Даярлық тобына арналған
ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы : Қатынас
Кіші сала: Қазақ тілі
Тақырып: Отбасы
Бағдарламалық міндеттер: отасы туралы мәлімет беру. аталған сабақта суреттерге қарап отбасы туралы әңгімелеп айту дағдыларын дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, сөз, буын жайлы ұғымдарын кеңейту. Отбасын құрметтеп сүйуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабаққа арналған материалдар:
Демонстарциялық материал: мазмұнды суреттер,
Сөздік жұмыс: отбасы, ата ана,
Алдын ала жұмыс: отбасы туралы білетін, бұрын меңгерілген ұымдарын кеңейте отырып өз үй іштері туралы әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңі | мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларды жылы жүзбен қарсы алып, шаттық шеңберіне тұрғызып сабақты бастау. Сәлеметсіңдер ме? балалар! | Сәлеметсіз бе?
|
Ұйымдастыру- іздестіру | Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Таиғатты аялап Жүрейікші жараса. Сәлем саған жер ана, Сәлем саған нұрлы күн. Аман есен болайық, Бейбітшілік қалайық. Өткен тақырыптарды қайталау. Фонетикалық жаттығулар жасау. Та- та- та ата Же- же- же әже Ке- ке-ке әке Ше- ше- ше шеше Сергіту сәті Атам менің қауыншы, Апам менің сауыншы. Отырмаймын мен текке, Кеттім мен де мектепке. Суретке қарап отбасы жайлы әңгіме құрастыру. Мынау тату - тәтті отбасы. Үйде ата, әже, әке,шеше, аға, әпке бар. Ата мен әже зейнеткерлер. Санамақ үйрету Бір үйде біз нешеуміз, Кел санайық екеуміз. Әке, шеше, ата, әже, қарындасым және мен,Аға, әпке,іні, сіңлі, нешеу болдық бәріміз? Он болыппыз бәріміз. Ойлан тап, Ата, әже, әке, шеше, Болса ессепке талабың, Айта қойшы, мен неше адамды санадым?
| Сұрақтарға жауап беру. Шеңбер құрап сергіту сәтін орындайды. Мұқият тыңдайды, өз отбасы мүшелері туралы әңгімелеп береді. Дауыстап қайталайды Сіз төрт адамды санадыңыз. |
Рефлексивті-түзетушілік | Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік? Отбасы мүшелерін атап беріңдер? | Сұрақтара жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Отбасы мүшелерін білу керек.
Білді: отбасы туралы санамақты білді
Айта, қолдана алады: сабақ барысында өткен жаңа сөздерді айта алады.