермен жемістерде енді өспейді.Ой балалар күн ыстық болып кеттіғо…Қой бұның бәрін күннен сұрайық, жаз мезгілінің аяқталуын күн білетін шығар.

Жүргізуші: Қане балалар ендеше күнді қонаққа шақырайық, күннің өз аузынан естейік.

Балалар: Күн күн бізге қонаққа кел, күн күн бізге қонаққа кел,

Күн: Сәлематсіздарме балалар мені шақырдыңдарма,мында не болып жатыр,нені бөлісе алмай жатырсыңдар?

(Қой мен теке бір бірімен тағыда мүйіздерімен сүзіп тұрады)

Ақылды қой: Қой мен текенің дауласуының себебі бірі жаз мезгіл аяталды десе ал енді бірі аяқталмайды дейді,сол себепті сені шақырдық,сен айтшы жаз мезгілі аяқталып қалдығо солай емеспе күн.

Күн: Ақылды қой сен дұрыс айттың әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар.Жаз мезгілінде мен сендерге жақын болдым,бар ыстықнұрымды төктім,енді күз мезгілі жақындады мен сендерден алшақтаймын.Мен сендерді келесі жаз мезгілі келгенше сағынатын болдым

Жүргізуші: Қош келдіңдер ертегі кейіпкерлері және Күн.Балалардың өнерін тамашалаңдар.Ортаға жез мезгіліне арнап жаттаған балаларымыздың тақпақтары бар екен.

Балалардың тақпақтары:

Аяулым:

Жайқалып жапырақ

Құлпырып қызғалда

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ

Зайт Айзере:

Жаз келді жадырап,
Ағаштар гүлдеді
Жаңбыр жауып нөсерлеп
Жер-ана көкке бөленді

Флор:

Балақай-ау балақай

Жаз келеді алақай
Жалаң аяқ жүреміз
Балықтыда түреміз

Асқар Арсен:

Жазды ыстық сүйемін

Сайрандап жүремін

Суына шомылам

Күліне күйемін

Бақыт Арсен:

Жаз келді жадырап,

Ойын сауық құрамын

Далаларға тауларға

Саяхатқа шығамын

Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,

Мерекеге шашу шашайық.

Бәріміз ду құрметпен,

Ән маржанын шашайық-дей келесі кезекте балалармыздың әнін қабыл алайық.

Ән: «Алақай жаз келді»

Жүргізуші: Балалар жаз мезгілінің қандай ерекшеліктері болады, білесіңдерме?

Балалар:Күн ысиды, гүлдер өседі, көбелектер ұшады, суға шомылады.

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, балалар, ал осы гүлдердің түстері қандай болады.

Балалар: Әр түрлі, әдемі түсте болады көк, сары,қызыл,жасыл.

Тосын сәт:

Гүл: Сәлеметсіңдерме балалар көңіл күйлерің қалай,сендер жаз мезгілімен қоштасқалы жатыр екенсіңдер,менде құр алқан келмей өзіммен бірге көбелектер биін ала келдім.

Кішкентай көбелектермен би билейді.

Би: «Гүлдер»

Ойын: «Көпіршіктер ауада» (Қой, Теке,Ақылды қоймен ойнайды)
Ойын шарты: Ортаға үш баланы шақырады да бір баланы қойдың тобына екінші баланы текенің тобына үшінші баланы ақылды қойдың тобына бөліп қояды.Үш топқа бөлінген балаға қолдарына сабынды көпіршікті бередіде сабынды көпіршікті үш рет үрлеуін сұрайды қай баланың көпіршіктері ауада жарылмай ұзақ тұрса сол баланың тобы жеңімпаз болады.Ойын осылай 3-4 рет қайталанады.

Жүргізуші:

Жазды күні шілдеде,

Жеміс пісіп толады.

Қызыл, жасыл гүлдерге

Көбелектер қонады-дей келе балаларымыздың орындауында көбелектер әні.

Ән: «Көбелектер»

Тосын сәт: Кемпірқосақтың келуі.

Кемпірқосақ: Сәлеметсіңдерме балалар.

Жүргізуші: бұл кім болды екен сендер таныдыңдарма?

Балалар: Жоқ танымадық

Кемпірқосақ: Мен кемпірқосақпын мен өзімнің түрлі түсті түстерімді жоғалтып алдым енді не істеймін деп жылап отырып қалады.

Жүргізуші: Кемпірқосақ қане тұрағой біздің балалар саған түрлі түсті түстеріңді табуға көмектеседі.Көңіліңді көтер,біздің балалардың өнерін тамашала
Көңілді жаз,тамаша

Ән саламыз жараса

Тапақ айтып би-билеп

Ойнамыз ау таласа- дей келе ортаңғы топ балаларының орындауында,

Би: «Күндер»

Ойын: «Күн мен бұлт»

Жүргізуші: Балалар манадан бері сендердің өнерлеріңді көрдік,енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр,жұмбақ жасырамын шешімін табасыңдарма?

Балалар: Иә,әрине шешімін табамыз.

Жұмбақ жасыру:
Бау-бақшада барша жұрт

Саңқылдаған саз әні

Көлде құстың базары

Жидек пісіп толады.

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Жаз мезгілі.

Жүргізуші: Балалар ендеше барлығыз орнымыздан тұрып жаз әнін хормен орындап берейік.

Ән: «Жаз»
Жүргізуші: Міне осылай жаз мезгілімен көңілді өткіздік. Біздің мерекеге келген қонақтарғада көп рахмет.Келесі кездескенше Қош бол Жаз!Сау болыңыздар.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее