«Осень 2024»

Ең бағалы нәрсе

8урок с элеменатами новых технологий применяемый на уроках казахского языка в 8 классе

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ақтөбе қаласы. №11 ОМГ.

Губашова С.К. қазақ тілі пәнінің мұғалімі.


Сабақтың тақырыбы:Ең бағалы нәрсе 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Мәтіндіоқып жаңа сөздерді үйрене отырып, ауызекі тілде өз ойын жеткізе білу, сауатты жазу және сөйлеу мәнерін жетілдіру. Оқушының сөздік қорын тақырыпқа байланысты сөздермен байытып, коммуникативтік-танымдық тұрғыдан байыту. 
Дамытушылық: Тілдік қатынас арқылы сөйлеу әрекетін дамыту, ауызекі тілдесімдік, еркін, жүйелі сөйлеуді үйрету, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру. Өз Отанына шексіз қызмет етуге бағыттау. Мемлекеттің адал азаматы болуға тәрбиелеу. 


Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог, әңгімелеу, аударма, мәнерлеп оқу. 
Сабақтың көрнекілігі: Грамматикалық кесте, сөздік, үлестірмелі қағаздар. 
Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану 


Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
- Бүгін кім кезекші? 
- Сыныпта кім жоқ? 
II.Үй тапсырмасын тексеру.

Өздерінің күн тәртібі туралы айту, мазмұндау.
III. Жаңа сабақ.Сабақтың мақсатын, барысын айту. 

Ең бағалы нәрсе.

Уақыттың маңызын білген адам таңертеңнен кешке дейін бос нәрсемен айналыспайды.

Табысқа жеткен адамның артықшылығы - уақытты дұрыс қолдана білуінде. Уақытты босқа өткізу қалтадағы ақшаны босқа шашқанмен бірдей. Халықта "Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау,уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу" деген сөз бар. Міне, осы үш нәрсеге көп мән беру керек. Олай болса, уақытты пайдалы іспен өткіз, не ойлану арқылы уақытты босқа өткізбе. Екі күні бірдей болған адам өмірде табысқа жетпейді.

"Еріншектің ертеңі бітпес" деген мақал бар, себебі жалқау адам уақытын босқа өткізеді, бүгінгі істі ертеңге қалдырады. Мұндай адамдар өмірде көп қиналады.

Біздің өміріміз үш күннен тұрады: кеше, бүгін және ертең. Кешегі күн өтті де кетті. Оны кері қайтара алмаймыз. Ал ертеңгі күн өтті жақын, сондықтан бүгіннен бастап жұмысқа кірісу керек. Олай болса, жұмыстан бұрын бос уақыттың, қартаймастан бұрын жастық шақтың қадірін біліңіз.


Сөздік жұмыс. 1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу. 

қалта табысқа жету

сыр қиналу

шашу уәдеде тұру


2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы. 


3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау. 

Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару.

Мәтінге қарап , сұрақтарға жауап беру.

1. Өркениетті елдердің артықшылығы неде?

2.Уақыттың қадірін білген адам не істейді?

3.Өмірдегі ең қиын үш нәрсе нелер?

4.Нағыз адам деп кімді айтады?

5."Екі күні бірдей" деп нені айтады?

6."Еріншектің ертеңі бітпес" деген мақалды қалай түсінесіңдер?

IV.Жаттығу жұмыстары. Аралас сөздерден сөйлем құрау.

1. Мен Абай туралы көп нәрсе үйрендім.

сияқты кітаптан оқып білдім.

арқылы ғұлама болғым келеді.


2.Мен әкем туралы бәріне дайынмын.

сияқты кітап жазсам деймін.

арқылы жазушы боламын.

үшін өмір сүруді үйрендім.


3.Мен сабақтан кейін тамақ ішемін.

бұрын дем аламын.

соң футбол ойнаймын.


4.Мен төртке таман кітапханада отырамын.

дейін сенің үйіңе барамын.

шейін үйде демаламын.

жақын серуендеуге шығамын.

Сөйлемдегі шылаулардың дұрыс-бұрысын анықтаңдар.


1. Олар өмір бойы сабақтан қалған емес.

2.Асан кешке кейін менімен қарай болды.

3. М.Әуезов Абай арқылы роман жазды.

4.Осы үйден гөрі біздің үй бар.

5.Біз жыл туралы сабақтан бері күрес үйірмесіне барамыз.

6.Мен осы уақытқа дейін жүзге жуық кітап оқыдым.

7.Болат сабақ оқу үшін уақыт таппады.

8.Ол апта шейін маған телефон соғып тұрады.

V.Бекіту.

 Кім қай уақытта не істейді?(

Сонымен, уақыт деген не? Қалай ойлайсыңдар
VІ. Сабақты қорытындылау.

-Нені өттік? 
-Нені үйрендік? 
-Нені білдік? 

1.Сен дүйсенбіден жұмаға дейін сабақтан басқа не істейсің?

2.Сен таңертеңнен кешке дейін не істейсің?

3.Сен осы аптадан келесі аптаға дейін қайда кетесің?

4.Сен түстен бастап кешке дейін қайда боласың?


VI. Үй тапсырмасы. Ережелерді қайталау, сөздік жұмысы,мәтінді мазмұндау, диалог 

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее