«Осень 2024»

"Ерлік – елге мұра,ұрпаққа ұран!"

Мақсаты:Оқушыларға өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету,Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру,Ауған соғысында опат болғандар рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ерлік – елге мұра,ұрпаққа ұран!

Б.К.Казбекова

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Мақсаты:Оқушыларға өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету,Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру,Ауған соғысында опат болғандар рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі:әңгімелесу,сұхбаттасу.

Көрнекілігі: слайд.Нақыл сөздер.

-Қайырлы күн,құрметті де қымбатты қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! «Патриот» айлық барысында «Ерлік- елге мұра,ұрпаққа ұран!» тақырыбында кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық.Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі-Ауған соғысы.

2-жүргізуші: 1989 жыл. 15 ақпан-Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен бірдолата әкетілді. Әр жылдың 15 ақпан күні-Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес.

1-жүргізуші:Дәл осынау жадыраңқы жай күні.

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Боздақтарға басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат – қайғыны.

Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына,бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік!

2-жүргізуші:Арманына жете алмаған ұлын ойлап,

Ананың құрғамаған көзі жастан,- демекші өмірінде естіп-білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.

Әрине, уақыт өте, бейбіт өмірдің шуағы жарқыраған шақта,сол қаза болған асыл азаматтар халқының мәңгі есінде сақталып,көше аттары беріліп,құрметке ие болуда.

1-жүргізуші:Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі,

Халқым аман болсыншы деп тіледі.

Егеменді ел болып етек жаптық,

Төбемізден көк байрақ желбіреді.

2-жүргізуші:Құрметті жауынгер интернационалистер, сынып оқушысының орындауында «Алға Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: «Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария.Өмірінің өлшеулі бір бөлігі,жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп,тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып,туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп,бүгінгідей сұхбат жүргізіп,естеліктерін тыңдау- біз үшін бір ғанибет.Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.

«Менің сұрағым маңызды»

(Оқушылар қонаққа сұрақ қояды.)(Әңгіме-сұхбат жүргізіледі)

1.Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?

2.Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?

3.Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат –мүддесі түсіндірілді ма?

4. Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыз.дар?

5.Бүгінгі таңда елімізде 10 000-ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен.Сіздер бір-біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?

6.Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?

1-жүргізуші:Оқушылар туындысына кезек берейік.

2-жүргізуші:Өтер жылдар,кетер- дағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағын,

Ауғандағы азап шеккен арыстар,-деп ақын жырлағандай,өмір тоқтамады, ерлік өлмеді,замандарға жалғаса берді.Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз,бейбіт өмірдегі жарқын істері,қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері,түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

Ендеше,ауғандық жауынгерлерді құттықтау үшін сөз мектеп директорына беріледі.(Сыйлықтарымыз табыс етіледі.)

«Аманат» әні орындалады.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,келгендеріңізге көп рахмет!Оның өзі сіздердің антқа берік,жауапкершілігі жоғары адам екндіктеріңіздің дәлелі.Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор іс-шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық.

Қарағанды облысы.Балқаш қаласы.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее