Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
№8 «Күншуақ» ортаңғы топ
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімдері: Драма мен орыс тілі (кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Тақырыбы: « Ертегілер әлемінде» .
Мақсаты: Балаларға ертегілер жанрлары туралы түсінік бере отырып, білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту . Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, сахналау.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есте сақтау, қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Балаларды қос тілде дұрыс, таза сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Көркем шығармаға қызығушылықтарын арттыра отырып, балаларды достыққа, адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу. Бір-біріне көмек көрсетуге үйрету.
Қостілділік компонент: Ертегі-сказка, қыс-зима, қыс ханшайымы – снежная королева.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр екен. Ендеше келген қонақтармен амандасайық. Жұмбақ: Суда мұз бар, Жерде қар бар. Боран борап соғады, Бұл қай мезгілде болады? Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Дұрыс. Олай болса, тонып қалмау үшін, қолымызды жылытайық,бетімізді жылытайық. |
Ұйымдастыру іздестіру | Ғажайып сәт: Күшік көңіл-күйі түсіп келеді. Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, күшік. Неге көңілсізсің? Күшік: Сәлеметсіңдер ме! Мен сендерден көмек сұрап келдім. Атам екеуміз сиқырлы орманға барғанбыз, сол кезде қолғабын жоғалтып алыпты. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар күшікке көмектесеміз бе? Ол үшін орманға баруымыз керек. Орман сиқырлы болғандықтан, қазір әуеннің көмегімен біз сендермен жолға аттанамыз. Олай болса, көзімізді жұмамыз. Әуен аяқталғанша көзімізді ашуға болмайды, әйтпесе сиқыр болмай қалады. Балалар біз қайда келдік? Ғажап, балалар қараңдаршы қандай әдемі, орманның ауасы қандай таза, тыныш, қане бәріміз таза ауамен демалайықшы. Қыс ханшайымы қарсы алады. Здравствуйте мальчики и девочки! Я снежная королева. Тәрбиеші: Мы потеряли рукавичку деда вы не видели ее? - Я видела его за лесом. Чтоб туда добраться нужно выполнить мои задание. Ребята, поможете мне составить рассказ о зиме? Тәрбиеші: -Ребята, выполним задание снежной королевы? Снежная королева: -Прежде чем начать выполнять задание назовите время года? Назовите зимние месяца? Тәрбиеші: Снежная королева наши дети знают стихи о зиме. Снежная королева: А нука расскажите свои стихи. -Послушайте рассказ, который предлагаю вашему вниманию. Составление рассказа детьми. -Молодцы ребята, что помогли составить рассказ по мнемотаблице. Вот пойдете по этой тропинке и найдете рукавичку. Тәрбиеші: Балалар қар қалың екен, қыста біз қардан не жасаймыз? Күшік: Мына жерде хат жатыр ғой. Не жазылған екен. Тәрбиеші: Кәне ашып оқиық. Ойын: «Қар лақтыру» Ойын шарты: Мен қар лақтырамын, қағып алған бала менің қойғам сұрағыма жауап береді. Қай ертегіде қасқыр лақтарды алдап кетті? Қай ертегіде ата жұмыртқаны жара алмады? Қызыл телпекке орманда не кездесті? Түлкі қай жануарды алдап апаннан шықты? Ата орманда келе жатып нені жоғалтып алды? Күшік: Тамаша балалар, ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Балалар біз қолғапты қайда қалдырып кеткенімізді есіме түсіре алмай тұрмын. Тәрбиеші: Күшік біздің балалар «Қолғап» ертегісін жақсы біледі, сахналайда біледі. Күшік: Солай ма, ендеше кәне тамашалайық. Сергіту сәті: «Белые снежинки» Тәрбиеші: Кәне «Қолғап» ертегісінің кейіпкерлері ортаға шығындар. Күшік: А, балалар енді есіме түсті. Қолғапты мына жерде қалдырған екенбіз - деп тауып алады. Тәрбиеші: Балалар енді балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Ендеше сүйікті балабақшамызға оралайық. Күшік : Балалар мен сендерге ризамын. Маған көмектескендерің үшін үлкен рахмет. Енді мен қайтайын. Сау болыңдар! Қортындылау: Балалар біз қайда бардық? Орманда бізге кім кездесті? Қандай ертегіні сахналадыңдар? Балалар сендерге көп-көп рахмет! Біздің топта ұл, қыздар! Тату-тәтті ойнаймыз! Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық ойлаймыз! Сау болыңыздар, қонақтар!
|