«Осень 2024»

Ертегілер әлеміне саяхат

Балалардың алған білімдерін бекіту.Қойылған сұрақтарға толық жауап айта білу,берілген тапсырманы орындай білуге дағдыландыру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Қарағанды қаласы

2 «Батыр»санаторлық балабақшасы

Бірінші санатты тәрбиеші:

Нукушова Балкен Слямкановна



Ұйымдастырылған оқу қызметі

------ 2018ж

Білім беру саласы: «Әлеуме,Таным,коммуникация,шығармашылық»

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат

Бөлімі: Қоршаған орта,,сөйлеуді дамыту,ҚМҰҚ,Құрастыру

Мақсаты:

Білімділік:Балалардың алған білімдерін бекіту.Қойылған сұрақтарға толық жауап айта білу,берілген тапсырманы орындай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:Балалардың тілдік қатынас дағдыларын,қызықты ойын арқылы эмоциялық сезімдерін,ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды ұғымталдыққа,бірлесіп жұмыс істей білу,мейірімділікке,жануарларға мейірімдік сезімдерін ояту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: бауырсақ-колабок,Тәулік мезгілдерін атаңдар.-Назовите время суток.

Жаттығуды қай кезде жасаймыз таңертең бе,кешке ме?-Когда мы делаем зарядку: утром или вечером?

Бала бақшаға қай кезде келеміз таңертең бе кешке ме* Когда приходим в детский сад: вечером или утром?

Қай кезде түскі ас ішеміз күндіз бе таңертең бе?* Когда мы обедаем: днем или утром?

Қай кезде ұйықтаймыз кешке ме,түнде ме* Когда ложимся спать: вечером или утром?

Көрнекі құралдар:Дидактикалық ойындар,1ден 5ке дейін сандар ыдыста геометриялық пішіндер,аңдардың пішіндері,жыл мезгілдеріне керекі метериалдар,интелукт-ы тақта

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық қозғаушылық


Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып,бүгін ерекше күн.Біздің оқу қызметімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр.

Қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Енді жақсы тілектер айтып көңілімізді көтеріп алайық.

Армысың асыл күн!

Армысың асыл көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Болайықшы жақсы дос.

Балалар,бізге қонақ келмек.Ол қонақтың кім екенін табу үшін,мен сендерге сұрақ қоямын.

Сұрақтың жауабын тапсаңдар,қонақтың кім екенін білесіңдер.

-Мені ұннан илеген,мені майға пісірген,қай кейіпкер?

Балалар:Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен ата әжесінен адасып қалған екен,бізден көмек сұрайды көмектесеміз бе?

-Бәріміз бауырсақпен еріп орманға барайық.(алдымыздан қоян шығады)

Ұйымдастыру

Іздестіру


-Қоян. бауырсақ,бауырсақ,қанндай қызарған дәмдісің мен сені жеймін.

-Бауырсақ,жемеші мені

-Қоян: Менің сендерге тапсырмам бар,балалар бір ойын ойнаймыз «Адасқан сандар»деп аталады.Бірақ балалар мен сандарды дұрыс ажырата алмаймын.

Балалар қоянның тапсырмасын орындап бауырсақты құтқарайық.

Қоян:Рахмет сендерге.

(Қасқыр шығады)

Қасқыр:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: жемеші мені.

Қасқыр:Сендер менің тапсырмамды орындаңдар,егер орындасаңдар босатамын.

Жыл мезгілдерін тауып атап,белгілерін орналастырыңдар.

Балалар орындайды.

Қасқыр. Рахмет жарайды әрі қарай жүре беріңдер.(аю шығады)

-Аю:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін

- Бауырсақ: жемеші мені.

-Аю:Сендер менің тапсырмамды орындаңдар,егер орындасаңдар босатамын.

Үй жануарларын атап төлін тауып берсеңдер.

Балалар бауырсақты аюдан құтқару үшін тапсырманы орындайық.

Ойын «Төлін тап»

Төлдер туралы тақпақтар

Нүржігіт

Құлыншақ,құлыншақ,шапқылайсың даламен

Дос болсайшы құлыншақ,мен сияқты баламен.

Бақдаулет

Томпаң,томпаң торпағым,шошаладан қорқағым

Сүзісуге батырым,жарысуға шорқағым.

Еркенұр

Кіп кішкене момақан,қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп,қошақаным қозым деп

Ернұр

Шөре,шөре лағым,тентек болма шырағым

Секектеме деміңді ал,селтеңдемей құлағың.

-Аю:Рахмет жарайды әрі қарай жүре беріңдер.

Сергіту сәті: Аяқпенен топ,топ,топ.

(Түлкі шығады)

-Түлкі:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін

- Бауырсақ: жемеші мені.

-Түлкі:Сендер менің тапсырмамды орындаңдар,егер орындасаңдар босатамын.

Тәулік мезгілдерін атаңдар.-Назовите время суток.

-Жаттығуды қай кезде жасаймыз таңертең бе,кешке ме?-Когда мы делаем зарядку: утром или вечером?

-Бала бақшаға қай кезде келеміз таңертең бе кешке ме* Когда приходим в детский сад: вечером или утром?

-Қай кезде түскі ас ішеміз күндіз бе таңертең бе?* Когда мы обедаем: днем или утром?

-Қай кезде ұйықтаймыз кешке ме,түнде ме* Когда ложимся спать: вечером или ночью?

Слайд көрсетіледі.

-Түлкі:Рахмет жарайды әрі қарай жүре беріңдер.

- Бауырсақ: Рахмет балалар! Мен сендерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіндер. Мен сендермен дос боламын.

Балалар бауырсақ атасы мен әжесіне тезірек жетсін біз оның үйін құрастырып берейік.

«Үйді құрастыр»ойыны.

Балалар бауырсақтың үйін құрастырдық бауырсақ аман есен атасы мен әжесіне жететін болды

Менің сендерге сыйлығым бар.Сыйлық беріледі.

Рефлексивтік-

түзетушілік


Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ жауап арқылы қортындылау.

Балалар бізге не келді?Бауырсақтың тапсырмалары сендерге ұнады ма.Бауырсақты аңдардан қалай құтқардық?

Бүгін өте жақсы қатыстыңдар деп мақтап мадақтайды.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее